Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010


Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, және нәтижелерінің көрсеткіштері



бет7/8
Дата05.03.2016
өлшемі0.49 Mb.
#42450
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, және нәтижелерінің көрсеткіштері




4.1 Бағдарламаның мақсаты


Қазақстан Республикасының ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласының шарттарын және даму тетіктерін мынадай мақсатта жасау:

1) Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуі;

2) бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған ақпараттық-коммуникациялық ұлттық секторын қалыптастыру.

4.2 Нысаналы индикаторлар


«Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамға және инновациялық экономикаға көшуі» мақсаты бойынша:

  1. 2014 жылы ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі – 3,8%;

  2. телекоммуникациялардың жергілікті желілерін цифрландыру деңгейі – 100%;

  3. интернеттің кеңжолақты желісі абоненттерінің тығыздығы – 100 адамға 22;

  4. ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – 100 адамға 135;

  5. халқының саны 1 000 және одан көп адам бар барлық елді мекендер ұтқыр байланыс қызметтерімен қамтамасыз етілді;

  6. тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын 40 %-ға дейін арттыру;

  7. әлеуметтік мәні бар мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 50%-ын электрондықнысанға көшіруді қамтамасыз ету;

  8. Қазақстан аумағын эфирлік цифрлық телехабар таратумен қамту – 95%;

  9. Қазақстан аумағын серіктік цифрлық телехабар таратумен қамту – 100%;

  10. пошта байланысының 560 ауылдық бөлімшелерін құру және жаңғырту;

«Бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған ақпараттық-коммуникациялық ұлттық секторын қалыптастыру» мақсаты бойынша

IТ-нарығының құрылымы: IТ-қызметтер үлесі– 30%, БҚ үлесі – 15% және IТ-жабдығының үлесі – 55%;

IТ-нарығының жалпы көлемінде қазақстандық қамтудың үлесі –32%-дан кем емес;

IТ-қызметтеріндегі қазақстандық қамтудың үлесі – 80%.


4.3 Бағдарламаның міндеттері


Осы Бағдарламамен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын мемлекеттік дамытудың әлеуетті міндеттері анықталды:

4.3.1 Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту


Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту

Телекоммуникация саласының жоғары табысына экономикалық белсенділіктің және ҮИИД МБ-ның шеңберінде тұрғындардың табысының өсуі қолдау көрсетеді, сондықтан берілген міндетті орындау бойынша негізгі шарттар мемлекет тарапынан жеке меншік сектормен инвестициялар өткізу және бәсекелі нарықты дамыту үшін жағымды жағдайлар жасауға бағытталған.

Бағдарламада іске асырудың бірқатар институционалдық тетіктері көзделген:


  1. байланыстың заманауи радио технологияларымен неғұрлым талап етілген диапозондарда радиожиілікті спектордың конверсиясын өткізу, бұл ақпараттық-коммуникациялық желілердің сапасын және өткізу қабілеттілігін бірден арттыруға, әсіресе ауыл байланысын дамыту үшін қолданыстағы желілерді жаңғыртуға мүмкіндік береді;

  2. ұтқыр байланыс операторларының меншікті инвестицияларының өсімін арттыру үшін қажетті жағдайлар жасау, бұл негізінен 3G, үшінші буынның ұялы байланысының желілерін Қазақстанда дамытуды аяқтауға және LTE., төртінші буынның ұялы желілерін жайып таратуды бастауға мүмкіндік береді;

  3. радиожиілік спекторының конверсиясының тетіктері негізінде азаматтық диапозонда үшінші буынның телекоммуникациялық желілерін жайып тарату үшін қажетті Қорғаныс министрлігінің жиіліктер жолағын пайдаланылмайтын радиоэлектрондық құралдармен ауыстыру;

  4. байланыс саласын реттеу бойынша заңнамалық базаны жетілдіру.

Байланыс саласының жағдайын нақты көрсету және бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексінің қазақстандық рейтингін көтеру мақсатында байланыс операторларынан халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Электр байланысының халықаралық одағы және Байланыстың аймақтық достастығы үшін статистикалық деректерді жинау тетігін жетілдіру қажет.

«Тексерілетін субъектілерге талаптар белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға өкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін қайта қарастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес телекоммуникация желілерін жалпылама қолданыстағы телекоммуникациялар желісіне қосудың және Қазақстан Республикасының жалпылама қолданыстағы телекоммуникациялар желісі бойынша трафик өткізуді реттеудің, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі № 145-п бұйрығымен бекітілген Ережелерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы деңгейіне шығару жоспарланып отыр.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 3-тармағына сәйкес телекоммуникация желілерiнiң операторлары өз желілерiнде байланыс қызметтерiн пайдаланушылардың әрқайсысына өкiлетті орган айқындайтын тәртіппен қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын еркін таңдаудың техникалық мүмкiндiгін қамтамасыз етуге міндетті. Осыған байланысты, бәсекелестікті дамыту мақсатында қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын еркін таңдау құқығын қамтамасыз ету қажет.

Трафикті қосу және өткізу қызметтерінің нарығындағы бәсекелестік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы №155 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінен 11-тармақты алып тастау мүмкіндігіне талдау жасау мәселесін, оның ішінде өкілетті органды салыстырмалы талдау (banchmarking) негізінде ұялы байланыс операторлары үшін трафикті терминациялау қызметтеріне мөлшерлемелерді нұсқаулықпен белгілеу бойынша құзыретті беру мәселесін қарастыру қажет.

Байланыс саласындағы өкілетті орган «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде трафикті өткізу қызметтеріне (терминацияға) ұялы байланыс операторлары қолданатын тарифтерге талдау жасайды.

Ұялы байланыс операторларының техникалық мүмкіндігін есепке ала отырып, ұялы байланыс абоненттері үшін 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап ұялы байланыс операторлары желілерінің ішінде, ұялы байланыстың басқа операторлары желілерінің ішінде, сондай-ақ халықаралық роуминг қызметтеріне тарификациялау бірлігінің көлемін 1 секунд көлемінде бекіту бөлігінде Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу қажет.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жобалардың капитал сыйымдылығын және сыртқы нарықтан қаржыландыруды тартудың қиыншылығын ескеріп, мемлекет қолдаудың инвестициялық шараларын, ең алдымен инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру саласында ұсынуы мүмкін. Берілген қаржыландырудың шарты жобаны ҮИИД МБ құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстанды индустрияландыру Картасына қосу болып табылады.

Берілген шаралар мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:



  1. «Қазақтелеком» АҚ-ның телекоммуникациялар желісін, пакеттерді коммутациялау технологиясын қолданумен сөз, бейнелерді және деректерді сенімді таратуға арналған әмбебап көп мақсатты желіні құру үшін, қуаттылығы 1 млн. абонент, Next Generation Network (NGN) технологиясына көшіруді аяқтау;

  2. телефония және ақпарат тарату қызметтеріне сұранысты 100% қанағаттандыру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейіндаму Стратегиясымен анықталған ұзақ мерзімді әлеуеттерге сәйкес ақпараттық теңсіздікті жою үшін CDMA технологиясын қолданумен ауылдық байланыс телекоммуникацияларының желісін жаңғырту және дамыту;

  3. Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында оптикалық-талшықты магистралдарды құрылатын көліктік дәліздер бойында салу және ілеспелі телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру (оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ның магистралдық желісін дамыту);

  4. талшықты-оптикалық кәбіл және технологияның спектрлік нығыздаулары Dense Wavelength Division Multiplexing (DWDM) негізінде Ұлттық Ақпараттық Супермагистралды кеңейту;

  5. Worldwide Interoperability for Microwave Access (WiMAX) технологиясының негізінде қамтудың барынша үлкен аумағымен деректер қорының сымсыз мультисервистік желілерін құру;

  6. Telecommunications and Internet converged Services and Protocols for Advanced Networking (TISPAN) IP Multimedia Subsystem (IMS) / Next Generation Network (NGN) сәулеті стандарттарыныңнегізінде тіркелген және ұтқыр байланыс конвергенциясы үшін операторлық класстың ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетуіне жүйелі көшуді іске асыру;

  7. Ақпараттық қауіпсіздікті соның ішінде ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғауды ескере отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық көлік ортасын дамыту.

Пошта саласын дамыту

Бағдарламамен іске асырудың бір қатар институционалдық тетіктері көзделген:

Поштаны өңдеу, жіберу және жеткізу, сапалы қаржылық қызметтер көрсету мерзімдері бойынша логистикалық қызметтер дамуының әлемдік үрдісіне бүкіл Қазақстан территориясын қамту артықшылығын қолдана отырып, қол жеткізу;

Өндірісті ұйымдастырудың қағидалық сызбасын және пошталық байланыстың түйін обьектілері үшін ішкі және халықаралық поштаны өндеу бойынша негізгі технологиялық операцияларды, тікелей пошталық-логистикалық орталықтың қызмет көрсетуінде орналасқан және оның құрамында жүзеге асатын іріктеме орталығы, сонымен қатар, пошта байланысының түйіндік обьектілерінің керекті көлемін жобалау және іс-әрекет қағидаттарын құру;

Қажетті инженерлік коммуникациялармен Астана қаласында орналасқан және Ақтөбе қаласының жаңа обьектілері негізінде пошталық-логистикалық орталықтың ғимаратын құру және жобалау;

Пошталық тасымалдаудың магистралды сызбасын жетілдіру, айырбастаудың нормативті жиілігін сақтау, түйінді тұғырларда бағдарлардың түйісулерін және бағыттар жоспарын (сұрыптау сызбаларын) оңтайландыру;

пошталық жөнелтулердің өңдеудің, айырбастаудың және тасымалдаудың бірыңғай технологиясын құру, магистралдық бағыттарда пошта жөнелтімдерін айырбастауды іске асыру үшін айырбастау тұғырларыныңыңғайлы баламалы көлікке бейімделуі, пошта жөнелтілімдерін, сондай-ақ пластикалық ыдыстарды (лоттарды) тасымалдау мен айырбастау үшін арба-контейнерлерді енгізу;

пошта байланысының ауылдық бөлімшелерін жаңғырту және дамыту есебінен ауыл тұрғындарына қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсыну;

пошта байланысының ауылдық бөлімшелерінің желісін олардың құрылысы және жалға алу жүйесінен кезең бойынша шығуы арқылы кеңейту;

пошта байланысының ауылдық бөлімшелерінде халықтың интернет қызметтеріне қоғамдық қол жеткізу пункттерін (ҚҚП) орналастыру;

ҚҚП-ға ЭҮ қызметтерін енгізу;

ҚҚП-ға электронды сауда алаңын енгізу.

Берілген шаралар мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:


  1. пошта жөнелтілімдерін тасымалдауға көлік шығындарын 10-20%-ға қысқарту;

  2. электрондық коммерция саласында пошта қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша тетіктер әзірлеу;

  3. шынайы уақыт тәртібінде тіркелетін поштажөнелтілімдерін бақылау үдерісін автоматтандыру үшін Бүкіләлемдік Пошталық Одақтың жүйелерімен және аймақтық одақ жүйесімен интеграциялану;

  4. «Қазпошта» акционерлік қоғамының пошта жөнелтілімдерін қадағалаудың халықаралық жүйесіне кіруі;

  5. пошта байланысының меншікті нысандарының қызмет көрсетудің қауіпсіздігі мен ыңғайлылығының талаптарына толық сәйкес келуі;

  6. ауыл тұрғындарына сапалы пошталық-қаржылық және ақпараттық қызметтердің кең спектрін ұсыну;

  7. жинақтаушы зейнетақы қорларымен, сақтандырушы, лизингтік компаниялармен, трансфер-агенттермен және басқа қаржылық институттармен агенттік келісімдер негізінде көрсетілетін қызметтердің спекторын кеңейту;

  8. Қазақстанда қашықты сауданы дамыту;

  9. қамту аймағында тұрған, Қазақстанның ең алшақ нүктелерінде Интернет-пресса мен Интернет-жазылуларды дамыту;

  10. ауылдық мекендердегі пошталық байланыс бөлімшелерін күрделі және техникалық жайластыру деңгейін 26 %-ға көтеру.

Есептеу орталықтарын дамыту


Веб-хостинг қызметтеріне сұранысты, деректерді алғашқы және резервті сақтауды, бұлтты есептеулерді ұйымдастыруды қамтамасыз ету және сыртқы нарықтарға кезеңдеп шығу мақсатында есептеу орталықтарын (дата-орталықтарды) дамыту. Дата-орталықтардың инфрақұрылымының болуы Интернеттің қазақстандық сегментінің дамуы, электрондық коммерция, электрондық қызметтер және «электрондық үкімет», бұлтты есептеулер үшін негізгі шарт болып табылады.

Бағдарламамен мынадай нәтижелерге қол жеткізу үшін жобаларды қаржыландыруға және мемлекеттік-меншікті әріптестік тетіктерін белсенді қолдануға республикалық бюджеттен қаражат бөлу көзделген:



  1. Интернеттің қазақстандық сегментін, электрондық қызметтерді және ЭҮ-ні дамыту үшін Қазақстанның энергоартылған аумақтарында ірі коммерциялық дата-орталықтарды құру;

  2. Астана қаласының мемлекеттік органдарының Серверлік орталықтарын техникалық қамтамасыз етуді аяқтау;

  3. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын соның ішінде ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғауды ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың аймақтарда электронды қызметтерді көрсетудің ақпараттық жүйелерінің хостингі үшін серверлік тұғырнамаларды құру;

4) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын, соның ішінде ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғауды ескере отырып, мемлекеттік органдар үшін Резервті серверлік орталықты құру.

4.3.2 Цифрлық телерадиохабарлар таратуды дамыту


Цифрлық хабарлар тарату нарығының толыққанды қызмет етуі үшін нормативтік базаны әзірлеу және одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдау қажет:

  1. телерадио хабарлар тарату ұйымдарын лицензиялаудың және телерадио хабарлар таратудың мақсаттары үшін байланыс қызметтерін ұсыну бойынша қызметті лицензиялаудың жаңа шарттарын әзірлеу;

  2. теледидар арналарының әлеуметтік жинағының хабарлануын қамтамасыз ететін байланыстың мемлекеттік операторының рөлін және мәртебесін анықтау;

  3. әлеуметтік мәні бар теледидар арналарын және радио арналарын таратудыіске асыратын байланыс операторлары үшін тарифтік саясаттың қағидаттарын анықтау;

  4. әлеуметтік мәні бар теледидар арналарының және радио арналарының жинағына еркін қол жетімділік қызметін ұсынуды қаржыландыру тетігін және көзін анықтау;

  5. цифрлық телерадио хабарлар таратудың стандарттарын қалыптастыру;

  6. сымсыз қол жетімділік желілерінің негізінде ұтқыр теледидарды дамыту үшін нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру.

Сондай-ақ, «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңды әзірлеу және қабылдау, сонымен қатар «Байланыс туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Лицензиялау туралы», «Авторлық құқық және шектес құқықтар туралы», «Жарнама туралы» және т.б. заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Телерадио хабарлартарату нарығының негізгі қатысушыларының өзара қатынастарының қағидаттарын анықтау қажет:



  1. таратушылар өз қызметін бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнама талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес іске асыруға тиіс;

  2. байланыс операторлары өз қызметтерін байланыс туралы заңнама талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес іске асыруға тиіс;

  3. таратушы байланыс операторы болмауға тиіс;

  4. байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін таратушылар өнімін таратуға тиіс.

Қазақстан Республикасында цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу бойынша жұмысқа мынадай нормативтік актілер негіз болады:

  1. әлеуметтік мәні баржинақтың құрамына кіретін теледидарлық және радио арналарының тізімі туралы;

  2. әлеуметтік және коммерциялық бағыттағы мультиплексорлар көлемі және құрамы;

  3. цифрлық телерадио хабарларын таратудың әлеуметтік маңызды жинағын тарату туралы;

  4. ұқсас телерадио хабарларын таратуға лицензия беруді тоқтату туралы;

  5. цифрлық тюнері жоқ теледидар қабылдағыштарын енгізуді шектеу туралы;

  6. ұқсас хабарларды таратуды тоқтату туралы;

  7. телерадио хабарларды тарату желісін жобалау және пайдалануға беру туралы;

  8. цифрлық хабарларды таратудың байланыс операторларымен телерадио хабарларын тарату объектілерінің инфрақұрылымын қолдану және жалдау тәртібі туралы (ғимараттар, электр қорек құрылғысы, антенно-мачталар және фидерлі қондырғылар, жабдықтарды тексеру және т.б.);

  9. теледидарлық және радиолық таратудың мақсаттары үшін байланыс қызметтерін көрсету туралы.

Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігіндегі қоғамдық маңызды сегментті қалыптастырудағы әлеуметтік жауаптылықты ескеріп, арналық теледидар операторына лицензияны беруде олардан өздерінің желілері бойынша теледидарлық және радиоарналық әлеуметтік маңызды жинақтарды тегін таратуды талап ету керек.

Цифрлық телерадио хабарларын таратуға көшуді 2009 – 2014 жылдар ағымында 3 кезеңде іске асыру қажет.

Бірінші кезең барысында (2009 – 2010 жылдар) мыналарды қамтамасыз ету көзделген:


  1. нормативтік құқықтық базаны әзірлеу;

  2. жиілікті-аумақтық жоспарды және көшудің уақытша жоспарын әзірлеу;

  3. цифрлық теледидарлық таратудың мемлекеттік стандарттарын әзірлеу және бекіту;

  4. Қазақстан Республикасының әр аймағы үшін әлеуметтік маңызды теледидар арналары мен радио арналарының тізімін бекіту;

  5. тікелей спутниктік хабарларды таратумен қамтамасыз етілетін, эфирлік хабарлағышты орнату экономикалық тұрғыдан тиімсіз аз халқы бар елді мекеннің сандық құрамын анықтау;

  6. телерадио хабарларын тарату объектілерінің қолданыстағы инфрақұрылымын тексеру;

  7. жобалық жұмыстар;

  8. кейбір аймақтарда әлеуметтік маңызы бар теледидарлық арналар мен радио арналарының жинақтарын эфирде хабарлау үшін цифрлық жердегі желілерді жасау;

  9. Digital Video Broadcasting - Satellite - Second Generation (DVB-S2)/ Moving Picture Experts Group-4 (MPEG-4) стандартында ТД және РХ спутниктік хабарлар тарату станциясын қолданысқа беруді енгізу.

Екінші кезеңде (2011 – 2013 жылдар) мыналарды жалғастыру қажет:

  1. жобалық жұмыстар;

  2. аналогты теледидарлық құрылғыларды цифрлыққа жоспарлы ауыстыру;

  3. бірінші қадам шеңберіне енбей қалған аймақтардағы эфирлік цифрлық хабарларды тарату мен спутник желілерін жаю.

  4. халықты қамту 60%-ға жуық болады.

Үшінші кезеңде (2014 - 2015 жылдар) мыналарды іске асыру:

  1. барлық аймақтарда цифрлық теледидарлық хабарлар тарату желісін жаюды аяқтау;

  2. аналогты хабарларды таратуды тоқтату;

  3. ұялы телехабарлау мен жоғары дәлдікті теледидарды қосқанда, теледидарлық хабарлаудың жаңа түрлерін дамыту;

4) халықты қамту 95%-ға жуық болады.

4.3.3 Қазнетті дамыту


Қазақстандық контентті дамыту және электрондық сауда алаңдарын, онлайн-дүкендер мен электронды төлемдерді құру Интернеттің қазақстандық сегментін инвестициялық тартымды етеді.

Қазнеттің дамуына кең жолақты қолжетімділікті және күн–орталықтарды құру, «электрондық үкімет» порталы арқылы ұсынылатын электрондық қызметтерді арттыру, мемлекеттік органдардың порталдарын дамыту, әлеуметтік маңызды коммерциялық емес интернет-қорларды құру (балалар және жасөспірімдер үшін).

Халықаралық интернет адрестеуді енгізуді қамтамасыз ету. Ұлттық алфавит белгілерін қолданумен жоғарғы деңгейлі «.каз» интерұлттандырылған доменді енгізу. Домендік есімдерді тіркеу «президент.каз», «ақорда.каз», «парламент.каз», «сенат.каз», «үкімет.каз» сияқты үкімет органдарының және президент аппаратының қажеттіліктері үшін жасалады. Сондай-ақ мынадай домендік есімдері бар сайттар пайда болады: мемлекеттік ұйымдар үшін «мем.каз», білім беру мекемелері үшін «бiл.каз», коммерциялық ұйымдар үшін «ком.каз», коммерциялық емес ұйымдар және жобалар үшін «ұйым.каз».

Қазнетте электрондық коммерцияның инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету, азаматтар, бизнес субъектілері және мемлекеттік органдар үшін электрондық сауда алаңдарын; виртуалды сөрелерді; электрондық биржаларды және аукциондарды құру.

Коммерциялық ұйымдардың ЭҮ төлем шлюзінің қызметіне қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің және ЭҮ инфрақұрылымының интеграциясын қамтамасыз ету.

Қазнетті дамыту саласындағы, оның ішінде электрондық ақшалар мен электрондық коммерция саласындағы заңнама жетілдірілетін болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде азаматтардың құқықтарын қорғау үшін, Интернеттің ақпараттық қауіпсіздігін дамытуды қамтамасыз етудің тепе-теңдік саясаты іске асырылады.

Мемлекеттік интернет-қорларды, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың корпоративті интернет-ресурстарын сапалы ақпараттық толықтыру мен дамыту саясаты іске асырылатын болады.

Теледидарлық компаниялар мен радиоарналарының, интернет-теледидарларының интернет-қорлардың желісі дамытылады.

Инновациялық және венчурлік қорлар, даму институттарының қаржыларын тарту жолымен мемлекеттік-меншікті серіктестік шартында Қазнетті дамытуға көмектесетін, жаңа итернет-компаниялары мен интернет-жобаларын қолдау мемлекеттік саясаты іске асырылатын болады.

Интернеттің қызметіне байланысты Қазақстанда жаңа қоғамдық қатынастардың пайда болуы, қоғамдық өмірдің негізгі салаларында олардың трансформациясы аса реттеуді қажет ететін, ақпараттық құқық қатынастарының қалыптасуына маңызды әсер етіп, ерекше реттеуді талап етеді:


  1. жеке (дербес) электрондық пошта жәшігіне түсетін ақпараттық ағымын реттеу, соның ішінде коммерциялық ақпаратты (электрондық пошта жәшігін ақпараттар ағымынан қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндей қорғау).

  2. дербес деректерді қорғау;

  3. интернеттегі алаяқтықтың алдын алу;

  4. интернеттегі еркін бәсекені қамтамасыз ету;

  5. оқушыларды қажетсіз ақпараттан қорғау үшін жаңа ақпараттық технологиялармен оқу орындарын және кітапханаларды бағдарламалық қамтамасыз ету.

Коммерциялық электрондық қызметтерді және электрондық коммерцияны дамыту

Қазақстандық шағын және орта бизнесті және қазақстандық қоғамды ақпараттандыру үшін коммерциялық электрондық қызметтерді енгізу және электрондық коммерцияны дамыту маңызды мәнге ие. Электрондық сауда алаңдарын, электрондық сөрелерді, онлайн-дүкендерді құру шағын және орта бизнес инвестицияларын Интернеттің қазақстандық сегментіне тартады, бизнесті жүргізудің үстеме шығындарын төмендетеді және отандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығуын жеңілдетеді, сондай-ақ салық салынатын базаны көтереді және сауданың көлеңкелі айналымнан жарым-жартылай шығуын қамтамасыз етеді.

Электрондық коммерцияның қазақстандық сегменті өсуінің негізгі факторы Қазақстанның интернет-тұтынушылары санының көбеюімен негізделетін өспелі ішкі сұраныс болады.

Берілген бағыттың даму стратегиясы электрондық коммерцияның дамуындағы мемлекет рөлінің артуынан және берілген секторға бизнес субъектілері тарапынан инвестицияларды көбейтуді ынталандырудан тұрады. Осы мақсатта мынадай қадамдар іске асырылады:



  1. электрондық коммерциямен байланысты интернет-жобаларды іске асыру әлеуеттілігін қамтамасыз етудің нормативтік құқықтық тетіктері әзірленді;

  2. электрондық коммерцияның және электрондық қызметтерді ұсыну стандарттарының нормативтік құқықтық базасы дамытылды;

  3. электрондық коммерциямен айналысатын компаниялар үшін жеткізудің ұлттық қызметінен арнайы тарифтер әзірленді.

Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту және бизнестің осы секторды инвестицияландыруын ынталандыру үшін мынадай тетіктер іске асырылады:

  1. электрондық ақшаларды пайдаланудың нормативті-құқықтық базасын әзірлеу және қалыптастыру;

2) электрондық коммерциямен айналысатын компаниялар үшін «Қазпошта» акционерлік қоғамының арнайы тарифтерін ұсыну.

4.3.4 БҚ-ны әзірлеудің және IТ-қызметтерінің секторын дамыту


Бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі, IТ-қызметтерін көрсету бойынша ішкі нарықты дамыту және IТ-қызметтеріндегі қазақстандық қамтудың үлесін 80 %-ға дейін, IТ-нарығындағы қазақстандық қамтудың үлесін жалпы алғанда 30 %-ға дейін көтеру арқылы экспорттық әлеуетті қалыптастыру.

Ішкі IТ-нарықты дамыту.

БҚ және IТ-қызметтерінің қазақстандық секторы өсуінің негізгі факторы экономикадағы және мемлекеттік органдардағы ақпараттық технологияларға шығындарды өсірумен және Қазақстанның негізгі салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен негізделетін болады.

Отандық компанияларға «қазақстандық қамтуды көбейту» тетігінің негізінде осындай жобаларды іске асыруға қатысудың нақты тетігі ұсынылады.

Берілген бағыттың даму стратегиясы БҚ және IТ-қызметтерін әзірлеу секторын дамытуда мемлекеттің рөлін арттырудан және бизнес субъектілерінің ақпараттық технологияларға шығындарын ынталандырудан тұрады. Осы мақсатпен мынадай қадамдар іске асырылады:

мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың тиімді ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыруға шығындарының жоспарлы өсуі;

мемлекеттік органдардың және ұлттық холдингтердің IТ-жобаларын іске асырудың әлеуеттілігін қазақстандық қамтудың үлесі жоғары және отандық өндірістің компьютерлік, телекоммуникациялық және басқа жоғары технологиялық жабдықты артық сатып алатын отандық IТ-кәсіпорындардың қамтамасыз етуінің нормативтік-құқықтық тетіктері әзірленеді;

жарғылық құжаттарды, жеке сектормен қамтылған қызмет түрлерін жою мақсатында, мемлекеттік IТ-кәсіпорындардың қызмет түрлерінің заңдылығымен сәйкестікке келтіру үшін ұсыныстар әзірленеді;

мемлекет 100% қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге жеке сектормен қамтылған қызмет түрлерін іске асыру бойынша құзырет беру тиімділігі жөніндегі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірленеді;

әлеуетінде коммерциялық қайтарымға ие, тұрғындарға және бизнеске ұсынылатын электрондық қызметтер саласындағы IТ-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-меншікті әріптестік қағидаттары әзірленеді;

мемлекеттік сатып алулар қатысушысын конкурс тәсілімен іріктеуде сапа және қызметтік толықтылық критерийлеріне талаптарды нақтылау бөлігінде мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама жетілдіріледі;

үлкен және күрделі ақпараттық жүйелерді құрғанда көпжылдық келісім-шарттарды құрылыспен үйлестіріп жасасу мәселелері шешіледі.

IТ-саласын және IТ-жобаларындағы қазақстандық қамтуды дамыту және ақпараттық технологияларды енгізуге бизнесті ынталандыру үшін келесі тетіктер іске асырылады:

мемлекет қатысатын мемлекеттік органдарда және компанияларда IТ-қызметтер аутсорсингке, одан соң сауда нарығына шығарылады;

бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласында ең үздік жетістіктерді мадақтау мақсатында әр түрлі конкурстар ұйымдастырылады.

Оның үстіне, IТ-нарығының үйлесімді дамуына ықпал ету мақсатында елдер мыналарды іске асырады:

IТ-нарығының құрылымын жақсарту (2014 жылы 172 млрд. теңгеге жетеді) және сәйкесінше IТ-қызметтерінің үлесін 30 %-ға дейін, ал елдің IТ-нарығының жалпы көлемінде қорабтықтың (лицензиялықтың) үлесін 15 %-ға дейін (25,8 млрд. теңгеге дейін) жеткізу бойынша шаралар қабылданды;

IТ-қызметтерінің секторын дамыту үшін транзитті магистралдарды қолданатын, трансұлттық компаниялар үшін IТ-қызметтерінің спектрін және көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін, еліміздің транзиттік әлеуеті қолданылады;

еңбек сыйымдылығы мен бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық жүйелерді әзірлеу жұмыстарының құнын және есептегіш-коммуникациялық жабдыққа жүйелік техникалық қызмет көрсету тарифтерін есептеу әдістемесін әзірлеу арқылы IТ-нарығындағы баға қалыптастыруға бақылау орнатылады;

ашық коды бар бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануды арттыру бойынша шаралар қабылданады, бұл шетелден шыққан лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алумен байланысты шығындарды қысқартуға көмектеседі;

IТ-нарығының объективті статистикасын қалыптастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және IТ-саланы дамыту бойынша шаралар қабылданды.

Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісін дамытуды және жалпылама сұранысқа ие бағдарламалық өнімдердің импортын алмастыруды ұйымдастыруды талап етеді.

БҚ отандық өндірушілер бөлігін мамандандыру бағыты мемлекеттік тапсырыстан лицензиялық БҚ өндірісіне, сұраныстағы өнімдер сыныбының импорт ауысуынан бастап, халықаралық нарыққа шығуға дайын өзіндік өндірістік кластерін қалыптастыру мүмкіндігін береді.

Бағдарламалық өнімдерді қолдануға дайын, өндіріс және дистрибуция саласында біліктіліктің жоғарылауы мен жинақталуы, отандық компанияларға шетелдік нарыққа тез қол жеткізу мүмкіндігін береді. Дайын БҚ-ның болуы, отандық компанияларға экспорт бойынша нақты және жемісті келіссөздер жүргізу мүмкіндігін береді. Одан басқа, дайын БҚ-мен соңғы тұтынушылармен байланыста шығындарды төмендетіп, жергілікті дистрибьюторлық/серіктестік желілер арқылы шетел нарығына шығуға болады.

БҚ және IТ-қызметтері секторының экспорттық әлеуетін дамыту

Қазақстанның алдында БҚ-ны жобалау мен әзірлеу және IТ-қызметтерін көрсетудің әлемдік нарығында өзінің мамандандырылуын айқындау міндеті тұр. Қазақстандық IТ-бизнестің шетел нарықтарына, ең алдымен, кеңестен кейінгі елдерге өктемдік саясаты мемлекеттің, оның ішінде, үкіметаралық келісімдер шеңберінде қолдауына негізделетін болады.

Экспорттық әлеуетті дамыту БҚ мен IТ-қызметтерінің ішкі нарығының дамуысыз, бәсеке ортасын жасаусыз, отандық тұтынушылар үшін ірі жобаларды іске асыру тәжірибесін алусыз (инкубациялық кезең) мүмкін емес. Тек ішкі нарықта жемісті даму, қазақстандық IТ-кәсіпорындарына IТ-тауарлары мен қызметтерінің халықаралық нарығына шығу мүмкіндігін береді.

БҚ мен IТ-қызметтерін әзірлеу секторының экспорттық әлеуетін дамыту стратегиясы сыртқы нарықтағы бәсекелестермен салыстырғанда отандық IТ-кәсіпорындарына бәсекелік артықшылықты беретін, ішкі нарықтың жұмыс шарттарын құрудан тұратын болады. Осы стратегияны іске асыру шеңберінде мемлекет мынадай қолдау шараларын ұсынатын болады:

шетелдік IТ-мамандардың Қазақстанға кіру және жұмысқа жалдау ережелерін оңайлату;

егер осы жобаларды іске асырудағы қазақстандық IТ-компаниялар жұмысының үлесі 70%-дан кем болмаған жағдайда, IТ-жобаларын қаржыландыруға мұқтаж шетелдеріне несиелерді беру.

Бұдан басқа, БҚ және IТ-қызметтері секторының экспорттық әлеуетін дамыту үшін мыналар қажет:

«Алатау» АТП АЭА-ны әрі қарай инфрақұрылымдық дамытуды жүзеге асыру;

IТ-жобаларын іске асыру үшін офсеттік келісім тетігін заңнамамен бекіту. Офсеттік келісім тетігі ҮИИД МБ шеңберінде мемлекеттен ірі тапсырыс алатын, шетел компаниясы қазақстандық IТ-компанияларына IТ-жобаларына мердігерлікті ұсыну жолымен, IТ-нарығының дамуына алынған қаржының бөлігін инвестициялау қажет.

4.3.5. Жоғары технологиялық жабдықтың отандық өндірісін дамыту


Қосымша құны жоғары және еңбек өнімділігінің деңгейі жоғары АКТ-өнімін өндіруді дамыту, дайын өнім импортын ел аймағында төмендету және қазақстандық қамтуды 10%-ға дейін жоғарылату арқылы ел экспорты құрылымындағы жоғары технологиялық өнімдер үлесін арттыру.

Ішкі нарықтың шектеулі сыйымдылығы және микроэлектрондық құрамдастардың дамыған отандық өндірісінің болмауынан осы бағытты дамыту стратегиясы жетекші әлемдік өндірушілермен бірлесіп, импортталатын құрамдастар негізінде құралатын өндірістерді ұйымдастыру болып табылады, олар технологиялар трансферті және ең алдымен аймақтық, сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететін болады.

Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар кең танымал (мысалы, дербес компьютерлерді жинау және өткізу) немесе көпжылдық өндіріс дәстүрі бар салаларда Қазақстан аумағындағы өндірісті дамытуды ынталандыратын ішкі кепілді тапсырысты, типтік жабдықтың ірі жыл сайынғы тапсырыстарын қалыптастыру арқылы қосымша құны неғұрлым жоғары өндіріс кезеңдеріне көшу бойынша алғышарттарды жасау қажет.

Бұдан басқа, ҮИИД МБ-ны жүзеге асыру шеңберінде, құрамына мыналар кіретін, IТ саласына тікелей инвестицияларды тарту үшін жағымды жағдайлар жасау көзделген:

Қазақстан Республикасы аймағындағы инвесторлар қызметін құқықты қорғау кепілі;

«Алатау» АТП АЭА-ның инфрақұрылымын дамыту.

Жоғары технологиялық өндірістерді орналастыру үшін АТП АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатымен мемлекетпен шаралардың мынадай кешені іске асырылады:

2010 – 2015 жылдарға арналған «Алатау» АТП АЭА-ны дамыту бойынша жаңа Тұжырымдаманың негізінде АТП АЭА-ның инфрақұрылымын дамыту қамтамасыз етілді;

Алматы қаласының бірқатар оқу орындарын (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті және IТ мамандарын дайындайтын жетекші тағы да басқа жоғарғы оқу орындары) кеңейту үшін студенттер мен оқытушыларға арналған жатақханалар, оқу корпустары мен зертханалары бар білім орталығы құрылды.

компьютерлік-коммуникациялық қондырғылардың отандық өндірушілері үшін ұзақ мерзімді тапсырыстар қоржынын қалыптастыру тетігі жасалды және іске асырылды.

«Алатау» АТП АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын жоғарылату мақсатында қондырғылар мен қызметтердің ірі өндірушілерімен келісуде офсеттік тетікті іске асыру жолымен қазақстандық қамтуды жоғарылатудың мемлекеттік саясаты құрастырылатын болады.

Мемлекет ҮИИД МБ шеңберінде елдің ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту мақсатында IТ және басқа да салалардағы ғылыми-зерттеулерді жүргізетін отандық компанияларға көмек көрсетуге дайын. Осындай қолдау шараларының бірі болып, «Өнімділік-2020» бағдарламасы саналады, олар мынадай құралдарды көздейді: несиелер/лизингтер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау; инновациялық гранттар; конструкторлық бюро құру; басқару технологияларын енгізу.

Бұдан басқа, АКТ саласында елдің зерттеу әлеуетін қалыптастыру және дамыту мақсатында бағдарламада шетелдік серіктестердің қатысуымен ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесін қарастыру көзделген. Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құрудың АКТ бойынша ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелер, стандарттау және нормативтік құжаттамалар, сертификаттау және метрология, жобалау-консалтингтік және коммерциялық қызмет салаларындағы мәні зор

Жалпы, озық әлемдік индустриялық парктердің тәжірибесін ескере отырып, IТ саласындағы ағымдағы инвестициялық жобалармен қатар, жаңа жоғары тәуекелді старт-аптарды қаржыландыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды құру қажет. Мемлекеттік қаржыландыру жобаны іске қосудың алғашқы кезеңінде ұсынылуға тиіс, жобаның толық қуатқа шығуында жоба коммерциялық қаржыландыруға көшуі мүмкін. Мамандандырылған қаржы ұйымы әр жобаның ерекшелігін ескере отырып, қаржыландырудың барлық түрлерін ұсынуға тиіс. Қаржы ұйымдарының алдына қойылатын негізгі міндет IТ-компанияларының қарыздық жүктемесін төмендетуге және жоғары технологиялық жабдықтың импортталуын алмастыруды арттыруға жәрдемдесу болып табылады.


Бұл ретте, «Алатау» АТП АЭА базасында жоғарғы технологиялар саласындағы инвестициялық IT-жобаларды қаржыландыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдар шеңберінде болашағы бар IT-стартап зерттеулерді қолдау мен дамыту және оларды одан әрі нарыққа шығару үшін бизнес-платформаны құруға мүмкіндік беретін бизнес-инкубаторларды енгізу.

4.3.6. Ақпараттық коммуникациялар саласында білім беруді дамыту


Қазақстан Республикасының АКТ саласын дамыту үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыру.

АКТ-ны дамыту қажеттілігін ескере отырып, заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес кадрларды дайындау жүйесін құру өткір проблемасы тұр.

АКТ саласында кәсіби және жоғары білімді дамыту үшін оны нарық талабына жақындату, мамандарға және оларды дайындауға тапсырысты қалыптастыруда бизнес рөлін күшейту қажет. АКТ мамандықтары түлектерінің саны (2008 жылы – 5300 адам) және оларды дайындау сапасы саланың болжанған мұқтаждығын қамтамасыз етпейді.Жалпы сарапшылардың бағасы бойынша саладағы мамандар қажеттілігінің өсуі 50% ғана.

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мынадай іс-шаралар көзделген:

ақпараттық коммуникациялар саласындағы әлеуеттік мамандықтарға талаптары бар біліктілік анықтамалығы әзірленетін болады, кадрларды даярлау жөніндегі салалық кеңес құрылады және сертификаттаудың тәуелсіз жүйесі енгізіледі;

ақпараттық-коммуникациялық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындары түлектерінің санын жыл сайын 8000 маманға дейін ұлғайту;

ақпараттық-коммуникациялық мамандықтар бойынша Қазақстан колледждерінде оқыту үшін мемлекеттік гранттар санын ұлғайту;

жаңа білім беру технологиялары мен халықаралық IТ-білім беру стандарттарының трансферті мақсатында отандық ЖОО-ның шетел университеттерімен ынтымақтастығын дамыту;

IТ-білім беру саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде Ақпараттық технологиялардың халықаралық университетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу жөніндегі орталықты дамыту;

жыл сайын 300 студент даярлай отырып, ақпараттық коммуникациялар саласында техникалық мамандар даярлау бойынша үш өңірлік колледж құру;

ірі отандық және халықаралық АКТ компанияларымен бірлесіп, Қазақстанның ЖОО-да АКТ саласында ғылыми-зерттеу зертханаларын және оқу кафедраларын ашу, оның ішінде АТП АЭА салудың 1-кезегінің қолданыстағы мүліктік кешені базасында ғылыми-техникалық орталық құру;

жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру инфрақұрылымының және ақпараттық коммуникация саласында мамандарды қайта даярлаудың негізгі элементі болатын ақпараттық коммуникация саласындағы Біліктілікті арттыру орталықтарын құру;

Қазақстанның жетекші АКТ-компанияларының Қазақстанның АКТ-саласы үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлау мақсатында отандық ЖОО базасында бірлескен магистрлік бағдарламалар құру.

4.3.7. Электрондық қызметтерді және ЭҮ-ні дамыту


Мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің ақпараттық жүйелерін қалыптастыру және дамыту, көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейту.

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерін автоматтандырудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жобалары және іске асыру бойынша іс-шаралар мынадай бағыттар бойынша топтастырылды:

ЭҮ-нің нормативтік құқықтық базасын және электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандарттарын дамыту;

ақпараттық қауіпсіздік талаптар және ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғауды ескере отырып, электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін (ведомствоаралық, ведомстволық және әкімдіктердің) ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және дамыту;

электрондық қызметтерді және ЭҮ-ні ілгерілету;

электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелілігі мен тиімділігінің көрсеткіштері негізінде даму бағыттары бойынша ЭҮ жағдайын мониторингілеу.



ЭҮ-нің нормативтік құқықтық базасын және электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандарттарын дамыту

Мемлекеттік электрондық қызметтерді ұсыну тетіктерінің жұмыс істеуі үшін нормативтік құқықтық база және мемлекеттік стандарттар әзірлеуге қажеттілік бар.

Бағдарлама аясында:

электрондық мемлекеттік қызметтердің үлгі регламентін, электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін әзірлеу және мемлекеттік қызметтердің стандарттарына тиісті өзгерістер енгізу;

мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

ЭҮ-нің ақпараттық жүйелерін пайдалану үшін нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесін әзірлеу;

ЭҮ интернет-ресурстарының және мемлекеттік интернет-ресурстардың контентін өзекті жағдайда қолдауға қойылатын бірыңғай техникалық және әдістемелік талаптарды әзірлеу;

ЭҮ-ні дамыту және электрондық қызметтер көрсетудің заңдылығы бөлігінде салалық заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу;

АКТ саласында жаңа стандарттарды өзекті ету, үйлестіру және әзірлеу жоспарланып отыр.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін АЖ-ды дамыту

Азаматтарға және бизнеске электрондық қызметтерді ұсыну үшін ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді одан әрі дамыту

Бағдарламаны іске асыру аясында «Жеке тұлғалар», «Заңды тұлғалар», «Жылжымайтын мүлік тіркелімі», «Мекен-жай тіркелімі» мемлекеттік деректер қорын жаңғырту жүргізіледі.

Бұдан әрі:

электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру бөлігінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы мен шлюзі дамиды. Бизнес-үдерістер, мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттары туралы ақпаратты өзекті ету, сондай-ақ азаматтар мен бизнес қоғамдастықтар үшін қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «электрондық үкімет» веб-порталында «Мемлекеттік қызметтердің электрондық тізілімі» іске асырылады;

барлық екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру бөлігінде ЭҮ-нің төлем шлюзі дамиды;

лицензияның 100-ден астам түрін ұсыну үдерістерін автоматтандыру бөлігінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры дамиды, оның нәтижесінде лицензиялардың 80 %-ын электрондық түрде беруге көшу қамтамасыз етіледі және 22 лицензиар мемлекеттік органда енгізу іске асырылады;

электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесі дамиды, оның нәтижесінде мемлекеттік сатып алуды электрондық түрге кезең-кезеңімен көшіру іске асырылады. Ақпараттық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру, мемлекеттік сатып алудың нормативтік құқықтық базаға сәйкестігін қамтамасыз ету, электрондық мемлекеттік сатып алудың әдістемелік базасын дамыту, тұтынушыларды қолдау сапасын көтеру жоспарланып отыр.

Халыққа қызмет көрсетуді мониторингілеу мақсатында Республиканың барлық аумағында Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметті ұсынуды есепке алуүрдістерін автоматтандыру бөлігінде халыққа қызмет көрсетуге арналған ықпалдасқан ақпараттық жүйе дамиды.

Электрондық мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын сәйкестендірудің және олардың құқықтарын бірыңғай басқарудың жүйесімен әзірленеді. Тұтынушының сәйкестендіргіші ретінде жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) қолданылады.

ЭҮ-нің ішкі контуры ретінде мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыру үшін мыналар жоспарланып отыр:

қағазсыз технологияға өту мақсатында электрондық құжат айналымы жүйесін жаңғырту және құжат айналымының 80%-ын электрондық түрге көшіру;

кадрлық есепке алудың және жалақы берудің орталықтандырылған жүйесін құру (е-кадрлар және е-жалақы);

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі үшін Ахуалдық орталық құру;

Қазақстан, Ресей, Беларусь арасындағы Кеден одағын құру аясында мынадай іс-шараларды іске асыру ұсынылып отыр:

ақпаратпен алмасу үшін мемлекетаралық шлюз құру;

лицензиялардың және рұқсат беру құжаттарының бірыңғай тізілімін құру.

мемлекетаралық электрондық құжат айналымының заңдылығын растау үшін сенімді үшінші тарапты құру.

Азаматтарға және бизнеске электрондық қызмет көрсету үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін қалыптастыру және дамыту

Мемлекеттік электрондық қызметтер көрсету бөлігінде мемлекеттік органдардың жаңа ақпараттық жүйелерін құру және қолданыстағыларын дамыту жоспарланып отыр.

Электрондық мемлекеттік қызметтерді ұсыну мақсатында құқық бұзушылық, әділет, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт, еңбекті қорғау және әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын пайдалану, қаржы, статистика, сыртқы қатынастар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тағы басқа салада мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту және кіріктіру бойынша жұмыстар атқарылады.

Мемлекеттік органдардың барлық іске асырылатын жүйелері ЭҮ бірыңғай құрылымының талаптарына сәйкестігін ақпараттандыру жөніндегі уәкілетті ұйымда міндетті сараптамадан өтуі тиіс.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін дамыту мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етудің бекітілген мерзімдеріне сәйкес іске асырылады.

Қазақстан Республикасының 15 әділет департаментінің, Қазақстанның барлық аумағы бойынша 15 өңірлік нотариалдық палатаның және 931 нотариустың жүйесіне қосу бөлігінде «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамымен Е-нотариат инвестициялық жобасын іске асыру жалғасады.



Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін электрондық қызметтерді көрсету үшін құру және дамыту (е-әкімдік).

Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) халыққа және бизнеске әлеуметтік мәні бар қызметтерді көрсетуді автоматтандыруды және қайта инжинирингтеуді қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ облыстар және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің техникалық жабдықталуын жаңғырту жоспарланып отыр. Облыс және Астана мен Алматы қалалары әкімдіктерінің Аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламаларын ақпараттандыру бойынша бөлімге ұсынымдар (бұдан әрі – ұсынымдар) әзірлеу жоспарланып отыр.

Аумақтарды дамыту бағдарламаларына ұсынымдар шеңберінде «ЭҮ шлюзінің кіші жүйесі ретіндегі «өңірлік шлюз» ақпараттық жүйесін, сондай-ақ әкімдіктер әзірлеген ақпараттық жүйелерді қолдану есебінен ЖАО-ның электрондық қызметтерін бірінші кезекте енгізу үшін қажетті іс-шаралар көзделген.

Өңірлік шлюз арқылы әкімдіктердің ақпараттық жүйелерінің ЭҮ инфрақұрылымына, оның ішінде ЭҮ-нің мынадай базалық құрауыштарына: ЭҮ шлюзіне, төлем шлюзіне, ЭҮ-нің веб-порталына, ұлттық куәландырушы орталыққа, мемлекеттік деректер қорына және орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қол жетімділігі қамтамасыз етіледі.

2014 жылға қарай өңірлік шлюзге 14 облыстық әкімдіктің, республикалық маңызы бар қалалардың 2 әкімдігінің ақпараттық жүйелерін қосу және жергілікті атқарушы органдардың кемінде 20 әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерін электрондық түрде іске асыру жоспарланып отыр.

Халықпен бизнес арасында электрондық қызметтерді ілгерілету

Электрондық қызметтерге қол жеткізу тетіктерін дамыту халық пен бизнесті кең жолақты Интернет желісіне қосу, ұтқыр сервистерді дамыту, қоғамдық қол жетімділік пункттерін (ҚҚП) кеңейту, азаматтарға консультациялық көмек көрсету үшін Call-орталықтарды және қашықтықтап оқыту орталықтарын дамыту арқылы іске асырылады.

Ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл арқылы ұтқыр сервисті ұсынуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Халыққа қызметтерді қолдану және кэш-терминалдары арқылы қолма қол ақша төлем жүргізу мүмкіндігін ұсыну жоспарлануда.

Бағдарлама шеңберінде ақпараттық теңсіздікті еңсеру және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Интернетті тәжірибелік қолдану жұмысына тұрғындарды оқыту бойынша жұмыстар жалғастырылады. ЭҮ-нің ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу негіздеріне оқытуды өткізу үшін оқу бағдарламаларын және қашықтық оқыту бағдарламаларын әзірлеу жоспарланып отыр.

IТ-жобаларды іске асыру арқылы электрондық қызметтер спектрін кеңейту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетігін қолдану жоспарланып отыр. МЖӘ жағдайында электрондық қызметтерді іске асыру кезінде өзара әрекет ету тетіктері ретінде жеке компаниялармен оңтайлы шарттарда бірлескен кәсіпорындарды құру нысанын (акциялардың, жарғылық капиталдардың үлесін иелену арқылы қатысу) қолдану жоспарланып отыр.

Электрондық қызметтер мен ЭҮ-ні ілгерілету мемлекеттік және мемлекеттік емес БАҚ қатысуымен, құрамына жарнамалық компанияларды, оның ішінде Интернет арқылы ұйымдастыру, сондай-ақ семинарлар, дөңгелек үстел, көрмелер мен ЭҮ-ні танымал ету бойынша басқа да іс-шараларды өткізуді қамтитын белсенді PR-саясаты жүзеге асырылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет