3.2. АӨК-нің басымды секторларын SWOT талдау
Ескерту. 3.2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.01 № 749 Қаулысымен.
Астықтың және оның терең қайта өңдеу өнімдерінің өндірісі және экспорты
2009 жылы астық дақылдары егілген аумақтар 6,3 %-ға ұлғайтылды, оның ішінде бидай - 9,5 %>ға.
Қазақстанда астық өндірісі мен тұтыну теңгерімі ішкі нарықтың өз өндірісімен 157 %-ға жуық қамтылғанын көрсетеді.
Қазақстанда ұн өндірісінде соңғы жылдар ішінде тұрақты оң серпін байқалады. Өткен бес жыл ішінде өндірістің орташа жылдық өсімінің көрсеткіші 9 %-ды құрады.
2009 жылы экспорттық жеткізулердің өсімі 2008 жылмен салыстырғанда 24 % құрады, ол Қазақстанға ұн экспорттың көлемдері бойынша әлемде бірінші орынға ие болуға мүмкіндік берді, бұл ретте, жалпы әлемдік ұн экспорындағы елдің үлесі 14 %-ды құрайды.
Күшті жақтары
|
Осал жақтары
|
- астық дақылдары өндірісінің төмен өзіндік құны;
- астық дақылдарын өндіруге қажетті жер ресурстарының жеткілікті болуы;
- жарақталған ұнтарту өнеркәсібі;
- құрғақ бидай желімтігін, крахмал, биоэтанол өндіруге арналған жеткілікті шикізаттың болуы.
|
инновациялық технологиялардың жеткіліксіз енгізілуі;
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің осал техникалық жарақталуы;
- агрохимиялық іс-шараларды жүргізудің
жеткіліксіз деңгейі;
- қазақстандық ұнның әлемдік брендтінің
болмауы;
- бидайдың қатты сортынан алынған ұннан макарон өнімдерін өндірудің аз көлемі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
- Оңтүстік-Батыс Азия елдері мен Қытай
бағытындағы экспорттық әлеуеттің ұлғайту
мүмкіндігі;
- астық дақылдар өндірісін әр тараптандыру мүмкіндігі;
- брендтік өнімдер («Сұлтан», «Корона»,
«Цесна», «Кэмми» және басқалар) өндірісінің
үдерісімен макарон өнімдер өндірісі бойынша кәсіпорындарының желісін кеңейту;
- астық дақылдарының терең қайта өңдеу
өнімдерінің шығарылатын ауқымын кеңейту;
- сыртқы нарықтарда ұн өнімдерге сұраныстың болуы;
- Орта Азия елдерінде астық пен ұнға деген
тұрақты сұраныс.
|
- ауыл шаруашылығы өндірісін қаржыландыру ерекшелігімен байланысты қауіп-қатерлер (табиғи-климаттық факторларға тәуелділігі);
- Ресей мен Украинаның ірі теңіз порттарынан алшықтығы, астық дақылдарының Ресей арқылы транзитінің жоғары тарифтері;
- ірі экспорттаушылар тарапынан сатылымдардың өсуі (Ресей, Украина);
- ауыл шаруашылығы өнімдердің ауыспалы
қорларының өсуі;
- қазақстан астығы мен ұнын негізі импорттаушылар болып табылатын Орта Азия елдерінде ұн өнеркәсібінің даму үдерісінің болуы;
- сатып алушылар талаптарының өсуі, сапа
стандарттарының күшейтілуі.
|
2014 жылы астық өндірісін әр тараптандыруға бағытталған шараларды іске асыру нәтижесінде астық дақылдарының алаңы 16,7 млн. га құрайды, оның ішінде бидай - 13,4 млн. тонна, бұл ретте, қатты бидай егілетін алаңдарды 3 есе ұлғайту болжанады. 13,1 ц/га орташа өнімділік кезінде бидайдың жалпы жиналымы 7,7 млн. тоннаны құрайды, бұл әлемдік экспорттық нарықта көшбасшылық ұстанымды сақтап қалуға және астық баламасында астық пен ұн экспортының көлемін 12 млн. тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2014 жылға дейін қазақстандық ұн экспортының жалпы мөлшері:
оңтүстік бағытта 2500 мың тонна деңгейінде;
батыс бағытта 45 мың тонна деңгейінде;
солтүстік және шығыс бағытта 10 мың тонна деңгейінде күтілуде.
Майлы дақылдардың өндірісі және қайта өңделуі
2009 жылы Қазақстан Республикасында майлы дақылдарының жалпы жиналымы 703,6 мың тоннаны құрады, олардың 92,9 %-ы 4 дақылға келеді: күнбағыс (52,3 %), рапс (15,2 %), соя (13,4 %), сафлор (12,0 %). 2009 жылы майлы дақылдарының егістік көлемдері 1186,1 мың гектарды құрады, олардың 95 %-ы аталған дақылдарға арналды және сәйкесінше 723,0 мың гектар, 194,8 мың гектар, 53,0 мың гектар, 152,1 мың гектарды құрады.
Майлы дақылдардың жалпы егістік көлемін 2009 жылғы 1186,1 мың гектардан 2014 жылы 1700 мың гектарға дейін өсіру жоспарланып отыр. Бұл ретте, шартты түрде барлық аталған дақылдардың егістік көлемдерін ұлғайту жоспарланды.
Күшті жақтары
|
Осал жақтары
|
- өндірістік әлеуеттің болуы;
- майлы дақылдарды
- өсіру үшін қолайлыклиматтық жағдай;
- майлы дақылдарды қайта өңдеудің өнімдерінің өндірісіне арналған нарықтың барынша сыйымдылығы;
- сату нарықтарына қатысты тиімді географиялық жағдай;
|
- жеткіліксіз дамыған техникалық жарақталған асыл элиталық тұқымды шаруашылықтар желісі;
- ауыл шаруашылығы техникаларының жоғары дәрежеде тозғандығы және арнайы техникамен жеткіліксіз жарақтандырылуы;
- шағын АШТӨ көп болуы;
- салаға инвестицияларды тартылудың темен
деңгейі;
- АШТӨ-нің агротехнологияларды сақтауының төмен деңгейі;
- суармалы жерлердің шектелуі (соя өсірудің
көлемдерін барынша ұлғайту үшін);
- ауыл шаруашылығы саласында білікті
кадрлардың жетіспеушілігі;
- майлы дақылдары сақтау бойынша дамыған
инфрақұрылымның болмауы;
- АШТӨ-де айналым қаражаттардың жетіспеушілігі;
- отандық шикізаттың қажетті түр-түрде
және сапада жеткіліксіз өндірілуі;
- қайта өңдеу кәсіпорындарының аз жұмыс бастылығы.
|
Мүмкіндіктері
|
Қауіп-қатерлер
|
- өсімдік майын өндіруге арналған шикізатпен қайта өңдеу кәсіпорындарын қамтамасыз ету;
- жаңа агротехнологияларды енгізу, бар ҒЗИ
дамыту;
- сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндігі және
экспорттық әлеуетті ұлғайту;
- осы салада жоғары білікті кадрлық
персонал даярлау.
|
- Кеден Одағы елдері тарапынан импорт
үлесінің өсуі;
- елдің өсімдік майының импортына тәуелділігінің артуы, елдік азық-түлік қауіпсіздігінің төмендеуі;
- экономикалық және қаржы дағдарысы
салаға қажетті инвестицияларды тарту
қиындатады.
|
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет майлы дақылдар өндірісін ұлғайту бойынша шараларды қолданады. Бұл ретте, негізгі өсірілетін дақыл болып күнбағыс қалады, оның үлестік салмағы майлы дақылдармен егілген барлық көлемдерінен 61,0 %-ын құрайды, және оның өндірісін 2009 жылғы 367 мың тоннадан 2014 жылы 552,0 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, рапстың өндірісін 2009 жылғы 107,2 мың тоннадан 2014 жылы 220,0 мың тоннаға, сояның 2009 жылғы 94,3 мың тоннадан 2014 жылы 141,0 мың тоннаға, сафлордың 2009 жылғы 84,1 мың тоннадан 2014 жылы 132,0 мың тоннаға өсіру жоспарланып отыр.
Майлы дақылдарды өндіру көлемінің өсуін есепке ала отырып майлы тұқымдарды қайта өңдеу көлемінің және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының өсімдік майының өндіріс көлемінің 2009 жылғы 206,7 мың тоннадан 2014 жылы 333 мың тоннаға дейін өсуі болжанады.
Жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісі және қайта өңдеуі
2009 жылы көкөніс бақша дақылдарының егіс алаңдары 163,0 мың гектарды құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға немесе 3,4 %-ға төмен. Көкөніс бақша дақылдарының жалпы жиналымы 3309,6 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 159,9 мың тоннаға немесе 5,1 %-ға көп. Бұл ретте, жеке шаруашылықтар 1536,4 мың тонна немесе 46,4 %, шаруа қожалықтары 1586,1 мың тонна немесе 47,9 % және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 187,0 мың тонна немесе 5,7 % көкөніс бақша дақылдарын өндірді.
Көкөністер мен бақша дақылдар өндірісінде ең үлкен үлестік салмағына келесілер ие: қызанақ - 580,9 мың тонна (17,6 %); сарымсақ - 388,2 мың тонна (11,7 %); қырыққабат - 376,3 мың тонна (11,4 %); сәбіз - 321,5 мың тонна (9,7 %); қияр - 270,3 мың тонна (8,2 %); бақша дақылдары - 852,3 мың тонна (25,7 %).
Осылайша, республикадағы көкөніс бақша дақылдарының өндіріс көлемі тұтынудың ұлттық нормаларына сәйкес халықтың қажеттілігінен 2,1 есе артық.
Бірақ, Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларына байланысты елаумағының үлкен бөлігінде көкөніс өндірісі және сатылуы маусымдық сипатқа ие. Осыған байланысты, халықты ерте пісетін көкөністермен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жабық топырақтағы көкөніс дақылдарының жалпы жиналымы 16 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 13,4 мың тоннаға немесе 6 есеге артық. Өндірістің аталған көлемі халықтың ерте пісетін көкөніске қажеттілігін 18,3 %-ға ғана қанағаттандырады.
2009 жылы картоп егіснің алаңы 170,3 мың гектарды құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 6,6 мың гектарға немесе 4 %-ға артық. Картоптың жалпы жиналымы 2755,6 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 401,2 мың тоннаға немесе 17 %-ға артық. Осылайша республикадағы картоптың өндіріс көлемі тұтынудың ұлттық нормаларына сәйкес халықтың қажеттілігінен 2,5 есе артық.
2009 жылы жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің егіс алаңы 49,2 мың гектарды құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 0,9 мың гектарға немесе 1,9 %-ға артық. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің жалпы жиналымы 234,3 мың тонна, 2008 жылмен салыстырғанда 58,3 мың тоннаға немесе 33,1 %-ға артық. Осылайша, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
өндіріс көлемі елдің жемістер мен жүзімге деген ішкі қажеттілігін 50 %-ға қамтамасыз етеді.
Күшті жақтары
|
Осал жақтары
|
- өндірістік әлеуеттің болуы;
- тиімді географиялық орналасуы
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі нарықтарына жақындығы (Ресей, Қытай, Орталық Азия елдері);
- көкөніс өнімдері бойынша қамтылудың өздік жеткіліктігі;
- маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдеріне
деген үлкен ішкі сұраныстың болуы.
|
- ел халқының тығыз орналаспауы өндірушіден тұтынушыға өнімдердің материалдық-техникалық ресурстарын жеткізуге анағұрлым шығындарды қажет етеді;
- теңізге шығар жолдың жоқтығы сыртқы
нарықтарға қол жетімділікке елеулі кедергі туғызады;
- ауыл шаруашылығы секторына қаржылық
қызметтерді көрсету жөнінде ұсыныстардың аз болуы;
- ауыл шаруашылығы өндірісі инфрақұрылымының дамымағандығы;
- өндірістің ұсақ тауарлығы;
- агротехнологиялардың артта қалушылығы,
өндірістің негізгі құралдарының физикалық
және моральдық тозуы;
- пайдаланылатын тұқымдарының генетикалық әлеуетінің төмен деңгейі;
- көкөніс және бақша дақылдарының отандық селекциясы мен тұқым шаруашылығының жеткіліксіз дамуы;
- фитосанитариялық қауіпсіздік деңгейінің халықаралық нормалар мен стандарттарына сәйкес келмейтіндігі.
|
Мүмкіндіктері
|
Қауіп-қатерлер
|
- жеміс-көкөніс өндірісінің және қайта
өңдеудің тұрақты дамуы;
- жаңа технологияларды пайдаланумен жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін ұлғайту;
- Кеден Одағына кіру нарықты кеңейту
есебінен жаңа мүмкіндіктердің пайда
болуына әкеледі;
- сервистік-даярлау пункттері мен ауылдық
тұтынушы кооперативтер желісін дамыту;
- АӨК қажеттілігі үшін жоғарғы білікті
кадрларды даярлау.
|
- елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнуі;
- импорт үлесінің өсуі;
- ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген ішкі
республикалық бағалардың өсуі;
- экономикалық және қаржы дағдарыс салаға
қажетті инвестицияларды тартуды тындатады;
- Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен Кеден Одағына мүше елдертарапынан бәсекелестік
|
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импортты алмастыру мақсатында мемлекет тарапынан көкөніс шаруашылығы, жеміс және жүзім шаруашылықтары салаларын одан әрі дамыту бойынша нақты шаралар қабылдануда.
Қазақстан Республикасы, Беларусия Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында Кеден Одағын құру бойынша атқарылған жұмыстар шеңберінде көшпелі мерзімнің ішінде жылыжай констуркциялары мен жылыжайлар жабдықтарына қолданыстағы тарифтерді қолдану туралы келісімге қол жеткізілді, ол тарифтер Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленеді: 2010 жылдан 2012 жылға дейін кедендік баж салықтарының нөлдік ставкалары қолданылатын болады, 2013 жылдан бастап 20 %-ға дейін ұлғайтылады.
Сонымен бірге, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының қаражаттары есебінен жылыжай кешендерін салу жөніндегі жобалар іске асырылуда, сондай-ақ жылыжайлар жабдықтарын лизингке беру іске асырылуда. Жыл сайын «ҚазАгроҚаржы» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 10 га-ға жуық көлемде жылыжай кешендерін және шағын жылы жайларды салу жоспарланып отыр.
Қарқынды жеміс-көкөніс шаруашылығын даму үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары ең перспективалы болып табылады. Аталған 4 облыста қарқынды технологияларды енгізудің есептік алаңы 43,2 мың гектарға бағаланады.
Өнімділік көрсеткіштерінің анағұрлым ұлғаюы арқасында технологияларды кең көлемді енгізу жеміс-көкөніс өнімдерінің өндірісін 540 мың тоннаға ұлғайтуға және импорттың орнын алмастыруға мүмкіндік береді.
Қант қызылшасынан ақ қант өндіру
Республиканың қант бойынша жыл сайынғы қажеттілігі жылына 560,0 мың тоннаны немесе 1 адам басына 35 кг/жылына құрайды. 2009 жылы қант өндірісі 385,0 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылдың деңгейінен 24%-ға төмен. Қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша жиынтық қуат тәулігіне 22500 тонна, шикізат бойынша 3650 тонна. 2009 жылы қант зауыттарының жұмыс бастылығы 46 %-ды құрады.
2009 жылы отандық шикізаттан 23,2 мың тонна ақ қант немесе жалпы өндірістің 6 %-ы өндірілді, негізгі бөлігі (94%) басқа елдерден импортталған қант шикізатынан өндірілді.
2009 жылы қант қызылшасы 19 мың гектар жерге егілді, бұл ретте, жалпы жиналым 181,3 мың тоннаны құрады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша 2009 жылы ақ қанттың экспорты 1257,4 мың АҚШ доллар сомасына 2,3 мың тоннаны құрады. 2009 жылы 32421,1 мың АҚШ доллар сомасына 57,8 мың тонна көлемінде ақ қант импортталды. Есеп беру мерзім ішінде импортталған қанттың негізгі көлемі Беларусиядан келген, оның үлестік салмағы келген қанттың жалпы көлемінен 96,6 %-ды құрады. Сондай-ақ, ақ қанттан басқа қант шикізаты импортталады. 2009 жылы импорттың көлемі 303,8 мың тоннаны құрады (176236,3 мың АҚШ доллары).
Күшті жақтары
|
Осал жақтары
|
- өндірістік әлеуеттің болуы;
- кант қызылшасын егу үшін қолайлы табиғи-климаттық жағдайдың болуы;
- дақылды егудің жинақталаған бай тәжиребесі.
|
- өндірістің ұсақ тауарлығы;
- тұқым импортынан тәуелділігі;
- агротехнологиялардың артта қалушылығы,
өндірістің негізгі құралдарының физикалық және моральдық тозуы;
- еңбектің т-мен механизациясы;
- қант қызылшасын өсіретін өңірлерде суару жүйелерінің тозуы немесе жоқ болуы;
- қызылша өндірушілер мен қайта өңдеуші зауыттардың арасындағы осал тігінен-тік ықпалдасу;
- сапалы шикізаттың болмауына байланысты қайта өңдеуші зауыттардың жеткіліксіз жұмысбастылығы;
- қант қызылшасы өндірісінің төмен тиімділігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
- отандық қант қызылшасынан ақ қант өндірісін тұрақты дамыту;
- ақ қант өндірісі бойынша зауыттардың жұмысбастылығын қамтамасыз ету;
- механизациялау деңгейін арттыру;
- қант қызылшасын қайта өңдеушілер мен өндірушілердің өндірістік кооперациясы және тігінен-тік ықпалдасуы үшін жағдай жасау;
- шикізатты қайта өңдеуде саланың монополиясыздандыру;
- мемлекеттік қолдаудың шарттары мен механизмдерінің өзгеруі;
- білімдерді тарату жүйесін дамыту нәтижесінде саланың кадрлық әлеуетін ұлғайту (экстеишн).
|
- елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнуі;
- ақ қант импорты үлесінің өсуі;
- ақ қантқа деген ішкі республикалық бағалардың өсуі;
- Кеден Одағына мүше елдері тарапынан бәсекелестік;
- қамысты қант шикізаттың импорттау тарапынан бәсекелестік;
- шикізаттың жоқтығына байланысты қант бірқатар қызылшасын қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыстың тоқтауы;
- саланың төмен тиімділігіне байланысты қант қызылшаның өндіріс деңгейінің төмендеуі.
|
2014 жылы егіс алаңдарын 35 мың гектарға дейін кеңейту және өнімділікті 260 ц/га дейін ұлғайту есебінен қант қызылшасының өндірісін 750 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Осылайша, 2014 жылы республикадағы ақ қант өндірісі отандық шикізатпен 17 %-ға қамтамасыз етілетін болады.
Ет пен ет өнімдерінің өндірісі және экспорты
2009 жылы Қазақстан Республикасында сойылған салмақта 896,3 мың мал мен құс сатылды, бұл 2008 жылдың деңгейінен 2,5 %-ға артық.
Орташа есеппен, өндірілетін еттің 22 % өнеркәсіптік қайта өңдеуге қолданылады. Өндірілетін еттің негізгі бөлігі жеке тұтынуға қолданылады.
Халықтың ет пен ет өнімдерін тұтыну деңгейі (етпен санағанда) ұлттық тұтыну нормаларынан (1 адам басына 48 кг/жыл) 39 %-ға артық және 1 адамға 67 кг/жылды құрайды.
Қайта өңдеу өнімдері бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары деңгейі байқалады: шұжық өнімдері шамамен 40 %, ет және ет-өсімдік консервілері - 52%. Шұжық өнімдері мен консервілерді жеткізудің 90 %-ы Ресейден жүзеге асырылады.
Күшті жақтары
|
Осал жақтары
|
- Қазақстанның оңтүстік-батыс аумағындағы климаттық жағдайлар жайылымды (шығынды емес) қой шаруашылығы жүргізуге қолайлы;
- есептер көрсеткендей, Солтүстік, Орталық және Батыс аумақтарда жайылымды мал шаруашылығын жүргізуге жарамды пайдаланбайтын жайылымдардың профициті байқалады;
- қазақстандық еттің Ресей нарығында бәсекеге қабілеттілігі.
|
- өндірістің ұсақ тауарлығы, 80 %-дан артық мал басының жеке қосалқы шаруашылықтарда (бұдан әрі - ЖҚШ) болуы;
- азық дақылдарына арналған егістік алқабтарының азаюы, құрама жемнің өндірісі көлемінің төмендеуі және қымбаттылығы;
- жекелеген өңірлерде мал мен құстардың аса қауіпті аурулардың ошақтарын тіркеудің кездейсоқ оқиғалары;
- асыл тұқымды және тұқымдық малдың төменгі үлесі;
- ет өнімдері бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары деңгейі;
- мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің маусымдық сипаты.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
- халық санының өсуімен ет тұтынудың ұлғаюы күтілуде. Бұл ретте, қазақстандық сиыр етін өткізудің әлеуетті нарығы Ресей болып табылады. Қазақстанның Кеден Одағының құрамына кіруі отандық сиыр етінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады;
- экологиялық таза өнімдерді өндіру (гендік инженерияны қолданбай), сондай-ақ, «Халал» стандарттары бойынша ет саласының өнімдерін өндіруді жолға қою отандық ет өндірушілерге араб және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына шығуға әлеуетті мүмкіндік туғызады.
|
- етті импорттаушы негізгі елдері тарапынан жоғары бәсекелестік: Аргентина, Бразилия, Австралия, Жаңа Зеландия. Осы елдер мұздатылған еттің зор көлемдерін экспорттайды, бұл оларға етті қазақстан өндірісінің ұқсас өнімдері бағасынан анағұрлым төмен бағалармен ұсынуға мүмкіндік береді.
- жануарлардың аса қауіпті аурулардың таралуына байланысты өнімдерді шеттен
әкелуге тыйым салу.
|
2016 жылға қарай 60 мың тонна етті экспорттау үшін жағдай жасалатын болады.
Сүт және сүт өнімдерінің өндірісі
2009 жылы республиканың барлық санаттағы шаруашылықтарының сүт өндірісі 5303,9 мың тоннаны құрады.
Орташа есеппен өндірілетін сүттің 28 %-ы өнеркәсіптік тұтыну үшін қолданылады. Оның үлкен бөлігі (3 млн.тоннаға жуық) жеке тұтынуға қолданылады. Өндірілетін сүттің төмен сапасы (өндірістің жалпы көлемінің 90 %-ы ЖҚШ) мен импорттық құрғақ сүттің бағасының төмен болуы салдарынан кейбір қайта өңдеу кәсіпорындары өндірісте негізінен Ресей, Беларуссия және Украинадан әкелінетін құрғақ сүтті пайдалануды қалайды.
Тұтыну нормаларына сәйкес сүт пен сүт өнімдеріне деген қажеттілік 260 кг/адамға құрайды. Халықтың сүт пен сүт өнімдерін (сүтпен санағанда) нақты тұтыну 330 кг/адамға жуық. Осылайша, Қазақстанда сүт мен сүт өнімдерін тұтынудың деңгейі нормативтік көрсеткіштерден жоғары. Сонымен қатар, отандық өндірістің сүт өнімдерімен ішкі тұтынудың жеткіліксіз қамтылуы көзге түсер. Нәтижесінде ішкі тұтынудағы сүт өнімнің импорттың үлесі 50 %-ға жуық.
Күшті жақтары
|
Осал жақтары
|
- ЖҮШ өндірістің төмен өз құндылығы;
- тұрғындарды шикі сүтпен қамтамасыз етудің өздік жеткіліктілігі;
- жер ресурстарының болуы (жайылымдарға тиімді);
- сүт өнімдеріне деген ішкі сұраныстың болуы;
- ірі сүт-тауарлық фермаларды дамыту әлеуеті;
- халық санының өсуі және оның әл-ауқат
деңгейін жақсарту;
- несиелеу бойынша институттардың, жабдықтарды жеткізу бойынша лизинг компаниялардың болуы.
|
- өндірістің шағын тауарлылығы;
- осал жемдік базасы;
- мал өнімділігінің төмен деңгейі;
- ЖҮШ өндірілген сүттің сапасы төмен;
- сүтті өндірудің қарапайым және ескерген технологиясы;
- шағын өндірушілерді қолдау бойынша шаралардың жетіспеушілігі;
- шағын шаруашылықтарға арналған несиелерге шектелген қол жетімдік;
- сапалы шикі заттың болмауына байланысты сүтті қайта өңдеу зауыттарының жеткіліксіз жұмыс бастылығы;
- кейбір аумақтарда мал мен құстардың аса
қауіпті аурулардың ошақтарын тіркеудің
кездейсоқ оқиғалары;
- өндірістің маусымдылығы;
- АӨК субъектілердің төмен инновациялық
белсенділігі;
- ауыл шаруашылықтағы еңбек ақысының төмен деңгейі;
- білікті кадрлардың жетіспеушілігі;
- сүтті сатып алу және бастапқы өңдеу бойынша жеткіліксіз дамыған инфрақұрылымы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
- мал басы санының өсуі;
- жыл сайынғы сүт өндірісі көлемінің
ұлғаюы;
- сүт-тауарлық фермалар жүйесінің дамуы;
- механизация деңгейін арттыру;
- сатудың ықтимал нарықтарының болуы (КО ішінде, Қытайдағы сұраныс);
- сервистік-даярлау пункттер мен ауылдық тұтынушы кооперативтер жүйесін дамыту;
- КО аясында ҚР және РФ сүтті мал шаруашылықтарының біріккен жобалары;
- білімдерді тарату жүйесін дамыту нәтижесінде саланың кадрлық потенциалын ұлғайту (экстейшн);
- сүтті жинау бойынша даярлау пунктерінің жүйесін дамыту;
- мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту.
|
- КО аясында Ресей, Беларусия жақтарынан
өскен бәсекелестік;
- сүт сапасының жеткіліксіз деңгейіне
байланысты экспорттың шектелген мүмкіндіктері;
- сүт өнімдер нарықтағы импорттың анағұрлым үлесі;
- сүт-тауарлық фермаларды құру үшін үлкен инвестициялардың қажеттілігі;
- сүт-тауарлық фермалардағы өндірістің
жоғары өздік құнына байланысты сүттің
бәсекеге деген төмен қабілеті;
- елдегі эпизоотикалық жағдайдың нашарлауы.
|
2014 жылғы әлемдегі ұқсас деңгейге сәйкес келетін және бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдерінің өңдеуін қамтамасыз ететін өндірістің техникалық және технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде қайта өңдеуге арналған сүттің жеткізулер көлемін 2583,6 мың тоннаға дейін ұлғайту, импорт алмастырудың 24,4 млрд. теңге көлеміне дейін жету және сүт өнімдерінің импорт үлесін 8 % төмендету жоспарланды. Сонымен қатар, ауылды жерлерде 15,5 мыңнан астам қосымша жұмыс орындарын құру жоспарланды.
Құс шаруашылығын дамыту
Соңғы жылдарда құс етінің өндіріс көлемдері өсу және импорттың төмендеуінің тұрақты үрдісі көзге түсер. Мысалы, 2006 жылы республикамызда 65,5 мың тонна өндірілсе, 2009 жылы 79,5 мың тонна немесе 3 жылдың ішінде құс етінің өндірісі 23 %-ға өсті. Бұған қоса, импорт көлемі төмендеуде, 2006 жылы 152,4 мың тонна құс еті әкелінді, ал 2009 жылы 109,0 мың тонна немесе 28,5 % импорт көлемі қысқарған. Бір уақытта отандық өндірістегі құс етінің ішкі нарықта үлес салмағы ұлғайған. 2009 жылы ішкі нарықтың отандық өндірістегі құс етімен қамтамасыз етілуі 42 % құрады.
Республикаға құс етінің басты жеткізушісі АҚШ болып табылады (жалпы импорт көлемінен 85-88 %). Соңғы жылы Украинадан жеткізілетін құс етінің көлемінің ұлғаюы байқалуда.
Соңғы жылдары республиканың ішкі нарығында құс етін жалпы тұтынуы бірқатар төмендегенін атап өтуі жөн. 2009 жылы ішкі нарықта құс етін тұтыну 188,4 мың тоннаны, ал 2006 жылы 216,8 мың тоннаны құрды немесе 13,0 % төмендеді. Сәйкесінше жан басына шаққандағы орташа құс етінің тұтынуы 1 адамға 2006 жылғы 14,2 кг, 2009 жылы 12 кг дейін төмендеді.
Күшті жақтары
|
Осал жақтары
|
- өндірістік қуаттылығының болуы;
- ішкі нарықтағы құс етіне деген сұраныстың
бар болуы.
|
- өндірістік технологиялық құрал-жабдықтардың тозуы;
- өндіріс тиімділігінің төмендігі;
- білікті мамандардың жетіспеушілігі;
- өзіндік құнның жоғарылығы және өнімнің
бағалық бәсекеге қабілетінің төмендігі;
- құс фабрикаларында айналым қаражатының
жетіспеушілігі;
- вакцинаға және асыл тұқымды материалға
жемшөп қоспалары бойынша импорттық
тәуелділіктің жоғарғы деңгейі;
- қоспа жем өндірісіне отандық ингредиенттер түрінің жетіспеушілігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
- өндірістік әлеуетті толығымен қолдану;
- жаңа бройлерлік құс фабрикаларының
құрылысы және қайта құрылуы;
- ішкі тұтынудағы отандық өндіріс үлесін ұлғайту (импорттың орнын ауыстыру);
- өндірістің тиімділігін арттыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету;
- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
|
- экономикалық дағдарыстың әсерінен инвестициялар тартудың қиындығы;
- шекаралас Ресеймен, сонымен қатар Украиналық кәсіпорындармен бәсекелестік;
- құм еті импорттаушылар жағынан демпинг.
|
2010 - 2014 жылдарға арналған басты мақсат импорттық өнімнің 60% және одан да көбін жабу болып табылады, ол үшін 2014 жылға отандық құс етінің өндірісін 140 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Өндірістік процестің ерекшелігіне байланысты аталған көрсеткіштерге жету зиянсыздық деңгейіне кіру үшін оның анағұрлым масштабын талап ететін өндірістің үлкен инвестициялық сыйымдылығына қатысты ірі және орташа кәсіпорындардың өндірісіне ұлғайтуға негізделген. Республикалық ауқымдағы жеке қосалқы және шаруа (фермерлік) қожалықтар саласында айтарлықтай өндіріс екі талай.
Биязы жүн және оның қайта терең өңдеу өнімдерінің өндірісі мен экспорты
2009 жылы шаруашлықтардың барлық санатында қойдың саны 14,7 млн. басты құрады. Қой негізінен Оңтүстік Қазақстан - 22 %, Алматы облысы 17 %, Жамбыл облысы 13,3 % және Шығыс Қазақстан облысында 13 % өсірілді.
2009 республиканың шаруашылықтарының барлық санаттарында 36,4 мың тонна жүн өндірілген, ол 2008 жылғы көрсеткіштен 3,3 % жоғары. Өндірілген жүннің түрлері бойынша келесідей болды: биязы - 7,8 мың тонна (немесе өндірілген өнім көлемінен 22 %), орташа биязы - 4,8 мың тонна немесе 14 %, жартылай жуан жүн 4,3 мың тонна немесе 12 % және жуан жүн 18,0 мың тонна немесе 52 %.
Соңғы жылдары майлы-етті қой шаруашылығы даму тенденциясы байқалуда, бұл қазіргі нарық жағдайында қой етін өндірісімен салыстырғанда жүн өндірісі шығынды және тиімділігі төмен. Осыған байланысты, республикада өндірілген жүн көлемінің жартысы жуан жүн болып табылады, ол ішкі және сыртқы нарықта сұранысы болмай қалды.
2009 жылы шаруашылықтың барлық нысандары бойынша өнім өндірісі келесідей бөлінді: халық шаруашылығы - 25,1 мың тонна жүн (69,0 %), шаруа (фермерлік) қожалықтар - 9,4 мың тонна (25,8 %), ауыл шаруашылығы кәсіпорындары - 1,9 мың тонна (5,2 %).
Күшті жақтары
|
Осал жақтары
|
- қой табынын өсіру үшін жайылымдардың
байтақ массивтердің болуы;
- әр бағыттағы асыл тұқымды қой шаруашылығы базасының бар болуы (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай жуан жүнді, жуан жүнді және каракульдық);
- өз шикізат ресурстарының бар болуы;
- жүнді бірінші қайта өңдеу кәсіпорындарының бар болуы.
|
- биязы жүнді қой өсіру бойынша мамандандырылған ірі шаруашылықтар санының аз болуы;
- қой табынымен селекциялық-асылдандыру жұмыстарды жүргізу деңгейінің төмендігі;
- жемшөп базасының әлсіздігі;
- жүнді дайындау және қойды қырқу бойынша инфрақұрылымның дамуының төмендігі;
- жекелеген аймақтарда жүн сапасын анықтау
бойынша лабораториялардың жоқтығы;
- қой шаруашылығын дамыту және жүнді
қайта өңдеу бойынша жаңа технологияларды
енгізу және әзірлеудің жеткіліксіз деңгейі;
- шикізатты сатып алуға айналым қаражатының жетіспеушілігі;
- шығарылатын терең қайта өңделген жүн
өнімдерінің ассортиментінің аздығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
- қолайлы географиялық орналасуы - ірі сату
нарықтарына жақындығы (Ресей, Қытай, Европа, Азия, Таяу Шығыс);
- әлемдік нарықта қазақстандық биязы
жүннің бағасының бәсекеге қабілеттілігі;
- сыртқы нарықтағы тоқыма өніміне сұраныстың артуына байланысты саланың даму болашағы, халықтың әл-ауқаты деңгейінің өсуі.
|
- Көпшілік кәсіпорындарда реттелген өнімді өткізу арналарының жоқтығы;
- Қазақстандық жүнді сыртқы нарыққа
жайғастыру және қозғалту бойынша маркетингтік стратегияның жоқтығы.
|
Болжанып отырған саланы дамыту бойынша іс шаралар қой шаруашылығын дамытуға инвестицияны салуды, инфрақұрылымды жалға қоюды, барлық түрдегі жүнді бірінші қайта өңдеу және сатып алуды ұйымдастыруды, сала өнімінің экспортын дамытуды көздейді. Сонымен қатар, жуан жүнді сатудың ықтимал нарықтарын іздеу бойынша шаралар қабылдау, оның терең қайта өңделіуін оның негізінде шығарылатын тауардың және өнімнің ассортиментін ұлғайту.
Болжамалы мәліметтер бойынша, 2014 жылы жүннің жалпы өндірісі 45 мың тоннаға жеткізілетін болады, оның ішінде биязы жүн 15,0 мың тонна. Сәйкесінше биязы жүнді қойлардың санын 4,3 млн. басқа жеткізу керек.
Жүнді және оның бірінші қайта өңдеуден өткен өнімін сатудың перспективті нарық ретінде Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия, және Италия болып табылады.
Бұған қоса, 2,5 мыңнан астам қосымша жұмыс орындарын құру жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |