Ќазаќстан республикасы


,25-дәріс. Спорттық аяқ киімдерге гигиеналық талаптар



бет26/45
Дата03.01.2022
өлшемі0.89 Mb.
#450771
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45
Киім және аяқ киім гигиенасы лекция

24,25-дәріс. Спорттық аяқ киімдерге гигиеналық талаптар
Спорт аяқ киімдері, спорттың әртүрімен шұғылда нуға қажетті аяқкиім. Спорттық аяқкиімді дайындайтын маталар барлық негізгі практикалық және гигиеналық төмендегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: жылуды сыртқа аз шығарады, қуысы мен ылғал тартқыштығы жеткілікті, терді буға айналдыруды қамтамасыз ететіндей және қажетті иілімділігі болуы керек.

Спорттық және резеңкеден жасалған аяқ киімнің ауа және бу өткізгіштігі төмен. Лакталған аяқ киім ауаны мүлде өткізбейді. Бұндай аяқ киім күнделікті киюге жарамсыз болып табылады және шектеп қана киюді қажет етеді.



Гимнастикалық туфлилер;

  1. Жеңіл атлетикалық туфлилердің екі түрі;

  2. Боксшылар мен балуандар бәтеңкелері ;

  3. Футбол бәтеңкелері;

  4. Велосипедшілер туфлиі ;

  5. Мотоцикл жарыстары үшін етіктер;

  6. Мәнерлеп сырғанау үшін бәтеңкелер;

  7. Допты хоккей үшін бәтеңкелер;

  8. Шайбалы хоккейшілердің бәтеңкелері ;

  9. Саломшының аяқкиімі;

  10. Тұғырдан секіру үшін бәтеңкелерді ;

  11. Биік тауға шығатын альпинистердің бәтеңкелері;

  12. Баскетбол, волейбол және теннис ойнау үшін аяқ киім;[1]



Спорттық аяқкиім арнайы қалыптарда тігіледі, оның түрі жаттығу уақытында аяқтың басын тығыз қамтуды қамтамасыз етеді. Спорттық аяқкиім жоғары бетін дайындау бөліктердің мүмкіндігінше аз болуы қарастырады, мұның өзі тігістерді азайтады. Ақпен тікелей жанасатын беліктерде тегістелмеген тігістер, кедір-бұдырлар, бедерлер, бүрме-бүгелер болмауы керек. Спорттық аяқкиім баулар, резеңке немесе т.б. көмегімен аяққа тығыз бекітіледі. Спорттық аяқкиімнің тірегіштері мен беліктері - ірілері, ішкі диаметрі 4 мм-ден жоғары; баулар - әдеттегі аяқкиімге қарағанда қалыптың формасын іріктей алумен қол жеткізілетін, едәуір ұзын және берік болады.Спорттық аяқкиім үстінің иілгіштілігімен, аяқкиімнің кейбір түрлерінде ұзартылған ұшы мен қатты сірінің арқасында жоғары қалпын сақтаумен өзгешелөнеді. Табандағы бұдырлар былғарыдан, металдан және пластмассадан жасалуы мүмкін. Олар футболшыларды көгал бетінде, әсіресе дымқыл және жауынды ауа райы жағдайында сырғанап кетуден сақтайды, альпинистерге мұзды және қарлы құлама беткейлермен жүруге, өрмелеуге, ал жеңіл атлеттілерге - арнайы жолдарда жүгіруге және т.с.с. мүмкіндік береді. Аяқты сақтау үшін спорт аяқкиім көптеген құрылымдарында теріден, металдан немесе жұмсақ резеңкеден дайындалған арнайы амортизаторлар (супинаторлар) қарастырылған. Спорттық аяқ- киімнің өзге де спорттық керек- жарақтармен: конькимен, шаңғымен және шаңғы бекіткіштермен және т.б. үйлестіре пайдаланса оның құрылымы табан ізінің тиісті сырт пішімі сақталуын қарастырды. Практикалық және гигиеналық түрғыдан алғанда спорт аяқкиімді күнбе-күн пайдалануға да болмайды. Спорт аяқкиімге тиісті күтім керек. Әр жаттығу мен жарыстан кейін оны шаңынан, лас заттардан тазартып, құрғату қажет (ауа райына қарамастан). Шаңғы және альпинистің аяқкиімі құрғатқаннан кейін арнайы матамен сүртіледі, майланады. Пайдалануға берілетін аяқкиімдер (шаңғы, конькидің) құрғақ және жақсы желдетілген белмедегі сөрелерде сақталады. Қазіргі уақытта спорт аяқкиімнің темендегідей түрлері кебірек таралған:

Жазғы аяқ киімдердің гигиенасы

Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.

Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.

Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.

Аяқ киімдердің пішіні

Аяқ киімнің пішімі аяқтың анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Аяқ киім жіңішке және тара болмауы керек, бұл аяқ киімнің өлшемін дұрыс таңдауымен қамтамасыз етіледі. Ол аяқ ұшынан сәл үлкен болуы керек, себебі жүрген кезде, әсіресе, ыстық уақытта, аяқтың жалпаюы және аяқ тамырларында қанның толуы нәтижесінде, аяқтың көлемі мен ұзындығы үлкейеді. Тар аяқ киім аяқты қысады, қан және лимфа айналымдарын бұзады, бақайларының қисаюына, тіпті аяқ сүйектерінің деформациялауына, аяқта сүйел пайда болуына, қажалуына, тырнақтардың жұмсақ тінінің ішіне кіре өсуіне әкеп соғады. Жылдың салқын мезгілдерінде қан айналымының бұзылуы аяқтың тоңуына әкеледі. Аяқ киімнің өкшесі биіктігіне байланысты, екі жақты рөл атқарады

Биіктігі 2-3 см, жуан өкше табанды жерден жарақаттануынан қорғайды, аяқтың рессорлық қызметін жоғарылатады, аяқ сүйектеріне механикалық жүктемені тең беріп, нәтижесінде бұлшық еттердің шаршауын азайтады. Аса биік өкше, әсіресе, бізөкше түрі, ауырлық нүктесін алға қарай ығыстырып, жүрісінің беріктігін бұзады, барлық жүктемені аяқтың алдыңғы бөлігіне түсіреді, нәтижесінде аяқ ұшы байламдарының және сирақ бұлшық еттерінің зорлануы күшейеді, аяқ ұшы жалпаяды, бақайларының пішіні өзгереді.

Балалардың аяқ киімдерін үлгісін жасау кезінде, аяқ киім тігілетін материалдан басқа, балалардың аяқ ұшы құрылысының ерекшеліктері және олардың сүйектену үрдістерінің аяқталмағандығыны ескеріледі. Балалар аяқ ұшына радиальды пішін тән, бұл кезде ең үлкен жалпақтығы бақайларының ұшында байқалады, ал үлкен адамдарда - 1-5 табан сүйектірінің тұсында болады. Сондықтан, балалар аяқ киімінің тұмсық бөлігі кеңдеу тігіледі. Балалар жасында аяқ сүйегі, негізінен, шеміршекті болатынын ескере отырып, оның иілгіштігіне, аяқ киімнің қалыңдығы мен салмағына көңіл бөлінеді. Себебі, кез келген механикалық әсерден, аяқ оңай деформацияға ұшырайды. Өкшенің биіктігі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін - 10 мм аспауы керек, мектеп жасындағылар 8-10 жастағылар үшін - 20 мм, 13-17 жастағы ұлдар үшін - 30 мм, осы жастағы қыздар үшін - 40 мм аспауы керек.

11 жасқа дейінгі балалардың аяқ киімнің міндетті түрде сірісі және ілгек, сырма, бау, белдікше түріндегі, сенімді бекіткіші болуы керек. Балаларға тігілетін аяқ киімнің үстіңгі бөлігі жылдың барлық мезгілдері үщін табиғи теріден болуы ұсынылады.



Аяқ киім жүру мен спорттық жаттығуларды жасауға кедергі келтірмейтіндей етіп, жұмсақ, мықты, жеңіл, ыңғайлы әрі бос болуы керек. Ыңғайсыз, тар аяқ киім қан айналымын қиындататынын естен шығармау керек.

Ғимаратта спорттық аяқ киімде жүруге болмайды, сонымен қатар кедаларды үнемі киіп жүру майтабандыққа әкеп соқтыратынын да үнемі есте ұстап жүрген жөн.

Жазғы аяқ киім үшін әр түрлі текстильді материалдарды пайдалануға болады. Балалар аяқ киімін дайындауда полимерлік материалдар немесе химиялық талшықтар қосылған табиғи материалдар қолданылуы мүмкін, бірақ, олардың қолданылуы санитарлық нормалар мен ережелермен регламенттеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет