Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарының келу ережесі туралы жадынама



Дата16.06.2016
өлшемі24.27 Kb.
Қазақстан Республикасына уақытша келген шетел азаматтарының келу ережесі туралы жадынама

 

1.шетел азаматтарының төлқұжаты уақытша немесе тұрақты тұратын жері бойынша бес күнтізбелік күн ішінде келген жерінің ішкі істер органдарына тіркелуге жатады (егер тіркеу мерзімінің аяқталған уақыты жұмыс емес күнге(демалыс, мейрам) келсе, бұндай тіркеу мерзімінің соңғы күні содан кейінгі келесі бірінші жұмыс күні болып есептеледі).   



 

2.оларды ұзартуға жатпайтыны анықталған жағдайда келуіне рұқсат берілген мерзім ішінде шықпағандарға  әкімшілік ықпал жасау шаралары қолданылады.

3.Қазақстан Республикасының визасы шетел азаматтарының құжаттарын тіркеуге негіз болып саналады, ал Қазақстан Республикасында  келу және кіруі визасыз тәртібі бойынша келісім жасалған мемлекеттен келген шетел азаматтары немесе қабылдайтын жеке, заңды тұлғалардан өтініш алынады.

4.тіркеу мерзімі виза мерзімінің іс-әрекетінен аспай ресімделінеді, ал Қазақстан Республикасы визасыз тәртіп бойынша келісім жасалған мемлекеттен келген шетел азаматтарының келу мен кіруі төлқұжатының іс-әрекет мерзімінен аспайды.

5.Қазақстан Республикасына келуіне визаны ресімдеусіз шетелдік студенттердің (оқитын) төлқұжаттары бір оқу жылына тіркеледі.

6.шетел азаматы Қазақстан Республикасында уақытша тұратын жерін ауыстырған жағдайда ішкі істер органдарына  қабылдайтын жеке, заңды тұлғалар жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

7.Қазақстан Республикасына келген шетел азаматтарына рұқсат етілген мерзім және олардың төлқұжаттарының тіркеу іс-әрекеті виза іс-әрекет мерзімінің соңғы күнінде аяқталады, ал визасыз тәртіп бойынша келгендер үшін тіркеу іс-әрекет мерзімінің соңғы күнінде.

8.Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келгендерді 90 күннен асырмау. Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келген шетел азаматтарынын келуінің жалпы мерзімі 6 айдан аспауы қажет.

9.оқуға келгендер - жыл сайын оқу жылына.

10.емделуге келгендер - медициналық мекеменің басшысымен берілген медициналық қорытынды негізінде емделу кезеңінде;

11.жұмысқа келгендер - уәкілетті органдармен берілген рұқсат беру мерзімінің іс-әрекет кезеңінде.

12.іс-сапар мақсатында келгендер - бір жыл мерзімнен аспау;

13.тұрақты тұрғылықты тұруға қалдыру бойынша өтініш білдірген тұлғаларға - өтініш хатты қарау үшін қажетті кезеңде;

 

Турист ретінде келген шетел азаматтарының келу мерзімі ерекше жағдайда (төтенше оқиға кезінде, шетел азаматы немесе оның жақын туыстары ауыр сырқаттануына байланысты) расталған құжаттар негізінде қажет мерзімге ұзартылады..



 

Визасыз тәртіппен Қазақстан Республикасына келетін азаматтар мемлекеттерінің тізбесі:

1.Әзербайжан Республикасы

2.Армения Республикасы

3.Беларусь Республикасы

4.Грузия Республикасы - 90 күнге дейінгі мерзімде

5.Қырғызстан Республикасы

6.Молдава Республикасы

7.Монғолия - 90 күнге дейінгі мерзімде

8.Ресей Федерациясы

9.Тәжікстан Республикасы

10.Өзбекстан Республикасы



11.Турция Республикасы- бір айға дейінгі мерзімде

12.Украина - 90 күнге дейінгі мерзімде
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет