«Сұрақ -жауап» Кім жылдам?



Дата02.11.2022
өлшемі486.6 Kb.
#463841
түріСабақ
Калта

Сабақтың мақсаты: Білімгерлерді қатаң технологиялық жүйелікпен, техникалық жағдайларды сақтай отырып, тігістегі қалтаны және тігістегі қалтаны жапырақшамен өңдеуді үйрету.

«Сұрақ -жауап» Кім жылдам?

  • Қай тігістердің бойында тігіске түскен қалталар кездеседі?
  • Жапсырма қалталардан ерекшелігін атаңыз?
  • Қандай бұйымдарда кездеседі?
  • Неліктен бұндай қалталар көрінбейді?
  • Тігіске түскен қалталардың аузын қалай өңдеуге болады?

Жаңа сабақ

Киімдегі қалталар алдыңғы бойдың тігістерінде, бедерінде және қатпарларында, шалбардың бүйіртігінде белдіктің біріктіру тігісінде орналасуы мүмкін.

  • Киімдегі қалталар алдыңғы бойдың тігістерінде, бедерінде және қатпарларында, шалбардың бүйіртігінде белдіктің біріктіру тігісінде орналасуы мүмкін.
  • Алдыңғы бой тігістерінде орналасқан қалталар. Бұндай қалталар алдыңғы бойды бірнеше бөліктерден тұратын киім үлгілерінде кездеседі. Тігістерінде орналасқан қалталар жапырақшалы, әдіпті, бөлшек шеттері қайырылған және т.б. болуы мүмкін. Мұндай қалталарды өңдеу процесі екі кезеңнен тұрады: жапырақшаларды өңдеу және оларды жинақтау. Жапырақшалардың өңделуі жармасы бүйір қалтаның өңделуіне ұқсас. Жапырақшалы қалталардың жинақталуынан жапырақшаларды қалта астарының бір бөлігімен бірге алдыңғы бойдың орта бөлігіне біріктіріп тігуден бастайды. Алдыңғы бойдың бүйір бөлігіне қалта астарының екінші бөлігі біріктіре тігіледі. Бұдан кейін алдыңғы бойдың орта және бүйір бөліктері қалта кесіндісін қайыра отырып, сырып тігіледі.

Қалтаны жинақтаудың соңғы операциялары болып қалта астарын сырып тігу, жапырақша ұштарын бекіту және ылғалды-жылулық өңдеу болып табылады. Жапырақша ұштары жапырақшалы жармалы қалталардағыдай бекітіледі. Қалталар бойлықсыз өңделетін болғандықтан, жапырақша ұштарына бекітпе жасағанда теріс жағынан бөз, коленкор немесе желімді жиекті матадан кесінді жабыстырылады.

  • Қалтаны жинақтаудың соңғы операциялары болып қалта астарын сырып тігу, жапырақша ұштарын бекіту және ылғалды-жылулық өңдеу болып табылады. Жапырақша ұштары жапырақшалы жармалы қалталардағыдай бекітіледі. Қалталар бойлықсыз өңделетін болғандықтан, жапырақша ұштарына бекітпе жасағанда теріс жағынан бөз, коленкор немесе желімді жиекті матадан кесінді жабыстырылады.

Тігіске түскен қалта, тігіс үстінен жүреді. Мысалы: бүйір, бедер қиықтарының бойында. Қалта аузын кей жерлерде сырмамен де өңдейді. Бұндай қалта тігіс арасында болғандықтан көрінбей тұруы мүмкін.Осындай қалталар: пальто, көйлек, белдемше және т.б киімдерде кездесуі мүмкін.

  • Тігіске түскен қалта, тігіс үстінен жүреді. Мысалы: бүйір, бедер қиықтарының бойында. Қалта аузын кей жерлерде сырмамен де өңдейді. Бұндай қалта тігіс арасында болғандықтан көрінбей тұруы мүмкін.Осындай қалталар: пальто, көйлек, белдемше және т.б киімдерде кездесуі мүмкін.

Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы білімгерлердің өз бетінше атқаратын жұмыстары

  • Қалта бөлшектерін пішу.
  • Түйіндік өңдеуден өткізу
  • Ылғалды жылулық өңдеуден өткізу.

Қалтаны өңдеу жолы

Пішім бөлшектері:

Алдыңғы және артқы бой бөліктеріне белгіленген калта орнына қалта қапшығын көктеу, және көктеп болған соң тігіс ені 1-см арақашықтықта сырып тігу. 2-сурет.


2-сурет

Қалта қапшығын жатқыза үтіктеп, алдыңғы және артқы бойдың жан қиықтарын қосу, тігіс ені 1-1,5 см арақашықтықта сырып тігу.3-сурет.


3 сурет

Алдыңғы және артқы бойдың жан қиықтарын қосқан соң, айыра үтіктеу қажет. 4-сурет.


4сурет.

Қалта қапшықтарыны оң беттерін бір-бірімен беттестіріп, түйреуіштер көмегімен сәйкестендіреміз. Және көктеп тігін машинасында тігіс ені 1-см арақашықтықта сырып тігеміз. Тігін машинасында сырып тігіп болған соң тігіс ені 0,3-0,4 см арақашықтықта торлаймыз. 5 сурет

Тігіс сапасын тексеріп, алдыңғы бойға қалта қапшығын жатқыза үтіктейміз.

Бақылау сұрақтары:

  • Біз бұйымды көктегенде қандай жіп қолданамыз?
  • Ылғалды-жылулықпен өңдеудің қандай түрлері бар?
  • Түйреуіштер не үшін қолданылады?

Үй тапсырмасы

  • 1.Т.Сүлейменова «Бұйымның түйіндік өңделуі» 83-88 беттер.
  • 2.Тігістегі қалталардың өңделуінің технологиялық картасын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет