Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Бағдарламаны iске асыру мақсаты, мiндетi, нысаналы индикаторлары және нәтижелерiнiң көрсеткiштерi



бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі311.5 Kb.
#8625
1   2   3

4. Бағдарламаны iске асыру мақсаты, мiндетi, нысаналы индикаторлары және нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

      1. Бағдарламаның мақсаты

      Бағдарламаның мақсаты - салалар мен өңiрлердiң инновациялық-технологиялық дамытуды тиiмдi басқару, жоғары технологиялық ШОБ-ты дамыту үшiн жағдайлар жасау және елдiң ғылыми және инжинирингтiк әлеуетiн арттыру есебiнен экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн арттыруды қамтамасыз ететiн ұлттық инновациялық жүйенi құру.
      2. Нысаналы индикаторлар:

р/с


Нысаналы индикаторлар

Өлш. бiр.

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1.

Халықаралық деңгейде танылған патенттердiң санын 2015 жылға қарай 30-ға дейiн ұлғайту

Бiр.

 
 


5

5

10

10

2.

Енгiзiлген жаңа технологиялардың және жүзеге асырылған тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердiң санын 2015 жылға қарай 200-ге дейiн және тиiсiнше 160-қа ұлғайту

Бiр.

 
 


20
20

50
30

60
50

70
60

3.

2015 жылға дейiнгi кезеңiнде инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту:

Бiр.
 

 
 

















Салалық орталықтар - 2










1

1

Конструкторлық бюролар - 3




1

1

1




Технопарктер - 4




1

1

1

1

Коммерцияландыру орталықтары - 70







9

15

21

25

4.

Елдегi кәсiпорынның инновациялық белсендiлiгiнiң үлесi 2015 жылға дейiн 10 %-ға артады

%

4,2

4,8

6,8

8,8

10

5.

Iрi шетелдiк компаниялармен бiрiгiп жоғары технологиялық өндiрiстер

Бiр.

-

-

1

-

1

6.

Инновациялық инфрақұрылым арқылы iске асырылған жобалардың саны

Бiр.
















Коммерцияландыру орталықтары

-

7

15

28

40

Технопарктер

30

40

50

60

70

Конструкторлық бюро:
- сертификатталған өнiм саны

5

10

15

20

20

- сатып алынған конструкторлық құжаттама саны

6

8

8

10

12

- әзiрленген конструкторлық құжаттама саны

-

4

6

10

15

7.

- IЖӨ-нен % ғылымға және инновацияларға арналған мемлекеттiк шығыстар

%

0,28

0,4

0,6

0,8

1,0

8.

IЖӨ-нiң жалпы көлемiндегi инновациялық өнiм үлесiн ұлғайту*

%

0,51

0,6

0,7

0,85

1,0

9.

Өнеркәсiптегi технологиялық инновацияларға арналған шығындар

Млн. теңге

31034

45000

60000

75000

98000

10.

2015 жылға қарай елдiң жалпы халқының 100 мыңына шаққанда инженерлiк-техникалық персоналдың санын ұлғайту

%

-

База

1,0

2,0

5,0

11.

Технологиялық инновацияларды әзiрлеуге және енгiзуге арналған шығындардың тиiмдiлiгiн бағалау (технологиялық инновацияларға арналған шығындардың көлемiне инновациялық өнiм көлемiнiң арақатынасы)

 
 


2,7

3,9

5,13

6,48

8,6

      * Бұл көрсеткiш Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жоғары технологиялық және орта технологиялық өнiмдердiң тiзiмiнiң бекiткеннен кейiн қайта қарастырылады.

      3. Бағдарламаның мiндетi:

      Өнеркәсiптi технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесi

      Осы бағдарламаның маңызды басымдылықтары өнеркәсiптi технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесiн құру болып табылады, оның негiзгi бағыттары 2010 - 2014 жылдарға арналған үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламасымен (бұдан әрi - ҮИИД бағдарлама) экономика салаларының бөлiгiнде макро деңгейiнде айқындалған.


      Осы Бағдарламамен, ҮИИД бағдарламасының кiшi бағдарламасы (iс-шарасы) ретiнде ғылыми-техникалық әлеуетiн алға қойылған мiндеттердi шешу мен ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау бөлiгiнде экономика салаларын технологиялық жаңғырту үшiн елдiң кәсiпкерлiк құрылымының кең ауқымын тарту, инновацияларды және жаңа технологияларды енгiзу мақсаты қойылады. Бұл ретте, технологиялар трансфертi деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң технологияларды енгiзу үдерiсi түсiнiледi, оларды пайдалану құқығы құқық иегерлерiнен заңды жолмен алынған.
      Технологиялар трансфертi жүйесiнiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
      технологиялық қажеттiлiктердi және технологиялық әзiрлемелердi анықтау;
      технологиялар трансфертiнiң Қазақстандық желiсiн дамыту;
      технологиялық нарықтың маркетингтiк зерттеулерiн жүргiзу;
      Технологиялар трансфертi жүйесiнiң пайдаланушыларын консультациялық және сараптық қолдау.

      Жаңа технологияларға сұранысты қалыптастыру



      Мынадай мiндеттердi iске асыру жолымен жаңа технологияларға сұранысты қалыптастыру маңызды фактор болуы тиiс:
      1) заңнама ортасының жаңа технологияларды сатып алуына ынталандыруды жасау;
      2) жаңа жоғары технологиялық өнiмдi жасау (сатып алу) үшiн мемлекеттiң жәрдемдесуi;
      3) басқару және технологиялық сауаттылықты көтеру.
      Қойылған мiндеттер мынадай жолмен шешiлетiн болады.
      1. Сұранысты ынталандыру үшiн жаңа технологияларға сұранысты жоғарылатуды қамтамасыз ететiн заңнамадағы заңнамалық бастамашылықтар пакетiн әзiрлеу қажет болады. Негiзгi шаралар салықтық, кедендiк, техникалық, экспорттық және өзге де реттеу арқылы кәсiпорындар жұмысының тиiмдiлiгiн арттыратын ҒЗТКӘ-ға және өзге де шараларға инвестициялаудың тартымдылығын арттыруға бағытталған.
      2. Өңiрлер мен ұлттық компаниялардың технологиялық даму бағдарламаларын қалыптастыру және iске асыру, сондай-ақ, тиiстi бөлiмдердi барлық мемлекеттiк органдардың салалық бағдарламалары мен стратегиялық даму жоспарларына енгiзу жолымен жаңа жоғары технологиялық өнiмдi жасауға жәрдем көрсету. Технологиялық дамудың бағдарламалары үшiн ақпараттық негiздi, оның iшiнде, Экономика саласындағы зерттеулер шеңберiнде әзiрленген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi аумақтық-кеңiстiктiк дамуының болжамды кестесi де құрайды.
      Технологиялық даму бағдарламасына қойылатын жалпы талаптарды индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен бекiтiледi. Бағдарламада технологиялық деңгейдi және салалар мен өңiрлердiң еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға, ШОБ желiсiн — жоғары технологиялық өнiмдер мен қызметтердi өндiрушiлердi дамытуға, елдiң ғылыми және инжинирингтiк әлеуетiн дамытуға бағытталған iс-шаралар қарастырылуы тиiс.
      Ғылыми-техникалық әлеуеттi дамыту, сондай-ақ, ғылымның, бiлiмнiң және өндiрiстiң ықпалдасуы мәселелерi ғылымды 2015 жылға дейiн дамытудың салалық бағдарламасы шеңберiнде кешендi түрде шешiлетiн болады.
      Инновациялық-технологиялық дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Технологиялық саясат кеңесiмен қарастырылады және бекiтiледi.
      Технологиялық жаңғыртуға ауқымды жәрдемдесуге бағытталатын меншiк нысанына қарамастан экономиканың басымды салаларындағы өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен ұйымдарда технологиялық аудит жүргiзу «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасы шеңберiнде маңызды шараға айналады. Аудит нәтижелерi кәсiпорынның технологиялық деңгейiн объективтi бағалауға және өндiрiстiң пайдаланбаған резервтердi экономикалық айналымға тарту, технологиялық жаңғырту жоспарларын қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл технологиялар мен жабдықтарды таңдау, басқару процестерiн оңтайландыру, сондай-ақ, өнiмдi сату өсiмi және қорландыру көзiн әртараптандыру кезiнде жәрдемдеседi.
      Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган сондай-ақ, ұлттық компаниялар және iрi отандық және шетелдiк инвесторлармен Қазақстан Республикасында өндiруге болатын өнiмнiң номенклатурасы мен оған қойылатын талаптарды анықтайтын технологиялық келiсiмшарттарды жасайды. Келiсiмшартта Қазақстан Республикасында өндiрiлген өнiмнiң бекiтiлген номенклатурасын ұзақ мерзiмге сатып алу бойынша мiндеттердi кiредi. Жоғары технологиялық өндiрiстердi дамытуды ынталандыру мақсатында отандық өндiрушiлерден инновациялық өнiмдердi әзiрлеу мен өндiруге арналған мемлекеттiк тапсырыс қарастырылады.
      3. Инновациялық қызмет саласындағы субъектiлердiң басқарушылық және технологиялық сауаттылықтың сапалы деңгейiн қамтамасыз ету.
      Атап айтқанда, инновацияларды дамытуға ықпал ететiн құзыреттiлiк деңгейi арттыру мен ортаны қалыптастыру туралы сөз болып отыр. Жаңа технологияларды енгiзуге ынтаны арттыруды, оған қоса меншiк нысандарына қарамастан экономиканың басым салаларында өндiрiстiк құрылымдардың ауқымды спектрi үшiн инновациялық белсендiлiктiң тартымдылығын қамтамасыз ету.
      Бұл ретте, инновацияларды оқыту және практикада қолдану бойынша арнайы салалық бiлiм беру бағдарламаларын, сондай-ақ инновациялық процестердi ауқымды ақпараттық-насихаттық қолдау бойынша шаралар кешенiн әзiрлеу мен қабылдау үлкен маңызға ие болуы керек.
      Бұдан өзге, инновациялық гранттарды беру жөнiндегi жаңа тәсiлдер шеңберiнде кәсiпорындардың басқару технологияларын енгiзуге арналған шығындарын iшiнара өтеу мүмкiндiгi көзделетiн болады.

      Жаңа технологияларға ұсынысты қалыптастыру



      Жаңа технологияларға тұрақты ауқымды ұсынысты қалыптастыру технологиялық сараптама мен аудит жүргiзу жолымен, сондай-ақ технологияларды енгiзу мен таратудың қаржылық ынталандыру шараларымен тұрақты мониторинг пен өнеркәсiп салаларының технологиялық қажеттiлiктерiн анықтай отырып, жүйелi түрде байланысты болуы тиiс.
      Алға қойған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi iске асыру қажет:
      технологиялық сараптаманы жүргiзу нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру;
      технологиялық аудиттiң нәтижелерi негiзiнде жаңа технологияларда (сұраныс) өнеркәсiп қажеттiлiктерiнiң тiзбесiн қалыптастыру;
      жаңа технологиялар мен әзiрлемелер (ұсыныстар) туралы ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн, оның iшiнде технологиялар трансфертi жүйесiнiң дамуы арқылы да қамтамасыз ету;
      конструкторлық бюроны, инновацияларды (бiлiм) тарату орталықтарын, коммерциялау орталықтарын және т.б. құруды қоса алғанда, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
      инновациялық гранттарды, оның iшiнде, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ, оның тиiмдiлiгiн (өнiмдiлiгiн) арттыруға бағытталған бизнестiң қолданбалы зерттеулерге шығындарды iшiнара өтеу бағдарламасын iске асыруға инновациялық гранттарды ұсыну.
      1. Технологиялық сараптама құны он мың есептiк көрсеткiштен асатын және мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыру алуға үмiткер (инновациялық және ғылыми гранттарды қоспағанда) немесе мемлекеттiк бағыныстағы ұйымдардың қаражаты есебiнен инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттiк сараптаманың ажырамас бөлiгiне айналуы тиiс.
      Технологиялық сараптама ережелерi, объектiлерi, өлшемдерi мен тәртiбi және басқа да байланысты нормативтiк құқықтық актiлердi индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мүдделi салалық ведомстволармен бiрлесiп әзiрлейдi және белгiленген тәртiппен бекiтiледi.
      Технологиялық сараптаманың құрылатын нормативтiк-құқықтық базасы атап айтқанда, ұсынылған технологиялық жобаларды қаржыландыру негiздемесiн, болашақта ескiрген немесе перспективалы емес технологиялар трансфертiн болдырмау, сондай-ақ мәлiмделген iс-шараларды қаржыландырудың қайталануын болдырмауды қамтамасыз етуi қажет.
      Технологиялық сараптаманы жүргiзудi Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық оператордың қолдауымен индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асыратын болады.
      2. Жаңа технологиялар жөнiндегi ұсынысты қалыптастыру ақпараттық ресурстармен толығымен қамтамасыз етуi қажет. Осыған байланысты, жаңа технологиялардағы өнеркәсiп қажеттiлiгiнiң тiзбесiн қалыптастыру өзектi болып табылады. Аталған тiзбеге өндiрiстiк кәсiпорындардың технологиялық аудит нәтижелерi, сондай-ақ, технологиялық мiндеттердi шешуге арналған олардың өтiнiмдерi енгiзiлетiн болады.
      Тiзбе индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның, инновациялық даму институтының ақпараттық ресурстарында орналастырылады, бұл жаңа технологиялар мен инновацияларды өндiрушiлер мен тұтынушыларының ауқымды ақпарат алмасуын қамтамасыз етуге, технологиялардың өркениеттi нарығын дамыту және ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бередi.
      3. Перспективада ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту жаңа өнiмдер мен технологиялық шешiмдердi енгiзуге, инновациялық жобалар мен қолданбалы зерттеулердi коммерциялауға жәрдемдесе отырып, байланыстырылады.
      Бұл ретте, ғылым саласындағы уәкiлеттi орган ғылыми ұйымдардың ғылыми-техникалық инфрақұрылымын жетiлдiру, ғылыми зерттеулердiң сапасын арттыру жөнiндегi жұмысты жалғастыратын болады.
      Отандық ғылыми ұйымдарды жоғары деңгейге шығару мақсатында олардың жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмыс күшейтiлетiн болады, олар нарыққа бәсекеге қабiлеттi және талап етiлетiн әзiрлемелердi, технологияларды, қызметтердi шығара алады.
      Бұл үдерiсте ЖОО әлеуетiн тарту ерекше рөлге ие болады. Жетекшi жоғары оқу орындары базасында өз даму бағдарламалары бойынша жүзеге асыратын зерттеу университеттерi құрылатын болады.
      Инженерлiк пәндерге ерекше назар аудара отырып, профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми деңгейiн тұрақты арттыру үшiн жағдай жасалатын болады.
      Технологиялық шешiмдер туралы ақпаратқа қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ететiн инновациялық инфрақұрылымды дамытуды алу. Аталған қызмет инновациялар, технологиялар мен бiлiм трансферттерi бойынша қызмет көрсетуге, қазақстандық және батыс әрiптестермен бизнес-кооперцияларды белгiлеуге, жаңа технологияларды, патенттер мен конструкторлық-технологиялық құжаттамаларды және т.б. сатып алуға байланысты болады.
      Кәсiпорындардың жаңа талап ететiн өнiмдердi жетелдетiп игеруi мамандандырылған конструкторлық бюро (КБ) желiлерiн құруға ықпал ететiн болады. Бiрiншi кезеңде аталған ұйымдар сұраныс нарығын және машина жасау өнiмдерiнiң ұсыныстарын талдау, iрi тұтынушылардың тапсырыстарына ықпалдасу, осы тапсырыстарды қазақстандық машина жасау кәсiпорындарында орналастыру және оларға бұйымдардың жаңа номенклатурасын игеруге қаржылық және қаржылық емес көмек көрсету мәселелерiмен айналысатын болады.
      Бұл ретте, қаржылық көмек бiрiншi кезекте, жетiспейтiн жабдықтарды сатып алуды қоса алғанда, конструкторлық құжаттамалар мен өзге де зияткерлiк меншiктердi, сертификаттауды сатып алу мен пысықтауға және қазақстандық және басқа да тауар нарығына шығуға байланысты өзге де шығындарға, өндiрiстiк желiлердiң техникалық дайындығына бағытталатын болады. Қаржылық көмек игерiлетiн номенклатуралар шығындарының барабарлығы, шығындарды iшiнара өтеу және бөлiнетiн қаржының қайтарылу принциптерiне берiлетiн болады.
      Кейiннен, КБ өндiрiлетiн өнiмдердiң сипаттамасын жақсартуда (өзiндiк құнын төмендету, сапасын арттыру, тұтынушылық ерекшелiктерiн жақсарту және т.б.) кәсiпорындарға жәрдемдесуге шоғырланады. Аталған екi кезеңдi ойдағыдай өткеннен кейiн КБ қағидаттық жаңа өнiмдi әзiрлеуде машина жасаушы кәсiпорындарды қолдау орталығы болады.
      2014 жылдың соңына дейiн жоғарыда көрсетiлген қағидаттарға жұмыс iстейтiн мынадай 5 салалық бюроны құру болжануда: мұнай-газ жабдықтары, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тау-кен металлургия жабдықтары, аспап жасау және көлiктiк машина жасау.
      Жетекшi ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлескен зерттеу және инжинирингтiк орталықтар құрылатын болады. Атап айтқанда, 2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында салалық металлургия орталығы құрылады, ал 2011 - 2013 жылдары мұнай-газ саласы мен агроөнеркәсiптiк кешенде салалық орталықтар құрылатын болады.
      Бұдан өзге, аталған саладағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүйесiнде Инновациялық жобаларды коммерциялаудың әдiстемелiк орталығын құру жоспарлануда. Ол технологияларды коммерциялау процестерiне қажеттi нормативтiк-құқықтық базаны, инновациялық қызмет субъектiлерiне кеңес беру және оқыту бойынша жүйелiк жұмыстарды, технологияларды коммерциялау тетiктерiне қатысты ауқымды мәселелерi бойынша әдiстемелiк құжаттамаларды әзiрлеудi, коммерцияландырудың өңiрлiк және жеке офистерiн қолдаудың бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз етедi.
      Елдiң маңызды өңiрлерiнде және технологиялық дамытудың басым салаларында технологияларды коммерциялаудың коммерциялық орталықтарын құруға жәрдем көрсетiлетiн болады. Жиынтығында бұл инновациялық қызметтi үйлестiру мен жандандыруды, технологиялар трансфертi кезiнде шағын инновациялық компаниялар мен iрi кәсiпорындарға көмек көрсетудi қамтамасыз етедi.
      Коммерцияландыру орталықтары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне әртүрлi қызметтердi (консультациялық, ақпараттық, маркетингтiк, құқықтық, патенттiк, бiлiм және басқалары) көрсету жолымен инновациялық тiзбектiң барлық сатылары бойынша инновациялық өнiмнiң жылжу үдерiсiн нақты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.
      Дүниежүзiлiк Банктiң «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберiнде Коммерцияландыру офисi құрылатын болады.
      Нақты зерттеулер мысалында ол әуелден талап етiлетiн нәтижеге және зерттеулердiң коммерциялық маңыздылығына бағытталған қазақстандық ғылымды шетелдiк мамандардың тәжiрибесiн пайдалана отырып, қалай ұйымдастыруға болатыны белгiленген.

      Технологияларды енгiзуге және таратуға жәрдемдесу



      Технологияларды енгiзудi және таратуды қаржылық ынталандыру жүйесiн құру. Қаржылық ынталандыру инновацияларға өнеркәсiптiк сұранысты жасаудың басты тәсiлi болып табылады. Технологиялық жаңғыртуды жүргiзетiн немесе инновациялық зерттеулердi жүргiзетiн өнеркәсiптiк кәсiпорындарды қаржылық қолдау жабдықтарды сатып алуға арналған салықтық жеңiлдiктердi беру жолымен көрсетiлетiн болады.
      Инновациялық гранттар беру бағдарламасы шеңберiнде технологиялар мен жаңа өндiрiс желiлерiн жобалау және iске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша инжинирингтiк қызметтердi сатып алуды қоса алғанда, кәсiпорындарды технологиялық жаңғыртуға жәрдем көрсетiлетiн болады.
      Инновациялық гранттар жүйесi мақұлдау рәсiмiнен және «Өнiмдiлiк-2020» бағдарламасына енгiзуден өткен кәсiпорындардан түскен өтiнiмдердi бағалаудың артықшылықтық режимiн көздейтiн болады.
      Жобалық және венчурлiк қаржыландыру. Инновациялық дамуды жобалық және венчурлiк қаржыландырудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 2010 жылдан бастап экономикалық қызметi түрлерiнiң жалпы (ЭҚТЖ) сыныптауышына сәйкес, инновациялық даму үшiн басым болып табылатын, жоғары технологиялық және орташа технологиялық өнiм түрлерiнiң тiзбесi мерзiм сайын жаңартылып, бекiтiлетiн болады. Осылайша, инновациялық салаларға инвестициялар мемлекеттiк бюджеттен және  бюджеттен тыс көздерден бөлiнетiн қаражатты шоғырландыруға қол жеткiзiледi.
      Венчурлiк капиталдың өңiрлiк және салалық бөлiкте қолжетiмдiлiгiн арттыру үшiн өңiрлiк және салалық венчурлiк қорлар құрылатын болады. Қаржыландырудың салалық басымдықтары мен өңiрлiк қаржыландыру құрылымын басқарушы компания әзiрлейдi және салалық және өңiрлiк венчурлiк қорлардың құрылтайшылары бекiтедi. Жеке және институционалдық инвесторлармен бiрге технологиялық даму жөнiндегi ұлттық оператор салалық және өңiрлiк венчурлiк қорлардың құрылтайшылары болып табылады.
      Инновациялық жобаларды жобалық қаржыландыру кәсiпорындардың жарғылық капиталында бақылаусыз қатысу жағдайында жүзеге асырылатын болады. Инновациялық жобаларды қаржыландырудың жоғары тәуекелдi сипатын ескере отырып, жоғары тәуекелдi жобаларға салымдардан инвестициялардың қайтарылуы мiндеттi, бiрақ қызметтiң кепiлдi нәтижесi емес болып табылады.
      Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық оператордың жарғылық капиталына қатысумен жобаларды iске асыратын кәсiпорындар инженерлiк мамандықтарға шектеусiз жоғары бiлiктi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға құқылы.
      Экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту мақсатында өндiрiстiк қуаттарын Қазақстан Республикасында орналастыру шартымен әлемнiң жетекшi компанияларымен технологиялық альянстар құрылатын болады.
      Кәсiпорындардың жаңа технологияларды қабылдау дайындығын арттыру жүйесiн құру. Технологиялық артта қалуды жедел қысқартуды ұстап тұратын негiзгi фактор өнеркәсiптiк кәсiпорындардың басқару құзыретiнiң және жұмыс персоналының жалпы бiлiктiлiк деңгейлерiнiң төмендiгi болып табылады. Сондықтан, кәсiпорындардың жаңа технологияларға бейiмдiлiгiн арттыру мемлекеттiк араласуын қажет ететiн мәселелердiң бiрi болып табылады. Осы бағыттағы мемлекеттiк қолдаудың негiзгi құралдары персоналдың бiлiктiлiгiн арттыруға арналған шығындарды өтеуге арналған гранттар болады.
      Халықаралық көрмелерге, оқыту семинарларына, форумдар мен конференцияларға қатысу жаңа әлемдiк инновациялық технологиялармен және әзiрлемелермен таныстыру арқылы трансферт және технологияларды коммерцияландыру саласында қазақстандық мамандарды кезең-кезеңiмен даярлауға мүмкiндiк бередi.

      Трансұлттық компанияларымен бiрлескен кәсiпорындар құру

      Трансұлттық корпорациялардың қатысуымен жоғары технологиялық секторларда iрi салалық кәсiпорындарының пайда болуы өнеркәсiптiк құрылымының жақсаруын қамтамасыз етедi және бүкiл экономикаға оң әсер етедi, шағын және орта бизнеске тауар жеткiзушi тауашаларын иемденуге мүмкiндiк бередi.
      Инновациялық салалар трансұлттық корпорацияларды тарта отырып, iрi сала құраушы жобаларға инвестициялар бөлу арқылы құрылады. Бұл үшiн жоғары технологиялық салаларда көшбасы әлеуеттi әрiптестер - трансұлттық компаниялармен (ТҰК) - жүйелi жұмыс реттеледi. Инновациялық даму институттары аталған схемада Ұйымдастырушы (әлеуеттi әрiптестердi айқындау және келiссөздер жүргiзу), сондай-ақ, сала құраушы жобаларда тең инвесторлар, сондай-ақ зәкiрлi компанияларға қызмет көрсететiн ШОБ кәсiпорындары рөлiнде шығады.
      Тартымды жағдайлар ретiнде шетелдiк компанияларға инфрақұрылыммен және салықтық жеңiлдiктермен қамтамасыз ету ұсынылады. Шетелдiк әрiптестер, өз кезегiнде, елiмiзге инвестициялармен қатар технологиялар мен басқарушылық шешiмдерi әкелуге мiндеттенедi. Елiмiзге трансұлттық компанияларды тартудың негiзгi құралы аумағында құрылатын зәкiрлi компаниялар орналасуы мүмкiн арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) болады.
      2015 жылға дейiн Қазақстанның жоғары технологиялық және орта технологиялық секторларында кем дегенде 2 сала құраушы бiрлескен кәсiпорындар құрылады.
      Бұдан өзге, сала құраушы жобалар үшiн тауарлар жеткiзу мен қызметтер көрсетуге бағдарланған ШОБ-тың кемiнде 15 кәсiпорны құрылады.

      Технологиялық болжау және жоспарлау

      Технологиялық болжау мен жоспарлауды өткiзу Бағдарламаны iске асыру мен жүргiзу кезiндегi ұзақ мерзiмдiлiк құрал болады. Бұл бiр жағынан өзiндiк құзыреттердiң дамуын қамтамасыз етуге, екiншiден нақты қысқа мерзiмдi мен ұзақ мерзiмдi даму стратегияларын анықтауға мүмкiндiк бередi.
      Технологиялық болжау мен жоспарлау жүйесiн енгiзу мыналарға бағытталған:
      технологиялық дамудың басым салаларын айқындау;
      сындарлы технологиялар бойынша технологиялық шешiмдер мен болжам инновацияларды бағалау;
      басымды салалар бойынша Ғылыми-технологиялық даму бағдарламаларын әзiрлеу.
      Технологиялық болжамдар мен жоспарлар тұрақты негiзде әзiрленедi. Олар: технологиялық дамудың ұзақ мерзiмдi болжамдарын қалыптастыруды; ұлттық экономикаға енгiзiлетiн сындарлы технологияларды анықтауды; әлемдiк инновациялық нарықтың жағдайын және технологиялық дамудың перспективаларын талдау; өткiзiлiп жатқан индустриялық-инновациялық саясаттың тиiмдiлiгiне талдау жасауды қамтамасыз етедi. Нәтижелердiң жоғары сапасын қамтамасыз ету үшiн, атап айтқанда, технологиялық болжауды жүргiзуде халықаралық тәжiрибеге ие беделдi шетелдiк ұйымдарды тарту жоспарлануда.
      Технологиялық болжау мен жоспарлаудың нәтижелерi салааралық ғылыми-техникалық жоспарды әзiрлеудiң (бұдан әрi - СҒТЖ), ал одан кейiн оны түзету мен толықтырулардың негiзiн құрайтын болады.
      Ұзақ мерзiмдi перспективада өнеркәсiптiң таңдап алынған және жаңа салаларында ғылыми-технологиялық дамудың басымдықтарын анықтауға олардың қорытындылары бойынша технологиялық мiндеттерi бар экономиканы дамытудың 10-20 жылға арналған басымдықтары анықталатын форсайттық зерттеулер (дельфийлiк сауалдар және т.б.) жүргiзудiң көмегiмен қол жеткiзiледi.
      Форсайттық зерттеулердiң нәтижелерiн талдау СҒТЖ-2020 өзектендiру үшiн негiз болып табылады. СҒТЖ технологиялық дамудың мақсаттарын, мiндеттерiн, басым бағыттарын айқындайды, оның негiзiнде технологиялық бағдарламалар жасақталатын болады.
      СҒТЖ шеңберiнде технологиялық бағдарламалар мен жобаларды iрiктеудi Технологиялық даму жөнiндегi кеңестер өткiзетiн болады, олардың құрамына бизнес, салалық қауымдастықтар, ғылыми ұйымдар мен мемлекеттiк органдарының өкiлдерi кiредi.
      Инновациялық даму нәтижелерiнiң объективтi бағасы үшiн «Фраскати Басшылығы» және «Осло Басшылығы» ғылым және инновациялар статистикасының әдiстемесiне сәйкес қазақстандық статистикалық көрсеткiштердiң дүниежүзiлiк стандарттарға бейiмделу қажет. Бұл ретте, инновациялық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттiк органдардың қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау тұрақты түрде жүргiзiлетiн болады. Бағалау нәтижелерi бойынша елдiң инновациялық қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсынымдар қалыптастырылатын болады.

      Қолданбалы ғылымның нарықтың қажеттiлiгiне бағдарлануы



      Бағдарлама мақсаттардың бiрi ретiнде қолданбалы зерттеулердiң нәтижелерiн, әзiрлемелерi мен экономиканың нақты секторының қажеттiлiктерiне инновацияларды бағдарлауды қояды. Өнеркәсiп өтiнiмдерi бойынша ғылыми-технологиялық бағдарламаларының шеңберiндегi зерттеулердi мемлекеттiк қаржыландыру мен шығындарды iшiнара өтеу, сондай-ақ, қолданбалы ғылыми зерттеулердi, тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердi және инжинирингтiк жұмыстарды жүргiзуге шағын және орта бизнес субъектiлерiн (ШОБ) тарту маңызды элемент болады.
      Мақсатқа жету мынадай мiндеттердi iске асыруға негiзделедi:
      1) технологиялық зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды өткiзуге мемлекеттiң шығындарды өтеуi;
      2) ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
      3) ғылыми-зерттеу институттарындағы, университеттерiндегi технологиялар трансфертi;
      4) жетекшi әлемдiк ғылыми мектептермен бiрге ынтымақтастықты қарқынды дамыту;
      5) бiлiктiлiктi жоғарылатуды қоса алғанда, бәсекеге қабiлеттi ғылыми кадрларды даярлау.
      1. Қолданбалы зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар саласындағы (ТКЖ) негiзгi екпiн ғылымды, өндiрiс пен бiлiмдi интеграциялауға; СҒТЖ басымдықтары және ғылыми-техникалық дамудың басқа да басымды бағыттары бойынша, оның iшiнде, елдiң Мемлекеттiк үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберiнде ғылыми-зерттеу қолданбалы бағдарламаларын қалыптастыруға; жеке бизнес тапсырысы бойынша ғылыми ұйымдар орындайтын зерттеу жұмыстарын мемлекеттiң шығындарды iшiнара өтеуiне; қолданбалы ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар және инжиниринг саласындағы ШОБ-ты мақсатты дамытуға бағытталады.
      Осы мақсатта елдегi ғылымды қаржыландыру деңгейiн 2014 жылға қарай ЖIӨ-нiң 1 %-ына дейiн және 2020 жылға қарай ЖIӨ-нiң 2 %-ына дейiн арттыру жоспарлануда, ал мемлекеттiң шығындарының үлесi 2014 жылға қарай ЖIӨ-нiң 0,5 %-ын және 2020 жылға қарай ЖIӨ-нiң 1 %-ын құрайды.
      Қолданбалы зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелер жүргiзудiң басым бағыттарындағы технологиялық зерттеулердi iшiнара өтеу кәсiпкерлiк белсендiлiктi дамытуға және инновациялық құрылымдар желiлерiн қалыптастыруға бағытталған.
      Өнеркәсiп салаларындағы және «келешек экономикасы» бағыттарындағы технологиялық даму бағдарламаларын iске асыруды қалыптастыруды және үйлестiрудi СҒТЖ көрсеткiштерiне сәйкес инновациялық қызметтi әзiрлеу, мемлекеттiк саясатын iске асыру және үйлестiру саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асыратын болады.
      Мемлекеттiк бюджет қаражатынан қолданбалы зерттеулер мен ТКЖ-нi қаржыландыру заңнамада белгiленген, оның iшiнде гранттық және бағдарламалық нысаналы қаржыландыру нысандарында жүзеге асырылады.
      Қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламасын ғылым саласындағы уәкiлеттi орган және салалық уәкiлеттi орган қалыптастыратын болады, оларды iске асыруды ғылым саласындағы уәкiлеттi орган үйлестiретiн болады.
      2. Ғылыми инфрақұрылымды кеңейту және дамыту зерттеулердiң басым салаларында технологиялық және инновациялық құрамдауыштардың мүмкiндiктерiн кеңейтумен байланысты. Аталған мақсатқа қол жеткiзу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарының дамуына мемлекеттiк қолдау көрсетiлетiн болады.
      Бизнеспен бiрлесiп, жетекшi университеттердiң жаңа ғылыми-зерттеу құрылымдары (бiрлескен ғылыми-зерттеу орталықтары) ашылатын болады. Практика мұндай жобаларды университеттердiң жанынан iске асырған неғұрлым тиiмдi екенiн көрсетiп отыр. Бұл өнеркәсiптiң тапсырысы бойынша қолданбалы зерттеулер мен әзiрлемелердi жүргiзуге профессорлық-оқытушылық құрамды, докторлар мен студенттердi тартуға және тәжiрибеде ғылымның, бiлiм мен өндiрiстiң ықпалдасу принципiн iске асыруға мүмкiндiк бередi.
      3. Халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты қарқындандыру жетекшi шетелдiк ғылыми-зерттеу институттарымен бiрге бiрлескен зерттеулердi қаржыландыруға мемлекеттiк көрсетуiмен байланысты болады. Бұл ынтымақтастықтың басым бағыты iргелi және қолданбалы ғылымдар салалардағы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын өткiзу жетекшi халықаралық ғылыми орталықтармен бiрге халықаралық ғылыми орталықтар құру болады. Қарым-қатынас және отандық ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн тарату үшiн маңызды элемент шетелдiк ғалымдарды тарта отырып, ғылыми симпозиумдар, конференциялар, семинарлар өткiзу болады.
      4. Экономиканың басым секторларының кадрларын даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы реформа нақты сектор қажеттiлiктерiне, технологиялардың қазiргi заманғы деңгейiне бағдарланумен байланысты болады. Бiлiм сапасы мен оқыту бағдарламаларының әлемдiк стандарттары енгiзiлетiн, сондай-ақ, бастапқы бiлiм беруден бастап кадрларды даярлаудың бүкiл жүйесi қайта жасалатын, бiрiншi кезектi, техникалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға бағыт алынатын болады. Бұдан өзге, жоғары бiлiм саласында инженерлiк мамандықтарға арналған бюджеттiк квоталар ұлғайтылатын болады.
      Шетелдердiң тәжiрибесi бойынша ЖОО ғана емес, сонымен қатар, кәсiпорындардың студенттерге жетекшiлiк ету жолымен, өз өндiрiсiнде даярланған маманды одан әрi пайдалану мақсатымен кәсiпорындарда өндiрiстiк практикадан өту және жоғары технологиялық жабдықтарда оқыту мүмкiндiгiн ұсыну көзделетiн болады.
      Iрi шетелдiк және өнеркәсiптiк компаниялардың зерттеу және өндiрiстiк бөлiмшелерiнде инженерлердiң тағылымдамасы бойынша арнайы бағдарламаларды әзiрлеу қажет.
      Жаһандану мен ықпалдасудың әлемдiк үдерiстерiн ескере отырып, отандық өнеркәсiптiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру үшiн бұл мәселенi маңызды талап ретiнде қарастыра отырып, жастарды және жұмыс iстейтiн инженерлiк қызметкерлердi оқыту жөнiндегi жүйелiк жұмысты ұйымдастыру қажет.
      Ғылыми зерттеулердi жүргiзу үшiн пайдаланылуы мүмкiн қазiргi заманғы жабдықпен зертханаларды жарақтандыру бөлiгiнде ЖОО мен ҒЗИ-ды материалдық қамтамасыз ету мәселесi жүйелi негiзде шешiлетiн болады.
      Аталған бағыттарды iске асыру үшiн ғалымдар мен инженерлердi үшiн әлеуметтiк пакеттi ұсыну мәселесiн қамтитын (тұрғын үй, жалақыға үстемеақы және басқалары) таланттарды дамытудың нысаналы бағдарламасы әзiрленетiн болады.
      Бұл ретте, инженерге құрмет идеологиясын дамыту, оның кәсiбiн беделдi ету қажет. Бағдарлама отандық инженерлiк карларға ғана емес, сонымен қатар, шетелден жоғары бiлiм деңгейi бар инженерлiк-техникалық қызметкерлердi тарту үшiн қолайлы жағдай жасау тиiс шараларды көздеуi тиiс.
      Бұдан өзге, ЖОО және ҒЗИ зерттеушiлерiн, сондай-ақ, кәсiби инженерлердi шетелде тағылымдамадан өткiзу және оқыту көзделуi тиiс.
      Бұл мәселелер егжей-тегжейлi ғылым саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн ғылымды дамытудың салалық бағдарламасында көрсетiлетiн және iске асырылатын болады.
      Ғылымды дамыту инновациялар үшiн негiз болып табылатын назарға ала отырып, бизнестiң қажеттiлiктерiне қайта жүктеу жолымен оны дамытуға жаңа ғылыми жүйелiк тәсiл жүзеге асырылатын болады.

      Инновациялық кластерлердi қалыптастыру

      Iрi университеттер, ғылыми орталықтар, кәсiпорындар, отандық және шетелдiк инвесторлардың, инновациялық өндiрiс немесе технологиялар трансфертiмен айналысатын басқа да құрылымдар арасындағы байланысты қамтамасыз ететiн инновациялық ортаны қалыптастыру мақсатында инновациялық кластерлер құрылатын болады.
      Инновациялық кластерлердi дамыту бiлiмнiң, ғылымның, қаржы мен бизнестiң синергиясын қамтамасыз етедi.
      Инновациялық кластерлердi қалыптастыру үшiн мынадай талаптардың болуы қажет:
      1. ЖОО-ның, ғылыми ұйымдардың, iрi компаниялардың зерттеу бөлiмшелерiнiң, инвестициялық қордың және инновациялық ШОБ-тың болуы;
      2. Еркiн қолжетiмдiлiк және кластер қатысушылары арасында ақпаратпен алмасу бойынша талаптар;
      3. Қолайлы кәсiпкерлiк орта;
      4. Тиiстi инженерлiк-техникалық инфрақұрылым (коммуникациялар, жолдар, тұрмыстық жағдайлар);
      5. Ғылыми, инженерлiк және адам қарым-қатынасының сыртқы шетел ортасымен еркiн режимi;
      6. Таланттарды тарту үшiн жағдай жасау.
      Бұл ретте, зерттеу, оқыту, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк сынамалау және жаңа ғылымды қажетсiнетiн технологияларды енгiзу технопарктер, бизнес-инкубаторлар, оның iшiнде гранттар мен әртүрлi қорлар есебiнен шағын инновациялық компаниялар құру арқылы жүргiзiлетiн болады.
      Пилоттық ретiнде ұлттық деңгейде мынадай жобалар iске асырылуда - Назарбаев Университетi, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қаласы) және «Алатау» ақпараттық технологиялар паркi және Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Научный кентiнде Ғылыми бiлiм беру кешенiн (агроөнеркәсiптiк кешен) құру бойынша ұсыныстар енгiзiлген.
      Өңiрлiк деңгейде бұндай жобалар iске асуы мүмкiн.
      Өңiрлiк деңгейде негiзiн жетекшi жоғары орындар немесе технопарктер құрайтын жоғары технологиялар аймағы құрылатын болады. Мысал ретiнде «Алтай» Шығыс Қазақстан өңiрлiк технопаркi болып табылады.
      Бұл ретте, 2011 жылы инфрақұрылымды салу, шетелдiк басқарушы компанияны тарту, IТ-университеттi құру шеңберiнде көзделетiн «Алатау» ақпараттық технологиялар паркi инновациялық хаб ретiнде қарастырылады. Бұл мақсатта 2010 жылы «АТП» АЭА дамыту тұжырымдамасы бекiтiледi және ТЭН әзiрленедi, сондай-ақ, инфрақұрылым құрылысының аяқталуына қаражат бөлiндi.
      Бағдарламаның аталған бағытын iске асыру нәтижесiнде бiлiм беру мекемелерiнде инновациялық қызметтi жандандыру, сондай-ақ, инновациялық қызметтi ғылыми-технологиялық сүйемелдеуге қол жеткiзiлетiн болады, ғылымның, бiлiм мен өндiрiстiң ықпалдасуы пайда болады.

      Инновациялық жобалар мен компанияларды ынталандыру шаралары



      Инновациялық гранттар нақты бағыттар бойынша әзiрленетiн гранттық бағдарламалар шеңберiнде берiлетiн болады. Гранттық бағдарлама инновациялық гранттарды алуға арналған өтiнiмдердi iрiктеудiң өлшемдерiн, жылдар бойынша бағдарламаға арналған бөлiнетiн қаражаттың көлемiн, сондай-ақ, жобаны қаржыландырудың барынша көп көлемi мен үлесiн, өтеуге жататын шығыстардың рұқсат етiлетiн түрлерiнiң тiзбесiн, нәтижелiлiктiң басты көрсеткiштерiн белгiлейдi.
      Инновациялық гранттарды берудiң негiзгi бағыттары мыналар болады:
      Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың тиiмдiлiгiн арттыру;
      ТКЖ жүргiзу;
      Гранттық бағдарламаларды әкiмшiлiктендiру жөнiндегi функция технологиялық саясат жөнiндегi ұлттық операторға жүктеледi.
      Инновациялық грантты беру туралы шешiмдi кем дегенде 2/3 тәуелсiз, оның iшiнде шетелдiк сарапшылардан, ғылымның, бизнестiң, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерiнен тұратын технологиялық салалық кеңес қабылдайды.
      Инновациялық гранттарды беру тәртiбiн Үкiмет бекiтетiн болады.
      Технологиялық бизнес-инкубаторлау. Технопарктер, сондай-ақ, индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган әкiмшiлiктендiретiн тиiстi тұрақты жұмыс iстейтiн бюджеттiк бағдарлама қолдаудың аталған түрiн жүзеге асыру үшiн жүйелiк негiз болып табылады.
      Әр технопаркте қазiргi заманғы физикалық инфрақұрылым жасалатын және технопарктiң қызмет кешенiн пайдаланатын инноваторлар, инновациялық компаниялар мен басқа да тұлғалар келуi үшiн қолайлы жағдайлар қамтамасыз етiлетiн болады.
      Технопарктердiң қызметi (алаңдар, консультациялық, заң, бухгалтерлiк қызметтер, телефон байланысын, интернеттi, мамандандырылған жабдықты пайдалану) аталған бюджеттiк бағдарлама қаражаты есебiнен жеңiлдiктi немесе тегiн көрсетiлетiн болады.
      Жобаны инкубациялаудың ең көп мерзiмi - 24 ай. Аталған мерзiм iшiнде жоба сатып алынатын бизнес деңгейiне шығуға немесе келешегi жоқ ретiнде қолдау тоқтауы тиiс. Технопарк инкубациялаған сәттi және келешегi жоқ жобалардың арақатынасы оның жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың негiзi болады.
      Жобаларды iрiктеу тәртiбi, олардың мониторингi, инкубациялау бойынша қызмет ұсыну, сондай-ақ жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн бағалау тәртiбi мен технопарктердiң қызметiн регламенттейтiн өзге де құжаттарды инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн болады.
      Инновациялық жобаларды тiкелей жобалық және венчурлiк қаржыландыру.
      2010 - 2014 жылдарға арналған венчурлiк инвестициялар дамуының бағыттары өңiрлiк және салалық венчурлiк қорларды құру болып табылады. Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық оператор венчурлiк нарыққа қатысушыларға қаржылық, әдiстемелiк, консультациялық және ақпараттық қолдау көрсететiн, сондай-ақ, олардың бiлiктiлiгiн арттыру, олардың арасындағы ақпараттық, сараптық және өзге де өзара iс-қимылды орнату жөнiндегi бағдарламаларды iске асыратын болады.
      Кәсiпкерлер инвестициялық қолдау объектiлерi болып табылады, артықшылық шағын инновациялық бизнес жобаларға берiледi. Өңiрлерде инновациялық жобаларды қаржыландыруды олардың түсуi бойынша венчурлiк қорлар жүзеге асыратын болады.
      Тiкелей жобалық қаржыландыру мынадай схема бойынша жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға бағытталған жобаларға қатысуға арналған фокус бiртiндеп ауысатын болады: жаңа өндiрiстiк жабдықты сатып алуды көздейтiн кәсiпорындарды қайта құрылымдау жөнiндегi бiрыңғай үйлестiру кеңесi мақұлдағаннан кейiн Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық оператор жеңiлдетiлген схема бойынша жаңғырту iс-шараларын iске асыру үшiн жеткiлiктi сомада кәсiпорынның жарғылық капиталында қатысу мүмкiндiгiн қарастырады. Оларды енгiзудi аяқтағаннан кейiн меншiк иесi төлеммен оператордың үлесiн, оның iшiнде, белгiлi бiр маржамен керi сатып алуды жүзеге асырады.
      Венчурлiк және жобалық қаржыландыруды iске асыру үшiн қажеттi қаражат белгiленген рәсiмдерге сәйкес жыл сайынғы негiзде айқындалады.
      Аталған бағыттың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн заңнама тәртiбiмен венчурлiк қорлар мен өндiрiстiк компанияларда Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық оператордың қатысу үлесiн сатып алуды жеңiлдету жөнiндегi шаралар қарастырылатын болады.
      Бұдан өзге, технологиялық даму жөнiндегi уәкiлеттi орган Ұлттық оператормен бiрге «бизнес-перiштелер» деп аталатын венчурлiк капиталистердi Қазақстанда дамыту үшiн жағдай жасауға кiрiседi.

      Инновациялық ортаны дамыту

      Бағдарламаны iске асырудың маңызды бағыты қолайлы инновациялық ортаны дамыту үшiн жағдай жасау және шараларды iске асыру болып табылады. Ол шешiм қабылдаудың бiрыңғай жүйесiн қалыптастыруды және инновациялық саясатты, елдiң инновациялық жүйелерiнiң барлық деңгейлерiнiң тиiмдi өзара iс-қимыл механизмдерiн iске асыруды үйлестiрудi қамтиды. Жүйе ұлттық, салалық, өңiрлiк деңгейлерде инновациялық даму саясатының тиiмдiлiгiн және ұлттық инновациялық жүйенiң (ҰИЖ) барлық деңгейлерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге тиiс.
      Бағдарлама шеңберiндегi алдағы жұмыстың маңызды аспектiсi қоғамда инновациялық мәдениеттi қалыптастыру болып табылады. Ол, атап айтқанда инновациялық қызметтi насихаттауды, инновациялық ұлттық дiлдi қалыптастыруды, қоғам, инноваторлар, бизнес пен мемлекет арасындағы керi байланыс жасауды қамтиды.

      Мемлекеттiк басқару тетiктерiн жетiлдiру және Ұлттық инновациялық жүйесiн дамытуды үйлестiру



      Технологиялық дамуды басқару жүйесi. Ұлттық деңгейдегi инновациялық жүйенiң жұмысын үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн шешiм қабылдау мен инновациялық саясатты iске асыруды үйлестiрудiң иерархиялық жүйесi құрылады.
      Елде индустриялық саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметi мен уәкiлеттi органның жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi орган құрылады.
      Технологиялық және инновациялық қызметтi басқаруды:
      Технологиялық саясат жөнiндегi кеңес;
      Технологиялық салалық кеңестер;
      Мемлекеттiк саясатты әзiрлеу, iске асыру және инновациялық қызметтi үйлестiру саласындағы уәкiлеттi орган;
      Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық оператор;
      Салалық уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
      Жүйенiң жоғарғы үйлестiрушi буыны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқаратын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы технологиялық саясат жөнiндегi кеңес болады. Кеңес және оның дербес құрамы туралы ереже заңнамада белгiленген тәртiппен әзiрленедi және бекiтiледi.
      Технологиялық даму жөнiндегi комиссия мемлекеттiк органдар басшыларының, ұлттық компаниялардың, iрi бизнес және қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiнiң, Нобель сыйлығы лауреаттарының деңгейiндегi шетелдiк сарапшылардың арасынан құрылады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi. Бұл ретте, бизнестiң, үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар, сондай-ақ, сарапшылар құрамның кемiнде үштен екiсiн құрауға тиiс.
      Технологиялық саясат кеңестiң негiзгi мiндеттерi мыналар:
      индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы, оның iшiнде салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды бекiту және өзектi сипат беру, сондай-ақ, әзiрлеуге ұсынылатын технологиялық бағдарламалардың тiзбесi жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың негiзi бағыттарын анықтау;
      гранттық бағдарламаларды iске асырудың негiзгi бағыттарын;
      жоғары технологиялы және орташа технологиялы өнiмдердiң тiзбесiн қалыптастыру болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi (бұдан әрi - ИЖТМ) мемлекеттiк саясатты әзiрлеу, iске асыру және елдегi инновациялық қызметтi үйлестiру саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - Технологиялық саясат жөнiндегi кеңестiң жұмыс органы болады.
      ИЖТМ жыл сайын елдiң технологиялық дамуының негiзгi нәтижелерi туралы Мемлекет басшысына баяндама ұсынатын болады.
      Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық оператор ретiнде инновациялық саясатты iске асыру тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн инновациялық даму процестерiн үйлестiру және мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну жөнiндегi Қазақстан Республикасындағы уәкiлеттi органның жалғыз операторы - «Технологиялық даму жөнiндегi ұлттық агенттiк» (ТДҰА) АҚ-ы құрылатын болады.
      Технологиялық салалық кеңестер қызметiнiң мақсаты «Индустриялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының заңымен регламенттеледi және мыналар бойынша:
      мемлекеттiк бюджет есебiнен салалық қолданбалы технологиялық бағдарламаларды өткiзудiң басым бағыттарын анықтау;
      гранттық бағдарламалардың жобаларын қалыптастыру және бекiту;
      гранттық бағдарламалар шеңберiнде олардың әрқайсысы бойынша қаржыландыру лимиттерiн бөле отырып, жобаларды қаржыландыру;
      гранттық бағдарламаларды iске асыру, сондай-ақ, оларды мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы ұсыныстардың мониторингi және тиiмдiлiгiн талдау;
      тиiстi салаларда iске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық даму саясатын жақсарту жөнiнде ұсыныстар қалыптастыру бойынша ұсыныстар беруден тұрады.
      Агенттiк функциясына мыналар кiретiн болады: Технологиялық саясат жөнiндегi кеңестiң, технологиялық салалық кеңестердiң жұмысын қамтамасыз етудi қоса алғанда, инновациялық жүйенi дамыту жөнiндегi жұмыстар, инновациялық даму үдерiстерiне ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу; технологиялық болжау және жоспарлау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу, Салалық кеңестерге қарауға ұсынылатын технологиялық бағдарламалардың тақырыптарын үйлестiру, сондай-ақ, жобаларды орындауға арналған конкурстарды өткiзу, қаржыландыруды ұйымдастырушылық-операциялық сүйемелдеу және өткiзiлетiн жобалардың нәтижелерiне мониторинг жүргiзу, инновациялық жобалар бойынша ақпараттық дерекқорды жасау және коммерцияландыру жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыру; инновациялық инфрақұрылымды басқару, халықаралық ұйымдармен оларды ақпараттық, бiлiм беру және қаржылық ресурстар мәнiне тартуға ынтымақтастық.
      ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Салааралық ғылыми-технологиялық жоспарды әзiрлеу және iске асыру, олардың мемлекеттiк бюджеттiң қаражатынан қаржыландыру көлемiн анықтауды қоса алғанда, технологиялық бағдарламаларды келiсу арқылы салалық министрлiктердiң, ұлттық компаниялардың және даму институттарының технологиялық даму жөнiндегi қызметтерiн үйлестiрудi жүзеге асыратын болады.
      Технологиялық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды гранттық қаржыландыруды Технологиялық даму жөнiндегi агенттiк арқылы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi жүргiзетiн болады.
      Ғылыми зерттеулердi басқару жүйесi. Бiлiм және ғылым министрлiгi ғылым және ғылыми-техникалық қызмет мәселесiн үйлестiредi: iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң бағдарламаларын қалыптастыру және iске асыру, ғылыми-техникалық өнiмдi жасау және ғылыми зерттеулер нәтижелерiн коммерцияландыру сатысына дейiн жеткiзу, қолданбалы зерттеулер нәтижелерiн растау үшiн тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк үлгiлердi құру жөнiндегi ҒЗТКЖ жүргiзу.
      Бұл ретте, Жоғары ғылыми-техникалық комиссия стратегиялық мiндеттер мен басымдықтарды, iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi бағыттары бойынша айқындайды. ЖҒТК құзыретiне Ұлттық ғылыми кеңестердiң ұсыныстарын және басымды ғылыми бағыттар бойынша технологиялық салалық кеңестердiң ұсынымдарын ескере отырып, қолданбалы ғылыми зерттеулердiң салалық бағдарламаларын қарау кiредi.
      Технологиялық даму мен ғылыми қызметтi басқарудың ұсынылатын сұлбалары осы салалардың айқын аражiгiн ажыратуға мүмкiндiк бередi. Сонымен ғылыми зерттеулердi басқару жүйесiне жалпы ғылыми мәнi бар iргелi және қолданбалы бағдарламалар жататын болады, сонымен қатар технологиялық дамуды басқару жүйесiнiң құзыретiне ортақ қаржыландыру жағдайында отандық өнеркәсiптiң алдында тұрған технологиялық сипаттағы көкейкестi проблемаларды шешетiн ғылыми зерттеулер мен ТКӘ нәтижелерiн коммерцияландыру мен көбейту кiретiн болады.

      Инновациялық процестердi талдамалық сүйемелдеу

      Ұлттық инновациялық саясатты iске асырудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн осы Бағдарлама шеңберiнде инновациялық даму процестерiн ақпараттық-талдамалық қолдау жүйесiн құру және жұмыстар блогын жүргiзу жоспарланып отыр, оның барысында мынадай мiндеттер шешiлетiн болады:
      елдегi инновациялық қызметтiң жай-күйiне кешендi талдау жүргiзу;
      инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың әдiстемесiн әзiрлеу және жүргiзу;
      қазақстандық статистикалық көрсеткiштердi әлемдiк стандарттарға бейiмдеу;
      Қазақстанның инновациялық дамуының рейтингiне мониторинг жүргiзу;
      тұрақты негiзде технологиялық форсайттың ұлттық жүйесiн құру және одан әрi қолдау жөнiндегi жұмысты жүргiзу;
      инновациялық қызметтiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар әзiрлеу.
      Осы жұмыстар блогын iске асыру нәтижесiнде инновациялық даму үдерiсiн талдамалық сүйемелдеу жүйесi құрылатын болады.

      Ғылымды және инновацияларды насихаттау

      Ақпараттандырудың тұрақты жұмыс iстейтiн жүйесiн құру және халықты инновациялық даму үдерiстерiне тарту iске асырылатын бағдарламаның тиiмдiлiгiн арттырудың басты ресурстарының бiрi болып табылады.
      Осы мақсатта жыл сайынғы инновациялық конгресс, инновациялық идеялар конкурстары, рационализаторлық идеялар конкурстары, инновацияларға арналған журнал басып шығару, журналистiк сыйлықтар, ғылыми-танымдық түсiрiлiмдер жоспарланған. Аталған iс-шаралар инновациялық процеске қатысушылар арасында тәжiрибе, ақпарат алмасуға және ынтымақтастықты жолға қоюға мүмкiндiктер жасайды, сондай-ақ, отандық және шетелдiк жұртшылықты инновациялық даму үдерiстерiне назарын аударады.
      ҰИЖ-де керi байланыстың болуы Мемлекетке қоғамның мүддесi мен мұқтаждықтарын ескеруге және инновация саласында неғұрлым тиiмдi мемлекеттiк саясат қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.
      Қоғам мен мемлекеттiң керi байланысын қамтамасыз ету үшiн құралдардың бiрi ұлттық инновациялық портал болып табылады. Инновациялық портал техникалық көзқарас тұрғысынан ҰИЖ барлық негiзгi қатысушыларын белсендi өзара iс-қимылға тартуға және «бiр терезе» принципi бойынша сапалы платформаны қамтамасыз етуге жарамды инновация саласындағы ең осы заманғы ұлттық Интернет-ресурс болып табылады. Онда идеяны генерациялаудан, бизнес-инкубаторлар мен технопарктерде ҒЗТКЖ жүзеге асырудан бастап және кейiн әзiрлеменi өндiрiске енгiзумен аяқтап инновацияны коммерцияландырудың барлық кезеңiнде инноваторларға көмектесетiн барлық қызметтер iске асырылатын болады.
      Қоғам мен мемлекеттiң керi байланысын қамтамасыз етудiң басқа өте маңызды құралы әлеуметтiк сауалнамалар, инновациялық саясатты ұғыну мен қабылдау үшiн халық пен бизнестi сауалнамалау болып табылады.

      Заңнама базасын және инновацияларды дамытуды салықтық ынталандыру тетiктерiн жетiлдiру

      Бұл бағдарламаның сәттi iске асырылуы «Индустриялық саясат туралы» заңда технологиялық дамудың басымдықтарын анықтайтын, технологиялық саясатты қалыптастыру және iске асыру, технологиялық болжауды жүзеге асыру, экономиканың басым салаларында өнеркәсiптiк кәсiпорындардың технологиялық аудитiн жүргiзу саласындағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң рөлiн, сондай-ақ жергiлiктi атқару органдарының рөлiн үйлестiрушi орган ретiнде Технологиялық саясат жөнiндегi кеңестi бекiтудi талап етедi.
      Бұдан өзге, заң елдегi инновациялық қызметтi үйлестiру, технологияларды коммерцияландыру, технологиялар трансфертi, базалық қаржыландыру, конструкторлық бюро қызметi, өнеркәсiптiң жаңа технологияларға қажеттiлiктерiнiң тiзбесiн қалыптастыру, техникалық сараптамалар жүргiзу, сондай-ақ инновациялық гранттар берудiң жаңа тәсiлдерi үшiн, оның iшiнде шығыстарды iшiнара өтеу жағдайында құқықтық негiздi қамтамасыз етедi.
      Бұл ретте, «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы күшiн жоюға қойылатын болады.
      Қазақстан Республикасында зерттеулер мен әзiрлемелердi тiкелей жүргiзуге арналған жер қойнауын пайдаланушы кәсiпорындардан түсiмдердiң кем дегенде 1% мiндеттi аударымдар енгiзiлетiн болады. Бұл мәселе тиiстi салалық министрлiктермен пысықталуда.
      Қаржылық және мемлекеттiң өзге де қатысуының көмегiмен алынған ғылыми қызмет нәтижелерiнiң құнынан кiрiстi тiкелей әзiрлеушiлердiң алуына арналған құқық берiлетiн болады.
      Салық кодексiмен өндiрiстiк мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бойынша, оның iшiнде, 100% жедел амортизацияға жататын меншiктi әзiрлемелер нәтижесiнде алынған салық жеңiлдiктерiн беру көзделген.
      Қажеттiлiк туындаған жағдайда инновацияларды дамытуды ынталандыруға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысымен бекiтiлген Қосылған құн салығы есепке алу әдiсiмен төленетiн импортталатын тауарлардың тiзбесiн қайта қарау көзделуде.
      Салық кодексiмен ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға (ҒЗҒТЖ) арналған шығындарды КПН бойынша 100% көлемiнде шегерiм жасау көзделген. ҒЗҒТЖ-ға салымдарды ынталандыру үшiн ҒЗҒТЖ-ға арналған тиiстi шығындардан 50 %-ға салық салынатын табысты азайтуға құқық қосымша берiлетiн болады.
      Сондай-ақ, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (ТКЖ) салымдарды ынталандыру туралы мәселе пысықталуда.
      Бұдан өзге, 5 жыл мерзiмге кейбiр салықтардан (корпоративтiк табыс салығы, жер салығы, мүлiк салығы және әлеуеттiк салық) босату түрiнде жоғары технологиялық өнiмдi шығаратын компаниялар үшiн қосымша ынталандыру шаралары бойынша мәселе пысықталатын болады.
      Экологиялық стандарттар мен техникалық регламенттер әкiмшiлiк ынталандыру және өндiрiстiк активтердi жаңғыртуға қысым бойынша құралдарды көкейтестi ету бөлiгiнде күшейтiлетiн болады.

      Өңiрлiк инновациялық жүйелердi құру

      Толық өңiрлiк инновациялық жүйе құру (ӨИЖ) белгiлi бiр өңiрдi оның ерекшелiгiн ескере отырып дамытуда шоғырлану, жергiлiктi кәсiпорындардың проблемаларын шешуге кешендi түрде баруға, кәсiпкерлермен, ғалымдармен және өнертапқыштармен неғұрлым тығыз жұмыс iстеуге мүмкiндiк бередi. Бұл жалпы алғанда бүкiл ел бойынша инновациялық қызметтi арттыруға едәуiр әсер бередi.
      ҰИЖ құрамына өңiрлiк венчурлiк қорлар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, коммерцияландыру орталықтары және басқалары кiредi, олардың функцияларына инновациялық жобаларды қаржыландыруды және басқаларын қоса алғанда, өңiрлiк инновациялық бағдарламаларды әзiрлеу, бекiту және iске асырылуын бақылау; өңiрлерде инновациялық инфрақұрылымдар (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, коммерцияландыру орталықтары және басқалары) қалыптастыру; инновациялық сала үшiн кадрларды қайта даярлау; ғылымды қажет ететiн инновациялық өндiрiстердi ұйымдастыру және дамыту үшiн инвестициялар тарту; ресурс үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза технологияларды енгiзу, өңiрде жұмыс iстеп тұрған өнеркәсiп кәсiпорындарын жаңғырту және қайта құру кiредi.
      ҰИЖ Қызметiн үйлестiрудi Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар (ӘКК) жанынан құру ұсынылатын өңiрлiк инновация кеңселерi жүзеге асыратын болады. Бұл ретте, әдiстемелiк басшылық пен барлық ҰИЖ жұмыстарын үйлестiру ИЖТМ мен ТДҰА арқылы жүргiзiлетiн болады.

      4. Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

      1. Жаңа технологияларға сұранысты, инновацияларға ұсынысты қалыптастыру және инновацияларды енгiзу және тарату жолымен технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жүйесiн дамыту.
      2015 жылға қарай саны 150 жобадан кем емес болатын өз қызметiн жаңа ғана бастайтын жоғары технологиялық компаниялардың ғылыми-технологиялық зерттеулерi мен бизнес инкубациялау нәтижелерiн коммерцияландыру модельдерi сараланатын болады; технологиялар трансфертiнiң ұлттық желiлерiнiң негiздерi жасалатын болады; шамамен 50-дей алдыңғы қатарлы шетелдiк технологиялар тартылатын болады; инновациялық технологияларға сатып алынған құрылыстық-технологиялық құжаттамалардың, лицензиялардың және патенттердiң саны 100-ден кем емес болады. Инновациялық гранттарды берудiң, оның iшiнде, жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға жәрдемдесуге бағытталған инновациялық гранттарды беру жүйесi iске қосылатын; кем дегенде саны 100 жоғары технологиялық өнiмдi жеткiзушiлер - ШОБ инновациялық кәсiпорындарының желiсi қалыптастырылатын және кем дегенде 50 инновациялық жоба қаржыландырылатын болады. Бұдан өзге, сала құраушы жобалар үшiн тауарларды жеткiзуге және қызметтер көрсетуге бағытталған кем дегенде 15 ШОБ кәсiпорны құрылатын болады.
      2. Технологиялық болжау және жоспарлау, бизнестiң қажеттiлiктерiне арналған қолданбалы ғылымды бағдарлау және инновациялық кластерлердi қалыптастыру арқылы меншiктi құзыреттердi жасау.
      2015 жылға қарай ғылыми-технологиялық болжаудың ұлттық жүйесi құрылатын, Салааралық ғылыми-технологиялық жоспар, Инновацияларды дамытудың өңiрлiк және салалық бағдарламалары әзiрленетiн; кем дегенде 10 iрi ғылыми-зерттеу институттарын және орталықтарын, 30 инновациялық компанияны, 4 бизнес-инкубаторды қамтитын кем дегенде 2 ұлттық инновациялық кластер құрылатын; заңнамаға ҒЗТКӘ-ға инвестициялау үшiн ынталандыру жасау үшiн өзгерiстер енгiзiлетiн; отандық инноваторлармен және инновацияларды тұтынушылармен жүйелiк жұмыс принципi енгiзiлетiн болады.
      3. ҰИЖ элементтерiн үйлестiрудi арттыру, инновациялық белсендiлiктi насихаттау және заңнама базасын жетiлдiру жолымен инновациялық ортаны дамыту.
      2015 жылға қарай инновациялық даму саласындағы уәкiлеттi органның рөлiн күшейту; салалық және өңiрлiк деңгейлердi қамтитын инновациялық-технологиялық дамуды басқарудың тиiмдi ұлттық жүйесiн қалыптастыру; Технологиялық саясат жөнiндегi кеңес, технологиялық салалық және ғылыми кеңестер арқылы шешiмдердi сараптық қабылдау жүйесiн құру; технологиялық даму жөнiндегi бiрыңғай ұлттық операторды құру; инновациялық даму үдерiстерiн ақпараттық және үгiт-насихаттық қамтамасыз ету жөнiндегi ұзақ мерзiмдi шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыру; шетелдiк жоғары технологиялық инвесторлармен және өнертапқыштармен жүйелiк жұмыстың принциптерiн енгiзу жолымен шешiмдердi тиiстi қабылдау және инновациялық қызметтi үйлестiру жүйесi құрылатын болады.

      5. Мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл:

      Бағдарламаны iске асыру үшiн мынадай мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жәрдемдесуi қажет:
      Қазақстан Республикасы Индустрия мен жаңа технологиялар министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi;
      Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкiмдiктерi;
      «Ұлттық инновациялық қор» АҚ
      «Инжиниринг және технологиялар трансфертi орталығы» АҚ
      «Ғылым қоры» АҚ
      «ҚазАгроИнновация» АҚ
      «Қазақстандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ
      «Парасат» ҰҒТХ» АҚ
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет