Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Туған өлкемнің ауыл шаруашылығының жетістіктері» облыстық онлайн эссе байқауын өткізу туралы ереже


Байқауға ұсынылған материалдарға қойылатын талаптар



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі22.22 Kb.
#457649
1   2   3
«Туған өлкемнің ауыл шаруашылығының жетістіктері»

4. Байқауға ұсынылған материалдарға қойылатын талаптар
Эссе мәтіні 2-3 беттен артық емес, Microsoft Word редакторында терілуі тиіс, мәтін шрифті- Times New Roman12, жол аралық интервалы-1, шеттері: үстінгі,төменгі-2см, оң - 1,5 см, сол-2,5; абзац жолы-2 см, сілтеме жалпы мәтін бойынша нөмірленеді. Эссе атауы бас әріптермен ортасына жазылады.
Бос орынан кейін – автордың тегі, инициалы, оқу орнының атауы және ғылыми жетекшінің тегі (егер болса), жоғарғы сол жақ бұрышта-эссе авторының фотосуреті.


5. Эссені бағалау критерийлері:
- мазмұны байқаудың берілген тақырыбына толық сәйкес келеді (10 баллға дейін)
- тақырыптың толық ашылуы, мазмұндылығы (10 баллға дейін);
- эрудиция, нақты материалды білу (20 баллға дейін);
- тарихи білімді талдау қабілеті (10 баллға дейін);
- баяндаудың дәйектілігі мен бірегейлігі (10 баллға дейін);
- қорытынды жасай білу және дәлелдеу (10 баллға дейін);
- шығармашылық және дербес ойлаудың көрінісі (10 баллға дейін);
- әдеби стиль және материалды баяндау формасы (10 баллға дейін);
- емле ережелеріне сәйкестігі (5 баллға дейін);
- эссені рәсімдеу талаптарын сақтау (5 баллға дейін).



  1. Қорытындылау және марапаттау

6.1. Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін қазылар алқасының қорытынды кеңестері өткізіледі.
6.2. Қазылар алқасының шешімі негізінде байқаудың қатысушыларының рейтингі құрылады.
6.3. Қорытынды баға қазылар алқасының барлық мүшелерінің бағаларының орташа балын есептеу арқылы қалыптастырылады.
6.4. Ұсынылған қорытынды материалдар негізінде қазылар алқасы байқаудың жеңімпаздары туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
6.5. Ең жоғары балл алған эссе авторлары байқау жеңімпаздары атанады.
6.6. Байқау қорытындысы бойынша апелляциялар қабылданбайды.


7. Байқаудың қорытындысын шығару, марапаттау
7.1. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, қатысушылар электрондық форматтағы сертификаттармен марапатталады.
7.2. Байқау жеңімпаздарының тізімі мен үздік материалдар ҚО ББД ОӘД сайтына орналастырылады https://umckrg.gov.kz/.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет