Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
3-кесте. Құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкцияларының
негiзгi түрлерiн тұтыну
Өнiм атауы
|
Өлшем бiрлiгi
|
2008 жылғы өндiрiс
|
2009 жылғы қаңтар-қарашадағы өндiрiс
|
Цемент
|
мың тонна
|
7601
|
5988
|
Құрастырма темiр-бетоны
|
мың тонна
|
2723
|
2 976
|
Керамика тақташалары
|
мың м2
|
19534
|
15 066
|
Санитарлық-техникалық бұйымдар
|
мың тонна
|
17,1
|
Деректер жоқ
|
Базальт жылу оқшаулағыш материалдары
|
мың тонна
|
63,8
|
39
|
Дереккәз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
4-кесте. Құрылыс материалдарының, бұйымдары мен
конструкцияларының негiзгi түрлерiнiң импорты
Өнiм атауы
|
Өлшем бiрлiгi
|
2008 жылғы өндiрiс
|
2009 жылғы қаңтар-қарашадағы өндiрiс
|
Цемент
|
мың тонна
|
1826
|
1 018
|
Құрастырма темiр-бетоны
|
мың тонна
|
10
|
67
|
Керамика тақташалары
|
мың м2
|
19000
|
14 958
|
Санитарлық-техникалық бұйымдар
|
мың тонна
|
17,1
|
Деректер жоқ
|
Базальт жылу оқшаулағыш материалдары
|
мың тонна
|
44,2
|
5,6
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Құрылыс материалдарының негiзгi көлемi көлiк тасымалдауға арналған жоғары шығындармен ерекшеленедi және оларды алыс жерлерге тасымалдау рентабелдi емес. Құрылыс материалдарына сұраныс аусымдылықпен сипатталады. Алайда, құрылыста жаңа технологиялардың пайда болуымен, құрылыс мерзiмдерiне қойылатын талаптардың артуымен құрылыс материалдарына сұраныстың аусымдылығы азғана түзелуде.
Қазақстандағы құрылыс материалдарын тұтынуды талдау олардың 75%-ын мыналар: цемент саласы (38%), керамика (23%), әйнек (14%) өнеркәсiбi құрайтынын көрсеттi.
3.8. Бiрнеше алдыңғы жылдар iшiндегi серпiндегi негiзгi көрсеткiштер
Елдегi құрылыс көлемiнiң ұлғаюымен сұраныс пен ұсыныстан көрiнетiн сапалы, тиiмдi құрылыс материалдарына қажеттiлiк артып келедi. Құрылыс материалдарына сұраныс отандық өндiрiс пен импорт көрсеткiштерiнiң қатынастарымен айқындалады.
Құрылыс материалдары нарығының жекелеген негiзгi сегменттерiн қарастырамыз.
Мына: өндiрiстiң, экспорттың, импорттың, тұтынудың, цементтi тұтынудағы импорт үлесi мен меншiктi өндiрiстiң, тұрғын үйдi пайдалануға берудiң және мұнай мен газ конденсатын өндiрудiң негiзгi көрсеткiштерiнiң серпiнi (2002-2009 жж.) 5-кестеде берiлген.
5-кесте - Цемент өндiрiсiнiң, мұнай мен газ конденсатын өндiрудiң және тұрғын үй құрылысының серпiнi (2002-2009 жж.)
Сектор және оның көрсеткiшi
|
Жыл
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009*
|
Тұрғын үйдi пайдалануға беру, мың шаршы м
|
1552
|
2111
|
2591
|
4992
|
6245
|
6679
|
6848
|
6398,4
|
Өндiрiс, мың тонна
|
2129
|
2581
|
3662
|
4181
|
4880
|
5699
|
5837
|
5998
|
Импорт, мың тона
|
201
|
469
|
1034
|
1890
|
2631
|
3506
|
1826
|
782
|
Тұтыну, мың тонна
|
2330
|
3050
|
4696
|
6071
|
7511
|
9205
|
7601
|
7231
|
Экспорт, мың тонна
|
79
|
15
|
3,4
|
4
|
1
|
0,15
|
131
|
24,7
|
Мұнай мен газ конденсатын өндiру, млн. тонна
|
47,2
|
51,3
|
59,2
|
61,5
|
64,9
|
67,2
|
70,6
|
76,4
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Цемент өндiрiсiн дамытуда 2004 жылды ерекше атауға болады, онда жыл сайынғы өсiм басқа жылдармен салыстырғанда екi есеге жоғары болды. Бұған тұрғын үй құрылысының және республика өнеркәсiбiнiң мұнай-газ секторының жоғары даму қарқыны әсер еттi. Мұнай және газ конденсатының өсiмi 2004 жылы кейiнгi жылдардың 3-5%-ымен салыстырғанда 15%-ды құрады.
Цемент өндiрiсiнiң 2005 - 2007 жылдары 14-17% шегiндегi тепе-тең жыл сайынғы өсiмi iшкi құрылыс, әсiресе тұрғын үй (25-30%), мұнай және газ конденсатын өндiру (3-5%) нарығындағы тепе-тең сұраныспен қамтамасыз етiлдi.
Отандық цемент өндiрiсiнiң негiзгi қорларының тозушылығы мен олардың ұтымды емес географиялық орналасуы оларға нарықтың жедел өспелi сұранысын уақтылы толтыруға мүмкiндiк бермедi. Iшкi нарықта 2002-2007 жылдардағы импорттың басым салмағы 12-ден 38%-га дейiн өсiп кеттi.
2007 жылғы екiншi жарты жылдықтан бастап құрылыс қарқынның (2004-жылдардағы 131 %-дан 2007 жылғы 106 және 2008 жылғы 103%-ға дейiн), тұрғын үйдi пайдалануға берудiң (2004-2006 жылдардағы 143 %-дан 2007 жылғы 130 және 2008 жылғы 94%-ға дейiн) төмендеуi байқалды. Бұл 2004-2007 жылдардағы 133%-дан 2008 жылғы 77%-ға дейiн iшкi нарықтағы цементтi тұтыну өсiмi қарқынының басым түрде импорттың қысқаруы есебiнен төмендеуiмен шарттасады.
Осылайша, 2002-2007 жылдар бойы цемент өндiрiсi өсiмiнiң қарқыны (орташа алғанда 30%-ға) негiзгi капиталға салынған инвестициялардың өсiмiмен және құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемiмен шарттасады. Республикада өндiрiлетiн цементтiң шамамен 80%-ы құрылыста пайдаланылды. Цемент өндiрiсiндегi мұнай-газ секторы қажеттiлiгiнiң есептiк үлесi 40-50%-ды құрады. Құрылыс қарқынының төмендеуi кезiнде 2002-2008 жылдары мұнай және газ конденсатын өндiру жыл сайынғы 3,8 млн. тоннаға өсу қарқынымен 47,2-ден 70,6 млн. тоннаға дейiн ұлғайды, бұл жыл сайын 150 мың. тоннаға цемент өндiруге ынталандырды (шамамен 2007 жылғы цемент өндiрiсi көлемiнiң 2,5%-ы). Республикадағы цемент өндiрiсiнiң құлдырау себебi құрылыс көлемiнiң құлдырауы болып табылады.
Цемент тұтынушылары жергiлiктi және республикалық мақсаттағы жолдарды салу және жөндеу секторы болды. Жолдардың жергiлiктi торабының шамамен 2 мың көпiрлерi мен жол өткелдерi, сондай-ақ 29,5 мың су өткiзу құбырлары бар. Олардың iшiнде шамамен 400 көпiр мен 10 мың құбырлар күрделi жөндеу жүргiзудi қажет етедi.
2003 жылдан бастап темiр-бетон өндiрiсi мен тұтынуының өсу серпiнi байқалады. 2007 жылы темiр-бетон конструкциялары мен бұйымдары өндiрiсi 3,3 мың тоннаға жеттi, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 112 %-ды құрады. 2008 жылы тұтыну көлемi 2006 жылдың деңгейiнен төмендедi, дегенмен 2008 жылы 6848 мың. м2 пайдалануға берiлдi, бұл 2007 жылғы көрсеткiштен жоғары.
Мұндай құбылыс 2007 жылдан бастап республикада жаңа объектiлер құрылысы тұрғызылмағанымен түсiндiрiледi. 2008 жылы тұрғын үйлердi пайдалануға беру көп жағдайда алдыңғы жылдары басталған объектiлердi аяқтау есебiнен қамтамасыз етiлдi, мұнда темiр-бетон қадалары, iргетас блоктары т.б. қажет болған жоқ. Мұндай үрдiс 2009 жылы да сақталды. 2009 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы нәтиже бойынша 2008 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда тұтыну серпiнiнде кейбiр тұрақтылық байқалды.
Құрастыру темiр-бетонының негiзгi тұтынушылары тұрғын үй және азаматтық құрылыстың басқа да түрлерi, мұнай-газ секторы, автомобиль және темiр жол құрылысы болды. Төмендегi 6-кестеде құрастыру темiр-бетонын жалпы тұтынуда әрбiр құрылыс секторының иеленген үлесi берiлген.
6-кесте. Құрастыру темiр-бетонын жалпы тұтынуда құрылыстың әрбiр секторының иеленген үлесi
№
|
Атауы
|
Әрбiр сектордың үлесi, %-бен
|
1
|
Тұрғын үй және басқа да азаматтық құрылыс
|
54,4
|
2
|
Мұнай секторы
|
28,5
|
3
|
Автожол құрылысы
|
6,4
|
4
|
Темiр жол құрылысы
|
10,7
|
|
Жиыны:
|
100
|
ҚР Статистика агенттiгiнiң деректерiне сәйкес 2008 жылы темiр-бетонын және бетон бұйымдарының жалпы көлемi 2713 мың тоннаны немесе 1179,5 мың шаршы. метрдi құрады (өлшем бiрлiгiн тоннадан м3 ауыстыру үшiн бетонның 2,3 т/м3 болатын орташа тығыздығы алынды). Республика бойынша бетон бұйымдарының 2178 мың шаршы м. өндiрiстiк қуаты болған кезде қуаттылықты игеру коэффициентi орташа есеппен 0,54 құрады.
Бетон бұйымдары өндiрiсi құрылымында ең жоғары үлес темiр-бетоннан жасалған құрастыру құрылыс конструкцияларына тиесiлi - 41 %. Одан кейiн жабын тақталары - шамамен 26 %, қадалар - 10%, сондай-ақ жол құрылысына арналған бұйымдар - 10 %.
Тұтастай алғанда бетоннан жасалған бұйымдар үлесi құрылыстың жалпы көлемiнде 14,6 %-ды құрайды (құндық көрiнiсте).
7-кесте. Құрылысқа арналған заттай көрiнiстегi бетоннан жасалған бұйымдар мен тауар бетоны өндiрiсi
Көлемi, мың тонна
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009 қаңтар-тамыз
|
Цементтi тұтыну
|
2330
|
3050
|
4696
|
6071
|
7411
|
9205
|
7601
|
3697
|
Темiр-бетон және бетон бұйымдар
|
980
|
1542
|
1967
|
2352
|
2899
|
3240
|
2713
|
2209
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
2002-2007 жылдар бойы бетон бұйымдары мен тауар бетоны өндiрiсiнiң өсiм қарқыны негiзгi капиталға салынған инвестициялардың және құрылыс-монтаж жұмыстары көлемiнiң өсуiмен шарттасады.
2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда темiр-бетон және бетон бұйымдары мен тауар бетоны өндiрiсiнде бiршама құлдырау байқалды, бұл қаржы қаражатының жеткiлiксiздiгiмен байланысты болды. 2008 жылы тұрғын үйдi пайдалануға беру негiзiнен бұрын салынған ғимараттарды аяқтау есебiнен қамтамасыз етiлдi, ал iргетасынан басталған құрылыс объектiлерi күрт азайды.
Бетоннан жасалған бұйымдар импорты бетон өнiмiнiң екi түрiмен ұсынылады: жеңiлдетiлген бетоннан жасалған блоктар мен кiрпiштер және тақталар, оның iшiнде бетоннан жасалған соқпақжол тақталары.
Жоғарыда аталған өнiмдi егжей-тегжейлi талдау кезiнде мыналарды байқауға болады, 100 %-ды құраған бетон блоктары мен соқпақжол бойынша тұтынудағы импорт үлесi 2007 жылы тиiсiнше 16 % және 15 %-ды құрай отырып, күрт азайды. Бұл үрдiс өндiрiстiң жаңа желiлерiн енгiзу арқасында болды. 2008 жылы блоктар мен кiрпiштер бойынша 7 % және соқпақжол тақтасы бойынша 1 % үлесiне жете отырып, негiзiнен тұтастай тұтынудың азаюына орай импорт үлесiнiң азаюы жалғаса түстi.
2008 жылы экспорт та «Жеңiлдетiлген бетоннан жасалған блоктар мен кiрпiштер» деген бiр баппен ұсынылды. Бұл өнiмнiң экспорты көлемi 220,2 мың АҚШ доллары сомасына 1892,8 тоннаны құрады. Негiзгi импорттаушылар ретiнде Ресей шықты, оның үлесi 99,7 %-ды және Әзiрбайжан үлесi тиiсiнше 0,3 %-ды қалады.
8-кестеде негiзгi көрсеткiштер (2002 - 2009 жж. қаңтар-тамыз): керамика тақталарының өндiрiсi, экспорты, импорты, тұтынылуы және ҚР санитарлық-техникалық бұйымдар импортының серпiнi көрсетiлген.
8-кесте. 2002 - 2009 жылдары керамика тақталары өндiрiсi мен тұтынуының және санитарлық-техникалық бұйымдар импортының негiзгi көрсеткiштерi
Көрсеткiштер
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009 қаңтар-тамыз
|
Керамикалық тақталар өндiрiсi, мың м2.
|
562
|
694
|
770
|
493
|
675
|
665
|
450
|
88,3
|
Керамикалық тақталар импорты, мың м2.
|
5 842
|
8 560
|
9 986
|
9 017
|
14 690
|
18 728
|
19 000
|
10 863,8
|
Керамикалық тақталар экспорты, мың м2.
|
2,4
|
4,9
|
0,3
|
0,3
|
0,1
|
0,1
|
0,1
|
3,5
|
Керамикалық тақталарды тұтыну, мың м2.
|
6 402
|
9 249
|
10 756
|
9 507
|
15 397
|
19 388
|
19534
|
10 952
|
Санитарлық-техникалық бұйымдар импорты, мың тонна.
|
6,0
|
8,0
|
10,0
|
11,0
|
17,0
|
18,0
|
17,0
|
72
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
8-кестеден көрiнiп тұрғандай, ҚР-да керамикалық тақталарды өндiру 2002-2008 жылдары 28 %-ға қысқарды, импорт өсiмi 2 %-ды, экспорт 10 %-ды және тұтыну 1 %-ды құрады.
Қазақстан Республикасында керамикадан жасалған санитарлық-техникалық бұйымдар өндiрiлмейдi, тек импортталады.
Бұл өнiмнiң импорты 2008 жылы шамамен 17 мың тоннаны немесе 29 млн. долларды құрады. 2002 - 2008 жылдар кезеңi iшiнде заттай көрiнiстегi импорт шамамен 3 есеге, ақшалай көрiнiсте - 4 еседен астамға өстi.
Минералды-мақталы жылу оқшаулағыш бұйымдарын тұтыну құрылымында импорттық өндiрiс өнiмi басым. 2002-2007 жылдардағы импорт көлемi 9621 тоннадан 71954 тоннаға дейiн немесе 7,5 есеге ұлғайды. Экспорт көлемi елеулi емес және жылына 100 тоннадан 1000 тонна аралығында ауытқиды.
Минералды жылу оқшаулағыш материалдары нарығындағы ахуал меншiктi өнеркәсiптiң дамымағанына орай қалыптасып отыр.
Төменде 9-кестеде 2002-2009 жылдар iшiнде Қазақстанның жылу оқшаулағыш материалдары нарығының көлемi берiлген.
9-кесте. 2002-2009 жылдар iшiнде Қазақстанның жылу оқшаулағыш материалдары нарығының көлемi
тонна
Көрсеткiштер
|
жылдар
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009*
|
Тұтыну көлемi
|
15474
|
18533
|
30966
|
44601
|
68033
|
80315
|
63849
|
48075
|
Экспорт көлемi
|
57
|
105
|
125
|
131
|
146
|
134
|
1243
|
774
|
Импорт көлемi
|
9691
|
10629
|
25540
|
38620
|
59710
|
71954
|
44259
|
25949
|
Өндiрiс көлемi
|
5840
|
8009
|
5551
|
6112
|
8469
|
8495
|
20833
|
22900
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Соңғы жылдардағы отандық өндiрiс өнiмi үлесiнiң жоғарлауы жоғары технологиялық балқыту агрегаттарында жұмыс iстейтiн және жоғары жылдамдықты көп талшықты центрифугаларда базальт талшығын өндiретiн жаңа кәсiпорындарды пайдалануға берумен байланысты болып отыр. Егер, 2007 жылы отандық минералды-мақталы бұйымдардың жалпы тұтыну көлемiндегi үлесi 10,5 %-ды құраса, 2008 жылы бұл көрсеткiш 32,6 %-ға дейiн артып, ал 2009 жылы 47,6 %-ға жеттi. Қазiргi заманғы технология бойынша базальт талшықтарын өндiретiн зауыттардың республика бойынша жалпы қуаттардағы үлесi 66 %-ды құрайды.
Лак-бояу өнiмi нарығының сыйымдылығы 2009 жылғы қаңтар-қарашада 66 мың тоннаны құрады. Олардың iшiнде тұтынудың жалпы көлемiнiң 28 %-ы отандық өндiрушiлернiң үлесiне, импорттың негiзгi үлесi (65 %-дан астам) Ресейге тиесiлi. Қазақстандық нарыққа лак-бояу өнiмдерiн басқа жеткiзушiлер Германия (6 %), БАӘ (6 %), Түркия (4 %), Иран (2 %), Қытай (3%) болып табылады. Өңiрлiк бөлiнiсте өндiрiлетiн барлық лак-бояу материалдарының 75-80 %-ы Алматы қаласына тиесiлi.
10-кесте. Лак-бояу өнiмi өндiрiсiнiң және оны тұтынудың серпiнi
Полимерлер негiзiндегi бояулар мен лактар, тонна
|
2009 қаңтар-қараша
|
2009 қаңтар-қараша/ 2008 қаңтар-қараша
|
Ресурстар
|
66 462,5
|
101,2
|
Өндiрiс
|
20 711,0
|
101,2
|
Импорт
|
45 751,5
|
101,3
|
Пайдалану
|
66 462,5
|
101,2
|
Экспорт
|
1 000,3
|
73,9
|
Iшкi нарықта сату
|
65 462,3
|
101,8
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Қазақстанның орама жабын материалдарының нарығы дәстүрлi салаға жатады және тиiсiнше тұтынудың негiзгi үлесi битумды жабын материалдарына тиесiлi. Өндiрiстiң барлығына дерлiк көлемi Павлодар облысының үлесiне тиесiлi. Битумды орама жабын материалдарының негiзгi өндiрушiсi «Павлодар картон-рубероид зауыты» болып табылады.
Бұл кәсiпорында негiзiнен I-шi буынды битумды жабын материалдары шығарылады, оның негiзгi шикiзаты битум және картон болып табылады.
Өндiрушiлердiң айтуынша, сондай-ақ жүргiзiлген зерттеулердi негiзге ала отырып, жабынды орама материалдар нарығында iшкi бәсекелестiк жоқ деп айтуға болады. Отандық өндiрушiлер шетелдiк, негiзiнен «Технониколь» тобы, «Изофлекс» зауыты т.б. сияқты Ресей компанияларымен бәсекелесуiне тура келедi. Бұл компаниялардың өнiмi сапалық сипаттамалары бойынша отандық өндiрушiлердiң өнiмiнен көш iлгерi.
Үшiншi буын материалдары өндiрiсi (полимерлi материалдар) Қазақстанда қазiрдiң өзiнде бар. Полимерлердi радиациялық қабыстыру жолымен EPDM негiзiндегi полимерлiк жабын материалдарын өндiрудi жолға қою бойынша «Ұлттық Ядролық Орталығы» РМК жобасы бар. Ресей мен Украинаның тәжiрибесiне сүйене отырып, жабын материалдарының дәстүрлi түрлерiн тұтыну бiрте-бiрте қысқарады деп болжауға болады, полимерлi жабын материалдарының перспективалары басым.
Тауарлардың үлкен ассортиментiнiң болуы мен бүгiнде орама жабын материалдарының нарығында оларды алмастыруға болатынына орай негiзiнен өнiмнiң бәсекеге қабiлетiне техникалық сипаттамалар (әртүрлi ноу-хоу) және жанама қызметтер әсер етедi деп қорытынды жасауға болады. Жүргiзiлген талдаудан да Ресей және Украина өндiрушiлерi жоғары дамыған мұнай-химия өнеркәсiбiнiң болуы есебiнен үлкен бәсекелестiк басымдыққа ие екенi туралы қорытынды жасауға болады.
Ресей нарығының дәстүрлi болуына орай бүгiнде ол Қазақстан үшiн iрi бәсекелестiң жоқтығымен сипатталады. Алайда дамыған шикiзат және өндiрiстiк базасының болуы полимерлiк жабын материалдары нарығын одан әрi өсу жағдайда қауiп-қатердiң жоғары деңгейiн туғызады.
11-кесте. Жабын материалдарын тұтыну саласындағы негiзгi
көрсеткiштерi
Жабын материалдары өндiрiсi, мың м2.
|
қаңтар-қазан 2009
|
қаңтар-қазан 2009/ қаңтар-қазан 2008
|
Ресурстар
|
28391,6
|
117,5
|
Өндiрiс
|
7382,6
|
107,6
|
Импорт
|
21009,0
|
121,4
|
Пайдалану
|
28391,6
|
117,5
|
Экспорт
|
6,0
|
|
Iшкi нарықта сату
|
28385,6
|
117,4
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
3.9. Саланың күштi және әлсiз жақтарын талдау
Күштi жақтары
|
Әлсiз жақтары
|
сыйымды нарықтың болуы;
мүдделi кәсiпорындарға инвестициялық ресурстарға қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн даму институттарының болуы;
саланы дамытуды қолдау бойынша мемлекеттiк саясат;
өңiрлiк құрылымдарды және материалдардың, бұйымдар мен конструкциялардың ауқымды номенклатурасын қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн жеткiлiктi шикiзат базасының болуы;
мынадай: жол салу; тұрғын үй құрылысы сияқты секторларда құрылыс материалдарына сұраныстың тұрақты өсуi;
индустрияландыру картасы шеңберiнде өзге де байланысты салаларды дамыту және жобаларды iске асыру;
|
өндiрiс жарақтанушылығының төменгi техникалық деңгейi;
техникалық жабдық тозушылығының жоғарылығы (70 %-ға дейiн), негiзгi қорлардың баяу жаңартылуы;
кәсiпорындардың айналым құралдарының және өндiрiстi жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыруға арналған қорлардың жеткiлiксiздiгi;
жоғары энергия және ресурс қажетсiнуi мен осының салдарынан өнiм өндiру құнының жоғары болуы;
нормативтiк-ақпараттық, әсiресе шикiзаттың болуы мен жаңа сапа стандарттарын енгiзу бойынша рәсiмдер туралы ақпарат бөлiгiндегi қамтамасыз етудiң әлсiз дамуы;
өндiрiстердi орналастыруда аумақтық тепе-теңсiздiктiң болуы;
жаңа импорт алмастыратын және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi дамыту үшiн инвестициялардың жеткiлiксiздiгi;
кәсiпорындардың көлiк қызметтерiне қол жетiмдiлiк пен оның құнына тәуелдiлiктiң жоғарылығы;
қыс айларында қуаттардың толықтай жүктелмеуiмен (шығындардың жоғары болуы) шарттасатын құрылыс тарапынан сұраныстың аусымдылығы;
республикада мамандар жетiспеушiлiгiнiң жоғарылығы;
стандарттар мен талаптардың жоқтығына орай импортталатын тауарлар сапасын бақылау жүйесiнiң дамымауы;
құрылыстағы техникалық реттеу жүйесiнiң жетiлмеуi;
Қазақстан Республикасы аумақтарын дамытудың Бас схемасының жоқтығы;
республикалық деңгейдегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының жоқтығы; құрылыстың сметалық-нормативтiк базасының ескiруi;
барлық өнеркәсiп салаларына тән өзге де әлсiз жақтар (әкiмшiлiк кедергiлер, қымбат кредит ресурстары т.б.).
|
Құрылыс саласын дамыту әлеуетiнiң жоғарылығы қолдаушы салалардың дамуымен байланысты, онсыз құрылыс материалдары өндiрiсi саласының жұмыс iстеуi мүмкiн емес (технология мен жабдық, тасымал, электр энергиясы, жұмыс күшi, капитал). Аудит, консалтинг және сақтандыру сияқты салаларды дамыту құрылыс саласын дамытуға оң әсер етпек, өйткенi саланың бәсекеге қабiлеттiгiн дамыту мұндай инфрақұрылымдарсыз мүмкiн емес. Құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң жекелеген кiшi салалары бойынша қосылған құн тiзбегiн, оның ықпалдасу дәрежесiн зерделеу қандай да бiр проблемалар болуы мен олардың туындау себептерiн көрсете алады.
Әлсiз жақтар көптеген кәсiпорындардың қазiргi техникалық және технологиялық жарақтануы кезiнде әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн отандық құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастыру мүмкiн емес.
Сала құрылымының анық байқалатын шикiзаттық немесе шикiзатқа шамалас бағыты бар, республикада жоғары дәрежелi қайта өңделген және қазiргi заманғы құрылыс кешенi талаптарына сәйкес келетiн өнiм шығаратын кәсiпорындар жеткiлiксiз.
Құрылыс материалдарын өндiретiн кәсiпорындардың көпшiлiгi бұлар орта немесе шағын кәсiпорындар және осының салдарынан өндiрiстi жаңғыртуды (не ұйымдастыруды) қаржыландыруға байланысты елеулi проблемалар бар. Проблемалар меншiктi айналым құралдарымен қамтамасыз етушiлiктiң жеткiлiксiздiгi бөлiгiнде де, лизинггiк операцияларды қамтамасыз ету бөлiгiнде де туындауда.
Шағын кәсiпорындар iшкi де, сыртқы да нарықтарда бәсекеге қабiлеттi бола алмайды, өйткенi бiр өндiрiс тiзбегi iшiндегi кәсiпорын өнiмдi нарықтық баға бойынша жеткiзедi, осы арқылы қосылған құны барынша жоғары сегментте тұрған өндiрушiлердi шикiзат өндiрумен немесе оны қайта өңдеумен айналысатын кәсiпорындарды бәсекеге қабiлеттiгiн азайтады.
Бүгiнде кәсiпорын iшiнде инновациялық жұмыстар жүргiзiлмейдi десе де болады. Бұл ретте республикада құрылыс материалдарын алудың жаңа тәсiлдерiн әзiрлеумен және жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк желiлердiң ықтимал жолдарын iздеумен айналысатын арнайы ғылыми-зерттеу институттары мүлде жоқ.
3.10. Құрылыс материалдары саласын дамыту проблемалары
1. Негiзгi құралдардың тозуының жоғары деңгейi
Құрылыс кешенiнiң құрылыс материалдары өнеркәсiбiне және құрылыс индустриясына қойылатын талаптары тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымын өзгертуге, жаңа сәулет-құрылыс жүйесiне өтуге, ғимараттар мен технологиялардың типтерiне және оларды салуға, ресурс сыйымдылығын төмендету қажеттiгiне, сондай-ақ тұрғын үйдi салу және пайдалану кезiндегi энергетикалық және еңбек шығындарына, инвестициялық циклдiң ұзақтығын қысқартуға, тұрғын үй құрылыс көлемiн арттыру жөнiндегi мiндеттердi шешуге, күрделi құрылыс қажеттiлiгiн және сапалы өнiм түрлерiнiң пайдалану мұқтаждығын қамтамасыз етуге негiзделген.
Сонымен бiрге, құрылыс материалдарының өнеркәсiбiнде өндiрiстiк қуаттардың моральдық және физикалық шапшаң ескiруi жалғасуда (әртүрлi салалар бойынша 50-ден 70 %-ға дейiн) және күтiлетiн экономикалық өрлеу кезеңiнде олар сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаратын жағдайда болмауы мүмкiн.
Қазiргi уақытта саланың жағдайы:
жоғары энергия сыйымдылығымен;
кәсiпорындарға негiзгi қорларды жаңартуға және жаңа технологияларды дамытуды инвестициялауға мүмкiндiк бермейтiн төмен тиiмдiлiгiмен;
негiзгi қорлардың жоғары тозушылық деңгейiмен;
өнiм өндiрудiң жоғары өзiндiк құнымен;
техникалық артта қалуымен сипатталады.
Мысалы, барлық зауыттарда цемент ескiрген энергия шығынды «ылғал» тәсiлiмен өндiрiледi. «Қарцемент» АҚ-та «құрғақ» тәсiлмен жұмыс iстейтiн қалпына келтiрiлген бiр желiден басқалары.
Осы заманғы құрылыс материалдарының, бұйымдар мен конструкциялардың кең көлемдi номенклатурасын өндiретiн жаңа кәсiпорын жоқ.
2. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзудiң маусымдылық проблемасы
Құрылыстың монолиттiк тәсiлге жаппай көшуiмен суық уақыта ғимараттар салудың негiзгi құрылыс материалдары мен бұйымдарына сұраныс шұғыл қысқарды. Бұл цемент және бетон бұйымдарын, сондай-ақ инерциялы материалдарды және басқаларын өндiруге терiс әсер еттi. Цементтi ұзақ сақтаған кезде нығыздалады және өз белсендiлiгiн жоғалтатыны белгiлi.
Жазғы уақытта цемент зауыттары авральды режимде жұмыс iстейдi және қысқы уақытта цемент өндiруде жiберiлiп алынған көлемнiң орнын толтыра алмайды. Осы себептен жылы уақытқа дүрлiкпе сұраныс пайда болады және тиiсiнше цементке баға қымбаттайды. Ғимараттардың каркастарын монолиттiк тәсiлмен тұрғызу осы саланың өнiмiнiң талап етiлмегендiгiнiң нәтижесiнде құрастырмалы темiрбетонның өнеркәсiпте төмендеуiне себепшi болды. Нәтижесiнде 2008 жылы цемент зауыттарының жобалық қуатын пайдалану коэффициентi 0,58 (2009 жылғы қаңтар-қазан кезеңiнде 0,56) және темiрбетон зауыттарының өндiрiстiк қуаттары - 0,54 (2009 жылғы қаңтар-қазан кезеңiнде 0,58) құрады.
Соңғы онжылдықта бетон мен темiрбетон өндiру бойынша шетелдiк жабдықтар мен технологиялар импортының кең таралуы экономикалық есеп бойынша сала кәсiпорындарының көпшiлiгi үшiн қымбат.
Қиыршықтасқа қатысты Қазақстанның құрылыс нарығында қиыршықтасқа тапшылық жоқ. Алайда маусымдылық факторы себепшi болған өндiру мен тұтыну көлемiнде белгiлi бiр ауытқушылық бар. Белсендi тұтыну кезеңi құрылыс маусымына келедi және жылына 8-9 айға созылады. Сол кезде руда емес материалды қысқы мезгiлде өндiрудiң қарқындылығы iс жүзiнде төмендемейдi. Өндiрушiлер мен тұтынушылардың барлық деңгейдегi мемлекеттiк билiк органдарымен бiрлесiп күш салуы құрылыс саласындағы маусымдық ауытқуды тегiстеуге бағытталуға тиiс. Бұл факт цемент өндiру мен тұтыну жағдайына ғана әсер ететiн маусымдылыққа көпшiлiк мақұлдаған пiкiрдi растайды. Рудалық емес құрылыс материалдарының (қиыршықтас, iрi құм, құм) өнеркәсiбi өнiмге сұранысты жыл бойы қамтамасыз етуге дайын. Кiрпiшке қатысты болса, онда кiрпiштiң тұтынушылар нарығының маңызды белгiсi сұраныстың маусымдылығы болып табылады. Сұраныстың маусымдылығы жеке құрылыс секторында құрылыс жұмыстары көбiнесе жаз айлары мен күздiң басына келедi. Мемлекеттiк және муниципалдық құрылыс секторларында жұмыстар iс жүзiнде жыл бойы жүзеге асырылады, мұнда сұраныстың маусымдылығы неғұрлым аз көрсетiлген сипатта болады. Қазақстанда осы заманғы кiрпiштiң тұтыну нарығының негiзгi үрдiстерiнiң қатарында сарапшылар сұраныс құрылымының өзгеруiн атап өтедi - дәстүрлi құрылыс қызыл кiрпiшiне сұраныс түсуде, сол бiр уақытта формасы мен түстiк реңкi әртүрлi қаптайтын кiрпiшке қызығушылық бiртiндеп өсуде.
3. Инженер және жұмысшы кадрларды дайындау және бiлiктiлiгiн арттыру проблемасы
Жоғары оқу ғылымы мен оқу процесiнiң өндiрiстен қол үзуi мамандар даярлау процесiне елеулi зиян келтiредi. Жоғары оқу орындарының көпшiлiгiнде инженерлiк кадрларды даярлаудың зерттеу инфрақұрылымы мен аспаптық-аппаратуралық база осы заманғы талаптарға сәйкес келмейдi және жарты ғасырлық және одан көп ескiлiк деңгейiнде тұр.
Бiлiм беру, ғылым және саланың өндiрiстiк кешенi оның қажеттi инновациялық дамуын қамтамасыз етпейдi. Ғылыми-зерттеу және келешегi бар әзiрлемелердiң тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк сынау және зерттеу және сынау жабдықтары мен аспаптарын жасау базасы жеткiлiксiз дамыған.
Әзiрлемелердi ынталандыру және ғылымды көп қажет ететiн сапасы жоғары өнiм өндiрудi меңгеру, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, ресурс және ресурс үнемдеу, жергiлiктi шикiзатты және бетон мен темiрбетон өндiру саласындағы өнеркәсiп қалдықтары бойынша нормативтiк құжаттар әзiрленген жоқ.
Сондай-ақ құрылыс индустриясында жұмыс iстейтiн немесе мүдделi кәсiпкерлердi дайындаудың темен деңгейiне байланысты бар проблеманы атап өтуге болады.
4. Аумақтық орналастыру проблемалары
Кiдiртпей шешудi талап ететiн неғұрлым елеулi проблемалардың қатарына цементтiң ұдайы қымбаттауы, энергия үнемдейтiн және ресурсты қажет ететiн құрылыс материалдары бойынша өз өндiрiсiнiң жоқтығы және энергия ресурстарына, суға, шикiзатты темiржол тасымалдауға тарифтердiң тоқтаусыз өсуi және энергиямен және сумен жабдықтау мәселелерiн шешу жатады.
Соңғы жылдары құрылыс индустриясы кәсiпорындарын аумақтық орналастырудағы сәйкессiздiк проблемасы анағұрлым айқын көрiндi. Республиканың өнеркәсiбi оңтүстiк, орталық және шығыс өңiрлерде шоғырланған. Тиiсiнше цемент және басқа құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары бойынша негiзгi зауыттар осы өңiрлерде салынған. Соңғы онжылдықта Батыс Қазақстанда мұнай-газ секторы озық даму қарқынын алды, Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысы мен басқаларында тұрғын үй мен басқа азаматтық құрылыс көлемi күрт өстi.
Құрылыс индустриясы саласындағы компаниялардың көпшiлiгi шағын және орта кәсiпорындарға жатады. Оларда жаңа технологияға көшу үшiн қаржыландыру алу немесе жұмысшыларды қайта оқыту мүмкiндiгi сияқты жаңа технологиялар туралы ақпаратқа қол жеткiзу шектеулi. Мемлекет перспективалы технологиялар, персоналды оқытуға және қайта оқытуға қатысу, жаңа технологияларды меңгерудi мемлекеттiк қаржыландыруды ұлғайту және оларды енгiзу тәсiлдерi, ҚР-да жасалмайтын қазiргi заманғы жабдықтарға импорт баждарын алымын азайту туралы ақпаратты бере алады. Атап айтқанда, ресурс үнемдеушi және энергиялық тиiмдi құрылыс материалдары мен конструкцияларды жасаушыларды қолдау мақсатында, сондай-ақ индустриялық құрылыс комбинаттарының маңында салынған шағын орта бизнес субъектiлерiн дамыту үшiн оларға жеңiлдiк жағдайда кредит берiлетiн болады.
Кәсiпорындарға дамудың инновациялық үлгiсiне өту үшiн едәуiр қаржы ресурсы қажет болады. Құрылыс материалдарын өндiру саласында шағын бизнеске кредит берудi дамыту үшiн шаралар кешенi қажет. Қазыналық шаралар (жаңа өндiрiстердi бiрнеше салықтан босату) сонымен қатар көп елдерде пайдаланылады және ҚР-да да қолданылуы мүмкiн. Ақырында, жобаларды iске асыру үшiн инвесторларды iздестiру жақсы нәтижелердi беруi мүмкiн.
3.11. Проблемаларды шешу бойынша шетелдiк оң тәжiрибеге шолу
Қазақстанда құрылыс материалдары саласын серпiндi дамыту үшiн нақты алғышарттар бар. Оның жетiстiктерi мен қателiктерi құрылыстың өзiндiк құны мен сапасына тiкелей байланысты. Сондықтан құрылыс базасын қазiргi заманғы технологиялық негiзде түпкiлiктi жаңғырту өзектi мiндет болып табылады. Бiрiншi кезектегi мiндеттердiң қатарында шетелдiк тәжiрибе мен қазiргi заманғы технологияны барынша пайдалана отырып цемент, құрастырмалы темiрбетон, жылу оқшаулау материалдарын, шыны, құрылыс керамикасын және басқаларын өндiретiн базалық қосалқы салалардың өте тез дамыту қажеттiгiн атап өту керек.
Цемент. Шетел тәжiрибесiн талдау қазiргi уақытта дамыған елдерде цемент негiзiнен құрғақ тәсiлмен өндiрiлетiнiн көрсеттi. Мынадай Жапония, Оңтүстiк Корея, Испания, АҚШ сияқты елдерде жалпы көлемде цементтi құрғақ тәсiлмен өндiру үлесi 80-100 % шегiнде ауытқып отыр.
Цементтi әлемдiк өндiру үлесiнiң 47, 1 %-ы тиесiлi Қытай ескi зауыттарын құрғақ әдiспен өндiрiске қарқынды көшiруде.
Қазiргi уақытта Қытайдағы цементтiң 50 %-ы энергия үнемдеушi технологиялар бойынша өндiрiлдi.
Озық тәжiрибе жағдайында цемент саласын дамыту мынадай өзара бiрiн-бiрi толықтыратын бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиiс:
1. Цемент өндiрудiң қолданыстағы ылғал тәсiлiнен құрғақ тәсiлге жаңғырту.
2. Жаңа зауыттарды салу кезiнде озық энергия үнемдеушi жоғары өнiмдi технологияларды пайдалану қажет.
3. Республиканың цемент зауыттарынан алыстағы аудандарында терминалдар желiсiн құру.
Немiс жабдығының негiзiнде жылдық өнiмдiлiгi 1 млн. тонна зауыт салуға кететiн шығын кемiнде 120-150 млн. евроны құрайды. Осы фактiлердiң негiзiнде бәсекеге қабiлеттiлiгiне талдау жүргiзiлдi. Қорытындысында сапасы үшiн шығынды барынша азайту және заласыз шикiзатты дайындаудың құрғақ тәсiлiмен жұмыс iстейтiн цемент зауыттарының жаңа буынына жүктеуге болады. Бұл өнiмнiң өнiмдiлiгi - бағасы - сапасы қазiргi нарықта ең жақсы арасалмақпен ерекшеленетiн жоғары автоматтандырылған және үнемдi зауыттар. Жылына 1 млн. тонна клинкер өндiрген кездегi технологиялық жабдықтың бағасы шамамен 37 млн. евроны құрайды. Құрылыс жұмысын, карьер техникасын, зертханалық жабдықты қоса алғанда, жиынтық шығын - 70-80 млн. евро.
Клинкер-цемент терминалдары. Цемент саласын сәйкестендiрудiң тағы бiр перспективалық бағыты клинкерлiк цемент терминалдары желiсiн ұйымдастыру болып табылады. Бұл iс-шараның мәнi цемент зауыттарының үлестiк функцияларының бiр бөлiгi тұтынушыға қарай өтетiндiгiн бiлдiредi. Бұл жағдайда тек қана клинкер көшiрiледi, ал белсендi минералдық үстемелер ретiнде жергiлiктi материалдар пайдаланылады. Бұдан өзге, клинкерлiк цемент терминалдарын құруға салынған инвестициялар салынып жатқан цемент зауыттарының үлестiк қуаттарын құруға арналған шығындарды азайтудың есебiнен өтеледi (үлестiк жабдықтың бiр бөлiгi клинкерлiк цемент терминалдарына өтедi).
Пилоттық нұсқа ретiнде Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында жалпы қуаты 2,1 млн. тонна терминалдар ұйымдастыру ұсынылады.
Құрама темiр-бетон бұйымдар мен конструкциялар. Қазақстан Республикасында соңғы онжылдықта қолайлылығы жоғары биiк үйлердiң сәулеттiк алуандығын қамтамасыз еткен монолиттiк үй салу кеңiнен қолданылып отыр. Алайда, монолиттiк үй салу технологиясының едәуiр кемшiлiктерi бар. Монолиттiк технология бойынша бетонның сапасы мен бұзылмайтындығына қалыпты орнату және бөлшектеу бойынша еңбектi қажетсiну, бетон қоспасын төсеу орнына тасу, әсiресе қысқы мерзiмдерде ауа райы жағдайлары терiс әсер етедi. Жобалық маркаға дейiн оның берiктiгiн жинау үшiн жылу режимiн сақтай отырып, бетонның төзiмдiлiгiне көп уақыт қажет.
Алайда, тұрғын үй салуға қойылатын қазiргi заман талаптары ең алдымен, халықтың қажеттiлiктерiмен, конструкциялық және әрлеу материалдарының әсемдiгiмен, тұрғын үйдiң төзiмдiлiгi мен қолайлылығымен айқындалады. Баға бойынша қол жетiмдiлiк факторы да маңызды болып табылады.
Монолиттiк үй салу технологиясы өнiмдiлiктi арттыру және құрылыстың құнын төмендету талаптарына жауап бермейдi. Сондықтан, бүгiнде құрылыс саласының алдында жағдайды түбегейлi өзгерту мiндетi тұр. Жылдам, арзан және сапалы салу қажет.
Әлемдiк тәжiрибе бұл мiндетке жұмыстың көп бөлiгiн зауыт жағдайларында, ал құрылыс алаңында түпкiлiктi құрастыруды жүзеге асыруды бiлдiретiн құрылысты индустрияландырудың есебiнен қол жеткiзуге болатынын көрсеттi. Бұл объектiлердi көтерудi жылдамдатады және еңбек шығынын, демек жұмыстардың өзiндiк құнын төмендетуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте соңғы жылдары әлемдiк индустриялық үй салудың дамуы өндiрiстiң индустриялық тәсiлiнiң барлық артықшылықтарын сақтау кезiнде сәулеттiк алуандықты қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өту қажет.
Батыс елдерiнде қаңқалы-монолиттiк үй салудың табысты дамуының кепiлi үздiксiз шегендеп бекiтусiз қалыптау тәсiлiмен темiр бетон бұйымдары өндiрiсiн әзiрлеу және игеру, құрылыс нарығында жоғары төзiмдi бетондардың пайда болуы болып табылады. Қазiргi заманғы шегендеп бекiтусiз дiрiлдi қалыптау желiсi бiр жабдықта қуыс төсем тақтасын, қадалар, жол тақталарын, мойнақтар, арқалықтар және т.б. кез келген үлгiлiк өлшем өнiмiн шығаруға қабiлеттi. Қазiргi уақытта дамыған Батыс елдерiнде құрама көптеген монолиттiк үй салу жүйелерi жұмыс iстейдi.
Бiздiң республикамызда құрылысты индустрияландырудың ең ұтымды жолы жұмыс iстеп тұрған темiр-бетон зауыттарының негiзiнде тұрғын үйлер мен ғимараттар салуға арналған жоғары технологиялық конструкциялар мен детальдар өндiрiсiн құру болып табылады. Бұл ретте Ресейдiң оларды әмбебап үй салу комбинаттарына ауыстыра отырып, жұмыс iстеп тұрған темiр-бетон зауыттарын жаңғырту бойынша тәжiрибесi қызықты. Ресейде индустриялық құрылыс комбинаттарын құруға шығындарды қысқарту мақсатында импорттық ғылымды қажетсiнетiн технологиялық жабдық сатып алынуда, ал жабдықтың металды қажетсiнетiн бөлiгi отандық машина жасау зауыттарында дайындалады.
Темiр бетон бұйымдары зауыттарын техникалық қайта жарақтандырудың ұсынылып отырған нұсқасы бүгiнде Ресей мен Қазақстанның бiрнеше қалаларында iске асырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |