Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті


Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою, ТЖМ күштер мен құралдарын дамыту бойынша іс-шаралардың тиімділігін жоғарылату



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі212.5 Kb.
#8961
1   2   3

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарын жою, ТЖМ күштер мен құралдарын дамыту бойынша іс-шаралардың тиімділігін жоғарылату

Гарнизонның күштер мен құралдарын тұрақты жауынгерлік дайындықта ұстау іс-шаралары мүлтіксіз орындалып отырды. Бірінші кезекте ТЖ жоюға жедел шешімдер қабылдау үшін төтенше жағдайлардың негізгі көздерін тәулік бойы бақылау ұйымдастырылды (метеоболжам, қар қорын болжау, көшкін қауіпті, сел қауіпті учаскелердің, мұздақ көлдердің, гидроқұрылыстардың, қауіпті жол учаскелерінің, мұзқатқылардың, энергожүйелердің, санэпидем жағдайының, табиғи аймақтардағы өрттердің мониторингі, экологиялық мониторинг). 2013 жылғы 1 наурыздан бастап қар еру мониторингі жүргізіліп жатыр.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде сым байланысы, радиобайланыс сұлбасы, байланыс жоспары әзірленді және бекітілді.

Ведомстволық байланыс құралдарының жұмысы қамтамасыз етілді (жерсеріктік байланыс, радиобайланыс, транк байланысы, ВЧ-байланыс, электрондық пошта, факсимальді байланыс). Төтенше жағдайларды басқару органдарымен өзара әрекеттесу мәселелері шыңдалды.

Жедел УҚТ байланыспен ретранслятор арқылы облыстық орталықтан бастап негізгі бағыттар қамтылды: Семей қ., Риддер қ., Шемонайха қ., Самар а. (Күршім а. қоса), Зырян қ. және Аягөз қ.

Тәулік бойы байланыс және хабарлау арналары бойынша тұрақтылық жұмыстарына, республикалық хабарлау жүйесі бойынша белгі беру мен қабылдауға бақылау жасалады. БКДҚБ жедел кезекшілері алған белгілер ескертусіз жасалды: 10 бақылау және оқу-жаттығу, барлық командаларды берумен 24 техникалық тексеру, тексерулік күн сайын тәулігіне 3 рет. Жедел кезекші көмекшілерімен күн сайын сағат 6:00, 10:00, 12:00, 18:00 хабарланыру жүйелері тексеріеді.

2013 жылдың 14 маусымына дейін Тұрғындарға сабақтың тоқтатылуы туралы хабарлау және хабарлау жүйесінің техникалық құралдарының жай-күйін тексеру мақсатымен 20 теледидар арнасы қамтылды, сонымен қатар есеп беру мерзімінде «Алтел» АҚ және «Кселл» АҚ ұялы желілері абоненттеріне 18 SMS-хабарлама жолданды.

ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД сым және радиобайланыс құралдарымен, жедел ақпаратты және хабарлау белгілерін қабылдау құралдарымен жабдықталған күнделікті басқару пункті дайындыққа келтірілді (дағдарыс орталығы). ТЖ ауданына шығуға арналған ҚТ және УҚТ раиобайланысымен, тасымалы компьютермен, жерсеріктік терминалдармен жабдықталған ШҚО ТЖД-ның жылжымалы байланыс торабы бар.

ШҚО ТЖД және Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ ММ, Алтай Республикасы арасында радиоалмасу сеанстары күнделікті әр сейсенбі сайын жүргізіледі және журналға тіркеледі.

«ТЖ қаупі және туындауы кезінде ҚР халқын және мемлекеттік басқарма органдарын хабардар ету жүйесін жаһандандыру», «Астана және Алматы қалаларында 112 БКДҚ құру», «Бірыңғай ахуалдық дағдарыс орталығын құру», «ҚР ТЖМ жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету туралы» «КИКС ГСЧС» жобаларын сапалы жүзеге асыру мақсатында жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру үшін техникалық бақылау бойынша комиссияны құру қарастырылды.

2013 жылғы 1 қаңтар бойынша Шығыс Қазақстан облысының күштер мен құралдарын топтастыру бойынша ұсынылған мәліметтерге сәйкес жеке құрам саны 61756 адамды және 4905 құрылымды құрайды. Азаматтық қорғаныстың штаттық кәсіби және аумақтық құрылымдары санынан 1322 адам және 425 бірлік техникадан тұратын 19 шұғыл әрекерт ету жасағы құрылды.

2013 жылдың 1-жартыжылдығында жедел әрекет ету аудандық және қалалық жасақтармен 24 жаттығу өтті.

Шығыс Қазақстан облысы АҚ құрылымдары мен авариялық-құтқару қызметтері техникаларына мониторинг ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мен жағдауды бағалау үшін үнемі жедел шығулар жүргізіледі.

2013 жылдың су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайындалу және шұғыл әрекет ету бойынша іс-шаралар кешені өткізілді. 2013 жылғы 12 қаңтардағы ҚР ТЖМ Вице-министрінің № 04-02/44-И «ШҚО ТЖД көктем мерзімінде ТЖ шығуы кезінде адамдардаың қаза болуын болдырмау бойынша қажетті шараларын қабылдау туралы» бұйрығын орындау барысында бойынша ШҚО күштер мен құралдар топтамасы 234 адам, 43 бірлік техника, 9 бірлік суда малтау құралдары дайындыққа келтірілді.

Су тасқынына қарсы мерзімге ШҚО ТЖД күштер мен құралдар тобы құрылды, ШҚО ТЖД бастығының 2013 жылғы 27 наурыздағы «Күштер мен құралдарыды жұмылдыру жайлы» бұйрығы даярланды. ШҚО аумағында су тасқыны ең қауіпті аймақтарға ҚР ТЖМ күштері мен құралдарын бекіту есебі даярланды. ШҚО аудандары мен қалаларындағы инженерлі және автомобильді техникалардың, шағын кемелердің бар болуы жайлы мәліметтер жиналды. ШҚО ТЖД бастығының 2013 жылғы 27 наурыздағы «Күштер мен құралдарыды жұмылдыру жайлы» бұйрығы қабылданды. Су тасқыны қауіпті орындарына жағдайды бағалау және АСС қызметін үйлестіру үшін үнемі шығулар жүргізіледі.

2013 жылдың өт қауіпті кезеңіне дайындалу мерзімінде табиғи өрттерді сөндіруге бейімделген өрт техникалары Семей қаласында 8 бірлік техника және Өскемен қаласында 6 бірлік техника жауынгерлік даярланған. Қалған басқа гарнизондарда өтімділігі жоғары автоцистерналар, барлығы 117 бірлік техника бар.

Бөлімшелер 454 дана аспалы өрт сөндіргіштермен жабдықталған, жауынгерлік есептегі автоцистерналар хлопушкалармен жинақталған.

Жетуі қиын аудандарда жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ қару-жарағында 5 тягач ГТТ-21, 2 тягач МТЛБ, 2 БТР және жеке құрамды жеткізуге арналған 15 КУНГ автомобилі бар.

Бөлімшенің автономды жұмыс атқару жағдайына арналған 300 адамға арналған таборлық мүліктер бар, Өскемен қаласына 200 адамға және Семей қаласында 100 адамға есепьелген 14 тәулікке арналған азық-түлік қоры бар.

Таулы аймақтарға және орман-дала алқаптарындағы жетуі қиын жерлерге жеке құрамды жедел жеткізу мақсатында мемлекеттік өрт сөндіру қызметі базасында құтқару парашютті-десантты топ ұйымдастырылған.

Бөлімшелердің басшы және жеке құрамы авариялық қызметтермен шеберлікті жоғарылату және практикалық өзара әрекеттесуді шыңдау мақсатында 2013 жылы 27 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар және 490 өрт-тактикалық сабақтар өткізді.

Өрт сөндіру кезекшілік қызметі кезінде машықтану жоспары бойынша өрт сөндіру басшысының көмекшісі рөлінде басшы құрам арасынан 18 қызметкер машықтанудан өтті.

Қабаттылығы жоғары ғимараттарда сапалы өрт сөндіру мен адамдарды құтқаруда қамтамасыз ету үшін 437 адамнан тұұратын бөлімше даярланған, олар жыл сайын арнайы жоспар бойынша даярлықтан өтеді.

Ағымдағы жылдың 6 айында кәсіби даярлық мектебінде оқытудан өткен жүргізушілерге өрт сөндіру автомобильдерінде жұмыс жасау үшін 129 куәлік берілді.

Жүргізушілер құрамына біліктілік дәрежесін тағайындау үшін біліктілік емтихандары ұйымдастырылды және өткізілді, оның қорытындысы бойынша: 1 дәрежелі жүргізуші – 20 қызметкер, 2 дәрежелі жүргізуші – 52 қызметкер болды.

Ағымдағы жылы техникалық қызметтің өрт сөндіру бөлімі постында 214-ағымдағы жөндеу, 17 орташа жөндеу, 3 күрделі жөндеу жүргізілді, сонымен қатар 5 бірлік кузовтық жұмыстар, 9 бірлік қозғалтқыш жұмыстары, 32 бірлікке -КПП, үлестіру қорабы, мост жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Гарнизонның өрт сөндіру техникаларына техникалық қызмет көрсету гарнизонның бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес толық көлемде жүргізіледі. ТО-2 бекітілген жылдық жоспар-кестесіне сәйкес ӨСТҚ 60 бірлік техникаға техникалық қызмет көрсету жоспарланды және өткізілді.

Ауылдық өрт-сөндіру тірек пунктерін дамыту мақсатында Абай ауданы әкімдігінің теңгеріміне ЗиЛ-130 базасындағы өрт автоцистернасы берілді. Коммуналдық меншікке 13 бірлік өрт сөндіру техникасын беру құжаттамасы әзірленді.

Өрт сынақ зертханасы ғимаратына күрделі жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Заманауи талаптарға сәйкес физико-техникалық және пиротехникалық зертхана құрылды. Сонымен қатар онда әкімшілік кабинет және асүй, санузел және қойма бар.

Жыл мезгіліне сәйкес ҚС жеке құрамымен жедел дайындықты арттыру үшін «Құтқару станциясыныда қызметті ұйымдастыру», «Суда адамдар өмірін қорғау», «мұзда адам өмірін қорғау» курстық тапсырмаларын пысықтау өкізілді.

Құтқару станцияларының бастықтарымен және қалалар мен аудандардың оқу және алдын алу жұмыстары бойынша әдіскерлерімен жиын-семинар ұйымдастырылып, өткізілді (27-29 наурыз).

2013 жылдың наурыз айында ТЖ Министрлігінің 18.03.2013 жылғы шығыс № 15/846-И нұсқауына сәйкес Суда құтқару қызметінің 15 құтқарушысы ШҚМУ-де парамедик курсын өтті.

2013 жылдың маусым айының 3-нен басап 14 маусым аралығында жеке құрамның біліктілігін арттыру мақсатында Өскемен қ. «Специалист» оқу орталығында комспрессорды орнату машинисты куәлігін алып 5 адам оқып өтті.

2013 жылғы ақпан айында СҚҚ 2 жұмыскері Алматы қ. профессионалдық біліктілігін арттыру мақсатында басқарушылық сатының біліктілігін арттыру мемлекетік курстарын өтті.

Маневрлі-іздестіру топтары экстремалды жағдайдағы жұмысқа дайын. Автомобильді техника, жүзу құралдары, құтқару құралдары, сүңгуір құрал-жабдықтары жазғы қолдану тәртібіне ауыстырылды.



Азаматтық қорғаныс

ШҚО ТЖД оқыту орталығында жоспардағы 455-тің орнына 481 адам оқытылды. Бұл жоспардың 105 % құрайды. Төмендегі санаттардың тыңдаушылары оқытудан өткізілді:

селолық округтердің әкімдері -55/44;

АҚ бастықтары -55/31;

а/ш АҚ бастықтары -30/30;

АҚ штаб бастықтары -25/49;

қызметтердің бастықтары – 30/35;

АҚ құралымдарының командирлері -40/29;

бала бақшалардың меңгерушілері -15/25;

БӘД оқытушылары – 55/48;

сабақ топтарының басшылары - 85/79;

сауықтыру лагерлерінің бастықтары – 20/48;

қамту саласы кәсіпорындарының бастықтары – 20/21;

қауіпті нысандардың мамандары -25/42.

Семей қаласы ТЖБ насихат, дайындау және оқыту бөлімінде жоспардағы 303-тің орнына 331 адам оқытылды, бұл жоспардың 109 % құрайды.

Ай сайын облыс нысандардың, мекемелерді мен кәсіпорындарының АҚ және ТЖ штаб бастықтарына (қызметкерлеріне) көмек көрсету жөнінен әдіскерлік жұмыс жүргізіледі. АҚ және ТЖ құжаттарын жасау, сондай-ақ еңбек ұжымдарымен жекелеген тақырыптарға сабақ өткізу жөнінен көмек көрсетіледі.

Бірінші жартыжылдықта мұндай жұмыс «ШҚО бойынша экономикалық және сыбайласқан қылмыстармен күрес департаментінде», «ШҚО ІІД», «МСБ-2», «ШҚМТУ», «ШҚМУ»,«Защита элеваторы», «Кругозор» МЦКТ, «Н.Ә.Назарбаев зияткерлік мектебінде», «Жылу жүйелері» АҚ, «ШҚ ӨЭК» АҚ, Риддер қаласының білім беру бөлімінде, «ҚТЖ ҰК» АҚ Шығыс бөлімшесінде, «Өскемен ЖЭО», Ұлан ауданының әкімдігінде, «Қазгидромет» ШҚ филиалында жүргізілді.

Басшылық құрамды оқытудың нәтижелері туралы жүйелі түрде облыстық ТЖК төрағасына ақпарат жіберіліп тұрады.

Бүкілдүниежүзілік Азаматтық қорғау Күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар өткізілді. АҚБ мамандары ШҚО ТЖД оқу орталығында қала мектептерінің оқушылары үшін ашық есік күндерін, оқу мекемелерінде АҚ және ТЖ бойынша ашық сабақтар өткізді. ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚ филиалының қызметкерлерімен бірлесіп «Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» деген тақырыпқа Өскемен қаласы колледждерінің арасында жарыс өткізді. «Жас құтқарушылар класы» клубында балаларды оқыту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. 2013 жылғы қаңтар айынан бастап жас құтқарушылармен «Қысқы кезеңнің күтпеген нәубеттері», «Құлақтандыру дабылдары», «Жер сілкінісінен қорғану», «Тірі қалудың психологиялық аспектілері», «Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету» тақырыптарына 7 сабақ өткізіліп, сұрақтар тәжңрибе түрінде пысықталды.

Құжаттары дайындалып, төмендегідей кешенді тексерулер өткізілді:

Абай ауданында 13-17 мамырда;

Бесқарағай ауданында 20-24 мамырда;

Жарма ауданында 3-7 маусымда.

Мына тақырыптарға штабтық жаттығулар өткізілді:

көктемгі кезеңнің ТЖ жою бойынша 22 қаңтарда;

табиғи өрттерді жою бойынша 27 наурызда;

террористік актілер кезіндегі ТЖ жою бойынша 29 наурызда;

сейсмикалық қауіпті аудандарда жер сілкінісі орын алғанда 28 мамырда.

2013 жылдың 1 жартыжылдығына арналған оқу-жаттығулар мен жаттығулар жоспары 101%-ға орындалды. Барлығы облыс бойынша (жоспар / іс жүзінде):

кешенді оқу-жаттығулар – 31/31;

командалық-штабтық оқу-жаттығулар – 158/158;

объектілік жаттығулар – 150/197;

тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар - 54/64;

сейсмикалық жаттығулар – 707/713;

сел жаттығулары – 426/411;

апаттық жағдайлар бойынша жаттығулар – 643/656.



Ақпараттық-талдау жұмысы, деректер банкі мен желісін дамыту

ТЖ және барлық оқиғалар туралы шұғыл ақпарат жинау ұйымдастырылған.

Белгіленген мерзімдерде – апта сайын пысықталған ақпарат белгіленген нысан бойынша Дағдарыс орталығына жолданады. Сонымен қатар, Департаменттің басшы құрамы үшін апта сайын шұғыл ақпарат дайындалады, онда өткен жылмен салыстырғандағы ТЖ бойынша көрсеткіштер, сондай-ақ өрттер мен оның салдары бойынша жинақ кестелер көрсетіледі.

Жинақталған шұғыл ақпарат негізінде барлық құрылымдық бөлімшелерге ай сайын осы кезеңде орындалуы міндетті шаралар көрсетілуімен өрт бойынша талдау, туындаған ТЖ бойынша талдау жолданады.

Мемлекеттік басқару органдарын, ұйымдарды, тұрғындарды шұғыл ақпараттандыру мақсатында туындаған ТЖ, олардың туындау қаупі бойынша ақпарат тәулік бойы 98 аккредиттелген БАҚ-қа, ақпараттық агенттіктерге, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарына жіберіледі.

Тұрғындарды ТЖ туындау қаупі туралы Ксэл, Алтел ұялы байланыс операторларына СМС мәліметтері арқылы хабардар ету жалғасуда.

Ақпараттық-талдау жұмысын жетілдіру мақсатында БАҚ-қа жіберілетін мәліметтер мониторингі туралы, ШҚО ТЖД қоғамдық Кеңесін құру туралы 2 бұйрық дайындалып, шығарылды.

Аталған жұмыс бойынша тәжірибелік көмек көрсету үшін аудандық бөлімшелерге жұмыс жоспарын әзірлеу, ақпараттық-анықтамалық кәртішкелерді толтыру бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Бөлім қызметкерлері Ұлан ауданының ТЖБ, Глубокое ауданының ТЖБ, Риддер қаласының ТЖБ-да ақпараттық- талдау жұмыстарын жүргізулуіне тақырыптық тексеру жүргізді.

ҚР ТЖМ, ШҚО ТЖД веб-порталын, облыс әкімінің сайтын аналитикалық және есептік материалдарымен толтыру бойынша бақылау жүзеге асырылады.

ҚР ТЖМ Алқасы, Ведомствоаралық комиссия, түрлі деңгейдегі селекторлық, есептік мәжілістерге басшылықтың қатысуы үшін 19 материал дайындалды. Ақпараттық-талдау жұмысының мәселелері 2013 жылғы Департамент бастығы жанындағы Кеңесте қарастыруға енгізілді. Бірінші Кеңесте ақпараттық-талдау жұмысының мәселелері, хаттамалық шешімдердің орындалуы қаралды.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттестікті ұйымдастыруды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмысты бақылау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға, ұйымдарға ұсынылған ақпараттар бойынша тоқсан сайынғы жинақ ұйымдастырылды. Бүгінгі күні 431 ақпарат жолданды.

Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 99 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың классификаторын және төтенше жағдайлардың ақпараттық-анықтамалық кәртішкелерінің құрылымын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес туындаған ТЖ Бірыңғай дерекқор базасын кезең-кезеңмен құру мақсатында ТЖ есепке алу кәртішкелерін құру бойынша бұйрық дайындалды. Бүгінгі күні «ӨС ж АҚЖҚ» ММ 66 кәртішке, СҚҚ 6 кәртішке, ШААШҚЖ 1 кәртішке, АМО 1 кәртішке, ӘАҚҚ 3 кәртішкесі тоқсан сайынғы түзетулерімен құрылды. ТЖ бойынша 1930 ақпараттық кәртішке толтырылды..

Аумақ, акваторий қауіпсіздігінің төлқұжаттары, ТЖ қаупінің 2013 жылға арналған каталогы түзетіліді. Көшкін -, сырғыма,-, сел - жүру учаскелерінің 2013 жылға арналған төлқұжаттары түзетілді.

Бөлінген қаражаттың шеңберінде ШҚО ТЖД сайтын жаңарту жұмысы жүргізулуде.


2-бөлім. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған іс-шаралар

ТЖ бойынша облыстық комиссияның отырыстары

ТЖ бойынша облыстық комиссиясының 2013 жылға арналған жоспарын пысықталды. Есептілік кезеңде ТЖАБ қалалар мен аудандардың 2013 жылға арналған ТЖК жоспарын ұсыну бойынша жазбаша өтінімдер беріп, сондай-ақ ҚР ТЖМ ТЖАД 2012 жылдың 13-16 ақпаны аралығында тақырыптық тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою мақсатында ТЖК жоспарына ҚР ТЖМ Алқасының 08.07.2011 жылғы № 7 қаулысының 7.2 тармағын, ҚР ТЖМ Алқасының 29.04.2010 жылғы № 5 қаулысының 15.2 тармағын енгізу бойынша хаттар жіберді.

2013 жылғы 27 наурыздағы және 21 маусымдағы ТЖОК отырыстарына құжаттар дайындады.

ТЖ комиссия отырыстарында келесә мәселелер қарастырылды:



- 2013 жылғы тасқын қауіпті кезеңге дайындық туралы;

- гиротехникалық құрылыстардың жағдайлары туралы;

- кел, сырғыма, тасқын қаупі туралы;

- орман мен дала өрттерінен аумаұтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы;

- суға шомылу кезеңінде облыс су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- облыстың қорғау ғимараттарының жағдайлары туралы;

Облыстың хабарлау жүйелерінің жағдайлары туралы.

Облыстың қалалық, аудандық ТЖ бойынша комиссия отырыстарын жоспарлау мен қткізуге бақылау ұйымдастырылған. Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша комиссияның хаттамалық шешімдерін орындау 70% аса құрайды.



ТЖ департаменті бастығы жанындағы Кеңес отырысы

2013 жылдың 1 жартыжылдығында ШҚО ТЖД бастығы жанындағы Кеңестің 2 отырысы 2013 жылдың 11 ақпанында және 13 мамырда өткізіліп, ШҚО ТЖД 2013 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес мәселелер қарастырылды. Өткізілген отырыстардың қорытындысы бойынша Кеңес шешімі бар хаттамалар дайындалып, орындау және жұмыста қолдану үшін ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жолданды. Сондай-ақ хаттамалар Кеңес шешімін орындауға бақылау жасау үшін ШҚО ТЖД ІББ-ге жолданды.



Семинарлар мен дөңгелек үстелдерді өткізу

2013 жылдың өткен мерзімінде өткізілген дөңгелек үстелдер.

1. Өскемен, Семей қалаларының кәсіпкерлері, ірі базар, сауда орындарының иелерімен өткізілген дөңгелек үстел отырысына қатысты. Онда Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңының 25- бабын сақтау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

2. Өндірістік бақылау мәселесі бойынша мына тақырыпқа дөңгелек үстел отырысы өткізілді: «Жарылғыш материалдарды пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізгенде қауіпсіздікті және жарылғыш материалдарының сақталуын қамтамасыз ету» және «ҚР ТЖМ жару ісі бойынша Кеңес шешімдерінің орындалуы туралы». Отырыста қатысқандар: ШҚО ТЖД ТЖ ж ӨҚ бойынша МББ бастығы, бөлім бастықтары және Басқарманың бас мамандары, қызметі жарылғыш заттар мен материалдарға қатысты кәсіпорындардың басшылары, бас мамандары. Дөңгелек үстел отырысына ШҚО ТЖД ҰҚК департаментінің, ШҚО бойынша ішкі істер департаментінің, «ӨҚТҒЗО» АҚ өкілдері де қатысты.

3. Мемлекеттік тілдің қолданылу және даму мәселелері қарастырылған Шығыс Қазақстан облысы бойынша Өскемен қаласы гарнизонының әскери сотының дөңгелек үстел отырысына қатысты.

4. 27-29 наурызда СҚҚ басшылығы құтқару станцияларының бастықтарымен және қалалар және аудандардың оқу - профилактикалық жұмысы бойынша әдіскерлерімен жиын - семинар дайындап, өткізді.


Техникалық кеңестерді өткізу

Өнеркәсіптік қауіпсіздігі мәселелері бойынша Техникалық Кеңес отырыстары үнемі өткізіледі. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 8 Кеңес өткізіліп, бақылаудағы кәсіпорындардың 31 басшысының есебі тыңдалды.


Нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіру

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттарда 148 сот талқылауына қатысты.

Кәсіби даярлық мектебінде ШҚО ТЖД құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мекемелері қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамалар бойынша түсінік беруге қатысты 12 сабақ жүргізілді, конспектілер дайындалды.

Нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаны жетілдіру

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттарда 178 сот талқылауына қатысты.

Қызметкерлерге құқықтық жалпы оқыту өткізуге үлкен көңіл аударылады. 2013 жылы жеке құрамдармен 22 сабақ өткізілді. Бөлімшелер қызметін құқықтық қамтамасыз ету және құқықтық жалпы оқуды жүзеге асыру үшін ШҚО ТЖД басқарма аппаратында және бөлімдерде «ЗАҢГЕР» анықтамалық құқықтық жүйе орнатылған, ол заңдылық базасындағы барлық өзгерістерді біліп отыруға мүмкіндік береді. Құқықтық бөлімінің қызметкерлері ШҚО ТЖД және ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ барлық бөлімшелеріне олардың қызметтері бойынша туындайтын мәселелер бойынша құқықтық көмек және кеңес береді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және қызметтегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

ШҚО ТЖД құқықтық қамтамасыз ету бөлімімен ШҚО ТЖД бойынша 131 бұйрық жобасына және ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бойынша 123 бұйрық жобасына құқықтық сараптама жүргізілді.



ШҚО ТЖД 2012 жылғы 24 қаңтардағы шығыс № IН-23-15-01/228 нұсқауына сәйкес мемлекеттік сатып алулар бойынша жауапты тұлғаларға бұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнаманың негізгі нормалары түсіндірілді. Жоғарыда аталған нұсқауға сәйкес бұзушылықтар анықталған жағдайда жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Сонымен қатар ШҚО ТЖД және ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ мемлекеттік сатып алулар бойынша бөлімдерінің бастықтарына келісім-шарттарды дер кезінде жасауды қамтамасыз ету, келісім-шарт міндеттемелерін орындауды есепке алуға ерекше назар аудару және жеткізушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары ретінде тану туралы сотқа талап арыз жіберу үшін Құқықтық қамтамасыз ету бөліміне дер кезінде жүгіну тапсырылды.

«ӨС ж АҚЖҚ» ММ Кәсіби даярлық мектебінде бөлімшелердегі жауынгерлік дайындық деңгейін анықтау үшін жаңадан келген қызметкерлер электрондық тестілеу тәсілімен кіру бақылауынан өтеді. Оқушылардың барлық санаттарына арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық тестілеу бағдарламалары жасалған. Сонымен қатар Мектеп тыңдаушыларына арналған 20 оқыту плакаттары дайындалды. Жүйелі түрде электрондық кітапхана базалары кеңейтілуде.

Радио алмасуды жүргізу нұсқаулығы мен Зырян, Риддер, Семей, Өскемен қалалары әкімдерінің кезекші қызметтерінің кезекші операторларының нұсқаулықтары әзірленді.

Кадрлармен жұмыс, адам ресурстарын басқару, оқыту, біліктілік көтеру

Бүгінгі таңда ШҚО ТЖ департаментінде қызметкерлердің штаттық саны 297 адамды құрайды, оның ішінде 128 әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымы, 26 әскери лауазым және 143 Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымы. Қазіргі уақытта Департаментте әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің 17 бос орны, Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің 1 бос орны бар.

2013 жылдың басынан бастап:

- Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің лауазымына 19 адам, оның ішінде ауыстырумен - 11, жаңадан қабылданғандар - 8 адам;

- әскери қызмет лауазымына 2 адам қайта аттестаттау тәртібімен қабылданды.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨС ж АҚЖҚ» ММ штаттық құрам саны 2143, оның ішінде орта және аға басшы құрамнан - 474, кіші басшы құрамнан - 1595, азаматтық қызметшілер -74. Жинақталмау 13 бос орынды, оның ішінде 6- аға және орта басшы құрамын, 1 кіші басшы құрамын және 6 азаматтық қызметшілерді құрайды. 2013 жылдың басынан 84 адам: оның ішінде 17-і ауыстыру арқылы, 67 адам жаңадан қабылданды.

СҚҚ жалпы штаттық саны 106 адам, жинақталуы 105 адамды (99,1%) құрайды, 1 бос орын бар.

ШҚО ТЖД және ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлерінің аттестациялары кесте бойынша өткізіледі. 2013 жылы әкімшілік мемлекеттік қызметтен 45 қызметкер кесте бойынша аттестациядан өтуге жатты. 21 қызметкер аттестациядан өтіп, аттестация комиссиясының оңды қорытындысын алды.

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ барлық қызметкерлері 2013 жылғы 5 наурызға дейінгі мерзімде жеке қосымша құн салығы бойынша кірістері туралы декларацияны тапсырды.

ШҚО ТЖД 2011 жылғы 18 мамырдағы № 86 бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2011-2015 жылдарға арналаған салалық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша ШҚО ТЖД 2011-2015 жылдарға арналған шаралар жоспары бекітілді. Осы Жоспарға сәйкес психологиялық қызмет ШҚО ТЖД 2009 жылғы 03 қарашадағы № 205 бұйрықпен бекіткен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылыққа жол беру мүмкіндігі бар ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің лауазымдарының тізімдеріне сәйкес қызметкерлерді анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Кадр қызметінің, облыс бөлімшелерінің үгіттеу жұмыстары нәтижесінде 2013 жылғы 12 маусымдағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ КТИ түсу үшін мектептердің 62 түлегі ниет білдірді. АӘДК нәтижелері бойынша 26 үміткер жарамды болды, БҰТ нәтижелері бойынша 8 үміткер өту балын жинады. АӘДК өткен және өту балын жинаған үміткерлердің 15 жеке істері Қазақстан Республикасының ТЖМ КТИ жіберілді.

Ағымдағы жылдың есептілік кезеңінде Департамент және ШҚО ТЖД «ӨС ж АҚЖҚ» ММ бойынша Республикалық орталылықта біліктілікті арттыру курсынан 6 қызметкер, Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институты біліктілікті арттыру факультетінде 6 қызметкер оқудан өтті. Белорусь Республикасының ТЖМ Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтында 5 қызметкер оқыды. Өткен кезеңде қайта даярлау және біліктілікті көтерудің өңірлік орталығына 16 қызметкер жолданды, Қазақстан Республикасы ТЖМ «Өнеркәсіп қауіпсіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» АҚ Шығыс филиалында оқығандар жоқ.

ШҚО ТЖД-ның 1 қызметкері Ресей ТЖМ ӨҚМҚ Санкт-Петербург университетінің сырттай бөлімін тамандады, ал 1 қызметкер Ресей Федерациясының ТЖМ Мәскеу қаласындағы Азаматтық қорғаныс академиясында оқиды.

ҚР ТЖМ 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 209 бұйрығымен бекітілген, ҚР ТЖМ орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері, ведомствалары, аумақтық органдары мен ведомстваға қарасты ұйымдарының жоғарғы және басшы лауазымдарына жоғарылау үшін кадрлар резервтерінің жұмыстарын үйлестіру мен ұйымдастыру ережелеріне сәйкес, 2012 жыл қорытындысы бойынша Департаментте жоғарлауға басшы кадрлары резервіне 44 қызметкер енгізілді. ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жоғарылатуға арналған резервте 104 қызметкер тұр.

Қажетті кәсіби шеберлікті, дене-күш дайындығын және моральдық - жігерлік қасиетті қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында спорттық іс-шараларды өткізуге көп көңіл бөлінеді.

Бұқаралық мәдени-спорттық іс-шараларының жылдық жоспарына және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық және халықаралық негізгі жарыстарына сәйкес Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы ТЖМ ҚР ТЖМ 5-қысқы спартакиадасы ұйымдастырылып өткізілді, онда ШҚО ТЖД құрамасы 1 орын иеленді. 2013 жылғы 13-15 наурыз аралығында ҚР ТЖМ Петропавловск қаласында ҚР ТЖМ 5-ші қысқы спартакиаданың шешуші жарыстарында өтті, онда ШҚО ТЖД құрама тобы 1 жалпы орын алды.

Өскемен қаласында 2013 жылдың маусымның 1-14 маусым аралығында ҚР ТЖМ бесінші жазғы спартакиядасы өтті, онда ШҚО ТЖД құрама қомандасы 2 жалпы командалық орынды иеленді. Өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ТЖМ чемпионатында ШҚО ТЖД споршылары 2 орын алды.

Жеке құрамның моральдық - этикалық және адамгершілік тәрбиелеу бағдарламасын жүзеге асыру үшін қоғамдық жұмыстардың өткізілуіне ерекше көңіл аудару қажет.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде белгілі жұмыстар үнемі өткізіліп, жетілдіріліп отырады. ШҚО ТЖД ардагерлер Кеңесі белсенді жұмыс істейді. Ардагерлер ұйымының қатарында 569 ардагер бар, олардың 7-еуі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 63 тыл жұмысшылары. Ардагерлер Кеңесі өздерінің күнделікті жұмыстарын кадрлық жұмыс бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен бірлесе атқарады. Ардагерлер барлық мерекелік іс-шараларға шақырылады, бөлімшелердің жеке құрамына ардагерлермен кездесулер өткізіледі.

Департамент бастығының бұйрығымен ШҚО ТЖД жанында қоғамдық Кеңес құрылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет