Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі387.26 Kb.
#23604
1   2   3

Азаматтық қорғаныс

Азаматтық қорғаныс саласындағы міндеттер мен қызметтерді іске асыру үшін ҚР ТЖМ-ға, ТЖМ РДО-ға, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне 23 хабарлама, есеп және ақпарат ұсынылды.

ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың 1-тоқсанына келесі іс-шаралар жоспарланды және өткізілді:

кәсіби дайындық бойынша жаттығулар (ай сайын);

штабтық жаттығулар- 3;

РКШОЖ-ға қатысу – 1.

Жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын даярлау және қайта даярлау ШҚО ТЖД оқу орталығында және Семей қ. ТЖБ халықты оқыту, даярлау, насихаттау бөлімінде жүзеге асырылды.

Оқыту ісі облыс әкімінің 2012 жылғы 24 желтоқсанда бекітілген «ШҚО ТЖД тыңдаушыларын жинақтау жоспары» және «2013 жылға арналған ШҚО-дағы оқу-жаттығулар жоспары» бойынша өткізілді.

Жинақтау жоспары 1-тоқсанда 113%-ға орындалды. Оқытылғандардың жалпы санынан 62% облыс орталығына және 38% Семей қ. ТЖБ халықты оқыту, даярлау, насихаттау бөліміне келеді.


Шығыс Қазақстан облысының ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінде 206 басшы құрам оқытылды, бұл оқытылғандардың жалпы санының 58 % құрайды. Басшы құрамды оқыту АҚ құралымдары жеке құрамының тәжірибелік дағдысын және оқыту әдістемесін жетілдіру, өндіріс қызметкерлерінің ТЖ жағдайында әрекеті, мемлекеттің экономикалық әлеуетінің сақталуы мақсатында жүзеге асырылады.

Ай сайын облыс объектілерінің, мекемелері мен кәсіпорындардың АҚ және ТЖ штабы бастықтарына (қызметкерлеріне) көмек көрсету бойынша әдістемелік жұмыс жүргізіледі. АҚ және ТЖ құжаттамасын пысықтауға, сондай-ақ еңбек ұжымдарына жекелеген тақырыптар бойынша сабақтар өткізуде көмек көрсетіледі.

Бірінші тоқсанда осы сияқты жұмыс «ШҚО экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті», ШҚО ІІД», «МСЧ-2», «ШҚМТУ», «ШҚМУ», «Защита элеваторы» МЦКТ, «Кругозор» және т.б. жүргізілді.

Басшы құрамды оқыту қорытындысы туралы ай сайын облыс ТЖК төрағасына ақпарат жолданып отырылады.

Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу бойынша іс-шаралар өткізілді. 1 наурызға дейін порталда материал дайындалып, жарияланды, АҚБ мамандары ШҚО ТЖД оқу орталығында қала мектептерінің оқушыларына ашық есік күнін, оқу мекемелерінде – АҚ және ТЖ сабақтарын өткізді. ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚ филиалының қызметкерлерімен бірлесіп Өскемен колледждерінің арасында «Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» тақырыбы бойынша жарыс өткізді.

2013 жылғы 1-тоқсандағы оқу-жаттығулар мен жаттығулар жоспары 101 %-ға орындалды. Барлығы облыс бойынша (жоспар / іс жүзінде):

Кешенді оқу-жаттығулар – 15/15;

Командалық-штабтық оқу жаттығулар – 87/99;

Объектілік жаттығулар – 91/138;

Тактикалық-арнайы жаттығулар – 54/64;

Сейсмжаттығулар – 426/411;

Сел жаттығулары – 99/81;

Авариялық жағдай бойынша жаттығулар – 384/392.


Ақпараттық-талдау жұмысы, деректер банкі мен желісін дамыту

ТЖ және барлық оқиғалар туралы шұғыл ақпарат жинау ұйымдастырылған.

Белгіленген мерзімдерде – апта сайын пысықталған ақпарат белгіленген нысан бойынша Дағдарыс орталығына жолданады. Сонымен қатар, Департаменттің басшы құрамы үшін апта сайын шұғыл ақпарат дайындалады, онда өткен жылмен салыстырғандағы ТЖ бойынша көрсеткіштер, сондай-ақ өрттер мен оның салдары бойынша жинақ кестелер көрсетіледі.

Жинақталған шұғыл ақпарат негізінде барлық құрылымдық бөлімшелерге осы кезеңде орындалуы міндетті шаралар көрсетілуімен өрт бойынша талдау, туындаған ТЖ бойынша талдау жолданады.

Мемлекеттік басқару органдарын, ұйымдарды, тұрғындарды шұғыл ақпараттандыру мақсатында туындаған ТЖ, олардың туындау қаупі бойынша ақпарат тәулік бойы 98 аккредиттелген БАҚ-қа, ақпараттық агенттіктерге, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарына жіберіледі.

Тұрғындарды ТЖ туындау қаупі туралы Ксэл, Алтел ұялы байланыс операторларына СМС мәліметтері арқылы хабардар ету жалғасуда.

Ақпараттық-талдау жұмысын жетілдіру мақсатында БАҚ-қа жіберілетін мәліметтер мониторингі туралы, ШҚО ТЖД қоғамдық Кеңесін құру туралы 2 бұйрық дайындалып, шығарылды.

Аталған жұмыс бойынша тәжірибелік көмек көрсету үшін аудандық бөлімшелерге жұмыс жоспарын әзірлеу, ақпараттық-анықтамалық кәртішкелерді толтыру бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Бөлім қызметкерлері 1 бөлімшеге тәжірибелік көмек көрсетіп, тақырыптық тексеру жүргізді.

ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД веб-порталын, облыс әкімінің сайтын аналитикалық және есептік материалдарымен толтыру бойынша бақылау жүзеге асырылады.

ҚР ТЖМ Алқасы, Ведомствоаралық комиссия, түрлі деңгейдегі селекторлық, есептік мәжілістерге басшылықтың қатысуы үшін 16 материал дайындалды.

Ақпараттық-талдау жұмысының мәселелері 2013 жылғы Департамент бастығы жанындағы Кеңесте қарастыруға енгізілді. Бірінші Кеңесте ақпараттық-талдау жұмысының мәселелері, хаттамалық шешімдердің орындалуы қаралды.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестікті ұйымдастыруды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмысты бақылау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға, ұйымдарға ұсынылған ақпараттар бойынша тоқсан сайынғы жинақ ұйымдастырылды. Бүгінгі күні 226 ақпарат жолданды.

Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 99 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың классификаторын және төтенше жағдайлардың ақпараттық-анықтамалық кәртішкелерінің құрылымын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес туындаған ТЖ Бірыңғай дерекқор базасын кезең-кезеңмен құру мақсатында ТЖ есепке алу кәртішкелерін құру бойынша бұйрық дайындалды. Бүгінгі күні «ӨС ж АҚЖҚ» ММ 66 кәртішке, СҚҚ 6 кәртішке, ШААШҚЖ 1 кәртішке, АМО 1 кәртішке, ӘАҚҚ 3 кәртішкесі тоқсан сайынғы түзетулерімен құрылды. ТЖ бойынша 269 ақпараттық кәртішке толтырылды..

Аумақ, акваторий қауіпсіздігінің төлқұжаттары, ТЖ қаупінің 2013 жылға арналған каталогы түзетіліп, ҚР ТЖМ-ға бекітілуге жіберілді. Көшкін -, сырғыма,-, сел - жүру учаскелерінің 2013 жылға арналған төлқұжаттары түзетілді.


2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған іс-шаралар.
ТЖ бойынша облыстық комиссияның отырыстары

ТЖАБ жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестік бойынша ШҚО ТЖД қалалық, аудандық құрылымдық бөлімшелерімен тығыз жұмыс істейді. ТЖАБ ТЖ бойынша облыстық комиссиясының 2013 жылға арналған жоспарын пысықтады. Есептілік кезеңде ТЖАБ қалалар мен аудандардың 2013 жылға арналған ТЖК жоспарын ұсыну бойынша жазбаша өтінімдер беріп, сондай-ақ ҚР ТЖМ ТЖАД 2012 жылдың 13-16 ақпаны аралығында тақырыптық тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою мақсатында ТЖК жоспарына ҚР ТЖМ Алқасының 08.07.2011 жылғы № 7 қаулысының 7.2 тармағын, ҚР ТЖМ Алқасының 29.04.2010 ж № 5 қаулысының 15.2 тармағын енгізу бойынша хаттар жіберді. Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі 2013 жылғы 18 ақпандағы және 13 наурыздағы ТЖОК отырыстарына құжаттар дайындады. ТЖАБ, ТЖ басқармалары мен бөлімдерінде ТЖ бойынша комиссия отырыстарының жоспары және ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өткізілген комиссия отырыстарының хаттамаларының көшірмелері бар. ТЖ бойынша комиссия хаттамаларының шешімдерінің ұсыныстары негізінен толық көлемде орындалады.


ТЖ департаменті бастығы жанындағы Кеңес отырысы
2013 жылдың бірінші тоқсанында ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңес отырысы дайындалып, өткізілді. Кеңестің бірінші отырысы 2013 жылдың 11 ақпанында өткізіліп, ШҚО ТЖД 2013 жылғы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер қаралды. Өткізілген отырыс нәтижесі бойынша Кеңес шешімдері, хаттама дайындалып, орындауға және жұмыста басшылыққа алу үшін ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жіберілді. Сондай-ақ хаттама Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылау үшін ШҚО ТЖД ішкі бақылау бөліміне жолданды.
Семинарлар мен дөңгелек үстелдерді өткізу
2013 жылдың өткен мерзімінде өткізілген дөңгелек үстелдер.

1. Өскемен, Семей қалаларының кәсіпкерлері, ірі базар, сауда орындарының иелерімен өткізілген дөңгелек үстел отырысына қатысты. Онда Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңының 25- бабын сақтау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

2. Өндірістік бақылау мәселесі бойынша мына тақырыпқа дөңгелек үстел отырысы өткізілді: «Жарылғыш материалдарды пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізгенде қауіпсіздікті және жарылғыш материалдарының сақталуын қамтамасыз ету» және «ҚР ТЖМ жару ісі бойынша Кеңес шешімдерінің орындалуы туралы». Отырыста қатысқандар: ШҚО ТЖД ТЖ ж ӨҚ бойынша МББ бастығы, бөлім бастықтары және Басқарманың бас мамандары, қызметі жарылғыш заттар мен материалдарға қатысты кәсіпорындардың басшылары, бас мамандары. Дөңгелек үстел отырысына ШҚО ТЖД ҰҚК департаментінің, ШҚО бойынша ішкі істер департаментінің, «ӨҚТҒЗО» АҚ өкілдері де қатысты.

3. Мемлекеттік тілдің қолданылу және даму мәселелері қарастырылған Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен қаласы гарнизонының әскери сотының дөңгелек үстел отырысына қатысты.

4. 27-29 наурызда СҚҚ басшылығы құтқару станцияларының бастықтарымен және қалалар және аудандардың оқу - профилактикалық жұмысы бойынша әдіскерлерімен жиын - семинар дайындап, өткізді.

Техникалық кеңестерді өткізу

Өнеркәсіптік қауіпсіздігі мәселелері бойынша Техникалық Кеңес отырыстары үнемі өткізіледі. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 5 Кеңес өткізіліп, бақылаудағы кәсіпорындардың 20 басшысының есебі тыңдалды.


Нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіру
2013 жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттарда 74 сот талқылауына қатысты.

Кәсіби даярлық мектебінде ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мекемелері қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамалар бойынша түсінік беруге қатысты 12 сабақ жүргізілді, конспектілер дайындалды.

ШҚО ТЖД құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен ШҚО ТЖД бойынша 77 бұйрық жобасына және ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бойынша 70 бұйрық жобасына құқықтық сараптама жүргізілді.

ШҚО ТЖД 2012 жылғы 24 қаңтардағы шығыс № IН-23-15-01/228 нұсқауына сәйкес мемлекеттік сатып алулар бойынша жауапты тұлғаларға бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнаманың негізгі нормалары түсіндірілді. Жоғарыда аталған нұсқауға сәйкес бұзушылықтар анықталған жағдайда жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қатар ШҚО ТЖД және ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ мемлекеттік сатып алулар бойынша бөлімдерінің бастықтарына келісім-шарттарды дер кезінде жасауды қамтамасыз ету, келісім-шарт міндеттемелерін орындауды есепке алуға ерекше назар аудару және жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары ретінде тану туралы сотқа талап арыз жіберу үшін Құқықтық қамтамасыз ету бөліміне дер кезінде жүгіну тапсырылды.

«ӨС ж АҚЖҚ» ММ Кәсіби даярлық мектебінде бөлімшелердегі жауынгерлік дайындық деңгейін анықтау үшін жаңадан келген қызметкерлер электрондық тестілеу тәсілімен кіру бақылауынан өтеді. Оқушылардың барлық санаттарына арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық тестілеу бағдарламалары жасалған. Сонымен қатар Мектеп тыңдаушыларына арналған 20 оқыту плакаттары дайындалды.



Кадрлармен жұмыс, адам ресурстарын басқару, оқыту, біліктілік көтеру

2013 жылдың 29 наурызы жағдайына ШҚО ТЖ департаментінде қызметкерлердің штаттық саны 297 адамды құрайды: оның ішінде 128 әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымы, 26 әскери лауазым және 143 Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымы. Қазіргі уақытта Департаментте әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің 15 бос орны, Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің 2 бос орны бар. 2013 жылдың басынан бастап:

- Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымына 11 адам, оның ішінде ауыстырумен - 6, жаңадан қабылданғандар - 5 адам;

- әскери қызмет лауазымына 2 адам қайта аттестаттау тәртібімен қабылданды.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС ж АҚЖҚ» ММ штаттық құрам саны 2143, оның ішінде орта және аға басшы құрамнан - 474, кіші басшы құрамнан - 1595, азаматтық қызметшілер -74. Жинақталмау 15 бос орынды, оның ішінде 4- аға және орта басшы құрамын, 1 кіші басшы құрамын және 10 азаматтық қызметшілерді құрайды. 2013 жылдың басынан 36 адам: оның ішінде 2-уі ауыстыру арқылы, 34 адам жаңадан қабылданды.

ШҚО ТЖД 2011 жылғы 18 мамырдағы № 86 бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2011-2015 жылдарға арналаған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ШҚО ТЖД 2011-2015 жылдарға арналған шаралар жоспары бекітілді. Осы Жоспарға сәйкес психологиялық қызмет ШҚО ТЖД 2009 жылғы 03 қарашадағы № 205 бұйрықпен бекіткен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылыққа жол беру мүмкіндігі бар ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымдарының тізімдеріне сәйкес қызметкерлерді анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Білімді насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мақсатында ШҚО ТЖД, ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінде қызметкерлердің құқықтық білім алуына көп көңіл бөлінеді. 2013 жылы жеке құраммен 4 сабақ өткізілді. Құқықтық оқытуды жүзеге асыру және құқықтық қамтамасыз ету үшін ШҚО ТЖД аппаратының басқармалары мен бөлімдерінде заңнама базасындағы өзгерістер туралы хабардар болуға ықпалын тигізетін «ЮРИСТ» анықтамалық құқықтық жүйесі орнатылды.

Ай сайын Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ШҚО бойынша басқармасымен қылмыстық (сыбайлас жемқорлық) және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар бойынша тексеру өткізіледі, 2013 жылдың 29 наурызы жағдайына ШҚО ТЖД және «ӨС ж АҚЖҚ» ММ қызметкерлеріне қарасты сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар тіркелген жоқ.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Шығыс Қазақстан обысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ барлық қызметкерлері 2012 жылғы жеке қосымша құн салығы бойынша кірістері туралы декларацияны тапсырды.

ШҚО ТЖД кадрлық қызметі ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында оқудың мәртебесін насихаттау және өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметтің маңыздылығы мен басымдылығын түсіндіру бойынша мектеп түлектері арасында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ШҚО ТЖД, ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ қалалық және аудандық құрылымдық бөлімшелеріне нұсқаулар әзірлеп, жолдады.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ШҚО оқу орындарында ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсу тәртібі мен ережесін түсіндіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызметтің келешектегі дамуы туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Облыс бөлімшелерінің кадрлық қызметінің үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде 2013 жылдың 29 наурызы жағдайына ҚР ТЖМ КТИ-ге түсуге 40 түлек тілек білдірді.

Ағымдағы жылдың есептілік кезеңіне Департамент және ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ Республикалық орталықтан 2 қызметкер, біліктілік көтеру курсынан, Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты біліктілік көтеру факультетінде 2 қызметкер курстан өтті. Өткен кезеңде қайта даярлау және біліктілікті көтерудің өңірлік орталығына 1 қызметкер жолданды, Қазақстан Республикасы ТЖМ «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» АҚ Шығыс филиалында оқығандар жоқ.

ШҚО ТЖД-ның 1 қызметкері Ресей ТЖМ ӨҚМҚ Санкт-Петербург университетінің сырттай бөлімінің тыңдаушысы болып келсе, 1 қызметкер Ресей Федерациясының ТЖМ Мәскеу қаласындағы Азаматтық қорғаныс академиясында оқиды.

ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық мектебі 2013 жылдың 1 тоқсанында 65 қызметкерді дайындап шығарды:

Алғашқы даярлықтан 48 қызметкер: өрт сөндірушілер - 40, өрт және төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысы жоқ – 8, қайта даярлаудан – 17 қызметкер (қарауыл бастықтары) өтті.

Психологиялық қызмет бөлімі қызметкерлердің өзіне-өзі қол жұмсау және мінез - құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу мақсатында 53 қызметкерді психологиялық тексеруден өткізді. Қызметкерлерді тексеру КДМ тыңдаушылары арасында жүргізілді. ШҚО ТЖД бөлімшелеріне қызметке түсетін 54 үміткер психологиялық тексеруден өткізілуде. Қызметкерлердің деструктивті мінез-құлқының алдын алу мақсатында жеке құрамға психологиялық тұрақтылықты арттыру бойынша, өзін-өзі реттеу дағдыларына үйрету бойынша, қызметкерлерді экстремалдық жағдайларда әрекет етуге дайындау бойынша барлығы 13 дәріс және 5 тренингтік іс-шаралар өткізілді. Сондай-ақ Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған Жас құтқарушылар мектебі тәрбиеленушілерінің арасында «Психологиялық өзіндік және өзара көмек беру дағдыларын үйрету бойынша тренинг» тақырыбына тренинг өткізілді. Сонымен қатар қызметкерлерге 24 жеке кеңестер мен әңгімелер жүргізілді.

Қажетті кәсіби шеберлікті, дене-күш дайындығын және моральдық - жігерлік қасиетті қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында спорттық іс-шараларды өткізуге көп көңіл бөлінеді. 2013 жылы біздің спортшыларымыз ҚР ТЖМ Павлодар қаласындағы қысқы спартакиадада 1-орын және ҚР ТЖМ Петропавловск қаласындағы қысқы спартакиаданың шешуші жарыстарында 1 орын алды.

Жеке құрамның моральдық - этикалық және адамгершілік тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру үшін қоғамдық жұмыстардың өткізілуіне ерекше көңіл аудару қажет.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде белгілі жұмыстар үнемі өткізіліп, жетілдіріліп отырады. ШҚО ТЖД ардагерлер Кеңесі белсенді жұмыс істейді. Ардагерлер ұйымының қатарында 569 ардагер бар, олардың 7-еуі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 63 тыл жұмысшылары. Ардагерлер Кеңесі өздерінің күнделікті жұмыстарын кадрлық жұмыс бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесе атқарады. Ардагерлер барлық мерекелік іс-шараларға шақырылады, бөлімшелердің жеке құрамына ардагерлермен кездесулер өткізіледі.

Департамент бастығының бұйрығымен ШҚО ТЖД жанында қоғамдық Кеңес құрылды.
Бақылау-тексеру іс-шаралары

Бөлімшелердің қызметіне бақылауды жүзеге асыру мақсатында ШҚО ТЖД 2013 жылға арналған бақылау-тексеру іс-шараларының бекітілген жиынтық жоспарына сәйкес Шемонаиха ауданының ТЖБ кешенді тексеру, Семей қ. ТЖБ мен Бесқарағай ауданының ТЖБ тақырыптық тексеру, ШҚО ТЖД МӨББ МӨББ және «ӨC ж АҚЖҚ» ММ бақылау тексеру жүргізілді.

Тексеру актілерінде бұзушылықтар белгіленіп, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын ұсыну, атқарылған жұмыс туралы есеп беру мерзімдері бекітілді. ІББ және ІБ ж АД жүргізген бақылау-тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша ТЖ басқармалары мен бөлімдері бастықтарының есептері аппараттық кеңестерде, облыстық мәжілістерде, Департамент бастығы жанындағы кеңестерде тыңдалды.

2013 жылы азаматтар өтініштері мен прокуратура ұйғарымдары бойынша

- 5 қызметтік тергеу жүргізіліп, 1 қызметтік тергеуде фактілер расталған жоқ.

- қызметтік тергеу нәтижелері бойынша 8 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды – ескерту – 3; қатаң сөгіс – 5 .

ШҚО прокуратурасының заңдылық бұзушылықтарын жою туралы ұйғарымдары, ШҚО бойынша ҚР БП ҚС ж АЕКБ қаулылары бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде тексерулер мен қызметтік тергеулерді жүргізу ережесінің 50-тармағына сәйкес қызметтік тергеу жүргізусіз тәртіптік жазаға (3-сөгіс, 3-ескерту) 6 қызметкер тартылды.

ШҚО ТЖД 2013 жылға арналған бақылау-тексеру жоспарына сәйкес жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік жазаға 6 қызметкер тартылды: ескерту – 2 (Шемонаиха ауданының ТЖБ және «ӨС ж АҚЖҚ» ММ құрылымдық бөлімшелерін кешенді тексеру); 4-сөгіс (Бесқарағай ауданының ТЖБ тақырыптық тексеру).

Барлығы 2013 жылдың 1-тоқсанында 20 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды (ескерту -8, сөгіс -7, қатаң сөгіс- 5).

ІББ ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылайды. Құрылымдық бөлімшелер тапсырмаларды орындау мерзімдерін ұзарту туралы және бекітілген тәртіпте бекітілген мерзімде жетекші қарарымен тапсырмаларды бақылаудан алу туралы қызметтік жазбалардың көшірмелерін ұсынады. Бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

ІББ ІБ ж АД жіберілген барлық жүргізген тексеру актілерін сол сияқты бұзушылықтарды анықтап жою мақсатында барлық құрылымдық бөлімшелерге мәлімет үшін жолдайды. Ішкі бақылау бөлімі Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне актіні зерделеу туралы, кешенді және тақырыптық тексеру барысында анықталған ұқсас бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын ұсыну, көрсетілген жоспарды белгіленген мерзімде белгіленген тәртіпте орындау бойынша есеп беру туралы нұсқаулар беріледі. Іс-шаралардың жиынтық жоспары және есеп Департамент бастығына ұсынылып, бекітіледі. Тексеру актілері ШҚО ТЖД аппараттық мәжілісінде талқыланады.

ҚР ТЖМ алқасының қаулыларын орындау ІББ бақылауында болады. ҚР ТЖМ Алқасының қаулыларын оқып зерделеу үшін барлық құрылымдық бөлімшелерге жолданады. Департамент бастығы жанындағы мәжілісте басқармалар мен бөлімдер бастықтарының қатысуымен ҚР ТЖМ Алқасының қаулыларын орындауға жауапты тұлғалар белгіленеді. Алқа қаулыларын орындау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, Департамент бастығының орынбасарымен келісіледі, Департамент бастығымен бекітіледі. Өйткені ҚР ТЖМ Алқасының 16 қаулысы бойынша тапсырмалар бақылауда.

Бекітілген мерзімде бекітілген нысанда әр айдың 25-іне дейін тапсырмаларды орындауға жауаптылар тапсырмалардың орындалуы туралы ақпарат ұсынады. Ақпарат Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне орындау мерзімін ұзарту немесе бақылаудан алу үшін жолданады. Бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

ҚР ТЖМ келіп түскен барлық ағымдағы құжаттар бойынша, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптар ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» заңнамаға сәйкес берілді, бұзушылықтарға жол берілген жоқ.



ШҚО ТЖД қызметіне прокуратура және басқа да қадағалау органдары жүргізген тексеру бойынша мониторинг жасалады.

2013 жылдың 1 тоқсанында тексеру жүргізген мемлекеттік құрылымдар:

- Облыс, қала, аудан прокуратуралары -13;

- ҚР БП ҚС ж АЕКБ – 2.



Мемлекеттік рәміздерді орналастыру, оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру тәртібін бекіту туралы» № 873 қаулысына сәйкес оларды ауыстыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әнұраны мәтінін орналастыру бойынша іс-шаралар тұрақты түрде жүзеге асырылады. Қаржының бөлінгеніне байланысты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар» туралы заңнамасына сәйкес құрылымдық бөлімшелерге таратылатын Мемлекеттік рәміздер сатып алынады. Мемлекеттік рәміздер қатаң түрде талаптарға сәйкес орналастырылды.

Бюджеттік қаражаттың тиімді жоспарлануы және пайдаланылуына бақылау ұйымдастырылған. Қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарына сәйкес Департаментке 2013 жылдың 3 айында 195585,0 мың теңге мөлшерінде сома қарастырылған, оның 160377,7 мың теңге игерілді, ол 82 % құрайды.



ТЖ саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бекіткен ҚР ТЖМ Шұғыл жоспарының 37-тармағына сәйкес, сонымен қатар көршілес мемлекеттердің шекаралық аймақтарының бірігіп әрекет ету жоспарын орындау аясында, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірігіп қызмет ету кезінде шекаралық мемлекеттермен ТЖ және АҚ органдарының аймақтық басқармаларының күштері мен құрылымдарын үздіксіз басқару және ұйымдастыру, шекаралық аймақтардағы апаттық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, шекаралас мемлекеттердің ТЖ және АҚ органдарының аймақтық басқармаларының құтқару құрылымдары, шұғыл топтағы лауазымдық тұлғалардың бірігіп қызмет етуі мақсатында 2013 жылдың 21-22 ақпан аралығында байланыс құрылғылары және телекоммуникация жүйесінің қолданылуымен «Шекара (Граница) – 2013» табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу жүйесінің аймақтық басқармасын ұйымдастыру бойынша бірлескен штабтық жаттығу өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданының аумағында өткізілуі мамыр айына жоспарланған шектес аумақтардағы орман өрттерін сөндіру бойынша бірлескен тактикалық жаттығуларды өткізу үшін Алтай өңірінің Ресей ТЖМ ММ келіссөздер жүргізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет