Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама Мазмұны


Сала үшін күшті және осал тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау



бет6/13
Дата03.07.2016
өлшемі1.48 Mb.
#175597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сала үшін күшті және осал тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау.


Ішкі сауданың жай-күйін SWOT – талдау.

Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

- ішкі сауданы дамыту үшін заңнамалық және институционалдық негіздің болуы;

- ішкі сауданы дамыту стратегиясын әзірлеу қажеттігін түсіну;

- қазақстандықтардың тұтынушылық әрекетіндегі оң өзгерістер;

- ішкі өндірушілерді тарифтік қорғаудың барабар деңгейі;

- бөлшек сауда нарығында қалыптасқан күшті қазақстандық ойыншылардың болуы.


-сауда бойынша заңнаманың «бытыраңқылығы», сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде қазіргі заманғы терминологияның жоқтығы;

- әкімшілік кедергілер;

- инженерлік-техникалық инфрақұрылым салу мен пайдалануға беру құнының жоғарылығы;

- жаңа дүкендер не жұмыс істеп тұрған дүкендер үшін алаңдардың жеткіліксіздігі;

- отандық кәсіпорындар өнімі ассортиментінің ауқымсыздығы, оның импорттық тауарлармен салыстырғанда бәсекеге қабілетінің әлсіздігі;

- ірі қалаларда көлік-логистикалық орталықтардың (КЛО) жоқтығы, сондай-ақ «ауылдық жер» байланысының логистикалық проблемасы;

- сауда кәсіпорындары мен желілерінің айналым қаражатының тапшылығы мен қарыз жүктемесінің жоғарылығы;

- кәсіптік-техникалық, оның ішінде сауда мамандықтары бойынша білім беру жүйесінің әлсіздігі


    Мүмкіндіктер

- Қазақстанның қайта өңдеуші өнеркәсібін дамыту;

- отандық өнім өндірісінің өсіру;

- әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;

- көлік-логистикалық орталықтар желісін дамыту;

- бәсекелестікті өсіру, сауда желілерінің бәсекеге қабілеттігін өсіру;

- орта тапты қалыптастыру, халықтың төлем қабілетінің үлесін ұлғайту.



    Қауіптер

- қазақстандық сауда кәсіпорындары мен желілерінің банкрот болуы;

- шетел сауда желілері тарапынан отындық ойыншыларды ығыстыру мен сіңіру;

- шағын бизнес кәсіпорындарын қазіргі заманғы сауда пішімдерімен ығыстыру.


Сыртқы сауданың жай-күйін SWOT – талдау

Күшті тұстары

Әлсіз тұстары

- Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық орналасуы, бұл республиканың транзиттік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді;

- Кеден одағындағы мүшелік.




- теңізге тікелей шығыстың жоқтығы;

- ТМД және Кеден одағы елдерінен әкелінетін азық-түлік тауарларының импорттық жеткізілімдеріне тәуелділік;

- республикада өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілетінің төмендігі;

- қазақстандық экспорттың шикізаттық бағыты;

- сыртқы сауда саясаты шаралары бойынша шешімдер қабылдаудың талдамалық дайындығының әлсіздігі;

- қабылданатын шешімдер бойынша іскер топтармен өзара байланыстың әлсіздігі;

- сыртқы сауда саясатындағы өзгерістер бойынша шешімдерді әзірлеу мен қабылдау рәсімдерінің пысықталмағандығы;

- сыртқы саудадағы өзгерістердің және қабылданған шешімдердің іске асырылуының мониторингі жүйесінің жоқтығы.



    Мүмкіндіктер

- алыс және жақын шетелдермен, оның ішінде Кеден одағы шеңберінде жұмыс істеу мен ДСҰ-ға кіру арқылы әріптестікті дамыту;

- мыналар арқылы өткізу нарығын ұлғайту:

1) Кеден одағын дамыту;

2) ДСҰ-ға кіру;

3) Ресейге, ҚХР мен Үндістанға аумақтық жақындықты пайдалану;

4)дайын өнімнің импорты кезінде кедендік әкелу баждары ставкаларының жоғарылығы мен шикізатқа арналған баждың төмендігі, бұл Кеден одағы шеңберінде жалпы нарықты құру кезінде ішкі өндірісті дамытуға мүмкіндік береді.



    Қауіптер

- ТМД елдерінен, әсіресе Кеден одағы елдерінен азық-түлік тауарларының да, азық түлік емес тауарларының да импорттық жеткізілімдеріне қарай өсуі;

- Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, әсіресе Қытайда шығарылатын азық-түлік емес тауарлары бойынша жоғары бәсекелестік;

- тұрақсыздықтың жоғарылығы, конъюнктура мен республикадан экспортталатын тауар бағаларының елеулі ауытқушылығы.


Сауданы мемлекеттік реттеумен байланысты проблемалар.

Мемлекеттік реттеумен байланысты проблемалар ішінде көп жылдар бұрын пайда болған барынша кешенді және бүгінде сауда секторын дамытуға айтарлықтай кедергі жасайтын проблемалар бөліп алынады.

Біріншіден, бұл сауда бойынша заңнамадағы «бытыраңқылық» мәселесі, яғни әртүрлі нормативтік құқықтық актілерде сауда мәселелерінің болуы.

Екіншіден, нормативтік құқықтық актілерде қазіргі заманғы терминологияның, қазіргі заманғы сауда пішімдері (супермаркет, гипермаркет, дискаунтер, «A», «B», «C» класты дүкендер) мен қоғамдық тамақтандыру мекемелері жіктемесінің жоқтығы.

Инфрақұрылым проблемасы. Сауда алаңдарының жетіспеушілігі.

Бүгінде Қазақстанда елеулі инфрақұрылымдық проблема «А» пішіміне жататын сауда алаңдарының тапшылығы болып табылады. Бұл проблема бірінші кезекте ірі қалаларға қатысты болады. Мәселен, Петропавл және Талдықорған сияқты қалаларда «А» санатты алаңдармен қамтамасыз ету тиісінше 272 және 223 шаршы метрді құраса, еліміздің аса ірі мегаполисі Алматыда бұл көрсеткіш 84 шаршы метрге тең, бұл тіптен республика бойынша қала халқын қамтамасыз етудің орташа деңгейінен 91 шаршы метрге төмен.

Бұл проблема алаңдардың қат болуы көрінісінде күрделене түседі, тіптен жалдау мен сатып алу құны жылжымайтын мүлік нарығындағы тұралау жағдайының өзінде айтарлықтай жоғары күйінде қалып отыр. Осылайша, алаңдардың тапшылығы мен жалдау бағасының жоғарылығы бөлшек бизнесті ұйымдастыруға керетін шығындардың жоғарлауына және түптеп келгенде, бұл дүкендердегі тауарлар бағаларының жоғарлауына әкеледі.

Инженерлік-техникалық коммуникацияларды салу мен пайдалануға беру құнының жоғарылығы. Көбіне оған кететін шығыстар бөлшек сауда объектісін салуға кететін барлық шығындардың 50%-ына дейін жетеді. Мұның бәрі тағы да отандық бөлшек сауданың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігіне әсер етеді.

«Ауылдық жер - қала» байланысындағы логистикалық проблема. Ауылдық жерлердегі және ұсақ қалалардағы шағын бизнес деңгейіндегі, шаруа және фермерлік қожалықтар өндірістері дайын өнімді жолға қойылған және шығынсыз тасымалдау арнасының жоқтығы нәтижесінде ұсақ өңірлік өндіруші қала желісіне қол жеткізу алаңынан тыс қалуымен байланысты қиындыққа тап болып отыр. Ауылдық және қашықтағы өндірушінің елеулі проблемасы сауда желісіне кіру кезінде қажет болатын өз өнімін сапалы орамамен қамтамасыз етуге қабілетсіздігі болып табылады.

Ірі қалаларда көлік-логистикалық орталықтардың (КЛО) болмауы. КЛО өндіруші мен сауда желілерінің арасында ірі буын ретінде көріне отырып, бөлуші көтерме орталықтары (көтерме алаңдары) рөлін орындай алады.

Тұтастай алғанда, алаңдардың жетіспеушілігі мен тиісінше жалдау ставкаларының жоғарылығы, логистика мен сақтаудың шығындығының көптігі барлық сауда жүйесінің жалпы тиімсіз болмауы мен бәсекеге қабілетсіздігін болжайды. Қазіргі кезде инфрақұрылым (алаң, инженерия, логистика және қоймалау) мәселелері сауда саласының ең аз зерделенген бөлігі болып табылады, алайда дәл осы салада тұтастай алғанда барлық сауда жүйесінің тиімділігін жақсартудың елеулі резерві бар.

Қаржы мәселелері. Сауда бизнесінің барынша өзекті проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:

біріншіден, сауда кәсіпорындары мен желілерінің қарыз жүктемесі деңгейінің жоғарылығы. Мәселен, қарыздардың ЖІӨ-ге қатынасы ретінде бұл сала бойынша өндірістік әдіспен есептелген сауданың қарыз жүктемесі 128%-ды құрады.

екіншіден, бұл айналым қаражатының тапшылығы. Сауда бизнесіне дағдарыстың ықпалы банктік кредит беру көлемінің қысқаруымен де, тұтыну сұранысындағы өзгерістерге де байланысты күшті сезілді.

Білікті мамандардың жетіспеушілігі. Сауда секторының кадрлық проблемалары қаржылық емес және шикізаттық емес сектор үшін ортақ. Қысқаша оларды мынадай түрде белгілеуге болады:

- кәсіптік-техникалық, оның ішінде сауда мамандықтары бойынша білім беру жүйесі бұзылған;

- жоғары белім беру жүйесіндегі сауда мамандықтарының шағын үлесі, олардың жоғары оқу орындары үшін де, талапкерлер үшін де танымал еместігі;

- қысқа мерзімді білім беру жүйесі (тренингтер, семинарлар, мастер-кластар) тек Алматыда ғана жұмыс істейді;

- жеке тренингтік орталықтардың құны шағын бизнес үшін қол жетімсіз;

- жеке рекрутингтік агенттік қызметтердің құны шағын және орта беизнес үшін қол жетімсіз, персоналды іздеудің басқа арналары (жұмысқа орналастыру агенттігі, мамандандырылған газеттер мен сайттар) үлкен тиімділікпен және кәсібилікпен ерекшеленбейді;

- толыққанды HR қызметіне ірі сауда желілері ғана мүмкіндігі бар;

- сауда секторында топ-менеджменттің тапшылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет