3,4-дәріс. Киімнің жылу сақтау қасиетіне әсер ететін факторлар
Киім – дәуірдің, адамның жеке индивидуалдылығын көрсететін және қоршаған ортаның әсерлерінен қорғайтын адам денесінің жасанды жабындысы, материалдар қабаттар жүйесі. Киімнің құрастырылуы киім моделін құрастыруды дайындау, яғни бір бұйымның конфигурация бөліктерін келісімді орналас-тырып тұрғызу. Құрастыру-дың нәтижесі ретінде сызба-лар, суреттер, есептерді жат-қызуға болады. Адам қоғамы-ның дамуымен бірге киімнің түрлері және формасының өзгеруі болды. Ерлер мен әйелдердің, қыздардың және тұрмыстағы қыздардың киім-дері пайда болды, күнделікті, салтанатты, үйлену тойына жерлеу рәсіміне арналған және тағайындалуына байла-нысты оның да басқа түрлері шықты. Еңбектің бөлінуі әр түрлі кәсіби киімдерді шығаруға әкелді. Өнеркәсіп өндірісінің, ғылымның және техниканың дамуы ең алды-мен атқаратын функциясына байланысты ажыратылатын жаңа киім түрлерінің шығуына әсер етті. Киімнің алғашқы кезде денені жағымсыз климаттық және атмосфералық әсерден қорғау ретінде шыққан, бірақ түрлі тарихи және экономикалық жағдайлардың, ұлттық ерек-шеліктердің ықпалынан көптеген өзгерістерге ұшыра-ды. Қазіргі таңда ол көркем-өнердің сабағына айналды және оның кейінгі дамуы әр түрлі көркем стильдердің дамуымен бірге жүретін бол-ды. Осылайша, киім бұл климаттық және өндірістік ортаның жағымсыз әсерлері-нен қорғау мақсатында және утилитарлы емес, сонымен қатар эстетикалық функцияны да атқаратын адамның киетін бұйымдардың жиынтығы.
Үлбір, теріні - киім ретінде қолдану алғашқы материал болып есептелінеді. Өзінің жылусақтағыш қасиеттері, жоғары тозуға төзімділігіт және сыртқы келбетінің әдемілігіне қарап, табиғи үлбір қазіргі кезде түрлі әрлеулерге, өңдеуге және тігін бүйымдарын сәндеу үшін кең қолданылады.
Қазақстан Республикасының әлемде ең бай мамық-үлбірлі база- сы бар: елде 100 астам үлбірлі өндірісте өңделетін түбітті аңдар мен жануарлардың түрлері кездеседі. Аң өсірушілік, қаракөл шаруашылығы, қоян өсіру, бағалы түбітті аңдарды жерсіндіру және қоныстандыруға үлкен көңіл бөлінеді. Табиғи үлбір ерте кездерден ең жақсы жылусақтағыш материал болып есептеледі, бірақ жылусақтағыш іштік ретінде сирек қолданылады. Көптеген табиғи үлбірлер түрлері жоғары жылу сақтағыш қасиетімен қоса әдемі түр келбетімен де ерекшеленеді. Сондықтан, киімде көбінесе сырт мата ретінде қолданылады. Тек, табиғи үлбірдің кейбір түрлері, мысалы, қоян, үй қоянының терісі, күзеннің және кейбір басқа жануарлардың терісін жылуды өткізбейтін іштік немесе астарды дай- ындауда пайдаланылады.
Мақта
Тағайындалуына байланысты мақта матасы төрт түрге бөлінеді ол: киімдік, жиһаздық, медициналық және техникалық. Киімдік мақтаны төменгі сүрыптарынан және (ІУ-УІ сүрып), мақта мамығынан, мақта иіру және тоқымашылықтан шыққан қалдықтардан өңдейді.
Мақтаның жоғары сүрыптары (люкс, прима) қысқа талшықты мақтаның мамық қалдықтардың кішкене мөлшерінің қоспасынан дай- ындалады. «Тігін» мақтасы негізінен мамықтан, қалдықтардан, ескі талшықтардан және төменгі сүрып мақтаның кішкене мөлшерінен өңделеді. Түсі бойынша мақта маталы мақта ақ (люкс), дөрекі (прима) және меланжды (тігін) болып өңделеді.
Жылу шығармайтын іштікті жоғары серпімді және талшықтардың жақсы ілінуімен ерекшеленетін қысқа талшықты «түкті»мақтадан жасайды. «Түкті» маталар бүйымдарының жылу шығармайтын жақсы қасиеттері болады.
Трикотажды, тоқыма тігісті және тығызды күспе түрлерін бөледі. Трикотажды күспе желі тоқушы арқау жіпті трико өрімді рашель-машинасында шығады.
Трикотажды күспе бір жақты немесе екі жақты дөрекі немесе боялған түкті болып өңделеді. Күспенің сапасын бағалауда техникалық шартта көрсетілген қасиет көрсеткіштерінің нормаға сәйкестігін белгілейді және баллмен бағаланатын сыртқы түрінің ақауларын анықтайды. I сүрыпқа 15 балл, II сүрыпқа- 30 балл рүқсат етіледі.
Тоқыма-тігісті күспе тоқыма-тігісті машиналарда 25текс *2(№40/2) қалыңдықты мақта маталы иірімді белгілі қалыңдықты талшықты қабатты тігу жолымен алады. Күспе ені 135-150см, салмағы 1м2 -250- 400г, тігістер ара-қашықтығы 10мм болып шығарылады. Бүл күспенің стандартты ылғалдылығы 11% болады.
Тығыз енгізілген күспені жүннің қыл-қыбырынан, мақтаның төменгі сүрыптарынан және (10см-80 жіп) негіз және арқау бойынша аз тығыздықты штапель талшықтарынан, сиректілген мақта матасынан жартылай жүнді мақта тарамын қарау арқылы алады. Өндіріс бір жақты немесе екі жақты қақпалы күспені шығарады. Тігін өндірісінде көп қолданылатыны салмағы 1м2 300г болатын, қүрамындажүнталшығынын 30% қақпалы күспе. Мата қүрамында әлсіз бекітілгендіктен енгізбелі күспені қосымша дәкемен жауып тігеді.
Іштік маталар сырт киімдерде өңірге, алдыңғы бойға, жағаларға, жеңдерге және басқа киім бөлшектерін бүйымның (пальто, пиджак, жакет) пішінін жақсы сақтау үшін қолданылады. Іштік маталарды негізгі мата мен астар арасына салады. Бүл материалдар ылғалды жы- лумен өңдеуге жақсы пластикалы және форма бергенде түрақты болуы керек, сондықтан олар берік, аз созылатын, қатты және сырт матаның отыруымен сәйкес болады.
Классикалық іштік матаға коленкор, мақта матасы, зығыр және жартылай зығыр қатырғылар, желімді және аралас әдіспен дайындалған беймата материал: - флизелин, прокламелин, фильц, жартылай жүнді арқаулы немесе синтетикалық талшықтар қосылған қатырғы маталар, жағалық маталар түкті табиғи және жасан- ды маталар. Көбінесе іштік маталар ақ, қара, сүр және қою сары бола- ды, түсті түрлері көбінесе сирек кездеседі.
Іштік маталар желімді және желімсіз болып келеді. Желімді түрінде бір жағы арнайы жабынды жағылады, ол үтік әсерінен балқиды және матаны іштікке бекітеді. Желімсіз іштікті машина немесе қол тігісімен тігеді. Іштікті матаның қасиеттеріне қарай таңдайды. Үтікпен ыстық өңдеуге келмейтін маталарды тек қана желімсіз іштікпен бекітеді.
Трикотаждық іштік - трикотажды , матаны бекіту үшін қолданады. Іштік арқасында мата қалыңдайды және аз мыжылады, бірақ жүмсақ болып келеді. Трикотажды іштікті бүтін бөлшекке және олардың кейбір керек тұсына желімдеуге болады.
Арқау жібі қалың іштіктер - көлденең бағытта ғана созылады, серпімділігі жоғары болады және өзінің бастапқы қалпына қайта келеді. Мұндай іштікке бекітілген мата шынайы күлтеленеді. Матаны тұрақтандыру үшін іштікті негіз бойымен, жұмсақ, еркін қынамалық үшін – көлденең бағытта пішіледі. Арқау жібі қалың іштіктерді жіңішке және орташа тығыздықты маталарда қолдану керек. Мөлдір беймата іштік - ең жіңішке, нәзік, жіңішке маталар үшін арналған. Мұндай іштіктер түрлі-түсті, сонымен қатар дене түстес болып келеді, бұл іштікті оң бетінен білінбейтін болады.
Маталы іштік - жай маталар сияқты негіз және көлденең жіптерден тұратындықтан, оларды сырт матамен бірдей бағытта пішеді. Егер іштікті қиғаш пішсе, мата жұмсақ күлтеленеді.
Жайғақ - орташа тығызды және тығыз маталар үшін маталы желімді іштік-пиджак және пальтоға арналған стандартты материал болады. Жайғақ қатты, дөңес форманы жақсы сақтайды.
Созылмалы беймата іштіктер кез келген бағытта пішіледі. Олар түрлі тығыздықты, жұмсақ және қатты қырлы болады. Көлденең бағытта қатты созылатын желімді беймата іштіктер кездеседі. Созы- лып кететін қасиетті олар жабыстырылғаннан кейін сақтайды. Мұндай іштіктер арнайы трикотаж үшін арналған.
Жиекті беймата іштік - майда бөлшектердің жиектерін қатырмалау үшін - белдіктерде, қаттамада, өңіржиекті түймеліктерде және етек қиықтарды бүгуде қолданылады. Іштіктегі тесулерді тігістермен және матадағы бүгілулерде теңестіреді.
Қорытындылай келе киімдердің жылу сақтағыш қасиеттері ең алдымен оның қандай материалдан тігілгеніне тікелей байланысты. Киімдердің жылу сақтап тұру қасиеті адам денсаулығына тигізетін әсері мол, сол себепті жылу сақтағыштығы, киімге қойылатын ең негізгі талаптардың бірі. Сондықтан киімді таңдауда оның жылу сақтағыш қасиетіне баса назар аударған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |