7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру
Ескерту. 7-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетiн сақтандыру
төлемдерi
1. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында және 23-бабының 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл орайда сақтандыру ұйымынан төленетiн ай сайынғы сақтандыру төлемдерi зейнетақы аннуитетi шарты жасасылған күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмауы керек.
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы төлейдi. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шарты ай сайынғы сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерi зейнетақы аннуитетi шарты жасасылған күнге тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем болмаған жағдайда жасалады.
3. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатының елу процентiнен аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатының қалған бөлiгi салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа келгенде белгiленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi түрiнде төленедi.
4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа жеткенге дейiнгi мерзiмге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бap.
5. Осы баптың 2, 4-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы зейнетақы аннуитетi шартының сомасынан артық болған жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетiлген жасқа келгенде белгiленген кесте бойынша жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi түрiнде төленедi.
Ескерту. 31-1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
31-2-бап. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу
1. Зейнетақы аннуитетiнiң үлгi шартын уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.
2. Зейнетақы аннуитетi шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында осы Заң талаптарымен белгiленген мерзiмге жасалады.
3. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерiктi.
4. Зейнетақы аннуитетi шарты алушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде жасалады.
5. Зейнетақы аннуитетi шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
6. Зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екi жыл iшiнде бұзуға құқығы жоқ.
Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитетi шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстары шегерiлiп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиiс.
Ескерту. 31-2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
31-3-бап. Зейнетақы аннуитетi шарты тараптарының
құқықтары мен мiндеттерi
1. Сақтанушының:
1) сақтандыру ұйымы жүргiзген сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есеп-қисабымен танысуға;
2) сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есеп-қисабын жүргiзу үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;
3) зейнетақы аннуитетi шарты жоғалған жағдайда оның көшiрмесiн алуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
1) зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитетi шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға мiндеттi.
3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитетi шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бiр рет және толық көлемде алуға құқығы бар.
4. Сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетiн сақтандыру төлемдерi мөлшерiнiң есеп-қисабымен таныстыруға;
2) зейнетақы аннуитетi шартын үш дана етiп ресiмдеуге мiндеттi, оның екеуi сақтанушыға берiледi;
3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитетi шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде зейнетақы аннуитетi шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетi шартында көзделген сақтандыру төлемдерi уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешiктiрiлген әр күн үшiн төленбей қалған соманың 1,5 процентi мөлшерiнде өсiмпұл төлеуге;
5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеген адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрiнде зейнетақы аннуитетi шартында белгiленген мөлшерде, бiрақ кемiнде он бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға мiндеттi.
Ескерту. 31-3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру
ұйымына аударудың тәртiбi
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген құжаттар пакетiн алған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған мiндеттемелердiң орындалуын кешiктiрген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 31-4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
31-5-бап. Зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша
есеп-қисапты жүзеге асыру
1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру төлемдерiнiң есеп-қисабын уәкiлеттi орган белгiлеген әдiстемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсiз сарапшы жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитетi шарттары бойынша iс жүргiзуге арналған шығыстарының рұқсат етiлетiн деңгейiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
8-тарау. Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру
32-бап. Алынып тасталды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
33-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерi
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ашық
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
3. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
4. Салымшының (алушының) заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын бұзуы, осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегi еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу үшiн негiз болады.
Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
34-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдық-құқықтық
нысаны
Жинақтаушы зейнетақы қоры жабық акционерлiк қоғам нысанында құрылады.
Ескерту. 34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.
РҚАО-ның ескертуi!
34-1-баппен 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен толықтырылады.
35-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдарын,
өкiлдiктерiн құру, жабу
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры қордың басқару органының шешiмi негiзiнде уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз Қазақстан Республикасының аумағында өзiнiң оқшауланған бөлiмшелерiн - филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң филиалының және өкiлдiгiнiң әдiлет органдарында есептiк тiркелген күнiнен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының және өкiлдiгiнiң есептiк тiркелуi туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi қойылған филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;
3) филиалдың немесе өкiлдiктiң бiрiншi басшысына берiлген сенiмхаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса тiркей отырып, олардың ашылғаны жөнiнде уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалы - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан қызметiн жүзеге асыратын және жинақтаушы зейнетақы қоры берген өкiлеттiктер шегiнде әрекет ететiн оқшауланған бөлiмшесi. Жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының жинақтаушы зейнетақы қорымен бiрыңғай балансы, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының атауымен толық сәйкес келетiн атауы болады.
4. Жинақтаушы зейнетақы қорының өкiлдiгi - жинақтаушы зейнетақы қорының заңды тұлға болып табылмайтын, жинақтаушы зейнетақы қоры орналасқан жерден тыс орналасқан, жинақтаушы зейнетақы қорының атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететiн және зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмайтын оқшауланған бөлiмшесi.
5. Қазақстан Республикасының резидентi емес жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады.
6. Жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарын ашудың мiндеттi шарттары:
1) соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының залал шекпеген қызметi;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының филиалды ашу туралы шешiм қабылдау алдындағы үш ай iшiнде пруденциялық нормативтердi сақтауы;
3) филиалды әдiлет органдарында есептiк тiркеген күннiң алдындағы үш ай iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi органның ықпал ету шараларын қолданбауы болып табылады.
7. Жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындылары бойынша залал шекпеген қызметi жағдайында жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының аумағында өкiлдiктер ашуға құқылы.
8. Филиал, өкiлдiк туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде жинақтаушы зейнетақы қоры көрсетiлген өзгерiстер және (немесе) толықтырулар есептiк тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге тиiс.
9. Жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң филиалын немесе өкiлдiгiн әдiлет органдарында есептiк тiркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалының немесе өкiлдiгiнiң есептiк тiркеуден шығарылғанын растайтын әдiлет органы құжатының нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса тiркей отырып, олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы уәкiлеттi органды жазбаша хабардар етуге тиiс.
10. Жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 2, 6-8-тармақтарының талаптарын орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган филиалды және өкiлдiктi жабуды талап етуге құқылы.
Ескерту. 35-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
36-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен
акционерлерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.
1-1. Рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң белгiлi бiр рейтингi бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алады. Рейтинг агенттiктерiнiң тiзбесi мен ең төмен рейтингтi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Оффшорлық аймақтарда тiркелген немесе оффшорлық аймақтарда тiркелген аффилиирленген тұлғалары бар заңды тұлғалар немесе уәкiлеттi орган тiзбесiн белгiлейтiн, оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлерi) болып табылатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының резиденттерi жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иеленуге және (немесе) пайдалануға және (немесе) оған билiк етуге құқылы емес.
1-2. Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентiнен аспауы керек.
1-3. Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттерi емес мүшелерi қаржы рыногында қызметiн жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжiрибесiн куәландыратын құжаттарды табыс eтуге мiндеттi.
РҚАО-ның ескертуi!
1-4-тармаққа 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен өзгерiс енгiзiледi.
1-4. Дауыс беретiн акцияларының жиырма бес процентiнен астамы жиынтық түрiнде:
1) Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғаның
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың меншiгiнде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резидентi-заңды тұлғаның
3) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiндe немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.
1-5. Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысатын акционер (Қазақстан Республикасының резидент банкi болып табылатын акционердi қоспағанда), егер оның өз акционерлерiнiң (қатысушыларының) тiркелген елi туралы ақпарат жинақтаушы зейнетақы қорында жоқ болса, өтiнiштi табыс етедi, онда осындай акционерлердiң (қатысушылардың) осы баптың 1-1-тармағы екiншi бөлiгiнiң талаптарын орындағаны туралы көрсетедi.
Аталған өтiнiштi табыс етпеген акционер акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға жiберiлмейдi.
Өтiнiште көрсетiлген ақпараттың дәйексiздiгi анықталған не осы баптың 1-1-тармағы екiншi бөлiгi талаптарының бұзылғаны анықталған кезде:
1) егер шешiм үшiн дауыс беретiн акциялардың көпшiлiгi (өтiнiштi табыс еткен акционердiң дауыс беретiн акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, онда акционерлердiң жалпы отырысының шешiмi осы акционердiң дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледi;
2) егер өтiнiштi табыс еткен акционердiң дауысы шешушi болса, аталған мән-жай уәкiлеттi органның не өзге де мүдделi тұлғалардың талабы бойынша акционерлердiң жалпы отырысының шешiмiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп тану үшiн негiз болады.
РҚАО-ның ескертуi!
2-тармақ 2012.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңiнде бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi кезеңiнде, уәкiлеттi орган рұқсат еткен реттердi қоспағанда, бiрде-бiр тұлға тiкелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауысы құқығы бар акцияларының 25 процентiнен астамын иеленуге, билiк етуге және/немесе басқаруға құқылы емес.
Аталған шектеулер корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорына қолданылмайды.
3. Мемлекеттiк кәсiпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды.
4. Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны кемiген жағдайда корпоративтiк зейнетақы қорларының акционерлерi бiрдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiп бойынша инвестициялық кiрiс ысырабының орнын толтырады.
5. Жинақтаушы зейнетақы қоры басқа жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционерi бола алмайды.
Ескерту. 36-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
36-1-бап. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi
қатысушысы
1. Бiрде-бiр тұлға уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiнсiз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бiрлесiп, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғалар негiзгi рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi болғанда ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн ала алады. Ең төменгi рейтинг және рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентiн тiкелей иеленетiн немесе ең аз талап етiлетiн рейтингi бар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентпен дауыс беру мүмкiндiгi бар ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерiн) иелену (олармен дауыс беру) арқылы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан да көп процентiн жанама иеленудi немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының он немесе одан да көп процентiмен жанама дауыс берудi көздейтiн Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлға үшiн аталған рейтингтiң болуы талап етiлмейдi.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушылары - жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын өздерiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк құнынан аспайтын мөлшерде төлейдi.
1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорының он немесе одан да көп процентi жиынтығымен тиесiлi және мынадай:
1) акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесi акционерлердiң жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгiну;
2) акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiне қосымша мәселелердi енгiзу;
3) директорлар кеңесiнiң отырысын шақыру;
4) өз есебiнен қоғамның аудитiн аудиторлық ұйымның жүргiзуi мәселелерi бойынша олардың шешiм қабылдауын көздейтiн өздерiнiң арасында жасалған келiсiмнiң негiзiнде әрекет ететiн акционерлер жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы болып табылмайды.
2. Iрi қатысушы мәртебесiн алуға келiсiм беру, келiсiмдi керi қайтарып алу ережелерiн, аталған келiсiмдi алу үшiн табыс етiлетiн құжаттарға қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы болғысы келетiн тұлға келiсiм алу үшiн уәкiлеттi органға осы баптың 4, 5, 6, 7, 7-1-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәлiметтердi қоса тiркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн алу туралы өтiнiштi табыс етуге мiндеттi.
4. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидентi - жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын, оның iшiнде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi, соның iшiнде растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса тiркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын көздер мен қаражаттардың сипаттамасын;
2) өтiнiш берушiнiң мүддесiн бiлдiру тапсырылған өтiнiш берушiнiң өкiлiне (ол болған жағдайда) берiлген сенiмхатты;
3) өзi iрi қатысушы болып табылатын заңды тұлғалардың тiзiмiн және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмелерiн;
3-1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жағдайы нашарлауы ықтимал жағдайларында осы қордың қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттарды қоса тiркей отырып, мiнсiз iскерлiк беделi туралы мәлiметтердi;
3-3) табыстары мен мүлкi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етiлетiн жеке табыс салығы жөнiндегi декларацияның көшiрмесiн және жеке тұлға тұратын елдiң уәкiлеттi тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;
4) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген нысан бойынша өтiнiш берушi туралы қысқаша деректердi, соның iшiнде бiлiмi туралы, еңбек қызметi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
5. Iрi қатысушы мәртебесiн алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтiнiш берушiнiң жоғары органының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
2-1) оның басшы қызметкерлерiнiң мiнсiз iскерлiк беделi туралы мәлiметтердi;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмесiн, өтiнiш берушiнiң iрi қатысушылары туралы, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң iрi қатысушыларының iрi қатысушылары туралы қысқаша деректердi;
4) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген нысан бойынша өтiнiш берушiнiң басшы қызметкерлерi жөнiндегi қысқаша деректердi, соның iшiнде бiлiмi, еңбек қызметi туралы мәлiметтердi;
5) аяқталған соңғы екi қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржы есептiлiгiн, сондай-ақ тиiстi өтiнiштi табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржы есептiлiгiн;
6) iрi қатысушы мәртебесiн алудың қаржылық салдарларын талдауды, оған қоса өтiнiш берушiнiң және ашық жинақтаушы зейнетақы қорының мәртебе алғаннан кейiнгi болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтiнiш берушiнiң ашық жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiн сату, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiне немесе оны басқаруға iс-шаралар жоспарын және ұйымдық құрылымды қоса алғанда, айтарлықтай өзгерiстер енгiзу жөнiндегi жоспарлары мен ұсыныстарын табыс етедi.
6. Iрi қатысушы мәртебесiн алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн халықаралық рейтингтiк агенттiктердiң бiрi берген заңды тұлғаның кредиттiк рейтингi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
7. Iрi қатысушы мәртебесiн алуға келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының резидентi емес - қаржылық ұйым мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетiлген мәлiметтер мен құжаттарды;
2) өтiнiш берушi шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының өтiнiш берушi қаржы қызметiн осы ел заңнамасының шеңберiнде жүзеге асыруға уәкiлеттi екендiгi туралы жазбаша растауын не өтiнiш берушi шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының осы елдiң заңнамасы бойынша мұндай рұқсат қажет еместiгi туралы мәлiмдемесiн табыс етедi.
7-1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иемденуге келiсiм алу үшiн ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес және одан да көп процентiн сатып алуға ниеттенетiн, өзi орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резидентi емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген рейтингтiк агенттiктердiң бiрi талап ететiн ең төменгi рейтингтiң болуын растайтын құжатты;
2) өтiнiш берушi шыққан елдiң қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резидентi емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
3) өтiнiш берушi шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резидентi емес қаржы ұйымының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иемденуiне жазбаша рұқсатын (келiсiмiн) не тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының аталған мемлекеттiң заңнамасы бойынша мұндай рұқсат (келiсiм) талап етiлмейтiнi туралы өтiнiшiн табыс етедi.
8. Жиынтығында ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының он немесе одан астам процентiн иеленетiн немесе олармен тiкелей немесе жанама дауыс беруге мүмкiндiгi бар және:
1) ашық жинақтаушы зейнетақы қорының шешiмдерiне өздерiнiң арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бiрлесiп ықпал ететiн;
2) жеке алғанда немесе өзара бiр-бiрiнiң iрi қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бiрi лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның өкiлi болып табылатын;
4) олардың бiрi өздерiнiң арасында жасалған шартқа сәйкес екiншi тұлғаға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу мүмкiндiгiн берген;
5) жақын туыстар немесе ерлi-зайыптылар болып келетiн тұлғалар бiрлесiп ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кiрген жағдайда, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
9. Уәкiлеттi орган осы баптың талаптарына сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн алу үшiн берiлген өтiнiш бойынша шешiмдi құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап үш ай iшiнде қабылдауға тиiс.
10. Уәкiлеттi орган келiсiм беруге негiз болған дәйексiз мәлiметтер анықталған немесе өтiнiш берушiнiң iрi қатысушы мәртебесiн иемденуi нәтижесiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптары бұзылған немесе iрi қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берiлген келiсiмдi керi қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға ашық жинақтаушы зейнетақы қорының өзiне тиесiлi акцияларының санын осы бапта белгiленгеннен төмен деңгейге дейiн азайтуға мiндеттi.
11. Тұлға өзiне қатысты емес себептер бойынша ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы белгiсiне сәйкес келген не ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары кепiл болып табылатын борыштық мiндеттемелер бойынша кепiлге салынған мүлiктiң оған көшуi нәтижесiнде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының осы бапта белгiленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегi акцияларын меншiгiне алған жағдайларға осы баптың мiндеттi түрде уәкiлеттi органның келiсiмiн алу қажеттiгi туралы талаптары қолданылмайды.
Аталған жағдайларда iрi қатысушы белгiсiне сәйкес келетiн тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзiнiң ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы белгiсiне сәйкес келетiнi белгiлi болған кезден бастап отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға хабарлауға және осы баптың ережелерiне сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiн алғанға дейiн ашық жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығына немесе оның қызметiне ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осындай жолмен сатып алынған акциялармен дауыс бермеуге мiндеттi.
Тиiстi мәртебенi алу туралы өтiнiш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзiнiң ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы белгiсiне сәйкес келетiнi белгiлi болған кезден бастап алпыс күн iшiнде, егер бұл тұлға көрсетiлген мерзiмде акцияларды иелiктен шығарғысы келмесе, уәкiлеттi органға табыс етiледi. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн iшiнде оларды иелiктен шығару жөнiнде шешiм қабылданғаны туралы ақпарат мұндай шешiм қабылданған күннен бастап дереу уәкiлеттi органға табыс етiледi.
12. Егер уәкiлеттi органға тұлғаның iрi қатысушы белгiсiне сәйкес келетiнiн немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын тiкелей, жанама иеленушi болып табылатынын немесе келiсiмнiң негiзiнде немесе өзгеше түрде осы Заң талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының осы бапта белгiленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегi акцияларымен дауыс беру мүмкiндiгi бар екенiн көрсететiн мәлiметтер белгiлi болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етудi талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетiн кез келген тұлғадан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етiлуi мүмкiн.
13. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы шешiм қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзiмде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының өзi тiкелей немесе жанама иеленетiн немесе тiкелей немесе жанама дауыс беру мүмкiндiгi бар үлесiн өзгерту туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына тиесiлi ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының санына проценттiк қатынасының ұлғаю жағына қарай өзгеруi жағдайында, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы уәкiлеттi органға растайтын құжаттардың көшiрмелерiн қоса тiркей отырып, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражат көздерi туралы ақпарат табыс етуге тиiс.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акцияларының санына проценттiк арақатынасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысына тиесiлi он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейiн өзгерген жағдайда уәкiлеттi орган ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысының өтiнiшi бойынша не аталған фактiнi дербес анықтаған жағдайда осы фактi анықталған күннен бастап бiр ай iшiнде ашық жинақтаушы зейнетақы қорының iрi қатысушысы мәртебесiн иемденуге келiсiм беру үшiн көзделген тәртiппен бұрын берiлген жазбаша келiсiмнiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм қабылдайды.
14. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң барлық iрi қатысушыларына тиесiлi ашық жинақтаушы зейнетақы қоры акциялары санының ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретiн акциялары санына проценттiк арақатынасын көрсете отырып, олардың тiзiмiн есептi тоқсаннан кейiнгi айдың онынан кешiктiрмей уәкiлеттi органға тоқсан сайын табыс етуге мiндеттi.
15. Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры өзiнiң дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн иеленетiн акционерлер құрамының өзгергенi туралы осындай факт анықталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
16. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қоры iрi қатысушыларының, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қоры қатысушысының белгiлерiне сәйкес келетiн жеке және заңды тұлғалардың осы баптың 11-15-тармақтарына сәйкес талап етiлетiн ақпаратты көрсетiлген мерзiмде уақтылы бермеуi, бермеуi немесе дұрыс емес мәлiметтер беруi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 36-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |