Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы


Жауапты мемлекеттік және өзге де органдар



бет3/4
Дата16.07.2016
өлшемі0.78 Mb.
#203954
1   2   3   4

Жауапты мемлекеттік және өзге де органдар

      Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1285 қаулысымен.

      Бағдарламаны iске асыру үшiн мынадай мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың жәрдемдесуi қажет: Индустрия және жаңа технологиялар, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Өңірлік даму, Ауыл шаруашылығы, Бiлiм және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрлiктерi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «Қазақстанның Даму банкi», «Қазақстандық индустрияны дамыту институты», «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгi», «NadLoC» жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiгі» акционерлік қоғамдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының қауымдастығы, Қазақстанның былғары шикізаты мен үлбірді өңдеушілер қауымдастығы.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Алдағы кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу бойынша өндірісті жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандыру жасауға байланысты. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерінің ресурстары және пайдалану бойынша деректер осы бағдарламаның бірінші қосымшасында көрсетілген.



5.1. Бағдарламаны іске асыру бойынша жұмыстың
негізгі бағыттары

      Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту бойынша жұмыстың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсету қажет:


      қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, өндірістерді жаңғырту;
      экономикалық саясаттың жүйелі шараларын іске асыру;
      саланы білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету;
      Бағдарламаны іске асырудың жобалық шаралары.

5.2. Тетіктер мен құралдар тізбесі

      Ескерту. 5-2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1285 қаулысымен.

      1-бағыт. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, өндірістерді жаңғырту
      «Бизнестің жол картасы 2020» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту;
      «Өнімділік 2020» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық технологияларды енгізу жолымен өнімділікті арттыру.

      2-бағыт. Экономикалық саясаттың жүйелі шараларын іске асыру


      Ұлттық компаниялардың сатып алуды жүзеге асыруы кезінде өндірісін оқшауландыру жеңіл өнеркәсіп өнімінің түпкілікті бағысы құнының 30%-ын құрайтын отандық кәсіпорындармен орта мерзімді келісім-шарттар жасасу тетігін әзірлеу;
      Кеден одағына мүше елдердің, ішкі сәйкестік сертификаттарын үйлестіру және тану;
      жеңіл өнеркәсіп өнімі экспортын ілгерілету және қолдау;
      техникалық реттеу шараларын жетілдіру.

      3-бағыт. Саланы білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету


      Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау бойынша, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп саласындағы білікті кадрларға қажеттіліктің мониторингін өткізу және ғылыми негізде болжау үшін салалық кеңес құру;
      Шымкент қаласында өңдеуші сала үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша 700 орындық өңіраралық орталық салу;
      жергілікті атқарушы органдардың мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруы. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін кадрларға қажеттілік бойынша деректер осы Бағдарламаға 3-қосымшада келтірілген.

      4-бағыт. Бағдарламаны іске асырудың жобалық шаралары


      Саланың алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ҮИИДМБ шеңберінде мынадай инвестициялық жобалар іске асырылады:
      пысықталғандары:
       Шығыс Қазақстан облысында:
      «Семей былғары-үлбір комбинаты» ЖШС - 404 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін былғары өндірісін қайта жаңарту және жаңғырту.
      Оңтүстік Қазақстан облысында:
      «Ютекс-KZ» АҚ - «Оңтүстік» АЭА-ның аумағында 1041 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тоқыма өндірісін ұйымдастыру;
      «Мақтаөнеркәсібі-Целлюлоза» ЖШС - 237 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін гигроскопиялық мақта мен целлюлоза шығару;
      «Оху Textile» ЖШС - 260 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін қазіргі заманғы таралған және кардтық мақта-мата иірімжібін шығару өндірісін ұйымдастыру.

      «тауаша» жобалар:


      жолдар, көпірлер, тұрғын үй құрылысында пайдалану үшін геотекстиль өндіру;
      былғары-үлбір кәсіпорындары үшін шикізат ретінде пайдаланылатын жартылай фабрикат өндіру.

5.3. Бизнес өкілдерімен кері байланыс жүйесі

      Белсенді ұстаным мен бизнес өкілдерінің осы Бағдарламаны іске асыруға жоғары дәрежеде қызығушылығы болған кезде ұсынылып отырған индустриялық-инновациялық дамудың шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардан елеулі тиімділік болуы мүмкін.


      Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекет қабылдайтын шаралар, олардың тиімділігі, жеңіл өнеркәсіп өкілдерінің қажеттіліктеріне бара барлығы бойынша кәсіпкерлердің пікірін есепке алу үшін, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру барысында туындайтын проблемалар бойынша уақтылы түзету іс-қимылдарын қабылдау үшін бизнес өкілдерімен кері байланысты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
      Бизнес өкілдерімен кері байланысты қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
      Министрліктің сайтына түскен барлық мүдделі тараптардың өтініштері бойынша ақпараттық қолдау;
      тұрақты негізде салалық жұмыс топтарының саланы дамытудың проблемалары мен перспективаларын зерделеуге және олар бойынша шешімдер әзірлеуге байланысты конференциялары, кездесулері мен отырыстары өткізіледі;
      Министрлік қызметкерлері Бағдарламаның әлеуетті және әрекеттегі қатысушыларымен тікелей, телефон және электрондық пошта арқылы байланыстарға қолдау көрсетеді;
      бизнес және билік өкілдерінің қатысуымен тұрақты негізде саланың дамытудың проблемалары мен перспективаларына арналған телевизиялық бағдарламалар жүргізіледі;
      бизнес өкілдері Министрліктің әдеттегі поштасына проблемаларды, ұсыныстарды және саланы дамыту перспективаларын пайымдауларды, сондай-ақ, жаңа өндірістерді ұйымдастырудың, жаңа технологияларды енгізудің ұсынылып отырған жобалары бойынша ақпаратты қамтитын хаттарын жібере алады.

6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны іске асыруға Даму институттарының қаражаты, сондай-ақ жеке ішкі және шетелдік инвестициялар бағытталады.


      Бұдан басқа, республикалық және жергілікті бюджеттердің көзделген қаражаты шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту, білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өткізуге жәрдемдесу бөлігінде саланы қаржыландыруды жүзеге асыру, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес техникалық реттеу мәселелері болжанып отыр.

7. Қазақстан Республикасында Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі
2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. 7-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1285 қаулысымен.



Р/с №

Iс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзiмi

Болжанатын шығыстар
(млн. теңге)

Қаржыландыру көздерi

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013
ж.

2014
ж.

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып өндiрiстердi жаңғырту

1

«Бизнестiң жол картасы - 2020»  бағдарламасының шеңберiнде жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарын қолдау

ИЖТМ-ге ақпарат

ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 ж.ж.













013 «Бизнестiң жол картасы - 2020» шеңберiнде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға арналған облыстарға, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берiлетiн нысаналы ағымдағы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

2

«Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде инновациялық технологияларды енгiзу арқылы өнiмдiлiктi арттыру

ИЖТМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ҚИДИ (келiсiм бойынша), ҚДБ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 ж.ж.













011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

2. Экономикалық саясаттың жүйелi шараларын iске асыру

3

Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарына консультациялық қызметтер көрсету

Ақпаратты ИЖТМ сайтына орналастыру

ИЖТМ

2010 - 2014 ж.ж.













Болжанбайды

4

Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын жеңiл өнеркәсiпке арналған жинақтаушылар мен қосалқы бөлшектердiң жоғары технологиялы жабдықтарының бажсыз импорты бойынша ұсыныстар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
IV тоқсан













Болжанбайды

5

Қазақстанда өндiрiлмейтiн жеңiл өнеркәсiп өнiмiн өндiруге арналған ресурстардың (фурнитуралар, химиялық өнiмдер) бажсыз импорты бойынша ұсыныстар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
IV тоқсан













Болжанбайды

6

Жеңіл өнеркәсіп өнімін шетелде тіркеу

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (келісім бойынша), ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2010 - 2013 ж.ж.













022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте бекітілген сома шеңберінде

7

Жеңіл өнеркәсіп өнімін шетелде серификаттау

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (келісім бойынша), ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2010 - 2013 ж.ж.













022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте бекітілген сома шеңберінде

8

Отандық жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындарының халықаралық мамандандырылған көрмелерге қатысуы (алаңды жалға алу, тiркеу жарнасы)

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (келiсiм бойынша), ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 ж.ж.













022 «Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

9

Жеңiл өнеркәсiп тауарларын шетелде жылжыту (брендинг, тауардың жарнамасы)

ИЖТМ-ге ақпарат

KAZNEX (келiсiм бойынша), ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2010 - 2014 ж.ж.













022 «Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарыққа жылжытуға жәрдемдесу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

10

Техникалық регламент талаптарына жауап беретін және/немесе халықаралық стандарттарға сәйкес келетін стандарттарды әзiрлеу және қабылдау

ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң бұйрығы

ИЖТМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша), БШҮӨҚ (келiсiм бойынша)

2011 - 2014 ж.ж.













013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

11

Мүдделі тараптардың Кеден одағы елдерінің ішкі сертификаттарды тануы туралы келіссөздерін жүргізу

ИЖТМ-ге ақпарат

ЭБЖМ, ИЖТМ, ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2012 ж.

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

12

Жеңiл өнеркәсiп кәсiпорындары, ұлттық компаниялар және жүйе құрушы кәсiпорындар арасында орта мерзiмдi сатып алу тетiгiн әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау

ИЖТМ-ге ақпарат

Самұрық- Қазына (келiсiм бойынша), ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
IV тоқсан













Болжанбайды

13

Отандық тауар өндірушілер тізілімдерін ықпалдастыру жөніндегі мәселені пысықтау («Электрондық мемлекеттiк сатып алу» автоматтандырылған ықпалдастырылған ақпараттық жүйесi, «Қазақстандық қамту» Интернетпорталы ақпараттық жүйесі, «Самұрық-Қазына» ҰАҚ» АҚ тобының отандық тауар өндірушілер тізілімі)

ИЖТМ-ге ұсыныстар

ИЖТМ, Қаржымині, Самұрық-Қазына (келiсiм бойынша), NadLoC (келiсiм бойынша)

2014 ж.
I тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

14

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерi және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшiн әскери және арнайы киiм нысанын, айырым белгiлерiн және жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға шарттар жасасу

ИЖТМ-ге ақпарат

Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, РҰ (келiсiм бойынша), ҰҚК, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
II тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

15

Биязы жүн экспортына шектеу қою жөніндегі мәселені қарау

ИЖТМ-ге ұсыныстар

АШМ, ЭБЖМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
II тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

16

Отандық қайта өндірушілердің қажеттіліктерін негізге ала отырып, мақта талшығының экспортын мемлекеттік реттеу тетіктерін жетілдіру мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ұсыныстар

АШМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ОҚО әкiмдiгі, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
II тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

17

Шикізатты – отандық өндірістегі былғарыны, жуылған жүнді, мақта талшығын сатып алуда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының шығындарын субсидиялау мәселесін пысықтау

ИЖТМ-ге ұсыныстар

ЭБЖМ, АШМ, Қаржымині, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.
I тоқсан

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

3. Саланы бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

18

Облыстық жергiлiктi атқарушы органдардың техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм тапсырысын орналастыруы

ИЖТМ-ге ақпарат

ШҚО, ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарының әкiмдiктерi

2010 - 2014 ж.ж.

425,8

499,4

540,3

586,0

624,8

2 676,4

024 «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына мамандарды даярлау» бюджеттiк бағдарламасы шеңберiнде ЖБ

19

Жеңiл өнеркәсiптiң басым мамандықтары бойынша кәсiби стандарттардың әзiрленуін ұйымдастыру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, Еңбекминi, БҒМ, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2012 - 2013 ж.ж.
2013 - 2014 ж.ж.





5,25

6,3
6,0

2,6



Дүниежүзілік Банк бөлетiн қаржыландыру шеңберiнде 146 «Кәсіби стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз ету» бюджеттiк бағдарламасы бойынша тиiстi жылдарға арналған республикалық бюджетте бекiтiлген сомалар шеңберiнде

20

Жеңiл өнеркәсiп мамандығы бойынша техникалық және кәсiптiк бiлiм түлектерiнiң бiлiктiлiгiн сертификаттаудың тәуелсiз жүйесiн енгiзуге жәрдемдесу

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкiмдiктерi, ЖӨКҚ (келiсiм бойынша)

2011 - 2014 ж.ж.













Болжанбайды

21

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі салалық кеңесті құру.

БҒМ-ге ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2012 ж.

-

-

-

-

-

-

Болжанбайды

22

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіптік және техникалық білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жетілдіру

ИЖТМ-ге ақпарат

БҒМ, ЖӨКҚ (келісім бойынша)

2011 - 2012 ж.ж.

-

-

-

-

-

-

025 «Білім беру жүйелерін методологиялық қамтамасыз ету және білім беру қызметтерінің сапасын талдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте бекітілген сома шеңберінде

4. Салалық бағдарламаны iске асырудың жобалық шаралары

23

«Терi өндiрiсiн реконструкциялау және жаңғырту» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

ШҚО әкiмдiгі, «Семей былғары- үлбір комбинаты» ЖШС (келiсiм бойынша)

2011 ж.











3 757

Қарыз қаражаты – қарыз алушы ҚДБ

24

«Қазiргi заманғы тоқыма өндiрiсiн ұйымдастыру» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

ОҚО әкiмдiгі, «Ютекс-KZ» АҚ (келiсiм бойынша)

2014 ж.











11 172,4

Қарыз қаражаты – қарыз алушы ҚДБ

25

«Гигроскопиялық мақта және целлюлоза шығару» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

ОҚО әкiмдiгі, «Мақта өнеркәсiбi Целлюлоза» ЖШС (келiсiм бойынша)

2010 ж.











2 190,0

Қарыз қаражаты – қарыз алушы ҚДБ-Лизинг

26

Тарақтық және кардтық мақта-мата жiптерiн шығаратын қазiргi заманғы өндiрiстi ұйымдастыру» инвестициялық жобасын iске асыру

ИЖТМ-ге ақпарат

ОҚО әкiмдiгі, «Оху Textile» ЖШС (келiсiм бойынша)

2010 ж.











3 731,1

Қарыз қаражаты – қарыз алушы ҚДБ-Лизинг


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет