3.2. Инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды және экспорттың жай-күйiн дамыту үшiн күштi және әлсiз жақтарды, мүмкiндiктер мен қатерлердi талдау
Қазақстанға инвестиция тартудың SWOT-талдауы
Күштi жақтары
|
Әлсiз жақтары
|
1. Экономикалық және саяси тұрақтылықты қолдайтын елдiң қолайлы бизнес-ахуалы
2. Бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы салдарынан, елдiң жоғары инвестициялық тартымдылығы
3. Орталық және Алдыңғы Азияның, Ресей, Үндiстанның, Қытайдың iрi тұтыну нарықтарына Қазақстанның тиiмдi географиялық жағдайы
4. Мемлекеттiк инвестициялық саясаттың басымдылығын сезiну
5. Инвестициялардың ағынына жәрдемдесуге бағытталған мамандандырылған институттар мен олардың ресурстық базасын қалыптастыру
|
1. Мемлекеттiк инвестициялық саясатты жүргiзудегi жүйелiлiктiң болмауы.
2. Елдiң заңнамасының тұрақсыздығы және заңдар мен шарттық қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететiн тетiктердiң жоқтығы
3. Инвестицияларды тарту бойынша әлсiз бәсекелiк жағдайлар (салықтық, кедендiк және валюталық режимдер)
4. Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның (арнайы аймақ, базасын қаржылық, ақпаратты-талдамалық, консалтингтiк, көлiктiк және өзгелерi) дамымағандығы
5. Инвестицияларды тартуға байланысты, мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тұрақсыздығы
6. Визалық режiм
|
Мүмкiндiктер
|
Қауiптер
|
1. Инвестицияларды тарту көлемi бойынша өңiрлiк көшбасшы ұстанымына шығу.
2. Әлемдiк капитал нарықтарындағы елдiң оң инвестициялық имиджiн қалыптастыру.
3. Инвестицияларды тарту жөнiндегi жүйелi және бiрiздi мемлекеттiк саясатты құру.
4. Инвестицияларды тарту жөнiнде тиiмдi мемлекеттiк және жеке инфрақұрылымды қалыптастыру.
5. Экономиканың өндiрушi секторындағы инвестицияларды қайта бөлу есебiнен, елдiң тұрақты және теңгермелi экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
6. «Кaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң ресурстары
|
1. Шикiзат базасының таусылуы салдарынан елдiң инвестициялық тартымдылығын жоғалтып алуы
2. Шикiзаттық сәйкессiздiктiң және инвестициялық бағыттылықтың сақталуына байланысты жоғары қатерлi экономиканың сақталуы.
3. Негiзгi капиталға инвестициялардың аз көлемiне орай ел дамуының өнеркәсiптiк-өндiрiстiк қолда бар әлеуетiн жоғалтып алу.
4. Инвестициялары тарту жөнiндегi нақты мемлекеттiк саясаттың және оның iске асырылуының болмауы себебiнен, елдiң терiс инвестициялық имиджiн бекiту
5. Инвестицияларды тартуға бағытталған қаражаты тиiмсiз пайдалану салдарынан мемлекеттiк бюджет қаражатының тiкелей шығындары
6. Сыбайлас жемқорлық (салық төлеу кезiнде, кеден бекетiнде)
|
Қазақстандағы АЭА дамуының SWOТ-талдауы
Күштi жақтары
|
Әлсiз жақтары
|
1. Экономикалық және саяси тұрақтылықты қолдайтын елдiң қолайлы бизнес-ахуалы
2. Елде бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы.
3. Орталық Азияның және Ресейдiң iрi тұтыну нарықтарына Қазақстанның тиiмдi географиялық орналасуы
|
1. Реттеу мен басқару тиiмсiздiгi
2. Инфрақұрылымға инвесторларды тарту
3. Аймақтардың жеке
ерекшелiктерiнiң болмауы
4. Бюрократияландыру
5. Бюджеттiк шығындардың төмен тиiмдiлiгi
|
Мүмкiндiктер
|
Қауiптер
|
1. Кеден одағының және басқа елдердiң нарықтарына шығу
2. 2015 жылға қарай ҮИИДМБ-нiң индикаторларына қол жеткiзу
|
Тиiмсiз мемлекеттiк саясаттың нәтижесiнде АЭА-ның инвестициялық тартымдылығының жоғалтып алуы.
|
Қазақстандық экспорттың дамуының SWOТ-талдауы
Күштi жақтары
|
Әлсiз жақтары
|
1. Жалпы экспорттың жылдам өсу
қарқыны.
2. Экспортты мемлекеттiк қолдау жүйесiнiң болуы (сақтандыру, кредиттеу, жылжыту мен дамыту).
3. Iрi тұтыну нарықтарына жақын орналасуы (Қытай, Үндiстан, Ресей, Батыс және Орталық Азия).
4. Кеден одағының шеңберiнде қол жетiмдi тұтыну нарығын кеңейту.
5. Қолда бар қазақстандық өнiмдерге деген әлемдiк сұраныстың (бағаланбаған) болуы
|
1. Экспорттау кезiндегi маркетингтiк және консалтингтiк қызметтердiң дамымауы, сонымен қатар сыртқы нарықтар туралы ақпараттың болмауы.
2. Экспорттық қаржыландырудың дамымауы.
3. Кедендiк рәсiмдердiң қиындығы.
4. Экспорттық инфрақұрылымның дамымауы.
5. Кәсiпорындардың экспортқа дайын еместiгi (маркетинг, релевантты ақпаратпен алмасу, басқару, сапа, кадрлар, шикiзатпен қамтамасыз ету, энергиямен жабдықтау, оң сауда имиджiнiң болмауы және басқа проблемалар)
|
Мүмкiндiктер
|
Қауiптер
|
1. Өңделген экспорттың көлемi мен өсу қарқынының ұлғаюы.
2. Экспортты дамытудың және жәрдемдесудiң тиiмдi мемлекеттiк жүйесiн құру.
3. Қазақстандық кәсiпорындарын экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезiндегi бiлiмi мен икемдiлiктерiн арттыру.
4. Гуманитарлық жеткiзулерге делдалдарсыз қатысу.
5. Экспортты кеңейту шарттарында оны қолдайтын және дамытатын жеке инфрақұрылымды дамыту.
|
1. Экономиканың шикiзаттық
бағыттылығын сақтау және оған сәйкес экспорттың шикiзаттық бағытын тиiсiнше жүктеу.
2. Экспортты мемлекеттiк қолдаудың дамымау және бизнестiң сыртқы саудаға дайын еместiгi шарттарында елдiң, кәсiпорындардың және олардың өнiмдерiнiң терiс сауда имиджiн бекiту.
3. Ұзақ перспективада экспортты мемлекеттiк және жеке қолдауға қол жетiмсiздiктi сақтау.
4. Экспортты қолдаудағы және дамытудағы мемлекеттiң формалдық тәсiлiн сақтау.
5. Жоғары бөлiнiстi экспорттық өндiрiстердi дамытудағы шикiзаттық, кадрлық, ғылыми және кәсiпкерлiк әлеуеттi жоғалту.
|
Әлсiз жақтары:
1. Қазiргi уақытта АЭА-да кәсiби басқарушы компанияны тарту тетiктерi жоқ, дирекциялар мен басқарушы компаниялар арасындағы өкiлеттiктер қолданыстағы заң бойынша бөлiнбеген, сондай-ақ басқарудың жалғыз мемлекеттiк органы жоқ (нақты әрбiр АЭА-да басқарудың меншiктi мемлекеттiк органы бар).
2. Қазiргi уақытта қазақстандық АЭА-ның инвестициялық тартымдылығы жеткiлiктi жоғары емес, өйткенi олардың жұмыс iстеуi инвесторлардың нақты қажеттiлiгi мен мүдделерiне бағытталмаған.
Арнайы экономикалық аймақтың салалық байланысын алып тастау болжанады, компания үшiн негiзгi өлшем өндiрiстiң экспорттық бағыттылығы және еңбектiң өнiмдiлiгi болады. Инвесторлардың АЭА-ға қатысуының негiзгi мәртебесi АЭА қызметiн экономикалық тартымды ететiн арнайы преференциялардың және жеңiлдiктердiң болуы болып табылады. Бүгiнгi күнi АЭА туралы қолданыстағы заңнама анағұрлым өзектi мiндеттердi шешуге тараптық инвесторларды тартуға ықпалдасатын мәртебелердiң жеткiлiксiз санын қамтиды, Қазақстан Республикасының АЭА әлеуетiн iске асыру қолайлы емес.
3. АЭА үшiн ЭКЖЖ-нiң рұқсат берiлген түрлерiнiң тiзбесi АЭА қызметiне қатысушыларды тартуды шектейдi. Сондай-ақ, АЭА үшiн инвестициялық жобаларды қарастыру кезiнде iрi инвестициялық жобаларға бағдарлану жүргiзiледi. АЭА жұмыс iстеуiнде АЭА қатысушылары үшiн мамандандырылған қызметтер санының жеткiлiксiздiгi байқалады.
4. АЭА қызметiн жүзеге асыру кезiнде АЭА дирекциялары мен уәкiлеттi ұйымдары арасындағы келiсулердiң үлкен саны байқалады. АЭА аумағында өндiрiстi ашу үшiн инвесторларға оларды АЭА қатысушысы ретiнде бекiтудi 1 жылдан астам күтедi.
5. АЭА құру және құрылысын аяқтау үшiн бюджеттiк қаржыландыру баяу бөлiнедi. Сондай-ақ, құру кезiнде бюджеттiк шығындардың төмен нәтижелiгi байқалады (инфрақұрылым орнына бос конференц-залдар салынады).
Күштi жақтары:
1. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында елдiң бизнес-ахуалын ұстау байқалады - кәсiпкерлiктi дамытуға үлкен назар аударылады. Жалпы экономиканы дамыту үшiн кәсiпкерлiк субъектiлердi қорғау және қолдау үшiн белгiлi жеңiлдiктердi заңнамалық жолмен белгiлейтiн реформалар жүргiзiледi. Бiрақ, қолданатын шаралар өнеркәсiптiк және өңiрлiк саясатты дамыту үшiн жеткiлiксiз.
Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн реформалар сәттiлiгi Қазақстанда негiзiнен бүгiнгi күнi әлi соңына дейiн қалыптаспаған өнеркәсiптiк және өңiрлiк саясаттың басым бағыттарын бiлгiрлiкпен iздестiруге және табуға байланысты. Осы жағдайда, экономиканы трансформациялау жолында белсендi қадамдардың бiрi еркiн экономикалық аймақтардың ұлттық жүйесiн ұйымдастыру болуы мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасында бай табиғи және минералдық ресурстардың болуы нарықтық экономиканың бүгiнгi құрылуы және дамуының аяқталу шарттарында оның өнiмдiлiгiн арттыруға және бұл негiзде қоғамның көп түрлi тұтынушылығын жақсы қанағаттандыруға ықпалдасатын еңбектi қоғамдық-аумақтық бөлуi негiзiнде жүзеге асыратын аудандандырудың экономикалық қағидаттарында шешушi рөлдi атқарады. Табиғи ресурстардың әртарапты әлеуетi қазақстандық экономиканың аумақтық құрылымын дамытудың және қалыптасуының басты факторларының бiрi болып табылады. Сондықтан, олардың табиғи-ресурстық әлеуетiнiң ерекшелiктерiмен байланысты өңiрлердi салалық мамандандыру АЭА-ның дамуына алғышарттарды бередi.
3. Қазақстан Республикасының стратегиялық әрiптестердiң тұтынушы нарықтары арасында тиiмдi орналасуы көпжақты халықаралық экономикалық жобаларға қатысуға мүмкiндiк бередi, бұл өңiрлiк ықпалдасуға ықпал етедi. Осындай қолайлы жағдайларда республиканың экономикалық әлеуетiн ұлғайту үшiн АЭА-ны дамыту аса маңызды.
Қауiптер:
Тиiмдiлiгi аз мемлекеттiк саясат нәтижесiнде инвестициялық тартымдылықты жоюға әсер ететiн, мынадай факторлар туындауы мүмкiн: АЭА-ны тиiмдi емес басқару, АЭА резиденттерi үшiн салықтық заңнаманың тұрақсыздығы, бюрократияландыру, барлық АЭА-ны басқару құрылымын тұрақты өзгеруi, АЭА дирекциясы мен уәкiлеттi ұйымдары арасындағы келiсiмдердiң үлкен саны, бюджеттiк қаржыландыруды баяу бөлу.
Мүмкiндiктер:
1. Қазақстан Республикасының кеден одағының құрамына кiруi нәтижесiнде құрылатын АЭА қатысушылары үшiн өндiрiстiк өнiмдi тұтынудың жаңа нарығын шығаруға жол ашады.
2. Ұсынылатын шаралар инвесторларды тартуға және ҮИИДМБ-нiң индикаторларына қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi, атап айтқанда:
АЭА аумағындағы өндiрiстегi инвестиция көлемi 1 трлн. 588 млрд. теңгенi құрайды;
тауарлар мен қызметтердi өндiру көлемi — 718 млрд. теңгенi, оның iшiнде өнiм экспорты шығарылатын өнiм көлемiнен 50% кем емес;
АЭА қатысушыларының саны 160-қа дейiн ұлғаяды.
Осылайша, инвестицияларды тартуды, АЭА-ны дамытуды және қазақстандық экспортты ынталандыруды SWOT-талдау келтiрiлген әлсiз жақтарды есепке алмау инвестицияларды тартуда, АЭА-ны дамытуда және экспортты ынталандыруда одан әрi келтiрiлген қауiптердi iске асыруға алып келетiндiгiн көрсетедi. Сонымен қатар, қазақстандық өнiмдi экспорттау кезiнде бар күштi жақтарды пайдалану осы кестеде келтiрiлген сол мүмкiндiктердi iске асыруға алып келуi мүмкiн.
3.3. Инвестицияларды тартуды, арнайы экономикалық аймақтарды және экспортты дамытудағы негiзгi проблемалар, үрдiстер мен алғышарттар
Инвестицияларды тартудағы негiзгi проблемалар
Инвестициялық ахуалды қалыптастыру кезiнде терiс рөлдi атқаратын бiрқатар басты проблемалар бар, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:
1. Инвестициялар көлемiнiң экономиканың қажеттiлiктерiне сәйкессiздiгi.
2. Инвестициялық белсендiлiктiң географиялық сәйкессiздiктерi.
3. Салалық инвестициялық белсендiлiктiң айтарлықтай тең еместiгi.
4. Негiзгi капиталға инвестициялардың төмен деңгейi.
Қазақстан экономикасына инвестициялар ағынының белгiлi бiр оң серпiнiне қарамастан, инвестициялар құрылымы айтарлықтай өзгерiп жатқан жоқ. Осылайша, салалық құрылымның iрiленген талдауының негiзiнде Қазақстанның 100 iрi инвестор-компанияларының сату көлемдерi бойынша мұнай-газ өнеркәсiбiне iрi инвестор-кәсiпорындар санының көбi тиесiлi екендiгiн көруге болады. Отын-энергетика және минералды-шикiзат салалары кешендерiндегi инвестициялық белсендiлiк, соңғы тұтыну өнiмдерiн шығаратын экономиканың нақты секторлары кәсiпорындарының көпшiлiгiнен айтарлықтай жоғары.
Елге ағылатын инвестициялардың шектiлiгiнiң себебiн талдау шетелдiк инвесторлардың өздерiнiң және мамандандырылған әлеуметтiк ұйымдардың берген бағаларына да негiзделген.
Отандық және шетелдiк мамандардың бағалауы бойынша, инвесторларды ең алдымен мынадай факторлар алыстатады:
елдегi еркiн экономикалық аймақтардың жеткiлiксiз саны;
жалпы алғандағы заңнамалық базаның тұрақсыздығы;
инвестициялық жобалар үшiн қаржыландырудың жоқтығы;
iскерлiк ақпарат нарығының дамымағандығы;
көлiктiк инфрақұрылымның дамымағандығы.
Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Консультациялық Қызметтiң тексеру деректерiне сәйкес инвесторларда жалпы алғанда ел туралы жағымсыз пiкiрлерi қалыптасқан, осы жайт шетелдiк инвестициялардың iс жүзiндегi ағынынан да анық байқалуда. Осы тексерулер бойынша мынадай терiс факторлар келтiрiледi, олар:
инвестициялық жобаларды iрiктеудiң жетiлмеген жүйесi, бұл әлеуеттi инвесторларды одан әрi инвестиция салудан бас тартуға мәжбүрлейдi;
шетелдiк инвесторларға деген қатынас қалаулы кәсiпкерлер ретiнде емес, қаражат көзi, салықтық түсiмдер немесе пара түсiмдерiнiң кезi ретiнде қарау;
заңнаманың шатасқандығы, қарама-қайшылығы, бiрiздi қолданбайтындығы немесе заңнаманы толық менсiнбеушiлiк. Заңдар мен шарттық қатынастардың сақталуын қамтамасыз ететiн сенiмдi тетiктердiң болмауы;
инвесторларға қажеттi ақпаратты ұсынып отыратын немесе кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруға жәрдем ететiн, ұйымдасқан инвестициялық қызметтiң жоқтығы;
инфрақұрылымның шетелдiк фирмалардың қажеттiлiктерiне сай келмеуi;
заңды тұлғалар үшiн тұрақсыз, үнемi өзгерiп отыратын салықтық режим.
Аса iрi батыс инвесторлардың арасында Салықтар және инвестициялар жөнiндегi халықаралық орталықтың (әрi қарай - СИХО) жүргiзген әлеуметтiк сауалнамасы, Қазақстанның олар үшiн iскерлiк қызығушылық тудыратын мынадай бес себебiн айқындап бердi: iрi нарықтық әлеует; табиғи ресурстардың молдығы; стратегиялық iскерлiк орналасуы; өңiрдегi басқа бәсекелестердiң ниетiн айқындау; инвестициялардан түсетiн әлеуеттi пайданың көлемi. Ал аса тартымды болғандар: мұнай мен газдың резервi; өндiрiс; қызмет аясы (бухгалтерлiк есептi және заңдық қызметтердi қоса алғанда); тұтынушылар кооперациясы.
Сонымен қатар, шетелдiк инвесторларының тежеп тұратын, ал кейде үркiтiп те жiберетiндер: iскерлiк мәселелердi шешудiң бюрократиялық әдiстерi, қаржылық тәуекел, шаруашылық қатынастар бойынша заңнаманың жиi ауысуы және әлсiз құқықтық инфрақұрылым, бөлу арналарының жоқтығы.
СИХО пiкiрi бойынша, шетелдiк капиталды тарту және қолдану саясаты үшiн жауапты мемлекеттiк органдардың инвестицияларды тарту бойынша жұмыстарының жеткiлiксiз тұстары бар. Басқаруды ұйымдастыру деңгейiнiң төмендiгiнен:
Инвестицияларды тарту және пайдаланудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылданбады;
қолданыстағы заңнамалық база шетелден келетiн инвесторларды ынталандыруға ғана бағытталмаған, бiрақ жекелеген жағдайларда оларға кедергi келтiредi;
шетелдiк инвестицияларды басқарудың нақты жүйесiнiң болмауы;
шетелдiк инвесторлармен жүйелi жұмыстың болмауы.
Халықаралық кәсiпкерлiктiң капиталын тарту мәселелерiн мемлекеттiк реттеудiң осалдығы, шетелдiк капитал мәселелерiмен айналысатын орталық ведомстволарды үнемi қайта ұйымдастыру, құқықтардың, құзыреттердiң, жауапкершiлiктердiң көптеген ведомстволарға шашылып кеткендiгi, олардың функцияларының шатасып кетуi де шетелдiк инвесторлардың пiкiрлерiне керi әсерiн тигiзедi.
Қорытындылай келе мыналарды атап өтуге болады, шетелдiк инвесторлар мен зерттеу ұйымдарының пiкiрлерiне сәйкес, қазiргi кездегi мемлекеттiң инвестицияларды тарту жөнiндегi жүргiзiп отырған жұмыстары жеткiлiктi емес және жүйелi болып табылмайды, елдiң және экономиканың мүдделерiн халықаралық капитал нарығында бiлдiру жөнiндегi мамандандырылған орган құру арқылы мемлекеттiң инвестицияларды тарту бойынша әрекеттерiн ұйымдастыруды жақсартуды және мемлекеттiң күшiн шоғырландыруды талап етедi.
ҮИИДМБ шеңберiнде өнеркәсiптiң 13 саласында (мұнай-газ-химия, тау-кен металлургия, машина жасау, агроөнеркәсiп, туристiк, фармацевтика, химия, ғарыштық, құрылыс индустриясы, жеңiл, атом, ақпарат, коммуникация және көлiк саласы) қосылған құны жоғары өндiрiстердi дамыту жоспарлануда. Индустрияландыру картасында көзделген жобалардан бөлек, әрбiр салалық бағдарламада қаржыландыруды талап ететiн «тауаша» жобалар да анықталған, олар бойынша бастамашылар мен қаржыландыру жоқ.
АЭА жұмыс iстеуiнiң негiзгi проблемалары.
Қазiргi уақытта АЭА-ның сәттi дамуына кедергi болып отырған бiрқатар проблемалар бар.
Бiрiншiсi - АЭА-ларды реттеу және басқарудың тиiмдi болмауы. АЭА бойынша уәкiлеттi органға келер болсақ, бүгiнгi күнi АЭА-ларды басқару «әр қолда» шоғырланған. Осылайша, «Астана-жаңа қала» АЭА - Астана қаласының әкiмдiгi, «Ақтау теңiз порты» АЭА - Маңғыстау облысының әкiмдiгi, «Оңтүстiк» АЭА - ОҚО әкiмдiгi, «Оңтүстiк» - ОҚО әкiмдiгi, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» АЭА - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi, «Бурабай» АЭА - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi және тек «Ақпараттық технологиялар паркi» АЭА-ға қатысты - Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi уәкiлеттi орган болып табылады. Дегенмен, «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары туралы» Заңында АЭА жөнiнде бiр ғана уәкiлеттi органның болуы көзделген, ол орган Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi уәкiлеттi органы болып табылады.
Екiншi - АЭА аумақтарында қажеттi инфрақұрылымның болмауы. Қолданыстағы АЭА туралы Заңға сәйкес АЭА құрылып жатқан жер учаскелерi қажеттi инженерлiк инфрақұрылымдармен қамтамасыз етiлуi қажет. Бiрақ, қазiргi уақытта мемлекет аймақтарды инженерлiк инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi қаржыландыру жүзеге асырылып жатқан жоқ.
Үшiншi - салық салу. АЭА-ның негiзгi идеясы мен тартымдылығы өз аумағында жеңiлдетiлген салық салуды ұсыну болып табылады. Осыған қарамастан, жаңа Салық кодексiнiң енгiзiлуiне байланысты ҚҚС бойынша салықтық жеңiлдiк алынып тасталды, ол өз кезегiнде АЭА тартымдылықтарының төмендеуiне алып келдi.
Қазiргi уақытта, қазақстандық АЭА аумағында салықтық (корпоративтiк табыс салығын, жер салығы мен мүлiк салығын төлеуден 100% босату) жеңiлдiктер көзделген.
Бұл ретте, инвесторларда iс жүзiнде жер салығы бойынша жеңiлдiктердi пайдалану мүмкiндiгi жоқ. Өйткенi қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер салығын төлеудi оның меншiк иелерi жүзеге асырады. Алайда, «АЭА туралы» Заңға сәйкес АЭА жұмыс iстеген кезеңде жер учаскелерi сатуға және басқалай иелiктен шығаруға жатпайды, ал уақытша өтеусiз жер пайдалануға (жалға беру) берiледi. Бұл ретте, жер учаскелерiн пайдалануға бергенi үшiн АЭА қатысушыларын пайдаланғаны үшiн төлем төлеуге мiндеттi, себебi жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлемдi енгiзуден босату заңнамада көзделмеген.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында АЭА-ның жұмыс iстеу тәсiлдерiн қайта қарау қажет. Бұл үшiн Министрлiк «Каznex invest» экспорт және инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгi» АҚ-мен бiрлесiп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы кезiнде 2010 жылғы 29 қаңтарда берiлген тапсырмасын орындау үшiн мүдделi мемлекеттiк органдармен, әкiмдiктермен, ұйымдармен бiрлесiп «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа заң жобасын әзiрлеудi жүргiзуде. Осы заң жобасында салынған нормативтiк база Қазақстан Республикасында АЭА-ны дамытудың проблемалық мәселелерiн шешуге, сондай-ақ ҮИИДМБ-да белгiленген нысаналы индикаторлардың мәнiне қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Экспортты дамытудың негiзгi проблемалары
Қазақстанның азық-түлiк, химия және машина жасау өнеркәсiптерiндегi 200 кәсiпорынның диагностикасы мынаны көрсеттi, кәсiпорындардың ұшырасатын экспортты-реттеулiк ортасы, бiрқатар жалпы шектеулердiң және проблемалар, кәсiпорындардың жұмысын қиындатады және олардың экспорттық әлеуетiнiң дамуына кедергi жасайды. Осыған байланысты, өндiрiстiк қызметке, сондай-ақ өнiм экспортының дамуына және жылжытуға керi әсерiн тигiзетiн мынадай кедергiлер мен проблемаларды атап өтуге болады, олар:
1. Маркетингтiк және консалтингтiк қызметтердiң дамымағандығы, нарықтар туралы ақпараттың жоқтығы. Экспорттың дамуы мен кеңеюi үшiн кәсiпорындарың маркетингтiк қызметтерiнiң дамымағандығы, сондай-ақ өнiмдi экспортқа шығаруды iздестiру және жылжыту аясындағы қолжетiмдi консалтингтiк қызметтердiң жоқтығы өткiр мәселе болып табылады. Қазақстанда шетелдердегi тауарлар мен қызметтерге сұраныстың бар екендiгi туралы, экспортталатын тауарларға қойылатын басқа елдердiң қоятын талаптары, кедендiк және кедендiк емес реттеу шаралары туралы ақпарат жоқ болса, шет елдерде - қолда бар Қазақстанның экспорттық мүмкiндiгi туралы ақпарат жоқ.
2. Қарыз қаражатының қымбаттығы. Қазақстанның кәсiпорындары үшiн айтарлықтай проблемалардың бiрi қарыз қаражатының қымбаттығы болып табылады. Екiншi деңгейдегi банктер кредиттерiнiң сыйақы ставкалары жоғары болып табылады, ал кредиттi алу шарттары қатаң. Өтеу кестесiн аннуитеттi схемасы бойынша есептегенде есептiлiк кезеңнiң соңында өтеу сомасы кредиттiң сомасынан еселеп артады. Көптеген шағын және орта кәсiпорындарда өтiмдiлiгi аз активтермен және сенiмдi кепiлдiкпен қамтамасыз етудiң болмауы, оң кредиттiк тарихтың болмауы олар үшiн кредит ресурстарын орташа нарықтан қымбаттата түседi.
3. Кедендiк рәсiмдердi жүзеге асыру кезiндегi қиындықтар. Қолданыстағы кедендiк рәсiмдер мен шарттылықтар шет мемлекеттерде жалпы қабылданған нормалардан асып түсiп, саудада тосқауыл тудырады, бұл «Doing Business» Дүниежүзiлiк банктiң 2010 жыл iшiндегi есеп беру деректерiмен расталады, оған сәйкес Қазақстандағы экспорттық шығындар 89 күндi құрайды (3 005 АҚШ долл.), ал экспорттық операцияларды өткiзу үшiн құжаттар саны 11-дi құрайды. Бұл рейтингте Қазақстан зерттелген 182 елдiң iшiнде ең соңғы орынды иемденедi. Дүниежүзiлiк банк әзiрлеген Көлiктiк Логистика Индексiне (LPI) сәйкес, Қазақстан тiзiмдегi 155 елдiң iшiнде 62- орында тұр. Экспортты жылжыту саясаты импорт саласындағы сауда саясатымен байланысты.
4. Бiлiктi жұмысшы кадрларының өткiр тапшылығы. Қазақстандық компаниялардың көпшiлiгiнде басқарушы, инженерлiк және бiлiктi жұмысшы кадрларға өткiр тапшылық байқалады, бұл қызметкерлердiң еңбегiн материалдық және материалдық емес уәждеме жүйесiнiң барабар емес қазiргi заманғы талаптарына байланысты. Бұл қазақстандық кәсiпорындарға әлемдiк стандарттарға сай келетiн, бәсекеге қабiлеттi өнiмдер өндiруге, ал жалпы алғанда халықаралық нарықта табысты бәсекелесуге мүмкiндiк бермейдi.
5. Өнiмдердi тасымалдау проблемалары. Қазақстанның теңiз порттарынан алыстығы тасымалдау шығындарын айтарлықтай арттырады. Бұдан басқа, экспорттаушылар үшiн кәдiмгi және арнайы темiр жол вагондарының жетiспеуiне, олардың кеден бекеттерiнiң қашықтығынан және төменгi өткiзу қабiлеттiлiгiнен бос тұруына байланысты проблемалары бар. Бұл жағдай кәсiпорындарды қосымша шығындарға алып келедi және кедендiк өкiлдiктi кәсiпорынның өзiнде ұйымдастыруды талап етедi. Сала қайта құрылымдауды және жаңа экономикалық қатынастардың мынадай нысандарын: жүк жөнелтушi - тасымалдаушы - мемлекет, енгiзудi талап етедi.
6. Қазақстандық компаниялардың сыртқы нарықтарға шығу кезiнде әлсiз саяси-дипломатиялық қолдау. Экспорттаушыларды қолдау мүмкiндiктерi келу елiндегi елшiлiктерде және елдiң сыртқы нарықтардағы экономикалық мүдделерiн мүдделiк қолдау құралы болып табылатын екiжақты сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялар шеңберiнде әлсiз пайдаланылады.
7. Экспорт бөлiгiндегi ұйымдар арасындағы жолға қойылған ақпарат алмасудың жоқтығы, отандық өндiрушiнi қолдаудың мемлекеттiк бағдарламалары мен құралдары туралы ақпараттың жоқтығы, қазақстандық өнiмдi экспорттау кезiндегi сыртқы қауiптер. Өңiрлерде мемлекеттiк органдар мен жеке сектордың арасындағы айқын ақпарат алмасудың болмауы себебiнен отандық өндiрушiнi қолдаудың қабылданған және iске асырылатын мемлекеттiк бағдарламалары мен құралдары туралы ақпараттың жеткiлiксiздiгi орын алған. Бұған қоса, экспортты жылжыту бойынша қызмет көрсетудi ұсынатын ұйымдар арасында үйлестiру мен өзара iс-әрекет жоқ. Ағымдағы жағдай институционалды инфрақұрылымның элементтерiнiң бар болуына қарамастан, қазақстандық экспортты жылжыту тиiмдi қызмет ететiн жүйенiң жоқтығымен сипатталады. Кейбiр кәсiпорындар белгiлi бiр елдегi саяси тұрақсыздыққа байланысты шетелдегi өз қызметiн тоқтата тұруға мәжбүр.
8. Кедендiк статистикаға шектеулi қол жетiмдiлiктiң салдарынан қазақстандық өнiмдердiң шынайы өңделген экспортын бағалау қиындықтары. Егжей-тегжейлi ақпаратқа жалпы қолжетiмдiлiктiң болмауынан өңделген өнiмдер экспортының көлемi айтарлықтай жоғарылатылған. Қазақстандық кәсiпорындар, компаниялар өздерiнiң нарықтарына талдау жүргiзу кезiнде, сондай-ақ СЭҚ ТН 10-шы белгi дәрежесiнде олардың тауар атауларының толық емес нақтыланбауына байланысты проблемалармен кездесiп қалады.
Диагностикадан өткiзiлген кәсiпорындардың кейбiр проблемалары және олардың 2008 жылдың қорытындысы бойынша сұралған кәсiпорындардың жалпы санының пайыздық есебiндегi үлесi 3-суретте келтiрiлген.
3-сурет. Өнiмдердi экспорттау кезiндегi кәсiпорындардың проблемалары және олардың сұралған кәсiпорындардың жалпы санының үлесi
Жұмыс iстеп тұрған қазақстандық кәсiпорындардың айтылған проблемалары тауарлар өндiрiсiн жүзеге асыру, олардың сапасын қамтамасыз ету, оларға және экспортқа баға белгiлеу кезiнде тұрақты негiзде мемлекеттiк қолдаудың жүйелiк және селективтi шараларын жүргiзудi талап етедi. Бұл шаралар қазақстандық өңделген өнiмдерi экспортын дамытуға және жылжытуға жәрдемдесуде мемлекеттiк қолдаудың реттеушi, қаржылық, консалтингтiк және оқыту бағыттарын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |