Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы


Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті әлеуметтік салада дамыту (білім беру, денсаулық сақтау)



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі0.56 Mb.
#174501
1   2   3

3.5.1. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті әлеуметтік салада дамыту (білім беру, денсаулық сақтау)

ҚР нормативтік-құқықтық базасына жасалған талдау қолданыстағы заңнаманың МЖӘ-ні әлеуметтік салаға белсенді енгізуді тежейтінін көрсетті.

Келесі жүйелі мәселелерді пысықтау мемлекетке жеке секторды әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыру, салу және тиімді басқару үшін тартуға мүмкіндік береді: 

1) концессияға беруге жатпайтын объектілер тізімін қарастыру;

2) концессионерге көлемі ұсынылған қызмет сапасына тәуелді инвестициялық қана емес, сондай-ақ пайдалану шығындарының да орнын толтыру мүмкіндігін беру үшін концессионерге мемлекеттік қолдау шараларын қарастыру; 

3) келісімшарттардың ұзақ мерзімділігі, тұрақтылығы сияқты МЖӘ-нің негізгі қағидаттарын ескеріп азаматтық заңнама шеңберінде сенімгерлік басқару және жалға алу шарттарын жетілдіру. Бұл жағдайда халықаралық тәжірибеден «басқару және қамтамасыз ету» келісімшарттарын бейімдеуге болады.

Басқару және қамтамасыз ету келісімшарттарын пайдалану мемлекеттік меншік объектілерінің ағымдағы қызметтерін басқару сапасын көтеру қажет болатын жобалар үшін тән. Осы ретте, пайдалану шығындарын мемлекет өз мойнына алады, жеке тарап өз жұмысының ақысын қызметтердің сапасына қарап алады және ешқандай да инвестициялық шығындарды алмайды. Осындай келісімшарттардың мерзімі, әдетте, 3-5 жылды құрайды. Әдетте, басқаруға білім, денсаулық сақтау, коммуналдық меншіктердің қазіргі объектілері беріледі. Келісімшарт персоналды басқару, қаржылық басқарма және стратегиялық жоспарлау, сондай-ақ ғимараттың жекелеген қызметтерін техникалық қамту жөніндегі (тамақтандыру, жабдықтармен қамтамасыз ету, кір жуу, рентген қызметтері, би және ән үйірмелері, спорттық үйірмелер және т.б) яғни, аутсорсингке берілетін қызметтерді қамтиды

Бұдан басқа, халықаралық тәжірибенің негізінде пайдалану кезеңінде объектілірді пайдалануға беру кезеңінде қаржыландырудың әр түрлі тетіктерінің мүмкіндіктері зерделенетін болады. Мысалы, жан басы бойынша қаржыландыру нысанында, ваучер нысанында және тағы басқа білім беру жүйесінде қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу және енгізу.



4. Бағдарламаны мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
4.1. Бағдарламаның мақсаты
ҚР-да мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асу үшін заңнамалық және институционалдық негіз құру
4.3 Міндеттері
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

МЖӘ мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру;

бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын жоспарлау тәсілдерін өзгерту;

МЖӘ негізінде жобаларды дайындау және іске асыру үдерістерін тиімді жобалау және басқару бойынша шаралар әзірлеуді қамтамасыз ету;

халыққа қызмет көрсету сапасы арқылы жобаны тиімді іске асыруды бағалаудың өлшемдерін белгілеу;

МЖӘ қағидаттарынан хабардар болу және оны түсіну деңгейін жоғарылату.


4.2 Нысаналы индикаторлар
Көрсетілген міндеттерді шешу 2015 жылға қарай әр түрлі салада жалпы сомасы 900 млрд. теңгеден астам 15 МЖӘ жобасын іске асыруға мүмкіндік береді.
4.4. Нәтижелер көрсеткіштері


Іс-шаралар

Өлшем бірлігі

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

1. Концессиялық заңнаманы жетілдіру

ҚР Үкіметіне ұсыныс




1







1

2. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа түрлері мен келісімшарттары есебінен мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті қолдану салаларын кеңейту (денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және т.б.)

ҚР Үкіметіне ұсыныс




1










3. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің негізінде жобаларды дайындау және іске асыру үдерістерін тиімді жоспарлау және басқаруды қамтамасыз ету

ҚР Үкіметіне ұсыныс







1







4. МЖӘ-нің әр түрлі тетіктері бойынша жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау шараларын дамыту


ҚР Үкіметіне ұсыныс




1







1



4.5. Мақсатқа, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар
Бағдарламаны іске асыру үшін мына мемлекеттік органдар мен ұйымдардың: Қаржы министрлігінің, Әділет министрлігінің, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Көлік және коммуникация министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істер агенттігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің, облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдіктерінің, «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ның жәрдем көрсетуі қажет.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

5.1. Келісімшарттарды жетілдіру және олардың жаңа түрлерін енгізу
Қазақстанда концессиялық жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуына қарамастан, капиталды көп қажет ететін объектілерді инвестициялау кезіндегі тәуекелдерді бөлу, мемлекеттік бюджетті жеңілдету және бюджет саясаты ракурсының әлеуметтік мәні (денсаулық сақтау, білім беру және т.б) жобалардың іске асыруға ауысуы, мемлекеттік меншік объектілерін басқару жұмысына жекеменшік капиталды тарту жолымен оны басқарудың тиімді әдістерін белгілеу сияқты МЖӘ мақсаттары қазіргі уақытта тұтастай стратегиялық деңгейде жасалған жоқ.

МЖӘ тетіктерін қолдану экономиканың әлеуметтік және стратегиялық маңызды салаларын жаңғырту үдерісінің негізгі құрамдауышы бола алады.

Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында 2012 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне МЖӘ мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу қажет, атап айтқанда:

1) бюджеттік заңнамаға инвестициялық жобаларды іске асыруға алдын ала талдау жүргізу іске асыру схемасын тиімді анықтау үшін; мемлекеттік қолдаудың шаралары; мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын индекстеудегі инвестициялық және пайдалану шығыстарын өтеу тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыру бөлігінде;

2) концессия мәселелері жөніндегі заңнамаға концессия мәнін нақтылау; мемлекеттік қолдау шараларын дамыту; МЖӘ ұғымын бекіту; екі кезеңдік конкурс өткізу тетіктерін енгізу; конкурс рәсімдерін жетілдіру; концесиялық шарттар шеңберінде тарифтерді қалыптастыруға тәсілді қайта қарау; концессия модельдерін кеңейту бөлігінде.

Іске асырушының (концессионер) қызметiн бағалау мақсатында МЖӘ тетігін пайдалана отырып жобаларды іске асыру шеңберінде 2011-2013 жылдары қызметтің сапасын қызмет сапаларының индикативті көрсеткіштерін бағалау бойынша әдіснаманы әзірлеу жолымен халыққа берілетін қызметтер сапасының стандарттарын енгізу қажет.

МЖӘ-ні одан әрі дамыту жеке инвесторлардың әлеуетін іске асыруға және дамытуға институционалды инвесторлардың қаражатын тартуға және экономиканың әлеуметтік маңызды секторында мемлекеттің функциясын сақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда МЖӘ-ні табысты дамыту МЖӘ тетігін келісілген және өлшемді түрде қолдану тәсілдері жүйесіне байланысты болады.

МЖӘ негізінде жобаларды дайындау және іске асыру үдерістерін тиімді басқару мен бақылауды қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу мақсатында МЖӘ негізіндегі жобаларды дайындау және іске асыру үдерістерін тиімді басқару мен бақылаудың әдіснамасын әзірлеу бөлігінде ұсыныстар енгізілетін болады. МЖӘ мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады.

2011 жыл бойы Қазақстан Республикасының Үкіметіне қажетті өзгерістер кешенін айқындау мақсатында бюджеттік инвестицияларды іске асыруды жоспарлауға арналған қолданыстағы тәсілді талдау бойынша есеп беріліп тұрады, бұл бюджеттік инвестицияларды іске асыруды жоспарлауды жетілдіру бойынша инвестициялық жобаларды жоспарлау тәртібін өзгерту бөлігінде кейбір занңамалық актілерге өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

2014-2015 жылдар ішінде Бағдарлама бойынша қол жеткізілген шаралар негізінде МЖӘ жобаларын іске асыру жүргізіледі.

Қажетті заңнамалық негізді құрудың нәтижесі 3-кестеде көрсетілген экономиканың әртүрлі салалар үшін МЖӘ тетіктерін қолдану нәтижесі болады.



3-кесте. Дәстүрлі түрде мемлекеттің жауапкершілігі саласына жататын бағыттар бойынша 2011 мен 2015 жылдары МЖӘ тетігін қолданудың нұсқалары.


Кезеңдері

Экономика саласы

Инфрақұрлымның негізгі объектілері

2011 – 2015
МЖӘ-ні қолдану саласын кеңейту
МЖӘ-нің басқа келісімшарттарын енгізу

Автомобиль көлігі

Бөлінген жолақтарды, жол бойындағы жолақтарды, көпiр өткелдерін, тоннельдерді қоса алғанда, автомобиль жолдары

Сумен жабдықтау және су бөлу

Су шаруашылығының құрылыстары (су жинау құрылысы, сорғы станциялары, су құбырын тазарту құрылыстары)

Тұрғын үй құрылысы

Әлеуметтiк мақсаттағы тұрғын ұй-жайлар (кешендер)

Коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй қорына қызмет көрсету және оның жай-күйін тиімді басқару объектілері (күрделі жөндеу, үй-жайлар мен аумақтарға қызмет көрсету, үйлердегі ақауларды жою; үй-жайларды, жанындағы аумақты, кіреберістерді жинау; үйлердің коммуналдық жай-күйін жедел қолдау қызметін қамтамасыз ету (су аққан кезде, құбыр бұзылған кезде); жеке меншік әрiптестердің коммуналдық қызметтерді төлеуге ыңғайлы терминалдармен қамтамасыз етуі)

Қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әр – ҚТҚ) қайта өңдеу

ҚТҚ сорттау орталығы; ҚТҚ қайта өңдеу зауыттары; қоқыс шығару ұйымдары; ҚТҚ полигоны; ауыл шаруашылығы қалдықтарын полигондарға жеткізу, қабылдау және жерге көму

Газбен жабдықтау

Газ құбырлары, газ жабдығы, газбен жабдықтау желілері

Жылумен жабдықтау

Жылумен жабдықтауға етуге арналған қазандықтар, жылу желілері, жылыту жүйелері

Білім беру

Мектепке дейінгі, орта және кәсіби техникалық білім беру объектілері және жоғары оқу орындары; жатақханалар мен басқа инфрақұрылым, қосымша қызметтер (тамақтандыру, көлік, үй-жайлар мен жанындағы аумақты жинау)

Ғылым

Ғылыми ұйымдар, ғылыми зертханалар, тәжірибелік өндірістер, коммерцияландыру ұйымдары

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау объектілері және қызметтер көрсету

Пенитенциарлық жүйе

Қамаудағыларды ұстау мекемелері (түрмелер, тергеу изоляторлары)


Осы Бағдарлама әр түрлі салалардағы құрылып жатқан немесе қолданыстағы объектілер арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру және/немесе қоғамдық маңызы бар қызметтерді іске асыру барысында МЖӘ тетіктерін енгізудің жалпы көзқарастары берілген. Бағдарлама ықтимал конкурс ұйымдастыру жолдарын, қаржыландырудың қаржы құралдарын, мемлекет тарапынан қаржылық қолдаудың МЖӘ әр түрлі келісімшарттарын енгізу бойынша жалпы бағыттар береді.

Сонымен қатар, салалық органдарға мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде әр саланың ерекшелігін ескере отырып, МЖӘ құралын енгізу көрінісін қарастыру ұсынылады.
6. Қажетті ресурстар
Бағдарламаны іске асыру мемлекетік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

МЖӘ тетігін пайдалана отырып іске асырылатын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі көздері жеке инвесторлардың қаражаты болып табылады.

Өз кезегінде биліктің орталық және жергілікті атқарушы органдарына бюджетті жоспарлау кезінде МЖӘ тетігін пайдалана отырып инвестициялық жобаларды іске асыруда концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау, экономикалық сараптама жүргізу, консультанттар қызметі, мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын беру тиісті бюджеттік қаражат көзделетін болады.




7. Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның іс-шаралар жоспары



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Қаржыланды-ру көздері




1

2

3

4

5

6

МЖӘ мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру

1.


«Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Заң жобасы тұжырымдамасын заң жобалау қызметі бойынша ВАК-тың қарауына енгізу


ЭДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша)


2011 жылғы

3-тоқсан



Көзделмейді



1.1


МЖӘ тетіктерін әлеуметтік салада (білім беру) пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу


Үкіметке ұсыныс

БҒМ, Әділетмині, Қаржымині, ЭДСМ, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы

4-тоқсан


Көзделмейді

1.2


МЖӘ тетіктерін әлеуметтік салада (денсаулық сақтау) пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу


Үкіметке ұсыныс


ДСМ, Әділетмині, Қаржымині, ЭДСМ, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы

4-тоқсан



Көзделмейді



Мемлекеттік қызметшілерді даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету


  1. 21 2.



МЖӘ мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктігін арттыру


МЖӘ мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер

ЭДСМ, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар


Тұрақты түрде



Көзделмейді




Халыққа қызмет көрсетудің сапасы арқылы жобаны іске асыру тиімділігінің өлшемдерін белгілеу


  1. 3.


Халыққа қызмет көрсетудің сапасы арқылы жобаны іске асыру тиімділігінің өлшемдерін әзірлеу


ЭДСМ бұйрығы


ЭДСМ, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар 

(келісім бойынша)




2011 жылғы

4-тоқсан




Көзделмейді



Бюджеттік инвестицияларды іске асыруды жоспарлау тәсілін өзгерту


  1. 4.




Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістердің қажетті кешенін айқындау және түзетулерді әзірлеу мақсатында бюджеттік инвестицияларды іске асыруды жоспарлаудың қолданыстағы тәсіліне талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп


ЭДСМ, Қаржымині, «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы

4-тоқсан


Көзделмейді



Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі



ВАК – Ведомствоаралық комиссия

«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ – «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы


__________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет