Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жүйені талдау. Рұқсат етілген жүйені жетілдіру бойынша ұсыныста


Австралияда1 реттеудің бірыңғай жүйесін құруда жалпы қарастыру



бет2/9
Дата16.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#140670
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Австралияда1 реттеудің бірыңғай жүйесін құруда жалпы қарастыру


Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасында Австралияда басталған реттеу реформасының мақсаты, кәсіпкерлікті реттеуді төмендету болды, сонымен қатар тұтынушылар мен өндірушілерге арналған нарықтың функцияландырылуының тиімділігін жоғарылату болды. Көрсетілген мәселенің орындалуына тәсіл ретінде, өзіндік ретке келтірілу механизмдерінің жолдарымен бизнес саласында жауапкершілік анықталған болатын.

Реформаны жүргізу пропагандалық компанияның жалпы қолдауымен қамтамасыз етілген болатын (ол өзінен - өзі қазіргі заманғы экономистермен тікелей мемлекеттік емес құрал ретінде қарастырылады).

«Ретке келтіруді азайту керек» деген лозунгілер қолданылды, ол неоклассикалық экономикалық теориясына негізделген болатын. Ол басқа шет елдерде сәйкес аналогиялық реформаның принципиалды бір ерекшелігі болды, оның мақсаты «ретке келтіруді жақсарту керек» деген ұстаным болатын.

Австралия тезис ұсынды, мемлекеттің саясаты «ретке келтіруді тек тиімді ғана етіп емес, сонымен қатар нақты бір саяси мақсаттарға жету үшін қолданылатын тиімді құрал» ретінде де қолдану болды.

(Prime-Minister Statement, 1997). Бұл байланыста Австралия жаңа процедура енгізді. Бұл процедура кезінде жаңа реттеуді ендіру туралы шешім қабылдау бизнеске әсер ететін немесе бәсекелестікті шектейтін реттеудің барлық құралдары үшін міндетті түрде «шығындар-нәтиже» критерий бағасымен қосталады. Мұндай баға формальды процедура бойынша жүргізіледі – құрамында мәселені шешуге альтернативті ыңғайланудың бағалаудың жан жақты, жүйелік және транспарентті процесі бар реттейтін әсер туралы Анықтама (Regulation Impact Statement, RIS) дайындалады.

Реттеудің жалпы принциптері келесі түрде Австралияда қалыптасты:



  • нарықтық бәсекелестіктің күштері ең жақсы талғам мен тұтынушы үшін пайда қамтамасыз етеді;

  • үкімет экономикаға қол сұғудың нұсқауларын қарастыруы мүмкін, егер нарықтың құлдырауы бар болса (яғни нарықтық күштер қордың бірқалыпты таралуына жете алмайды, немесе бірқалыпты жайғастыру белгілі бір ұсталынымдарды талап етеді, мысалы, адам өлімін) немесе нақты әлеуметтік мақсатқа жету қажеттілігі дәлелденді;

  • тәртібінің өз қалаулы кодекстері қол сұғудың қалаулы әдісі болып қарастырылады;

  • егер кодекс нәтижелі болмаса, үкімет саланы нәтижелі реттеуге көмектесе алады.

«Нарықтың құлдырауы» термині нарық қордың нәтижелі жайғастыруын қамтамасыз ете алмаса кез келген жағдайға қатысты болады. Бұл келесіден көрінеді:

  1. әлсіз бәсекелестік;

  2. тұтынушылардың жеткілікті ақпараттанбауы;

  3. жоғары транзакционды ұсталынымдар;

  4. «ашық қызмет көрсетулер»;

  5. тауарлар бағасы қоғам үшін керектілердің нақты бағасын көрсетпейді (экстерналдар).

Мысалға, Озондық қабатты қорғау туралы актісінде немесе RIS сайтында әлеуметтік мақсатқа қатысты қаламайтын нәтижелерге әкелуі мүмкін нарық құлдырауының келесі сипаттамалары болады: Үкімет өзінің мақсаты ретінде құқықтық тәртіпті орнатуды, қоғамдық денсаулықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етуді алуы мүмкін. Нарықтық күштердің шектелмеген әрекеті кейбір экономикалық агенттерге әділетсіз артықшылық беруі мүмкін. Қоғамның жеке мүшелері өзінің қажеттіліктері үшін төлеуге мүддесі жоқ. Жеке мақсаттар демократиялық үкімет үшін қалаусыз болып саналуы мүмкін, мұндай жағдайда демократиялық үкімет қордың реллоксациясы үшін әрекеттер жасау керек. Мысалы, нарықтың құлдырауы болып қару немесе есірткіні еркін сату болуы мүмкін.

Мұндай ыңғайды іске асыру үшін нормативті қор сатылап қалыптасты. Бұл жерде австралиялық заң неоклассикалық экономикалық теориялардың экономистерінің ықпалымен қалыптасты (мысалға, меншіктің институционалды және экономикалық теориясының) және барлық терминологиялық аппарат заңдылықта турасынан қолданылады (экстерналдар, нарықтың құлдырауы, нарық күштері).

1998 жылы бәсекелестік принциптері туралы келісімге (Competition Principles Agreement) қол қойылды. Оның мазмұнында нормативті-құқықтық актілер келесі жағдайларды есепке алмағанда бәсекелестікті шектемеуге талап қойылған:



  • мұндай шектеулерден қоғам үшін тиетін пайдалар жалпы қарағанда ұсталымнан асып түседі;

  • заңдылық мақсатына тек бәсекелестікті шектеу арқылы жете алғанда ғана.

Бұдан басқа, келісімде келесі параметрлер бойынша заңдылыққа және реттеуге қойылатын аралық бағалауға талап қойылады.

  • нормативті акттің бәсекелестік деңгейіне әрекеттесуіне жасалған талдау;

  • жалпы алғандағы экономикаға қойылған нақты бәсекелестік шектеуінің бағалануы;

  • анықталған шектеуден болған пайда мен ұсталымның бағалануы;

  • дәл сол нәтижелерге әкелген альтернативті әдістердің жетістіктерін зерттеу (нормативті емес сипаттағы шараларды қоса алғанда).

Мұндай баға Одақ деңгейінде, сондай-ақ 1996 жылдан бастап штат деңгейінде және Австралия территориясында тәжірибеде көріне бастады. Сол жылы үкімет бәсекелестікті шектейтін немесе бизнес үшін ұсталым тигізетін бар заңды қайта қарап шығу тәртібін қолдады.

Регулятивті әрекет етудің талдануы жеке ведомстволарымен немесе арнайы құрылған комиссиялармен жүргізіледі. Мұндай мекемелердің есеп берулері жарияланбалы болады, сондықтан қызығушылық білдірген адамдарға немесе ұйымға мұндай есеп берулерге өзінің сұхбаттарын жіберуіне болады. Сәйкес деңгейдің Үкіметі есеп берудің негізінде, егер ол қажет болып саналса, парламентке реттеуді түзету туралы қойылған талаптарды ендіру туралы шешім қабылдайды (Австралия заңдарының көптеген бөлігі өткен ғасырдың 10-20 жылдары қалыптасты).

1996 жылы реттеуді бақылау офисі (Commonwealth Office of Regulation Review, ORR) – реттеудің «қорғайтын иті» құрылды. Оның қызметтеріне келесілер кіреді:

реттеуге байланысты сұрақтары бойынша Үкіметке, Одақтарға, департаменттерге және реттейтін агенттіктерге кеңес береді;

ұсынылып отырған реттейтін шаралардың бағалануы (Regulation Impact Statement, RIS);

Жыл сайынғы реттеудің көрінісін дайындауды және нәтижесіз реттеуге келіспеуге бағытталған саяси ұсыныстарды өңдеуді қоса алғандағы үкімет пен одақтардың, сондай-ақ штаттар мен территориялардың деңгейінде реттеу реформаларының мониторингі.

1997 жылы реттеу бойынша басқарма (Regulation Guideline) құрылды. Оның ішінде белгілі бір кіріспеге жалпы ыңғайлар, сондай-ақ реттеудің белгілі бір шараларын қабылдау туралы шешім қабылдауға қажетті процедуралар сипатталған.

Бұл құжат бірнеше рет қайта қарастырылып және толықтырылған, соның өзінде негізгі тенденция болып нарықтың еркін қызмет етуіне мемлекеттік немесе басқа да бөгет жасауының қажеттілігінің дәлелдеуіне қойылатын талаптардың қаталдануы, сондай-ақ реттейтін шаралардың аралық бағаларының талаптары және бірінші мүмкіндікте мемлекеттік қол сұғуға келіспеушілігін білдіру. Құжат реттеуді түзету немесе енгізу бойынша ұсыныстар құрастыратын әрбір мемлекеттік қызметкерлер үшін міндетті болып келеді. Одан кішкене ертерек бизнестерге өзіне нәтижелі реттелуіне мүмкіндік беретін өзін өзі реттеу кодекстерінің құрастырылуы бойынша басқарма дайындалды - Fair Trade Codes of Conduct: Why have them, How to prepare them.

1998 жылы 1 шілдеде қабылданған және үкіметке өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеудің арасында орналасқан бір қатар қосымша құралдар ұсынған саудалық тәжірибеге (Trade practice Act, 1974) туралы заңға түзетулер енгізілді. Негізгі мүмкіндік деп бизнеспен құрастырылған, қорғалған, яғни оларды турасынан реттеу жүйесіне енгізуге болатын тәртіп кодекстерін жариялау мүмкіндігі болып саналады.

1997-1999 жылдарында саясат бойынша бірнеше басқармалар (Policy Guidelines) қабылданды. Оның ішінде тәртіп кодексіне, таластарды шешу жүйелеріне, қорғалған тәртіп кодекстеріне байланысты үкіметтің саясаты анықталады.

Сол уақытта 1996 жылдан бастап 2000-шы жылға дейін бірінен соң бірі өзіндік мемлекеттік реттеудің, квази реттеудің және өзін-өзі реттеудің нәтижелілігін зерттеген, сондай-ақ осы құралдарды әрі қарай қолдануға байланысты ұсыныстар құрастырған бірнеше жұмыс топтары құрылды. Жұмыс топтарының барлық баяндамалары ашық талқылауға қол жетімді болды, және де баяндамалардың ақырғы нұсқаларына қызығушылық білдірген адамдар мен ұйымдардан келген көптеген сұхбаттар кірді. Үкімет барлық осы баяндамаларға «саясат туралы жағдайлары» (policy statement) формасында әсер алды, және бұл жағдайларда айтылған ұсыныстарға өзінің қатынасын білдірді және берілген ортадағы саясаты бойынша әрекеттерін анықтады. Австралияда қолданылатын реттеу құралдарының барлық спектрі бүгінгі күнде төмендегідей сызбада көрсетілген:



Сурет 1. Австралиядағы реттеу формалары
Өзін-өзі реттеу – тәртіп стандарттарын орнату және олардың қолданылуы және ешбір мемлекеттік қол сұғусыз қорғау.

Квази-реттеу (со-реттеу) – белгілі бір формада мемлекеттің бизнеспен құрастырылған кодекстерді және ережелерді ұстануды қамтамасыз етуде қатысуы.

Мемлекеттік реттеу – орындалуын мемлекеттік мекеме жүргізетін орындалуы үшін міндетті нормативті акттің қабылдануы.

Әрбір жағдайда нарықтың еркін қызмет етуіне қол сұғу қажеттілігі дәлелденген болса, алдымен анағұрлым қарапайым нұсқасының - өзін-өзі реттеуінің жүзеге асырылу мүмкіндігі, содан кейін квази-реттеу, және тек қысылған жағдайда тура мемлекеттік реттеу мүмкіндігі қарастырылады. Әрбір реттеу формасының ішінде альтернативті құралдардың қолдану мүмкіндігі қарастырылады, соның ішінде:



  • Ешбір арнайы әрекеттерсіз (жауапкершілік туралы жалпы заңдылықтың қолданылуы);

  • Ақпараттық және жарықтандыру компаниясы (тауарлардың маркіленуін немесе СМИ компаниясын қоса алғанда);

  • Нарықтық құралдар (салықты, субсидиялар, жіберілетін рұқсатнамалар және т.с.с. қоса алғанда);

  • Меншіктің берілетін құқықтары;

  • Міндетті бақылаудың сызбалары (сертификаттау, лицензиялау және т.с.с.);

  • Нарықтан шектеу шаралары (тауарларды шақырту, «негативті» лицензиялау және т.с.с. );

  • Стандарттар (міндеттілерді және өз қалаулары бойыншаларды қоса алғанда);

  • Басқа механизмдер, міндетті аудитті, жарияланбалы ақпараттық регистрлерді және т.с.с. қоса алғанда.

Мемлекеттік реттеуді ендірудегі сияқты квази-реттеуді ендіру де регулятивті әсер етудің талдау процедураларын өткізуді талап етеді (Regulation Impact Statement, RIS)2) (АРВ).

Регулятивті әсер етудің талдау процедуралары (АРВ).

Экономикаға қол сұғу әдісін таңдау реттеуге жалпы ыңғайланудан шығатын аса қатал процедура бойынша жүргізіледі: реттеу жай ғана нәтижелі болмай, сондай-ақ нақты саяси мақсатқа жетудің нәтижелі құралы болу керек. АРВ процедурасы бар реттеуді қайта қарап шығу үшін және бизнеске тура әсер ететін, бизнеске жанама мәнді әсер ететін немесе бәсекелестікті шектейтін үкіметтік келісім шарттарды тұйықтауды қайта қарап шығу үшін Одақ Үкіметімен және австралиялық үкіметтердің Кеңесімен (штаттар мен территориялардың үкіметтері) міндетті болып қабылданды. (Guide to Regulation, 1998, pp.A2-A3).

«Реттеу» деп заңдылықтарды, Парламентпен, Үкіметпен, мемлекеттік министірліктермен, агенттіктермен және департаменттермен, штаттардың және территориялардың үкіметтерімен қабылданатын басқа да нормативті актілерін, квази-реттеудің сызбаларын түсінеміз (Guide to Regulation, 1998, p.A3). АРВ-нің толық процедурасы салықтық сипаттамадағы шаралар үшін қолданылмайды, өйткені алдын-ала жүргізілген ашық кеңесулер салықтан бас тартуға еліктіруі мүмкін. Бірақта салықтық құралдар үшін АРВ-нің ерекше процедурасы қолданылады. АРВ-ні қолданудың ұлттық қауіпсіздігінің ойларымен, халықаралық келісім шарттардың міндеттеріне байланысты бірқатар шектеулері бар.

АРВ үкіметпен немесе реттейтін мекемемен оның реттеуін ендіру туралы шешім қабылдағанша дейін дайындалады.

АРВ-нің ішінде міндетті түрде келесілер болады:


  • белгілі бір әрекеттерді талап ететін мәселенің сипатталуы;

  • мақсаттың сипатталуы;

  • қойылған мақсатқа жету үшін қолданылуы мүмкін қызметтер (регуляторлы және регуляторлы емес);

  • тұтынушылар, бизнес және қоғам үшін жалпы алғандағы әр қызметтің бағалануы және пайдалары;

  • кеңесулер туралы бекітулер (АРВ авторлары дайындау кезінде кіммен кеңесті );

  • ұсынылатын қызмет;

  • қолдану және ұсынылатын қызметінің нәтижелілігін келесі бағалаулар стратегиясы .

АРВ-ні дайындау кезінде үкімет қатты қажет емес реттеулерді немесе кез келген аса қатал кеткен бизнеске, әсіресе кішігірім бизнеске қойылатын талаптар енгізбеуге міндетсінуден шығады. Сондықтан да, заңды реттеу ендіру туралы сұрақ қарастырылғанша дейін Үкімет қарапайым құралдармен қанағаттандырлық нәтижелерге жетуге бола ма екенін зерттейді (Ministry for Custom and Consumer Affairs, 1998, p. 13).

Мәселе бағалануы

Мәселе бағалануы аса маңызды орын алады. Мәселені нақты түсінбеу теріс шешім қабылдауға алып келуі мүмкін дегені әбден дұрыс. (Ministry for Custom and Consumer Affairs, 1998, p. 8).

Мәселе бағалануы келесі факторлардың идентификациясын жобалайды:


  • мәселенің негізгі ойы;

  • мәселенің пайда болуының себептері;

  • кімге әсер етеді;

  • мәселенің бар болуының қатысты адамдарға тигізетін зардаптары;

  • мәселенің жалпы қоғам үшін тигізетін зардаптары;

  • пайда болған жағдайдан кім ұтады және қандай дәрежеде;

  • мәселе ауқымы;

  • мәселе локальді ма, штат мәселесі ме, жалпы ұлттық немесе халықаралық мәселе болып келе ме екенін анықтау.

Нарықтың еркін қызмет етуіне қол сұғу қажеттілігі келесі екі жағдайға көнеді: нарықтың құлдырауының бар болуы және нақты әлеуметтік мақсаттың бар болуы.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет