5,6-дәріс. Киімнің адамның тіршілік қарекетін қамтамасыз ету ролі және адам физиологиясының кейбір мәселелері
Киім денені ауа – райының, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі.
Киімнің шығуы – адам еңбегінің ерекшеліктеріне қоғамдық өндіріспен мәдениеттің дамуы мен тығыз байланысты.
Киім адамның өмір сүруіне аса қажетті құралдарының бірі бола отырып, белгілі дәрежеде олардың жас айырмашылығы әлеуметтік жағдайы мен этникалық ортасы туралы мағлұмат беретін белгі. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғап өзінің практикалық қызметін атқарса адам денесіне сән беріп – этникалық қызметін атқарған. Адам баласы алғаш пайда болып, үңгірлер, жартас қуыстарын паналап жүрген кезден бастап табиғатпен жақсы үйлесімін тапқан. Сол кезде ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен дөрекі жамылғылар жамыла бастаған.
Адамзат палеолит – тас дәуірінде тігіссіз байланатын киімдерді пайдаланумен қатар сүйек ине, сүйек бізді қолданып, тері және тоқыма киім кешек жасап киіну мәдениеттің басқа да түрлерін қалыптастыра бастаған немесе түйірленетін болған.
Неолит дәуірінде өру, иіру және тоқу кәсібі дамып иықтан, мықыннан келетін киім түрлері пайда болған.
Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады.Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып, оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады.Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты , киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу- қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек.Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар.
Негізгі бөлім.
Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал терісінен илеп жүнен тоқып тігіп киетін болған киін бертін келе матаға жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер, жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың теміржолшылардың, спорттық деп және тағы басқа. Киім- утилитарлық және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім сөзімен мағыналас қолданылатын<<Костюм>> ұғымы кең мағынаны қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең бірінші қажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен қорғайды. Қазіргі заманғы барлық киімдер екі классқа бөлінедітұрмыстық және өндірістік.
Тұрмыстықтың өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, жеңіл киім, корсетті бұйымдар, бас киім.
Сырт киімге- пальто, жәкет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка жатқызылады.
Жеңіл киім- көйлек, жейде, болузка, қалат, белдемше тағы басқа.
Бас киімдерге- құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ, тақия, бөрік жатады.
Тұрмыстық киімдерді былайша ажыраттуға болады: жасына және жынысына қарай бөлінеді. Және ерлер мен әйелдер киімдері үш түрлі жас молшерін кіші, орта, аға топтар болып ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай жаздық ,қыстық маусымдық және мерзімде кис беретін киімдер болып та бөлінеді.Қазіргі заманғы жастардың талап-талғамын елеп-ескере отырып, сән жаңа стильге көшіп отыр.Сән ешқашан да ескіні мүлде жоққа шығармайды.Ол бүгінгі таңда көпшілік көңілінен шыққан үлгілерді пайдалана отырып оларды уақыт талабына сай талғаммен жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі болғандықтан оны осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі кезде жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады. Олардың көпшілігі сәннен алған біршама үлгілерді пайдаланады.
Адам бейнесінің өлшемдік сипатамасы
Киім конструкциясын кез-келген есеп әдісімен құру үшін ең алдымен ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек. Осы бастапқы деректердің бірінші және негізгі бөлігі болып өлшемдік белгілер табылады. Олар адам дене бітімін көлемі мен пішіміне қарай сипаттады, яғни оның өлшемдік сипаттамасын ұғындырады.
Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш тәсілі бар:
-бірінші тәсіл арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез-келген
нүктелер арасының арақашықтық проекциясын өлшейді:
-екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын өлшейді:
-үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді.
Анықталған нүктелер антропомериялық нүктелер деп аталады. Адамды өлшеу барысында 16 антропометриялық нүкте қолданылады.
Оларға қысқаша сипатама:
Бой –Б. Еденнен құлақүсті нүктесіне дейінгі аралық.
Жартылай мойын айналымы-ЖАм. Мойынның толық айналымын өлшейді. Өлшеу барысында мойын пішініне және орналасуы мен ерекшеліктеріне назар аударуы қажет: ұзын – қысқалығына алдымен артына иілуіне, жетінші мойын омыртқасы айналсын май басуына.
Кеуденің бірінші жартылай айналымы-ЖАк1. Бұл айналым толық айналымда өлшенеді.
Кеуденің екінші жартылай айналымы-ЖАк2. Арқаға сантиметірлік таспаны көлденеңнен қолтық асты ойындысының астымен өлшейді.
Кеуденің үшінші жартылай айналымы-ЖАк3. Бұл өлшемен кеуденің толық үшінші айналымын өлшейді.
Жартылай бел айналымы-ЖА бел. Белдің толық айналымын өлшейді.Өлшем өлшегенде өлшемнің жартысын алады.
Жартылай мықын айналымы-ЖА мық. Мықын айналымын толық өлшейді. Таспа тұлғаны айналдыра шығынқы нүктелерге:артынан-жамбасқа,алдынан қарынға жайғастырады. Өлшемнің жартысы жазылып алынады.
Кеуде ені-Ек. Әйеледрден кеуде бездерін тігінен қоса есептегендегі қолтық асты шұңқырларының алдыңғы бұрышын өлшейді.Жарты өлшем жазылып алынады.
Артқы бел сызығынан мойын негізделу нүктесіне дейінгі аралық-
Ұар.б.б. Артқы бел сызығынан мойын негізіндегі иықтық тігістің жоғарғы нүктесіне дейінгі аралықты омыртқаға параллель өлшейді.
Мойын нүктесінен алдыңғы бел сызығына дейінгі аралық- Ұал.б.б.Мойыннан кеуденің шығыңқы нүктесі арқылы өтетін белге дейінгі аралық.
Кеуде биіктігі –Бк. Мойынның негізгі нүктесінен кеуденің шығыңқы нүктесіне дейінгі аралық.
Арқа ені-Еар. Жауырын бойымен қолтық асты шұңқырларының артқы бұрыштары арасындағы арақашықтықты өлшейді. Өлшеудің жартысы алынып жазылады.
Бұйым ұзындығы-Ұбұй. Шартты қабылданған типтік талаптағы қалыптағы қалаған ұзындығына дейінгі арақашықтықты өлшейді.
Иық белдеу ені-Еи. Жобаланған иық тігісі негізгі нүкетесін негізгі мойын ақырғы нүктесіне дейін өлшейді.
Жең ұзындығы-Ұжең. Иық нүктесінен түсірілген жең ұзындығының арақашықтығы.
Иық айналымы –Аи. Айналымды иық осіне перпендикуляр өлшейді.
Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы.
Киімнің сыртқы пішінінен мынадый факторлар әсер етеді:
-матаның фактурасы, түр-түсі,әшекейлер,әрлеулер, көрінетін тігістер:
-адам ден бітімінің әр түрлі нүктелеріндегі киімнің қонымдылық дәрежесін көрсететін оның еркінділік дәрежесі:
-пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретіндегі құрылымы.
Киімнің сыртқы пішінінің сипаттамсы.Түрлі ассортименттегі киім конструкциясының негізгі түрлі пішіндерге ие.Киім пішіні құрастыру және сәндік деп бөлінеді.Көп жағдайда осы сызықтармен анықталады. Сондай-ақ сэлуэттік депте сипатталады.
Сэлуэттік сызықтар киімнің көлемдік пішіні мен оның сыртқы пішінімен кескінінің пропорциясын сипаттайды. Киімді модельдеуде әртүрлі жастағы, өлшемдік және толықтық жетекші сэлуэттер болып табылады.
Құрастыру сызықтары киім бетіндегі бөлек бөліктерге бөлінеді. Ең
көп кездесетіндері мынадай бөліктер.артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға тағыда басқа. Киімнің негізгі бөліктерінің тігістерін өзара қосады. Киімдегі әшекей құрастырушы деп те айтуға болады.
Сәндік сызықтарға әртүрлі әрлеу сызықтарын сондай-ақ бөлік шеттерінің контур сызықтарын жатқызады.
Киім пішімі деп киімнің конструктиптік құрлымының жалпы сипаттамасы түсіндіріледі.
Қосымшалар негізінде сыртқы иықты киімдерге және жеңіл киімдерге қосылатын қосымшалар болып бөлінеді. Сыртқы киімге қосылатын қосымша көп болады. Олар :
Пг -көкіректің жарты орамына берілетін қосымша4см.
Пт –белдің жарты орамына берілетін қосымша 1,5см.
Пб –бөксенің жарты орамына берілетін қосымша 1 см.
Пшгор –мойының жарты орамына беріледі 1см.
Пдтс –белге дейінгі берілетін қосымша 0,5см.
Пспр- қолтық ойындысына берілетін қосымша 2,5см.
Пшп-көкірек еніне берілетін қосымша 0,5см.
Пдтп-алдыңғы бойдың белге дейінгі үзындығы 0,5см.
Екі тігісті жең. Екі тігісті жең алдыңғы және артқы жеңнен тұрады.Ортаңғы тігіс немесе бүкпелі жеңде мұндай жағдайда жең болмайды.Бұл 2 тігісті жең сызба үлгісі реглан жеңге ұқсас пішімдегі формалар бұл жең түптері бедерлі тігіспен немесе көмкерілген толықтырылады.Бүл ұлгі пішіні реглан немесе қондырма жеңдер негізінде пішіледі.Тігілетін сырт киім костюм жең үсті тігісінде жарымалы болады.Осы жеңді тігістер кезінде жең үсті,жең асты деп екігк бөлінеді.Жең дайындаудан бұрын жең бауыр астына қарайтын машинаға тігіп арнайы жең үтіктеуге арналған жең формасыны келтірілген ағаш тақтайға саламыз.Жеңнің астарын жең аузына тігеміз.Бұл астарда үстіңгі және асиыңғы жеңге салынып пішіледі.Осылай пішілген жеңді , алдымен жең асты қосып содан кейін жең үсті тігісін қосып тігіп береміз.Жеңнің астарын аузына тігеміз.Осылай дайындалған жең үсті,жең асты тігісітерді беттестіріп,бормен белгілеп дәлме –дәл нтіп,жең ауыздарын тігеміз,егер бұл ек ім арасында бүкпесі бар киім болса жарманың түзу тігіспен тігеміз,жең асты күспеге салып тігеміз.
Жаға. Жағалар формасы жағынан әртүрлі болады. Оларды формасы
жағынан 5 түрге бөлуге болады:
1.Бұймның жоғарғы тұсына дейінгі түймеленетін жаға.
2. Лацканға дейінгі түймеленетін жаға(шәль және пиджак ).
3. Алдыңғы және артқы бойлықпен тұтас пішілген жаға.
4. Фантазиялық (бүрмеленген ).
5. Кесіндісі бар тік жағалар. Негізінде тік жаға түймелігі жоғары мойын ойындысына дейінгі жоғарлығы жатады. Тік жағаны құру үшін мына есепті пайдаланамыз. Тік жағаны сызу үшін, жаға ені және жаға ұзындығы алынады. Оларды мына әріптермен белгілейміз енін ОВ, ал ұзындығын ОА деп белгілейміз. Тік жаға негізінде булузка, пиджактарда, костюмдерде тігіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |