28. Балаларға үйде қызмет көрсету кезінде медициналық пункттің мейіргері мыналарды жүзеге асырады: 1) антропометриялық зерттеу жүргізу және баланың физикалық дамуын бағалау; 4) ата-аналарды баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында оны күту дағдыларына үйрету; 5) отбасы мүшелерін, оның ішінде мүгедек балалардың ата-аналарын жалпы күтімнің практикалық дағдыларына оқыту; 7) "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27182 болып тіркелген) және "Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10013 болып тіркелген) сәйкес балада проблемаларды және тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерінің болуын анықтау; 8) ауру балаларды үйде және дамуында ауытқулары бар балаларды күту мәселелері бойынша ата-аналарға консультация беру; 9) ата-аналарға диагностикалық емшараларды мен профилактикалық екпелерді жүргізуге дайындық жөніндегі қағидалар мен талаптарды түсіндіру; 10) үйде мейіргерлік емшараларды орындау, сондай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша биологиялық материал алуды жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: |