Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010


Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына саланың әсер етуі



бет3/8
Дата05.03.2016
өлшемі0.49 Mb.
#42450
1   2   3   4   5   6   7   8

3.2 Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына саланың әсер етуі


ҮИИД МБ шеңберінде, АКТ саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар маңызды міндеттерді шешуге қатысады:

біріншіден, салалық жалпы қосымша құнның өсуі есебінен ұлттық ЖІӨ-нің артуы;

екіншіден, заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру және ақпараттық технологияларды тиімді енгізу арқылы ұлттық экономиканың әлеуетті секторларында еңбек өнімділігін арттыру;

үшіншіден, телекоммуникациялық инфрақұрылымның негізінде шикізаттық емес салаларда кәсіпкерлікке жағдай жасау және ынталандыру арқылы инновациялық кәсіпорындар санын арттыру;

төртіншіден, Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы экспорттық бағытталған өндірістік және қызмет көрсетуші компанияларын құру және дамыту көмегімен шикізаттық емес экспорттың үлесін көбейту.

Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи қоғамға әсер етуі экономикалық шеңбердің сыртына шығады. Көптеген дамыған және дамушы елдер мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын ғана емес, әлеуметтік саладағы, ғылым мен білім беруде, мәдениетте және адамдардың өмір салтындағы қатынастарды өзгертетін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуды және таратуды өзімен ілестіретін зор артықшылықтарды толық көлемде ұғынды. Бұл мағынада, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар еліміздің дағдарыстан кейінгі әлемдегі тұрақты бәсекеге қабілеттілігін құру құралдары бірінің қызметін атқарады.

2009 жылы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,15 миллионға жетті, оның 1,6 млн. кең жолақты интернет желісіне қол жеткізген пайдаланушылар. 2009 жылы қоғамды компьютерлендіру 100 адамға 12,7 компьютерлер санына жетті (2008 жылы 100 адамға 11,2 компьютерлер). 2009 жылы Қазақстан Республикасында тіркелген байланыс телефон желілерінің саны 3,7 млн. құрады. Бұл жердегі бекітілген желілердің тығыздығы 100 тұрғынға 24,2 желіні құрады. Ұялы байланыс абоненттерінің саны 15,0 млн. абонентті құрады, бұл 100 тұрғынға 95 абонент ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығына сәйкес келеді. Қазақстан дерлік барлық көрсеткіштер бойынша экономикасы бәсекеге қабілетті және әртараптандырылған елдерден елеулі артта қалып отыр, бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияларды бизнестің де, тұрғындардың да жеткіліксіз белсенді қолданатынын көрсетеді.

Осыған байланысты, Қазақстанның алдында АКТ-ны тұтынудың және қолданудың өсу қарқынын елеулі арттыру және елдің бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімді қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазақстандық қамтуын арттыру міндеті тұр.


3.3 Күшті және әлсіз жақтарды, саланың (сектордың) мүмкіндіктерін және қауіптерін талдау





Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Телекоммуникациялық нарықтағы жоғары бәсеке

Телекоммуникациялық инфрақұрылым саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыру

«Электрондық үкіметтің қызмет ететін инфрақұрылымы

Саланың даму орталығы ретінде арнайы экономикалық аймағының «Ақпараттық технологиялар паркі» («Алатау» АТП АЭА) «Алатау» болуы



3G, 4G технологияларының негізінде байланыс желілерін таратудағы артта қалушылық

Телерадио хабарлар тарату кешенінің ескірген инфрақұрылымы

Интернет желісіндегі қазақстандық контенттің дамымауы

Ұсынылатын электрондық қызметтердің жеткіліксіз саны

Ақпараттық-коммуникациялық технология-лардағы импортқа жоғары тәуелділік

Пошталық инфрақұрылымның негізгі қорларының тозуы

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдықтарының өндірісі саласында табысты кәсіпорындардың болмауы

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Интернетке кеңжолақты қол жетімділік қызметтеріне жоғары сұраныс

Цифрлық хабар таратуға көшу мен байланысты жабдыққа сұраныс

Шағын және орта бизнесті және инновацияларды дамыту құралдары ретінде Интернетті қолдану

ҮИИД МБ жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық қызметтерге және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жабдығына жоғары сұраныс



Жабдықтың, БҚ-нің және IТ-қызметтерінің отандық өндірушілері үшін Кедендік одақ шеңберінде өткізу нарықтарын кеңейту

Электрондық сауда элементі ретінде пошта-логистикалық инфрақұрылымды дамыту

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мамандарына жоғары сұраныс

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және техникалық реттеу деңгейлерінің сәйкессіздігі

ЖОО-ның және кәсіби білім беру деңгейінің сала талаптарына сәйкессіздігі

БҚ-ны әзірлеу және IТ-қызметтері саласындағы қазақстандық мазмұнның төмендеуі


Күшті және әлсіз жақтарды, мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау негізінде Бағдарлама шегінде мына міндеттер анықталды:

  1. ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;

  2. цифрлық телерадио таралымды дамыту;

  3. интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту;

  4. электрондық қызметтер мен «электрондық үкіметті» дамыту;

  5. бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және -қызметтерінің секторын дамыту;

  6. жоғары технологиялық жабдықтың отандық өндірісін дамыту;

  7. ақпараттық коммуникациялар саласында білім беруді дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет