Қазақстан Республикасында қүқықтық реформа қалыптасуының бірінші кезеңі аяқталып келеді; оның екінші кезеңінің бағдарламасы талқылануда



бет2/5
Дата14.06.2016
өлшемі398.5 Kb.
#136082
1   2   3   4   5

24

бабының 3-тармағы мүлікке келтірілген зиянды өтеуден ғана толық бас тартуға жол береді.

Бүрын қолданылып келген заңдардан өзгеше, ҚР-ның заңдары қажетті қорғану шегінен асып кеткені үшін қылмыстық және азаматтық жауапкершілікті қолдану саласын айқын шектейді. ҚР ҚК-нің 32-бабының 3-бөлігіне сәйкес қажетті қорғану шегінен асып кеткені үшін қылмыстық жауаптылық қасақана зиян келтірген жағдайларда ғана тууы мүмкін. Бүл азаматтық қүқықтың зиянды өтеу жөніндегі нормаларының маңызын арттырады. Мэселен, М.Я. Шиминова өзінің жүмысында қажетті қорғану күйінде әрекет еткен адам шабуыл жасаушыға емес, үшінші адамға зиян келтіретін жағдайды сипаттайды. Ол кейбір мемлекеттердің азаматтық заңдары заңсыз шабуылдан қорғану кезінде келтірілген зиянды өтеуді шабуыл жасаған азаматқа жүктейді деп атап көрсетеді.

Өкінішке қарай, осы проблеманы зерттейтін азаматтық қүқық мамандары — цивилистер жэне сот практикасы шабуыл жасаушы субъектінің қүқықтық жағдайының ерекшеліктеріне жеткілікті көңіл бөлмейді. Шындығында, ол заңсыз әрекет етті, оның іс-әрекеттері мен келтірген зияны арасында себеп (жанама) байланысы бар, өзінің шабуыл жасауына байланысты белгілі бір зардаптардың туу мүмкіндігін ол сезінеді (немесе сезінуі тиіс).

Мүның үстіне, біздіңше, оның мінез-қүлқы корғанушыны қорғануға арандату арқылы енжар зиян келтірудің ерекше жағдайы болып табылады. Практикалық қүқық қолдану субъектілеріне арналған нүсқауда үшінші адамның, сондай-ақ қорғанушының мүлкіне шабуылдаушының келтірген зияны үшін жауапкершілікті жүктеу мүмкіндігін көрсету керек. Алайда, оның іс-әрекеттерінде азаматтық қүқық бүзушылықтың қүрамы байқалмада, жауапкершілікті бүлайша жүктеуге болмайды. Қылмыскерлерден белсенді қорғануға мэжбүр болатын адамдардың мүдделерін негізге ала отырып, қорғанушыға өзіне немесе үшінші адамға келтірген зияны ушін шабуылдаушының жауапкершілігі туралы норманы белгілеу керек.

ҚР-ның ҚК-нде күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан адам өзінің іс-эрекетіне (эрекетсіздігіне) ие бола алмай қалады деген үғымдар бар. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу арқылы зиян келтіру өзінің табиғаты жөнінен аса қажеттілік күйінде зиян келтіруге жуықтайды. ҚР ҚК 36-бабының 2-бөлігінде адам өзінің іс-әрекетіне ие болу мүмкіндігі бар кезде мәжбүрлеудің әсерімен іс-эрекет жасайтын жағдайларға Қылмыстық кодексгің 34-бабының 2-бөлігінде баянды етілген аса қажеттілік шегінен шығу туралы қағиданы қолдану мүмкіндігін ескертуі кездейсоқ емес.

Егер адам зорлықшы ұсынатын талаптарды орындау барысында өзінің әрекеттерін бақылай алмайтын болса, жүзеге асырылатын қатердің зардаптары тууы қаупінен қу_тылу нысанына айналады. Бүл арада адам көбіне өзінің мүдделері үшін немесе өзіне жақын адамдардың мүдделері үшін қорқытып алушылық кезінде жүзеге асырылатын мәжбүрлеу үстіндегідей әрекет етеді. Алайда, бүл жағдайда оның істеген іс-эрекетінің заңға қайшы келетіні күмән туғызбайтын субъект бар, сондықтан мәжбүрлеу арқылы келтірілген зиян үшін осыған мэжбүрлеген адам (адамдар) жауапты болуы тиіс.

25

Талап етілетін іс-эрекеттерді жүзеге асырушы субъектінің өз мүддесін немесе басқа адамдардың мүдделерін көздейтінін ескере отырып, мұндай адамға (немесе басқалардың мүдделерін көздейтін адамдарға) қосалқы жауапкершілік жүктеу керек. Мүнда қорқытушының мүліктік жағдайы соттың зиянды өтеу жөніндегі шешімінің орындалуын қиындатуы мүмкіндігін басшылыққа алу қажет. Мэжбүрлі эрекет еткен адамның кейін қорқытушыға кері талап қою мүмкіндігі сақталуы тиіс. Қорқытушының өліміне немесе эрекет қабілетсіздігіне байланысты оған жауапкершілік жүктеу мүмкін болмайтын жағдайда да тікелей зиян келтірушіге жауапкершілік жүктеу мүмкіндігі сақталуы тиіс. Сот істің мэн-жайын ескере отырып, зиян келтірушіні де, сондай-ақ басқалардың мүдделері үшін эрекет еткен адамды да аса қажеттілік салдарынан туатын жауапкершілік туралы ережені қолдана отырып, зиянды өтеуден босату мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Біздің бүл айтқандарымызды жүзеге асыру заңдарға тиісті өзгерістер енгізуді қажет етеді.

Бүдан эрі кэмелетке толмаған қылмыскерлер келтіретін зиянды өтеу ерекшеліктерін қарастырайық. Бірқатар жағдайларда кәмелетке толмағандар 14 жастан бастап қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін, мысалы, кісі өлтіргені үшін (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін (103-бап), денсаулыққа ауырлататын жағдайларда қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін (104-баптың 2-бөлігі), зорлағаны үшін (120-бап), нәпсіқүмарлық сипатындағы күш қолданғаны үшін (121-бап) жэне т.с.с. Адамның жеке басына қарсы қылмыс жасаудың барлық қалған жағдайларында қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталады.

Адамның жеке басына қылмыспен келтірілген зиян үшін азаматтық-қүқықтық жауапкершілік туатын жас та осыған себепші болады. Мүндай жағдайларда қылмыстың тиісті субъектісінің болмауы қылмыспен бірлесіп зиян келтіруді де жоққа шығарады. Сондықтан 14 жасқа жетпеген кәмелетке толмағанның іс-эрекеттері үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тарту туралы мәселе азаматтық сот ісінің шеңберінде ғана шешілуі тиіс.

Кэмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы істерді қарау кезіндегі сот практикасы кәмелетке толмағандар келтірген зиянды өтеу тұсында туындайтын мәселелерге назар аудармайды.

ҚР Жоғарғы Сотының 1996 ж. бірінші жартысына арналған жүмыс жоспарына сэйкес, Ғылым министрлігінің — ҚР Ғылым академиясының Мемлекет жэне құқық институтымен бірге кэмелетке толмағандардың қылмыстары туралы, оларды қылмыстық жэне өзге де қоғамға жат эрекетке тарту туралы істер бойынша заңдарды соттардың қолдану практикасы қорытындыланды. Шолуда 1986-1996 жылдар арасында кэмелетке толмағандардың соттылығы арту үрдісін де, кему үрдісін де байқатқаны атап көрсетіледі.

Статистикалық мәліметтерді салыстыра зерттеу 1983 ж. — 6429 кәмелетке толмаған сотталған болса, 1993 ж. — олардың саны 9843-ке жеткенін көрсетеді. Егер 1984 ж. 6610 кэмелетке толмаған сотталса, 1994 ж. — 8102, ал 1985 жэне 1995 жж. тиісінше 6494 жэне 7286 кэмелетке толмаған сотталған. Келтірілген мэліметтердің негізінде қылмыстың өсу қисық

сызығының көтерілетіні туралы қорытынды жасауға болады, мүны халықтың негізгі бүқарасы қайыршылық күй кешіп отырғанда қоғамның қарқынды жікке бөлінуімен түсіндіруге болады. Сотталғандардың едэуір бөлігін есірткі заттар сақтағандар, үрлық жасағандар қүрайды. Кэмелетке толмағандардың біраз бөлігі адамның жеке басына қарсы қылмыстар жасайды. Мысалы, 1997 ж. кэмелетке толмағандар немесе олардың қатысуымен 136 кісі өлімі болған, қасақана дене жарақатын түсірудің 184 жағдайы, ауыр дене жарақатын түсірудің 128 жағдайы (олардың 45-і кісі өлімімен аяқталған), 98 зорлау тіркелген. Мүндай қылмыстардың жартысынан астамын тек қана кәмелетке толмағандар жасаған.

Қалыптасқан жағдайда кэмелетке толмағандардың қылмыстарымен келтірілген зиянды өтеу мәселесі едәуір маңызды болып отыр; алайда Жоғарғы Сот тиісті қорытынды жасамай келеді. Мэселен, аталған қорытындыда кейде ересектердің жасөспірімдерге өзінің ықпалын, өзінің беделі мен кушін пайдаланып, оларды қылмыстық әрекеттерге тартатыны атап көрсетіледі. Біздің көзқарасымыз бойынша, егер кәмелетке толмаған қылмысты мэжбүрліктен жасаған болса, онда оны зиянды өтеуден босату керек. Егер кэмелетке толмаған қылмысты ересек адамның іріткі салатын ықпалымен жасаған болса, келтірілген зиян үшін ортақтасқан емес, үлестік жауапкершілік қолданылуы тиіс. Бүл арада істің мән-жайын ескере отырып, келтірілген зиянның негізгі бөлігін өтеу міндеті қылмыстың ересек қатысушысына жүкгелуі тиіс.

Азаматтық заңға сэйкес 14-тен 18 жасқа дейінгі кэмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауапты болады. 14тен 18 жасқа дейінгі кэмелетке толмағанның мүлкі немесе өзге табыс көздері болмайтын жағдайларда, оның ата-аналары (бала асырап алушылар) немесе қорғаншылары мүндай зиянның олардың кінэсынан келтірілгенін дэлелдемесе, келтірілген зиянды толығымен немесе жетіспейтін бөлігін өтеуге тиіс. Ата-ана қүқықтарынан айырылған жағдайда да бүл міндет тоқтатылмайды. ҚР АК-не (ерекше бөліміне) жаңа норма (927-бап) енгізілген, оған сэйкес сот ата-ана қүқықтарынан айырылған ата-аналарға, егер зиян келтірген баланың мінез-құлқы ата-аналардың оны тэрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше атқармауының салдары болып табылатыны анықталса, оларды ата-ана қүқықтарынан айырғаннан кейін үш жыл ішінде кәмелетке толмаған балаларының келтірген зияны үшін жауапкершілікгі жүктей алады.

Ата-ана қүқықтарынан айырылмаған ата-аналардың алименттік міндеттемелері болатын жағдайларда ҚР-ның "Неке және отбасы туралы" Заңының 130-бабына сәйкес, егер алимент төлеу туралы келісім болмаса, сот олардың әрқайсысын балаларға қосымша шығындар жүмсауға қатыстыруы мүмкін. Мүндай шығындар ерекше жағдайлардан (кәмелетке толмағандардың немесе еңбекке қабілетсіз кәмелетке толмағаңдардың, мүқтаж балалардың ауыр науқасы жэне басқа мэн-жайлар) туындауы тиіс. Кэмелетке толмағанның жасаған қылмысымен келтірілген зиянды өтеу қажеттігі де осыған теңестіріледі.

II

"Неке жэне отбасы туралы" жаңа Заң кәмелетке толмаған балалары зиян келтіргенде ата-аналарының жауапкершілігі мэселесін жеткілікті айқын шешпегенін атап көрсеткіміз келеді. Мэселен, бүл Заңның 130-бабының 1-тармағында, 124-бабының 1-тармағында алимент төлеу жөніндегі келісім туралы ғана айтылады. Мұндай алимент төлеу туралы келісімнің жоқтығы — ата-аналарды балаларды тэрбиелеуге байланысты қосымша шығындарға қатыстырудың шарты ретінде танылады. Алайда, қосымша шығындарды көтеру міндетін бөлместен, алимент төлеу жөніндегі келісімнің болуының қандай салдары болатыны занда көзделмеген. Бүл келісімге сэйкес алимент төлеуге тиісті тарап сөзсіз қосымша шығындарды да көтеруі тиіс дегенді білдіре ме? Олай емес секілді. Сондықтан келіспеушілікке жол бермеу үшін "Неке жэне отбасы" Заңының "Ата-аналардың балаларын кутуге қосымша шығын жұмсауға қатысуы" деген 130-бабының 1-тармағына мынадай тұжырымдаманы енгізу керек: "Ата-аналар алимент төлеу жөніндегі келісімнің шарттарына сәйкес балалардың тэрбиесіне байланысты қосымша шығындар жұмсауға қатысады... (бүдан әрі — мәтін бойынша)".

Қылмыстық істер бойынша сот практикасы кэмелетке толмаған қылмыскерлердің ата-аналары азаматтық-кұқықтық қатынастарда да мүдделі адамдар болып саналатынын ескермейді. Н., Б. және А. (Қапшағай қалалық соты), Б. (Қызылорда облысының Қазалы аудандық соты), Р., К. және А. (Алматы облысының Іле аудандық соты) деген азаматтардың және басқа істер бойынша алдын ала тергеу органдары кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан жауап алмаған, олар заңды өкілдер ретінде танылмаған жэне оларға өздерінің қүқықтары түсіндірілмеген. Әдетте, осыған үқсас жағдайларда соттар бастама көтермейді жэне мұндай адамдарды сот мәжілісіне шақырмайды, оларды процестің толық қүқықты қатысушылары деп танымайды жэне олардан кэмелетке толмағандардың заңды өкілдері ретінде жауап алмайды.

Егер қылмыстық процестің барысында кәмелетке толмаған қылмыскерге азаматтық талап қойылатын болса, онда айыпталушының ата-аналары олардың баласы келтірді деген зиянды анықтауға қатысуға мүмкіндік алуы тиіс.

Қорғаншылыққа мұқтаж 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған — тиісті тәрбиелеу, емдеу, халықты элеуметтік қорғау мекемесінде немесе заңға сәйкес қорғаншы болатын басқа да осыларға ү_қсас орындарда болса, бүл мекемелер зиянды толығымен немесе жетіспейтін бөлігін етеуі тиіс. Егер зиян келтірген эрекеттерді кэмелетке толмаған қамқоршылық жэне қорғаншылык жасау органдары оны тәрбиелеуге орналастырғанға дейін қамқоршылық міндеттерін орындап келген болса, қамқоршылық жэне қорғаншылық жасау органдарына да осындай жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Сонымен қатар, шарттың негізінде жас балаларды тэрбиелеу, білім беру және қадағалау қүқықтары мен міндеттерін жүзеге асыратын азаматтар да олардың іс-әрекеттері үшін мүліктік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Заңдарда ата-аналармен бала асырап алушылардың тәрбиелеу қызметін көрсетуі туралы шарттар жасасқан адамдарға жауапкершілік жүктеу мүмкіндігін көздеу керек деп ойлаймыз, бірақ мұндай жауапкершілік тікелей шартта көзделген реттерде

28

ғана жүктелгені жөн болар. Өзге жағдайларда ата-аналардың (бала асырап алушылардың) тәрбиелеу, білім беру қызметін көрсететін адамға нақ соның теріс ықпалы баланың тиісті мінез-қүлқына себепші болғанын дэлелдей отырып, кері талап қою мүмкіндігі болуы тиіс.

Ата-аналарының қарауынсыз қалған, оның ішінде емдеу, тәрбиелеу немесе басқа да осыларға үқсас мекемелердегі баланы тэрбиелеуге тілек білдірген адам (қамқоршы тэрбиеші) мен қамқоршылық және қорғаншылық жасайтын орган арасында шарт жасалады. Қамқоршы тэрбиешілер де тәрбиелеуге қабылданған бала жөнінде қамқоршылар мен қорғаншыларға берілген қүқықтар мен міндеттерді иеленеді.

Айтылғандарды жинақтай келе, кэмелетке толмағандардың іс-эрекеттері үшін жауапкершілік мынадай үш түрлі негізге байланысты тууы мүмкін деп түжырымдауға болады:

— заңның нүсқауларына байланысты бүл негіз ата-аналардың, мемлекеттік тэрбиелеу, емдеу (мамандандырылған) мекемелерінің жауапкершілігіне таралады;

— сот шешімі (жауапкершілікті бала асырап алушыларға жүктейтін жағдайда);

— шарт.

Жоғарыда баяндалғандарды негізге ала отырып, мынадай қорытындылар жасауға болады:



— мүлікке келтірілген зиян үшін жауапкершілікті жүзеге асыру кезінде азаматтық қүқық бұзушылықтан туындайтын міндеттеменің мазмүнын дұрыс анықтау және материалдық қүқықты пайдалану мақсатында зиянды өтеудің шегін бөліп көрсету, зиянды өтеуді қалпына келтірудің өзге жағдайларынан айыра білу керек;

— соттар зиянды өтеу туралы шешім шығара отырып, табиғи қалпына келтіруді, пайдалы қасиеттері бойынша жақын, басқа зат беру кезінде сондай сапалы зат беруді ауыстыруды немесе ақшалай өтем жасауды үстануы, несие берушінің мүдделерін негіз ете отырып, есеп айырысуы, ақы үшін жүмсалатын мүліктің, сондай-ақ ортақ меншік пен заңды түлғалар меншігінің режимін жэне шектелген заттай қүқықтың мазмүнын ескеру керек. Бағалы қағаздар нарқын дамыту олар үшін мүлік жүмсауды мүмкін ету үшін заңнамалық және үйымдық шаралар қабылдауды талап етеді;

— қылмыстық жэне азаматтық қүқықта зиянның түрліше айтылуын, қылмыстық істер шеңберінде заладды өндіріп алудың шынайы мүмкіндіктерін ескере отырып, "аралық шешімдер" шығару практикасын енгізу қажет;

— қүқықтың түрлі салаларының нормаларында көзделген мүліктік рүқсат беруді (санкция) қатар (бэсекелес) қолдану — қылмыспен келтірілген зиянды өтеу қажеттігі туғанда мүлікті теркілеуге мүлде болмайды, сондықтан жеке адам қүқықтарының басымдығын ескере отырып, бүған нормативтік шектеу енгізу керек;

— зиянды өтеу жөніндегі азаматтық заңдарды дүрыс қолдану мақсатында қылмыстық процесте осы процеске қатысушылардың құқықтарын

жүзеге асыруға ықпал ете алатын азаматтық іс жүргізу заңдары нормаларының міндетті түрде қолданылуын көздеу қажет;

— заңдарда қажетті қорғану күйінде келтірген зиян үшін жауапкершілікті қылмыскерге, жэбірленушінің өзіне-өзі немесе үшінші адамның мүлкіне жүктеуді көздеу талап етіледі;

— мүлікке келтірілген зиян үшін жауапкершілікті жүктеу кезінде қылмыстық қүқықта заңды эрекет ретінде қарастырылатын күштеп немесе психикалық мэжбүрлеу арқылы зиян келтіру мүмкіндігін де ескеру қажет. Кэмелетке толмағандардың мэжбүрлеу арқылы зиян келтіруін ерекше қарастыру керек;

— кэмелетке толмағанның жэне оны қылмыстық эрекетке тартқан ересек қылмыскердің азаматтық-қүқықтық жауапкершілігін саралау керек [15].

1.3 Азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін

жауапкершілік

Мүлікке қылмыспен зиян келтіргені үшін жауапкершілікті қарау кезінде пайдаланылған материалдар бойынша азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілікті қарастыра отырып, бүл салада да зерттелмеген жэне шешімін таппаған проблемалар бар екенін атап көрсету керек, ол кейде тіпті мулікке келтірілген зиян үшін жауапкершілік проблемаларының шешілмеу дэрежесінен асып түседі.

Бүл адамның жеке басына қарсы жасалатын қылмыс арқылы азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі сот практикасынан да байқалады. Әдетте, ол қылмыстық істердің басым көпшілігін қарауда ескерілмеген. 1993-1997 жылдары Алматы қаласының, Алматы облысының соттарында қаралған адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар жөніндегі 450 қылмыстық істі зерттеу азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу — қаралған істердің 1 пайызына да жетпейтінін көрсетті. Сірэ, мү_ны мүлікті жою жэне бүлдіру адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруді екінші қатарға ығыстырғандай түсіндіруге болар. Адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру ол жөнінде әлдебір ақшалай (мүліктік) мазмүндағы қатынастар тумайтын "баға жетпес қазынаға" байланысты қарастырылады. Мысалы, Алматы облыстық соты X. деген азаматты Қазақ КСР ҚК-нің 221-бабының 2-бөлігінде, 217-бабының 1-бөлігінде, 765, 88-бабының 1-бөлігінің "а", "г", "е" тармақтарында, 82-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деп айыптаған қылмыстық істе үрланған заттың күны ғана өтеледі. Мүнда жэбірленушінің өміріне келтірілген зиян мүлде анықталмайды. Одан эрі, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 14-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп айыпталатын И. деген азаматтың қылмыстық ісінде сотталушыға үш жыл сынақ мерзімімен төрт жыл бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылған. Қылмыскер сот залында күзеттен босатылған. Прокурор процесс барысында сотталушыдан сараптама

жүргізуге байланысты 3426 теңге 29 тиын шығынды мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алу туралы талап арыз жазуды үмытпайды. Кэмелетке толмаған азаматтың арнамысына, психикасына оны жоюға арнайы оңалту шаралары қажет болатын орны толмас залал келтірілгені қаперге алынбаған.

Қазақ КСР ЩС-нің 101 -бабының 1 -бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп айыпталған У. деген азаматтың қылмыстық ісінде де жэбірленушінің денсаулығына келтірілген залалды анықтау жэне өтеу мэселесі шешілмеген. Прокурор бүл істе де сараптама жүргізу жөніндегі шығындарды бюджет кірісіне өндіріп алу туралы талап қойды. Мэселен, Қазақ КСР ҚК-нің 15-бабында, 101-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп айыпталған Т. деген азаматтың қылмыстық ісінде 15 жасар кэмелетке толмаған қыз бала жэбірленуші болып табылады. Бүл іс бойынша аудандық соттың үкімі, Алматы қалалық сотының наразылық үйғарымы, ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша алқасының қадағалау ретінде қаулысы шығарылды. Тергеушінің қаулысы бойынша қыздың анасы жэбірленуші ретінде танылады, онда қыздың анасына моральдық зиян келтірілгені атап көрсетіледі. Қыз балаға жеңіл дене жарақаты түсірілген, осындай жарақаттар арқылы өтелуге тиісті денсаулыққа зиян келтіру, моральдық зиян келтіру фактілері аталған бағыныштылық сатыларының бірде-біреуінде анықталмаған. Қорытындысында ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы бүл эрекетті ҚК-тің 97-бабы бойынша қайта саралап, жалақысының 20 пайызын мемлекет кірісіне үстайтын бір жыл түзеу жүмыстарына жіберу түрінде жаза тағайындайды.

Біз бүған дейін мүндай шара адамның бүзылған мүліктік қүқықтарын қалпына келтіруге кедергі жасайтын жағдайда сотталушының мүлкін тәркілеуге болмайтынын атап көрсеткенбіз. Бүған қоса, соттар түзеу жүмыстары түріндегі жазаңы қолданады және денсаулыққа келтірілген зиянды анықтауды, ол үшін өтем төлеуді аттап өтеді. Бүл, мысалы, Қазақ КСР ҚК-нің 98-бабының 2-бөлігінде көзделгендей қылмыс жасаған М. деген азаматты айыптайтын қылмыстық істе де байқалады. Оған жалақысының 15 пайызын мемлекет кірісіне үхтап отыратын, 6 ай түзеу жүмыстарына жіберу түріндеғі жаза тағайындаліан. Әрине, көрсетілген қаражаттарды зиянның өтемі ретінде жәбірленушілерге қайтару эділеттірек болар еді.

КСР Одага мен ҚР Жоғарғы Соттары Пленумдарының басшылыққа алатын қаулылары соттардың азаматтық талаптарды шешу міндеттілігіне, ал егер мүндай талаптар қойылмаса, өз бастамасы бойынша залалды өтеу туралы мэселені талқылауға назар аударды. Алайда бүл шаралардың жеткіліксіз болатыны айдананық. Төмен түрған соттар жоғары түрған соттардың пікірін үдайы тыңдай бермейді, оларды ескермейді. Мүның себептерінің бірі, сөз жоқ, қүқық қорғау органдарындағы лауазымды адамдардың белгілі бір бөлігінің пайда күнемдік пиғылы болып табылады. ҚР Әділет министрлігі алқасының кеңейтілген мэжілісіңде "Судьялар өздерінің іс-әрекеттерін әр түрлі дәлелдермен ақтай отырып, қылмыскерлерді жауапкершіліктен саналы түрде қүтқарып кететін жағдайлар да аз емес" деп атап көрсетілуі кездейсоқтық емес.

Мүндай қүбылыстың айтарлықтай кең таралғанын Жоғары тэртіптік кеңестің төрағасы келтірген мэліметтерден де көруге болады. Осы орган

қүрылған бір жылдың ішінде барлық тэртіптік кеңестердің атына азаматтардан 2098 өтініш, оның ішінде Жоғары тәртіптік кеңеске — 495 өтініш түскен. Адамдар өздерінің хаттарында жэне қабылдауда болғандарында қүқық қорғау органдары қызметкерлерінің қүқыққа қарсы іс-әрекеттеріне, қылмыстық істер мен азаматтардың өтініштерін қарау кезінде жол берілетін сөзбұйдашылығына шағымданады. Мүндай хаттардың саны жалпы тасқынның бестен бір бөлігін қүрайды. Әлбетте, прокуратура органдарына да осындай өтініштер түседі. Бүл арада азаматтардың белгілі бір бөлігі, жалпы алғанда, эділеттіке жету мүмкіндігіне сенбей, ешқандай бақылау жэне қадағалау органдарына қайырылмайды [6. 6 6].

Қазіргі уақытта соттардың өз бастамасымен қылмыспен келтірілген зиянды өтеу шараларын қабылдау міндеті ресми сот түсіндіруімен белгіленген зандардың мағынасынан келіп шығады. Соттың мүдделі адамдарға талап қоюды алмастырмастан, зиянды өтеу шараларын қабылдау міндетің тікелей заңдарға бекіту талап етіледі.

Жоғарғы Сот азаматтардын; өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілікті қолдануға жеткілікті көңіл бөлмейді. 1996 ж. облыстық соттар, сондай-ақ Алматы қалалық соты 805 адамға қатысты 484 қылмыстық іс қарап, үкім шығарған. Салыстырып көрейік: 1995 ж. осындай кезең ішінде 1233 адамға қатысты 669 қылмыстық іс қаралған. Зерттелген кезең ішінде наразынық шағым беру тэртібімен 1996 ж. бірінші жартысында 477 адамға қатысты 344 іс, 1995 ж. бірінші жартысында — 681 адамға қатысты 485 іс қаралған. Сонымен, 1995 ж. облыстық жэне оларға теңестірілген соттар барлык қаралған істердің 55,2 пайызын наразылық шағым беру тәртібімен қарап, үкім шығарған.

Айтылғандарды жинақтай келе, мынадай қорытынды жасауға болады: түтас алғанда, көрсетілген соттардың заң талаптарын сақтағанына және Жоғарғы Соттың наразылық келтіру тэртібімен істерді қарауының азайғанына қарамастан, қате шешімдер қабылданатын жағдайлар элі де үшырасуда. Мәселен, 1996 ж. бірінші жартысында 67 адамға қатысты шығарылған үкім жойылған, бүл 14 пайыз деген сөз, 1995 ж. бірінші жартысында 68 адамға қатысты үкім жойылған, бү_л шағымдар мен наразылық білдіру бойынша шағым беру тэртібімен қаралған істердің 9,9 пайызы болады. 1996 ж. істің қайта тергеуге жіберілуіне байланысты 19 адамға шығарылған үкім, дүрыс ақталмауына байланысты — 13 адамға, сот тағайындаған жазаңың өте жүмсақтығына байланысты — 1 адамға, басқа негіздер бойынша — 19 адамға, іс-әрекеттерінде қылмыс қүрамының жоқтығына, айыптаудың дэлелденбеуіне байланысты іс жүргізудің тоқтатылуына орай — 13 адамға, оның ішінде аса ауыр емес айыптау тағъшған — 10 адамға, басқа негіздер бойынша — 2 адамға қатысты айыптауды қалдыру жөніндегі үкімдер жойылған. Көріп отырғанымыздай, сот практикасына жүргізілген жинақтауда зиянды өтеу мэселелері зерттелмейді.

ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1999 ж. қабылданған "Республика соттарының денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу женіндегі заңдарды қолдануының кейбір мэселелері туралы" Қаулысында да кезінде КСР

Одағының Жоғарғы Соты қабылдаған Қаулыдағы кемшілікгер орын алын отыр — мұнда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қылмыспен келтірілген зиянды өтеу мэселелері қозғалмаған.

Алматы облысы мен Алматы қаласуның соттары да адамның жеке басына қылмыспен қелтірілген зиянды өтеу практикасын жинақтамайды. Сонымен, Қазақ КСР Әділет министрлігінің 1973 ж. 12 шілдеде өткен алқасының Қаулысымен мақ^лданған Сот практикасын жинақтауды үйымдастыру жэне оның эдістемесі жөніндегі үсынымдары орындалмайды. Көрсетілген үсынымдарда анықтауға жататын мэселелердің қатарынан мыналар аталады: қылмыстық істерде азаматтық талаптарды дұрыс шешу; процеске азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерлерді қатыстыру; талапты қанағаттандырудың немесе одан бас тартудың негізділігі; азаматтық талапты негізсіз қараусыз қалдыру фактілері; тергеу органдары барлық жағдайларда талапты қанағаттандыру шараларын қолдана ма; тиісті шаралардың дер кезінде қабылдануы.

ҚР ҚІЖК-нің 62-бабының 2-бөлігі мынаны көздейді: прокурор айыпталушыға немесе оның іс-әрекеті үшін мүліктік жауаптылықта болатын түлғаға, өзінің дәрменсіз күйіне, айыпталушыға тәуелді болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қоюға жэне оны қорғау қүқығын өз бетінше пайдалануға қабілеті жоқ жәбірленушінің мүдделерін қорғап талап қоюға қүқылы. Өз тарапымыздан, егер өкіл тарапынан талап қойылған болса, мүндай түлғалардың пайдасына талап қою міндетін баянды ету қажет деп есептейміз. Сонымен қатар, талап қою және оны қорғау қүқығын өз бетінше пайдалануға қабілетсіз түлғалар туралы тұжырым сипатына қарай өте жалпылама болатындықтан, сөйтіп кемелетке толмағандардың қүқықтарын бүрмалайтындықтан, кэмелетке толмағандардың (жәбірленушілер мен азаматтық талапкерлердің) пайдасына қарай талап қою міндеті қажет болады; шынында да сот практикасында мүндай жағдайлар аз емес. Мэселен, Қазақ КСР ҚК-нің 88-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасады дегі айыпталған Г. деген азаматтың қылмыстық ісінде А. деген жэбірленушінің өкілі үзаққа созылған сот сөзбүйдалығынан жэне соттың Г.-ның іс-эрекеттерін қажетті қорғану шегінен аса отырып жасалған іс-әрекет ретінде сараптау эрекетінен кейін айыпталушыға қатысты қылмыстық ізге түсуді тоқтатпау жөнінде өтініш жазады. Бүл арада жэбірленуші эйел өлген адамның кэмелетке толмаған үш баласы бар екенін көрсетеді. Мүнда да өзінің қүқықтары мен балалардың қүқықтарынан бейхабарлық байқалады, өйтпейінше жәбірленуші эйел асыраушысынан айыруға әкеп соқтырған зиянды өтеу жөнінде талап қойған болар еді.

Осы іс бойынша шығарылған үкімде іс-эрекеттің қылмыстық-қүқықтық саралануы ғана көрсетілген, ал сотталушы "Система" ғылыми-өндірістік бірлестігінің директоры болған; онда зиянды өтеуге қажетті мүлік бар деп жорамалдауға болатын еді, алайда сот мұны анықтап жатпаған. Мүндай келеңсіз практика жаппай сипат ала бастағандықтан, қылмыспен келгірілген зиянды өтеу ережеден гөрі ерекшелік болып шығады. Тағы бір мысал келтірейік: Алматы қаласындағы Бостандық аудандық сотында 1993-1997

жылдары қылмыспен келтірілген зиянды өтеу жөніндегі қылмыстық істен бөлек бірде-бір азаматтық іс қаралмаған. Ал заңды қүрамы бар қылмыстан басқа эрбір қылмыс зиян келтіріп отырған.

Азаматтың өмірі мен денсаулыгына қылмыспен келтірілген зиян жалпы негіздерде өтеледі. Оны анықтау үшін Меншіктің барлық нысандары кэсіпорындарының, мекемелері мен үйымдарының жүмысшылар мен қызметшілерге жарақаттану немесе олардың еңбек ету міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығын зақымдау арқылы келтірілген залалды өтеу Ережелерінде көзделген зиянды есептеу әдістемесі мен оны өтеу тэртібі қажет болады. Сонымен бірге, қү_қық қатынастарының осы түрінің ерекшедігін де ескеру керек.

Бүған дейін атап өткеніміздей, азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген мүліктік зиян ол алып келген немесе нақты ала алатын, бірақ айырылып қалған табыспен көрсетілуі мүмкін.

Еңбек жарақаты арқылы келтірілген залалды өтеу мөлшерін есептеуде табысқа жалақының барлық түрлері жатқызылады. Қолданылып жүрген еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделмеген бір жолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшін өтем, жүмыстан босатылған кездегі шығу жэрдемақысы, материалдық көмек ретінде берілген жәрдем ақша және басқалары) бүған жатпайды.

Бір жолғы сипаттағы мұндай төлемдер жарақаттанған адамның материалдық игілігіне айтарлықтай ықпал ете алмайды. Көбіне оларды алу мүмкіндігі шартты болып табылады (мысалы, бір жолғы мадақтау төлемдері). Сондықтан азаматтың өмірі мен денсаулығына қылмыспен зиян келтіру салдарынан жоғалтылған табысты анықтауда олар ескерілмеуі тиіс.

Алайда, ынталандыру сипатындағы сыйақылар мен басқа да төлемдер, еңбекке ақы төлеу жүйесінде көзделген жылдық сыйақылар, біздіңше, орташа табысты анықтау кезінде ескерілуі тиіс. Бүл арада Үйым қызметкерлеріпің орташа жалақысын есептеу тэртібі туралы нүхқауда көзделген сыйақылар мен ынталандырушы төлемдерді орташа табыстың қүрамына қосу тэртібі қаралып отырған жағдайға қолдануға келмейді.

Бү_л секідді ақшалай сыйақыларды жоғалтылған табыстың құрамына қосудың орындылығы мынаған да байланысты: олар да жәбірленуші үдайы алып түратын еңбек табысының бір бөлігін қү_райды. Оны мынадай негізде анықтауға болады: ол көрсетілген сыйақыларды үзақ уақыт бойы алып келген, өзі өте тэртіпті қызметкер болған, бүл іс жүзінде оның сыйақыдан айырылу мүмкіндігін жоққа шығарады. Бүл арада жыл ішінде алған осындай төлемдердің сомасы жыл айлары бойынша біркелкі бөлінуі және сөйтіп, жэбірленушінің пайдасына өндіріп алынуы тиіс. Заңдар оларды өндіріп алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

ҚР АКнде (938-баптың 2-тармағы) табыс салығы салынатын еңбек жэне азаматтық-қүқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері өтелуге жататын табыстардың қүрамына енгізіледі деп көрсетілген. Азаматтық-қүқықтық шарттар бойынша еңбекке ақы төлеуге қатысы бар бөліктің осы қағидасы біздіңше толық дэлелді болып көрінбейді. Азаматтық-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет