Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ТҰжырымдама заң жобасының атауы



бет1/12
Дата07.02.2024
өлшемі64.6 Kb.
#491011
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
=F5 F8O 07


Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
ТҰЖЫРЫМДАМА

1. Заң жобасының атауы.
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы»

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі.
2.1. Жалпы ережелер.
Қазақстан Республикасының Президенті елімізде және бүкіл әлемдегі коронавирустық инфекцияға байланысты күрделі жағдайды ескере отырып, биологиялық қауіпсіздік мәселелерін заңнамалық реттеу қажеттілігі туралы мәселені бірнеше рет көтерді:
2020 жылғы 27 мамырда Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің (ҰҚСК) 3-ші отырысында биоқауіпсіздікті ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде, елімізде және шекаралас мемлекеттерде басқа да аса қауіпті инфекциялардың тұрақты табиғи ошақтарының болуы жағдайында коронавирустың қайта өршуіне дайындық туралы атап өтті. Аса маңызды міндет – азаматтардың денсаулығын сақтау үшін алдын ала медициналық-санитариялық шаралар қабылдауға бірінші кезекте назар аудару.
Биологиялық қауіпсіздік жүйесі жалпы стандарттар бойынша жұмыс істеуге тиіс, ал қауіпті биологиялық жағдайдың дамуының ықтимал болжамды салдары елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін талап етеді, бұл «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» заңды әзірлеуді талап етеді.
2020 жылғы 16 қарашада коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте Президент биоқауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағыттары бойынша жұмысты жалғастыруды және Парламенттің ағымдағы сессиясының жұмысы аяқталғанға дейін биоқауіпсіздік жөніндегі заң жобасын депутаттардың қарауына енгізуді тапсырды.
Жаһандану және халық пен тауарлардың еркін трансшекаралық өткізілуіне байланысты инфекциялық аурулардың жаппай таралу қаупі жағдайында Ұлттық қауіпсіздік және биологиялық қауіп-қатерлерді басқару мәселелері аса маңызды мәнге ие болды.
Атап айтқанда, халықаралық бірлестіктер, одақтар мен келісімдер (БҰҰ, ДСҰ, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ және т.б.) шеңберіндегі интеграция еңбек көші-қоны және шет елдерден коммерциялық сапарлар үшін мемлекеттік шекараларды ашумен басқа, еліміздегі осы ұйымдардың түрлі халықаралық бағдарламаларының, платформалары мен кеңселерінің қызметін кеңейтуге алып келді.
Қытай Халық Республикасымен шекарадағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы, шетелдік мамандар мен инвесторлар тартылған Нұр-Сұлтандағы халықаралық қаржы орталығы, «Ақтау теңіз порты» АЭА-ны қоса алғанда, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар және т. б. сияқты оқшауланған аумақтар мен арнайы құқықтық режимі бар аймақтарды қалыптастыру мен дамыту осыған ұқсас ықпал етеді.
Биологиялық факторлардың теріс әсерін күшейтетін негізгі себептер:
- қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарындағы эпидемия мен эпизоотиялар, инфекциялық аурулардың, оның ішінде шет елдерден әкелінген эпидемияның жаппай өршуі;
- биологиялық агенттермен (патогендермен) жұмыс істейтін және сақтайтын объектілердің қорғалу деңгейінің жеткіліксіздігі;
- биологиялық агенттердің (патогендердің) оларды қолданудың қолжетімділігі мен қарапайымдылығына байланысты экстремистік және террористік мақсаттарда қолдану тәуекелдері.
Қазақстан Республикасы қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі жаһандық процестің белсенді жақтаушысы, Бактериологиялық және уытты қаруға тыйым салу туралы конвенцияның, 1925 жылғы тұншықтырғыш, улы немесе басқа газдар мен бактериологиялық құралдарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы Женева хаттамасының және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі міндеттемелерден, сондай-ақ Қазақстанның Австралиялық топ сияқты экспорттық бақылаудың басқару қағидаттары мен бақылау тізімдерін сақтау жөніндегі ерікті міндеттемесінен басқа Биоэтика және адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларацияны қоса алғанда, басқа да халықаралық актілердің жауапты қатысушысы болып табылады.
АЭХА және ТҚХҰ тұрақты инспекциялары жүргізіледі, жыл сайын БҚК шеңберінде ерікті есептер ұсынылады.
Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Өкінішке орай, Қазақстанда оба, туляремия, бруцеллез және т.б. сияқты адамдар мен жануарлар үшін қауіпті инфекциялардың бірқатар табиғи ошақтары бар.
Бұл ҚР халқының денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша өндірістік-зерттеу инфрақұрылымын дамытудың аса маңыздылығын негіздейді және осындай инфрақұрылым объектілері олардың айналымындағы биологиялық агенттердің (яғни барлық микроорганизмдердің, оның ішінде патогенді, сондай-ақ кез келген материалдар мен олардың құрамындағы объектілердің) таралып кету және таралу қаупінен барынша қорғалуы тиіс.
Биологиялық қауіпсіздіктің жеткіліксіз деңгейі қоғамдық денсаулық сақтау, экология, ветеринария, фитосанитария салаларында ТЖ туындау тәуекелдерімен тікелей ұштасады және әлеуметтік-экономикалық жағдайға елеулі залал келтіруі мүмкін.
Сондай-ақ, Қазақстан биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты бірқатар халықаралық міндеттемелерді қабылдады.
2007 жылғы 7 мамырдағы Заңмен ратификацияланған Бактериологиялық (биологиялық) және уытты қаруларды әзірлеуге, өндіруге және олардың қорларын жинақтауға тыйым салу және оларды жою туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан бейбіт мақсаттарға арналмаған биологиялық агенттерді, оларды шығару немесе өндіру әдісі қандай болса да жинамауға және сақтамауға, сондай-ақ өз аумағының шегінде осындай агенттерді, жабдықтарды және жеткізу құралдарын әзірлеуге, өндіруге, жинақтауға, сатып алуға немесе сақтауға тыйым салу және оларды болдырмау, юрисдикция немесе бақылау бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндеттеме қабылдады.
Бүгінгі күні биологиялық агенттермен жұмыс істеуді тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, сонымен қатар бірқатар жеке ұйымдар жүзеге асырады, олардың қызметі біздің еліміздің осы халықаралық міндеттемелерін толыққанды жүзеге асыру үшін бақыланатын және есеп беретін болуы керек.
Еліміздің географиялық орналасуын ескере отырып, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және орнықты пайдалануға қолайсыз әсер етуге қабілетті биотехнологиялардың көмегімен өзгертілген организмдердің қауіпсіз трансшекаралық орын ауыстыруы мәселелерінің де маңызы зор.
Осыған байланысты Қазақстан Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасын 2008 жылғы 17 маусымдағы Заңмен ратификациялады, осы халықаралық келісімге қатысушыларға тірі өзгертілген организмдердің импортына қолданылатын ұлттық заңдардың, нормативтік ережелердің және басшылық қағидаттардың көшірмелерін беру, табиғат қорғау және заң ақпараттарымен алмасуға жәрдемдесу міндеттемесін қабылдады.
Қазақстан ТМД-ның басқа да қатысушыларымен бірге биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы үйлестіру және біріздендіру жөнінде міндеттемелер қабылдады, бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 2010 жылғы 28 қазандағы № 35-11 қаулысымен бекітілген. Осы актіге сәйкес биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздеріне мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және қауіпті объектілер әкімшіліктерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігін заңнамалық айқындау, сондай-ақ олардың өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту енгізілуі тиіс.
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық түрлерін ұлттық тіркеушіге тиісінше хабарлай отырып, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға міндетті уәкілетті адамдар ғана жүзеге асыруға тиіс. Мемлекеттік реттеу мемлекет аумағында да, одан тыс жерлерде де патогенді биологиялық агенттердің ұрлануына және заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау жөнінде шаралар қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
Сондай-ақ, нақты ұйымдастырушылық шешімдер ТМД-ның Үкіметтері басшылары кеңесінің шеңберінде 2015 жылғы 29 мамырда қабылданды және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайын бақылау мен бағалаудың бірлескен жүйесін 2020 жылға дейін дамытудың негізгі бағыттарында көрсетілген. Осындай бағыттардың бірі, атап айтқанда, ТМД - ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау мен бағалау саласындағы өзара іс-қимылын регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу (нақтылау) болып табылады.
Қазақстан Республикасында өзінің халықаралық міндеттемелерін орындау үшін қауіпті биологиялық материалдарды есепке алуды, бақылауды, физикалық қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ мұндай материалдар мен технологияларға рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмайтын шаралар кешенін іске асыру заңнамалық түрде көзделген. Сондай-ақ, «қосарланған» мақсаттағы биологиялық материалдарға, жабдықтар мен технологияларға экспорттық бақылау орнатылды және олармен сыртқы сауда қызметін бұзғаны және жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Осы мақсатта ҚР-да тіркеуге және қайта тіркеуге жататын дәрілік заттардың түрлері анықталды, Стандарттау қағидалары және Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілді.
Әр түрлі нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген жоғарыда аталған шараларға қарамастан, биологиялық қауіпсіздік туралы жеке заң қабылдау қажет. Қазақстан Республикасының биологиялық заңнамасын талдау мен жетілдіру саласында, ең алдымен, оны дамытуға, жүйелеуге, дамыған елдердің биологиялық заңнамасымен жақындастыруға және халықаралық стандарттарды енгізуге бағыт алу керек.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (күші жойылған) бактериологиялық ластанудың теріс әсер ету қаупін және биологиялық агенттердің экологиялық қауіпсіздік компоненттеріне айналуын қамтыды. Өз кезегінде экологиялық қауіпсіздік «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңның 4-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздік түрлерінің бірі болып табылады.
Осы Заңға сәйкес экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, эпидемия мен эпизоотия ұлттық қауіпсіздікке төнетін негізгі қауіп-қатерлердің бірі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың қоршаған орта мен ел тұрғындары үшін антропогендік факторлардың қауіптілік деңгейін төмендетуге, қоршаған орта мен Қазақстан халқы үшін теріс салдарларды жоюға, әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтауға және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге жан-жақты қатысуына, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан болатын қауіп-қатерді азайтуға және олардың салдарларын жеңілдетуге бағытталған шешімдерімен және іс-әрекеттерімен қамтамасыз етіледі.
Осы тұрғыда заң жобасын әзірлеу кезінде негізгі мәселелердің бірі ұлттық қауіпсіздік туралы заңнаманың уәкілетті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдарға ел аумағының бактериологиялық залалдануын болдырмау жөніндегі міндеттер жүктейтін ережелерін орындау, басқару органдары мен күштерді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға міндетті түрде дайындық, табиғи және техногендік сипаттағы болжанатын және туындаған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу және жою жөнінде қабылданған шаралар туралы халыққа және ұйымдарға ақпарат беру мақсатында қоғамдық қатынастарды регламенттеу мәселелері болады.
Қарқынды жаһандану жағдайында және өмір туралы ғылым, әсіресе молекулалық биология және медицина, вирусология, микробиология, биотехнология және гендік инженерия саласындағы соңғы жетістіктер жағдайында биологиялық қауіпсіздік талаптарын барынша қамтамасыз ету және биологиялық тәуекелдерді басқару мәселелері өзекті бола түсуде. Қазіргі кезеңде биологиялық факторлардың теріс әсерін күшейтетін негізгі себептер:
- қауіпті инфекциялардың және аса қауіпті инфекциялардың (АҚИ) табиғи ошақтарында аурулардың, эпидемия мен эпизоотиялардың жаппай өршуі;
- физикалық қорғаудың қажетті деңгейі болмаған кезде қауіпті инфекциялар қоздырғыштарымен жұмыс жүргізетін объектілердегі авариялар мен диверсиялар;
- биотерроризм.
Республикада биологиялық қауіпсіздік пен оны қамтамасыз етудің жалпы ұғымының тұжырымдамалық негізі жоқ. Биологиялық қауіпсіздік кең мағынада, денсаулық сақтау, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық, экологиялық, ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік, азаматтық қорғаныс және ғылым салаларын қамтиды.
Биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы төтенше жағдай елдің әлеуметтік-экономикалық және геосаяси қызметіне ұлттық және халықаралық қауіпсіздік қауіп-қатерімен салыстырылатын жоғары теріс ықпалмен сипатталады.
Биологиялық қауіпсіздіктің әзірленген тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасының аумағында нормативтік-құқықтық бекітуді және әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет