Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы


Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi



бет5/5
Дата26.06.2016
өлшемі351.5 Kb.
#159746
1   2   3   4   5

6. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

      Қазiргi заманғы жағдайда стратегиялық ресурсы адами капитал болып табылатын еңбек өнiмдiлiгi экономикалық өркендеу мен бәсекеге қабiлеттiлiктiң ұзақ мерзiмдi негiзiне айналуы тиiс. Мемлекет осы ресурстың дамуына үлес қосуы керек.


      Бiлiмдi адамдарсыз заманауи инфрақұрылымды дамыту, тиiмдi мемлекеттiк аппарат құру, қолайлы бизнес климатты қамтамасыз ету мүмкiн емес.
      Саяси ерiк пен мемлекеттiң жан-жақты қолдауының болуы осы реформаларды жүргiзуге негiз болып табылады.
      Бағдарлама екi кезеңде iске асырылатын болады: 2011 – 2015 жылдар мен 2016 – 2020 жылдар.
      Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде (2011 – 2015 жылдар) жекелеген бағыттар бойынша бiлiм берудi дамытудың модельдерiн әзiрлеумен, оларды сынақтан өткiзумен, сондай-ақ ауқымды қайта құрулар мен эксперименттердiң басталуымен байланысты жұмыстарды жүргiзу көзделген.
      Екiншi кезеңде (2016 – 2020 жылдар) басымдық жабдықтарды сатып алуды, бiлiм беру жүйесiн дамыту мiндеттерiн шешуге бағытталған iс-шараларға инвестициялар салуды (бiлiм берудiң материалдық инфрақұрылымын жаңғырту және басқа да шығыны көп жұмыстар, әдiстемелiк, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету) көздейтiн iс-шараларды жүзеге асыруға берiледi, негiзiнен, өткен кезеңдерде алынған нәтижелердi енгiзуге және таратуға бағытталған iс-шараларды iске асыру қарастырылған.
      Әрбiр кезеңде жылдар бойынша Бағдарламаның iске асырылу барысын және бағдарламалық iс-шаралардың бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйiне әсерiн сипаттайтын көрсеткiштердi өзгерту жоспарланған.

      Күтiлетiн нәтижелер:


      2015 жылға қарай өтпелi кезең аяқталады және Қазақстанның бiлiм беру жүйесi құрылымы, мазмұны, басқару мен қаржыландыру тетiктерi бойынша дамыған елдер моделiне сәйкес келетiн болады.
      Бiлiм беру жүйесiнiң дамуы бойынша Қазақстан ТМД елдерi арасынан көшбасшылық орындарға шығады.
      2020 жылға қарай бiлiм беру жүйесi жоғары бiлiм сапасы мен халықаралық индикаторлармен расталған адами капиталдың даму деңгейi түрiнде нәтиже беретiн болады.

      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай әлеуметтiк-экономикалық әсерлер қамтамасыз етiледi:


      2015 жылға қарай:
      1. Жаңа қаржы-экономикалық тетiк әзiрлеу.
      2. Электрондық оқыту жүйесiн құру.
      3. Оқытудың 12 жылдық моделiне көшудiң басталуы.
      4. Ұлттық бiлiктiлiк жүйесiнiң негiзi жасалады.
      5. Мектептiң және жоғары бiлiмнiң бағдарламалары кiрiктiрiледi.
      6. Бiлiмдi, ғылымды және өндiрiстi кiрiктiру басталады.

      2020 жылға қарай:


      1. Адами капиталдың сапасын арттыру мен еңбек ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiнен туындаған мемлекет экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру.
      2. Ғимараттарды жобалау, салу және қайта салудың жаңа принциптерiн ескере отырып, бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту. Тозған және апатты бiлiм беру объектiлерiн жою. Бiлiм берудiң технологиялық және әлеуметтiк инфрақұрылымын жаңғырту (асханалар мен спорт залдарын, автопарктердi, компьютерлiк техниканы жаңарту және т.б.).
      3. Бюджет қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру.
      4. Бiлiм беру саласының қолжетiмдiлiгiн, сапасын, ашықтығын арттыру; корпоративтiк басқару принциптерiн енгiзу.
      5. Нормативтiк-жан басына шағу принциптерi, ваучерлiк негiзде бiлiктiлiктi арттыру жүйесi негiзiнде орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа қаржы-экономикалық тетiктерiн енгiзу.
      6. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың вариативтi нысандарын енгiзу, балалардың мектепте бiлiм алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру, олардың жастай оңды әлеуметтенуiн қамтамасыз ету.
      7. Мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекторияларын пайдалану арқылы бейiндiк мектеп моделiн құру.
      8. Оқушылардың әлемдегi барлық бiлiм беру ақпараттық ресурстарына on-line арқылы қол жеткiзуiн қамтамасыз ету.
      9. Бiлiм беру сапасын бағалаудың облыстық жүйесiн енгiзу.
      10. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен ересектерге арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, мектептегi және кәсiптiк бiлiм берудiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ететiн оқытудың инклюзивтi жүйесiн құру.
      11. Республикада жаңа тұрпаттағы педагогтердiң қажеттi санын және тиiстi бiлiктiлiгiн қалыптастыру. Бiлiм саласы қызметкерлерiнiң еңбегiн экономикалық және әлеуметтiк жағынан ынталандыру жүйесiн, оқытушылардың еңбекақысын елiмiздегi орташа еңбекақы деңгейiне жеткiзетiн және жұмыс сапасын ынталандыратын еңбекақы төлеудiң икемдi жүйесiн енгiзуге басымдық беру.
      12. Iшкi нарықта бiлiм берудiң үлес салмағын арттыру, елiмiздiң бiлiм беру жүйесiндегi бiлiм беру қызметiнiң экспорттық көлемi мен құрылымын ұлғайту.
      13. Еңбек нарығының талаптарына сай келетiн, азаматтардың кәсiптiк, мансаптық және жеке тұлға боп өсуiне ықпал ететiн үздiксiз кәсiптiк бiлiм берудiң икемдi жүйесiн қалыптастыру.
      14. Бiлiм беруге мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiктi енгiзу.
      15. Кәсiптiк бiлiм бағдарламаларының, сондай-ақ ұлттық және халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының санын арттыру.
      16. Заманауи ғылыми бiлiм-бiлiкке ие және елiмiздiң инновациялық дамуына үлесiн қоса алатын ғылыми-педагог кадрларды даярлау.
      17. Бәсекеге қабiлеттi ғылыми-техникалық өнiмдi жасау және өткiзу.
      18. Жастар саясаты саласындағы iс-шараларды iске асыруға қатысатын жастардың үлесiн 55 %-ға арттыру.

7. Қажеттi ресурстар

      2011 – 2020 жылдары бiлiм беруге жұмсалатын бюджет шығыстарын кезең-кезеңiмен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы iшкi өнiмдегi үлесiн дамыған елдердiң орташа деңгейiне дейiн өсуiн қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


      Бiлiм беру саласында педагогтiк қызметтiң ерекшелiгiн ескере отырып, еңбекақы төлеудiң сараланған жаңа жүйесi әзiрленiп, енгiзiледi.
      Ауылдық ШЖМ педагогтерiн қолдауға арналған шаралар жүйесi қарастырылуда.

      Болжамды қаржы шығындары (күрделi және ағымдағы)


      Шығын құрылымында АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға, 3 ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердiң орнына бейiндiк, «Назарбаев зияткерлiк мектептерiн» салуға, жетекшi ЖОО-ларға шетелдiк ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға қабылдау бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына шығындар басым.
      Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн республикалық бюджеттен қаржыландырудың қосымша көлемi 461,1* млрд. теңгенi құрайды, оның iшiнде:
      2011 жылы – 59,7 млрд. теңге;
      2012 жылы – 62,3 млрд. теңге;
      2013 жылы – 52,8 млрд. теңге;
      2014 жылы – 145,9 млрд. теңге;
      2015 жылы – 140,4 млрд. теңге.
      Бағдарламаның iс шараларын жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиiстi жергiлiктi бюджеттерден бiлiм беру жүйесiн дамытуға бөлiнетiн қаражат шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.

      * 2011 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық бюджеттi бекiту кезiнде нақтыланатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет