Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ТҰжырымдама заң жобасының атауы


Сыртқы биологиялық қауіп-қатерлер



бет3/12
Дата07.02.2024
өлшемі64.6 Kb.
#491011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
=F5 F8O 07

Сыртқы биологиялық қауіп-қатерлер Еуропа мен Азия арасындағы тарихи байланыстырушы, транзиттік буын болып табылатын Еуроазиялық континенттің орталығында орналасқан Қазақстан Республикасының географиялық жағдайының ерекшеліктерімен негізделген.
Қазақстан Республикасымен тұспа-тұс аумақтарда аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары бар елдермен созылған сыртқы шекара Қазақстанға келетін және шектес елдерден (Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы) транзитпен өтетін, халықаралық қоғамдық денсаулық сақтау үшін аса қауіпті және басқа да маңызы бар инфекциялар бойынша қолайсыз жүк-жолаушылар ағынының едәуір ұлғаюы – инфекциялық аурулардың әкелінуі мен таралуының нақты биологиялық қауіп-қатерін білдіреді.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясының іргелес аумақтарында обаның, трансмиссивті вирустық геморрагиялық қызбаның, күйдіргінің және т.б. табиғи ошақтары бар, жыл сайын құс және шошқа тұмауының өршуі, бруцеллез және күйдіргімен ауыру жағдайлары тіркеледі.
ҚХР-да Қазақстан Республикасымен шектес аумақтарда обаның, күйдіргінің, трансмиссивті вирустық геморрагиялық қызбаның табиғи ошақтары бар, тырысқақ жағдайлары тіркеледі. 2020 жылы халық арасында өліммен аяқталған обаның ішінара жағдайлары Ішкі Моңғолия аумағында тіркелді.
Көлік дәліздерінің қарқынды дамуы, логистикалық халықаралық және өңірлік орталықтардың салынуы республикаға Қазақстан халқының әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ өңірдің көлік дәлізімен байланысты шектес елдеріне (Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Түрікменстан) инфекциялардың ықтимал «транзиттік шығуы» үшін де жоғары жауапкершілік жүктейді.
Өзбекстан Республикасының іргелес аумақтарында тұрғындардың Қырым-Конго геморрагиялық қызбасымен, тырысқақпен және басқа да аса қауіпті инфекциялармен сырқаттану жағдайлары тіркеледі.
Қырғыз Республикасында обаның, күйдіргінің шектес табиғи ошақтары бар, онда жыл сайын сырқаттану жағдайлары тіркеледі.
Түрікменстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында ерекше биологиялық тәуекелдер бар, онда бұрын жарияланған мәліметтер бойынша обаның, күйдіргінің белсенді табиғи ошақтары бар, алайда шекара маңындағы өңірлерде сырқаттанушылық туралы ақпарат қазіргі уақытта қолжетімсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет