Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама Мазмұны


Бағдарламаны іске асыру кезеңдері



бет9/13
Дата03.07.2016
өлшемі1.48 Mb.
#175597
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері


Бағдарлама мына бағыттар бойынша 2010 – 2014 жылдары кезең кезеңмен орындалатын болады:

сауда инфрақұрылымын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

биржалық және электрондық сауданың тартымдылығын арттыру;

сауда қызметі субъектілерімен жүйелі жұмыс құру;

республиканың логистикалық жүйесін және транзиттік әлеуетін дамыту;

отандық өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

көп жақты және екі жақты ынтымақтастықты дамыту;

ақпараттық тұғырнама қалыптастыру.


Сауда инфрақұрылымын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау


Сауда инфрақұрылымын дамытуды мемлекеттік ынталандыру.

Сауда инфрақұрылымын дамыту саласындағы мемлекеттік саясат сауда мен логистикалық ұйымдар құру және дамыту үшін алаңның, жердің, сауда жабдығын сатып алу мүмкіндігінің қол жетімділігін ұлғайтуға бағдарлануы тиіс.

Осыған байланысты 2011 – 2012 жылдарда:

1) ішкі сауданы бөлшек сауда компанияларының инвестицияларға қол жетімділігін жеңілдету үшін инвестициялық қызметтердің басым бағыттарының тізіміне енгізу;

2) кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау мәселесін төмендегілер бойынша «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қосуды пысықтау:

жоғары технологиялық жылыжай кешендерін және ауыл шаруашылығы өнімдері қоймаларын салу және қайта жаңарту;

ауыл шаруашылығы өнімін сақтауға арналған жаңа базалар салу және жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңалау, тауарларды қоймалау технологияларын жетілдіру (қоймалардың қазіргі заманғы жобаларын, жабдықтардың жаңа түрлерін әзірлеу, қоймаларды механикаландыру және автоматтандыру).

3) мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту, оның шеңберінде мемлекет жер беріп, учаскеге барлық қажетті коммуникацияны әкеледі, ал жеке компания тауар өндірушілердің өнімін өткізу үдерісін қамтамасыз ететін қойма аймағы мен логистика инфрақұрылымын дамыту мақсатында сауда немесе логистикалық объект салуы қажет.

шағын сауда пішімдерін біріктіруді және ауылдық жерлер мен қала өндірушілерінің және тұтынушылардың арасындағы кооперацияны ынталандыру.

Сауда кәсіпорындарының ірі пішімді талаптарын қанағаттандыратын және транзакциялық шығындардың қысқаруына ықпал ететін жеткізудің қазіргі заманғы жүйесі екі тәсілмен құрылуы мүмкін (бірақ, онымен шектелмейді):

сауда кәсіпорны өндірушілермен тікелей жұмыс жасайды, бұл бірнеше өңірде жұмыс жасайтын ірі сауда желілеріне тән;

сауда кәсіпорыны тауарларды белгілі бір өнімге маманданған және бөлшек саудаға жеткізетін тәуелсіз көтерме құрылымдар арқылы сатып алады.

Осылайша дистрибьюторлық орталықтар мен көтерме құрылымдарды дамыту және шағын өндірушілерді біріктіру үшін жағдайлар жасаған орынды.

Бұл шаралар бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өндірушілерінің бәсекеге қабілеттігін артыруға бағытталуы тиіс. Бұл жағдайда бәсекеге қабілеттілік өлшеніп, оралған немесе оралмаған күйде жас жемістер мен көкөністердің ірі партияларын үздіксіз және тиімді жеткізуден көрінеді.

Осыған байланысты саудадағы, оның ішінде ауыл шаруашылығындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолдау үшін:

1) «Даму» КҚҚ құралдары арқылы кәсіпкерлерге маркетингтік зерттеулер бойынша шығындар бөлігін өтеуге арналған субсидиялар ұсыну арқылы қаржылық қолдау көрсету;

2) «Даму» КҚҚ құралдары арқылы шағын сауда пішімдерін («үйдегі дүкен») бірыңғай брендпен және бірыңғай ассортиментпен әрі баға саясатымен біріктіру үшін, оның ішінде олардың сауда жабдығын сатып алуға кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, сондай-ақ жеңілдікті жағдайларда негізгі құралдарды сатып алуға лизинг ұсыну бөлігінде қаржылық қолдау көрсету;

3) тиісті нормативтік құқықтық акті әзірлеу және кооперация кезінде консультациялық көмек көрсету жолымен өткізу және сатып алу кооперативтерін құру арқылы шағын және орта кәсіпкерлік кооперациясын қолдау қажет.

Өндірушілердің өткізу кооперативтері бірнеше өндірушілердің ұсыныстарын жинақтауға және қолайлы шығын үлесімен дистрибуцияның бірыңғай жүйесін құруға мүмкіндік береді, ол кооператив мүшелеріне: жаңа өңірлер мен сату арналарына (оның ішінде жеткізу көлемдері мен мерзімдері, сапасы, таңбалануы т.б. бойынша сауда желілерінің талаптарына сәйкес келу) шығуға; сауда компанияларынан барынша тартымды жағдайлар алуға; қатерлерді төмендету және осыған орай бұл кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарының құнын төмендетуге мүмкіндік жасайды. Сатып алу кооперативтері бірнеше шағын және орта бөлшек сауда компанияларының сұранысын біріктіре алады, бұл: шығын үлесін азайтатын дистрибуцияның тиімді жүйесін құруға, оның ішінде қоймалар т.б. салуға; ауқым әсері есебінен жеткізушілерден жақсы жағдайлар алуға; жеткізу тізбегіндегі делдал буынын алып тастауға және өндірушілерге тікелей шығуға; бір шағын немесе орта кәсіпорындар үшін тым қымбат қазіргі заманғы IT жүйесін енгізуге; желілік ойыншылардың брендтерімен бәсекелесе алатын бірыңғай бренд құруға және ілгерілетуге; қатерлерді төмендетуге және осының салдарынан қаржы ресурстарының құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Биржалық және электрондық сауданың тартымдылығын арттыру


Биржалық сауданы дамыту:

1) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өндірістің жылдық көлемінен тауар биржалары арқылы өткізуге жататын тауарлардың міндетті үлесінің көлемін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу;

2) Биржалық тауарлар тізбесін әзірлеу және бекіту;

3) тауар биржалары арқылы сауданы жүргізу кезінде салық жеңілдіктерді беру мәселесін пысықтау;

4) биржалық сауда арқылы мемлекеттік сатып алуды дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Электрондық сауданы дамыту.

Электрондық сауданы дамыту және телекоммуникация мен электрондық төлемдер саласын дамытуға жағдай жасау үшін 2011– 2012 жылдарда мыналарды:


  1. бөлшек сауда кәсіпорындары үшін аудары арқылы есептесу бойынша банктік операциялар шығындарын төмендету мәселесін пысықтау;

  2. барлық екінші деңгейдегі банктерді бірыңғай процессингтік орталыққа (Webmoney, Paypal ұқсас) біріктіретін Интернет-дүкендерге кіріктіру үшін ыңғайлы модульдері бар Интернет желісінде аудару арқылы электрондық төлеу жүйесін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) бірыңғай республикалық электрондық сауда алаңын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сауда қызметінің субъектілерімен жүйелік жұмысты құру

Заңнаманы жетілдіру

Ұлттық заңнаманы жандандыру, оны сауда саласындағы қазіргі заманғы талаптармен сәйкес келтіру мақсатында 2010 – 2013 жылдарда мыналарды:


  1. сауда қызметін реттейтін барлық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілеріне түгендеу жүргізу, бұл заңнамадағы бар олқылықтарды, қайшылықтарды және ескірген нормаларды анықтауға мүмкіндік береді;

  2. қазіргі заманғы сауданың барлық пішімдерін (гипермаркеттер, супермаркеттер, дискаунттер) нақты жіктеуді белгілеу және әрбір пішімдердің негізгі сипаттамасын айқындау қажет. Бұл жіктеу қазіргі халықаралық жіктеулер негізінде әзірленетін болады;

Сауда кәсіпорындарын орналастыруды жоспарлау жүйесін енгізу.

Қалалық даму ерекшеліктерін ескеретін және түрлі пішімдер мен сауда объектілері өлшемдерінің арасындағы қажетті теңгерімді сақтап, жергілікті сұранысты қанағаттандыратын, халықты сауда объектілерімен ұтымды қамтамасыз ету мақсатында Ресей мен Еуропа елдері (Ұлыбритания, Франция) үлгісі бойынша бөлшек сауда кәсіпорындарын дамытуды (орналастыруды) жоспарлау жүйесі енгізілетін болады.

Осыған байланысты, 2011 жылы мыналар:


  1. сауда алаңдарымен тұрғындардың қамтамасыз етілуі (шаршы метр немесе 1000 адамға бірлік) және сауда желілерінің қашықтықтан қол жетімділігі бойынша нормативтерді әзірлеу және бекіту қажет. Жоспарлау шағын және орта кәсіпкерліктің мүддесі мен дүкендер мен базарлардың әртүрлі пішіні арасындағы теңгерімнің сақталуын есепке ала отырып, қала құрылысы заңнамасының, аумақтарды дамыту жоспарлары негізінде жүзеге асырылуы тиіс..

  2. бөлшек сауда кәсіпорындарын орналастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және бекіту қажет. Республикалық әдістемелік нұсқаулардың негізінде жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерліктің мүддесін ескере отырып, бөлшек сауда кәсіпорындарын орналастыру және олардың жұмыс істеуі бойынша жергілікті жоспарлар/талаптар әзірлейтін болады. Кейіннен, құрылысты ынталандыру және сауданың жетіспейтін пішімдерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады. Жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін жеңілдікпен бөлу, отандық инвесторларды тарту, әртүрлі инвестициялардағы құжаттаманы келісуден инвесторлардан босату үшін жоба алды құжаттамасын әзірлеу, рұқсат беру рәсімдерін оңайлату және шығыс-рұқсат беру құжаттамасын (ресей тәжірибесінің үлгісі) әзірлеудің шекті мерзімін белгілеу жолымен жаңа сауда объектілерін ашуға ықпал ете алады. Сондай-ақ құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алу үдерісін оңайлату үшін «бір терезе» қағидатын енгізу мүмкіндігі қарастырылатын болады.

  3. жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде сауда инфрақұрылымын жоспарлау және дамыту бойынша функциялар көзделуі қажет.

Сауда нарықтарының инфрақұрылымына қойылатын талаптарды кезең-кезеңмен күшейту

Әлемдік сауда тәжірибесі көрсеткеніндей, сауда қызметін көрсетудің жоғары ұйымдастырылған жүйелерінде де нарықтар мен көше саудасының орны бар, алайда олардың сатудағы жалпы көлемі айтарлықтай емес.

Қазақстанда халықтың өмір сүру деңгейінің өсуімен және артықшылықтардың өзгеруімен тауарлар және сервистің анағұрлым жоғары сапасының пайдасына нарықтардағы тауар айналымының үлесі төмендейді. Дегенмен, нарықтардың белгілі бір үлесі қалды, өйткені олар халықтың қорғалмаған жіктерін басқа сауда пішіндерінде іске асырылмайтын қол жетімді тауарлар мен ерекше азық-түліктерге қатысты қамтамасыз етеді және сондай-ақ ұсақ өндірушілерге өз өнімдерін өздігінен іске асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, бір жағынан, тауарлар мен қызметтердің басқа саласындағы нарықтарды қайта даярлау үдерісін жеделдету және реттеу, екінші жағынан, олардың деңгейін әлемдік стандарттарға барынша жақындатып, жұмыс істейтін нарықтарды жаңғырту үшін жағдай жасау қажет.

Бұл үшін қолданыстағы біліктілік талаптарына сәйкес талдау жүргізу, одан әрі бес жыл ішінде оларды кезең-кезеңімен жаңғыртуды есепке ала отырып, сауда нарықтарына қатысты жаңа республикалық талаптарды әзірлеу және бекіту керек. Осы талаптарға сәйкес, әрбір нарық орналасқан орнына сәйкес оған жазылғаннан төмен емес тип пен санатына сәйкес келуі тиіс. Ең жоғарғы талаптар республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан нарықтарға қойылатын болады. Облыс орталықтарындағы нарықтарға қойылатын талаптар басқа қалаларға, аудан орталықтарына және ауылдық жерлерге қарағанда барынша қатаң болуы тиіс.

Нарықтарды 2014 жылға дейін жаңғырту жоспарының жобасы*

I санат


2011-2012 2014 жылдан бастап


*

Жабық базар (көтерме және бөлшек сауда нарықтарының функцияларын қоса атқару мүмкін)




**

Мыналарға бөлу:

Ірі сауда орталығы және

Сауда-логистикалық терминал





II санат


2011-2012 2014 жылдан бастап


*


Аралас сауда базары


**

Мыналарға бөлу:

Жақсартылған жабық и

Көтерме база





III санат

2011-2012 2014 жылдан бастап


*


Ашық нарық

**

Жабық базар (көтерме және бөлшек сауда нарықтарының функцияларын қоса атқару мүмкін)







Ескерту: 1 санат – Республикалық маңызы бар қалалар, 2 санат – Облыс орталықтары мен басқа қалалар, 3 санат – аудан орталықтары және ауылдық жерлер.

«*» түсіндіруді жеңілдете отырып,, санат ішіндегі градацияны көрсетеді.

Санатты айқындау жергілікті органдардың жанынан мемлекеттік органдардың өкілдерінен, сондай-ақ іскер адамдардан, салалық қауымдастықтардан, қоғамдық бірлестіктердің мамандарынан тұратын арнайы құрылған сараптамалық кеңестердің салалық қауымдастықтарының қорытындыларын қарау қорытындысы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

Бұл ретте барлық сауда базарлары ыңғайлы жерде орналасуы, елді мекен өміріне кірігуі тиіс, өйткені олар тек экономикалық қана емес, әлеуметтік функцияларды да орындайды. Көптеген қалаларда базарларды қала сыртына көшіру үрдісі бар, бұл олардың дәстүрлі функциялары мен олардың қызмет тиімділігінің жоғалуын білдіреді. Осыған байланысты, базарлардың орналасуы бойынша шешімде тек қаланы дамыту жоспары ғана емес барлық салдарлар ескерілуі тиіс.

Осыған байланысты, 2011 – 2012 жылдарда мыналарды:

1) республиканың барлық жұмыс істейтін сауда базарларына паспорттау

жүргізу;


2) жаңғыртуға кедергі жасайтын себептер мен факторларды анықтау мақсатында қолданыстағы талаптарға сәйкес сауда базарларының жағдайын талдау жүргізу;

3) оларды кезең-кезеңмен жаңғыртуды ескере отырып базарлардың сыныптамасы талаптарын әзірлеу.

Коммуналдық базарлар мен жәрмеңкелердің қызметін мемлекеттік реттеу саясатын жетілдіру.

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат құралының бірі коммуналдық базарлардың қызметін дамыту, сондай-ақ жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыруға жәрдемдесу болып табылады. Коммуналдық базарларды, сондай-ақ алаңдарды жалға алудың ең аз құны бойынша ұсынып, отандық азық-түлік емес тауарларды өндірушілерді қолдау ретінде пайдалануға болатынын атап өткен жөн. Осы объектілерде сатылатын өнімдердің көп бөлігі азық-түлік емес тауарларға жатады.

Базарлар инфрақұрылымына қойылатын талаптарды күшейту мақсатында 2011 – 2012 жылдардан бастап:

1) республиканың барлық жұмыс істеп тұрған сауда базарларына паспорттандыру жүргізу;

2) жаңғыртуға кедергі жасайтын себептер мен факторларды анықтау мақсатында қолданыстағы талаптарға сәйкес сауда базарларының жағдайын талдау жүргізу;

3) оларды кезең-кезеңмен жаңғыртуды ескере отырып, базарларды жіктеу талаптарын әзірлеу.

Коммуналдық базарлар мен жәрмеңкелердің қызметін реттеудің мемлекеттік саясатын жетілдіру қажет.

Халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат құралдарының бірі коммуналдық базарлардың қызметін дамыту, сондай-ақ жәрмеңкелік сауданы ұйымдастыруға жәрдемдесу болып табылады. Коммуналдық нарықтарды ең аз құны бойынша жал алаңдарын ұсыну, бүгінде коммуналдық базарларда сатылатын өнімнің басым бөлігі азық-түлік емес тауарларына жататынын ескере отырып, азық-түлік емес тауарларының отандық өндірушілерін қолдау ретінде пайдалану қажет.

Осыған байланысты, 2010 – 2014 жылдарда мыналарды:

1) коммуналдық базарлардың ағымдағы қызметіне, олардың өңірлердегі баға саясатына ықпалын, шығындар құрылымына талдау жүргізу;

2) сауда орны үшін жалға беру ақысын айқындау әдістемесін қоса алғанда коммуналдық базарлардың қызметі бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту;

3) коммуналдық базарлар әкімшілігін конкурстық іріктеу, оның қызметін жергілікті атқарушы органдардың тарапынан бағалау және реттеу өлшемдерін әзірлеу;

4) жәрмеңкелер өткізу арқылы халыққа әлеуметтік маңызы бар тауарларды тікелей сатуды ынталандыру тәжірибесін дамыту қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет