Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы



бет1/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#149436
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат

      Қолданушылар назарына!


      Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшiн РҚАО мазмұнды жасады.

МАЗМҰНЫ


      Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi, мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға қатысуын реттейдi.
      Ескерту. "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары" деген сөздермен, "салық заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарына" деген сөздермен, "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен, "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен, "зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына" деген сөздермен, "лицензиялау туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен" деген сөздермен, "заңдарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарын" деген сөздермен, "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын" деген сөздермен, "зейнетақы заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары" деген сөздермен, "заңдармен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды; "заң актiсiнде", "заң актiлерiмен" деген сөздердiң алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылды; "басқару жөнiндегi компания" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияның" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниялар" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларды" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен, "басқару компанияларымен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi компаниямен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлмеген компаниялармен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленбеген ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөнiндегi аффилиирлендiрiлген компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленген ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылды;  "жинақтаушы зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi" деген сөздер "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), өзгерту енгiзiлдi - 2005.04.13 N 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша «ашық» деген сөз алып тасталды -  ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

1-БӨЛIМ. Зейнетақымен қамсыздандыру негiздерi

1-тарау. Жалпы ережелер

      РҚАО-ның ескертпесi!


      1-бапқа өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2012.01.12 № 538-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар


      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) автоматтандырылған ақпараттық жүйе - жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы активтерiн және жинақтарын есепке алуды жүзеге асыруға қажеттi және ақпараттың сенiмдiлiгiн, сақталуын және оны рұқсатсыз кiруден қорғауды қамтамасыз ететiн бағдарламалық қамтамасыз етiлуi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      2) тармақша 2013.01.01 бастап күшiн жояды - ҚР 2012.07.10 № 34-V Заңымен.
      2) әлеуметтiк жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;
      3) әртараптандыру - зейнетақы активтерiн жоғалтып алу қатерiн азайту мақсатында, уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарға сәйкес оларды әртүрлi қаржы құралдарына орналастыру;
      4) бақылау – заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай талаптардың бiрi болған:
      заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегерiле отырып) елу пайызынан астамын бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленуi не заңды тұлғаның акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болған;
      бiр тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемiнде жартысын дербес сайлау мүмкiндiгi болған;
      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгi аудиторлық есепке сәйкес заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiне енгiзiлген;
      бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп шарттың (растайтын құжаттардың) күшiне қарай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болған кезде туындайды;
      5) баспасөз басылымы - тiзбесiн уәкiлеттi орган айқындайтын мерзiмдi баспасөз басылымдары;
      6) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
      7) ең төменгi зейнетақы - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген зейнетақы төлемдерiнiң ең төменгi мөлшерi;
      8) ерiктi зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртiппен, салымшылардың өз бастамасы бойынша зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      9) ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
      10) ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен зейнетақы төлемдерiн алушының пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      11) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын кәсiптер тiзбесi бойынша қызметкерлердiң пайдасына салымшылардың өз бастамасы бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
      12) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда айқындалған жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлемнiң мөлшерi;
      13) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшысы - ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес, өзiнiң меншiктi қаражаты есебiнен қызметкердiң пайдасына ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мiндеттi не ерiктi зейнетақы жарналары немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдерi жүргiзiледi;
      15) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерi жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      16) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргiзу - заңды тұлға ретiнде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлiк балансына зейнетақы активтерiн енгiзбеу;
      17) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын жанама иелену (дауыс беру) – жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысының немесе жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның бiрлескен iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену арқылы айқындау мүмкiндiгi;
      18) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы – уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегерiле отырып) он немесе одан көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
      жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының он немесе одан көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
      жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым қабылдайтын шешiмдерге шарттың күшiне қарай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленушi болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
      19) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (дауыс беру) - басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (дауыс беру) арқылы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
      20) зейнетақы – уәкiлеттi ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;
      21) зейнетақы активтерi - зейнетақы төлемдерi мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын қаражатты қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
      22) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      23) зейнетақы аннуитетi шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойына немесе белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттенедi;
      24) зейнетақы жинақтары - мiндеттi зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, инвестициялық кiрiстi, өсiмпұлды, шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есептелетiн ақшасы;
      25) зейнетақы жинақтарының нақты құны - мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган есептеп шығаратын, тұтыну бағалары индексiне үйлестiрiлген зейнетақы жинақтарының номиналды құны;
      26) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - бiр тараптан жинақтаушы зейнетақы қорымен және екiншi тараптан салымшы және (немесе) зейнетақы төлемдерiн алушы жасасатын, зейнетақы жарналарына, жинақтарына және төлемдер алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт;
      27) зейнетақы төлемдерi:
      уәкiлеттi ұйымнан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтiлi бар жеке тұлғаларға еңбек өтiлiне тепе-тең түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
      жинақтаушы зейнетақы қорларынан – зейнетақы төлемдерiн алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу;
      28) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) – уәкiлеттi ұйымнан зейнетақы төлемдерi тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға;
      29) инвестициялық декларация - зейнетақы қағидаларына қосымша болып табылатын және инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық қызметтiң мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерiн, зейнетақы активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;
      30) инвестициялық кiрiс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған ақша;
      31) инвестициялық портфель - зейнетақы активтерiнiң құрамына кiретiн қаржы құралдары жиынтығы;
      32) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттiң ақшасын есепке алу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын банк;
      33) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиентi жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершiлiкпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
      34) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Заңда белгiленген зейнеткерлiк жасқа жеткен соң берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;
      35) мiндеттi зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына салынатын ақша;
      36) мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, сондай-ақ филиалдары, өкiлдiктерi арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға;
      37) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi, ол салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын табысына пайыздық қатынаспен көрсетiледi;
      38) мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы - мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
      39) мiнсiз iскерлiк бедел - кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;
      40) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      41) Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындайтын органдар - уәкiлеттi мемлекеттiк органдар;
      42) пруденциялық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн экономикалық талаптар;
      43) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде «өмiрдi сақтандыру» саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
      44) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитетi шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
      45) уәкiлеттi орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      46) уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын;
      47) үлестес тұлғалар – шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бiр-бiрiнiң (тұлғалардың бiрi) қабылдайтын шешiмдерiне, оның iшiнде жасалған мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар. Ұлттық басқарушы холдингтiң жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң құрамында болуы тұлғалардың бiр-бiрiне қатысты үлестес екенiн айқындау үшiн негiз болып табылмайды.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), ҚР 2012.01.12 № 538-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      2-бап. Азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен


              қамсыздандыру туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      4-бап. Мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу


              және олардың түсуiн бақылауды жүзеге асыру
              тәртiбi

      Ескерту. 4-бап алынып тасталды - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен.

      5-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк
              кепiлдiктер

      1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 13-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.


      2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетақы алып келген;
      2) осы Заңның 9-бабына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен Қазақстан Республикасының азаматтарына;
      3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi Орталықтан және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемiн, сондай-ақ мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуына қарамастан жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiне кезең-кезеңiмен жақындатыла отырып, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгiленедi.
      Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн төлеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар азаматтардың тiлегi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiмен ауыстырылуы мүмкiн.
      3. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жыл сайын жүргiзiледi.
      4. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы бар және осы құқығын зейнетақы тағайындайтын және/немесе оны төлеудi жүзеге асыратын органдарда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, бұл жағдайда оларға қызметтен кеткеннен кейiн төлене бастайтын зейнетақы белгiленедi. Тағайындалған зейнетақыға осы баптың 1 және 3-тармақтарының және осы Заңның 13-бабының 4-тармағының ережелерi қолданылады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 1999.11.16 N 482 (2000.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.04 N 148 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына


              кепiлдiк

      РҚАО-ның ескертуi!


      1-тармақ 2015.01.01 ҚР 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен жаңа редакцияда жазылады. 
      1. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерiн алу құқығы кезiндегi инфляция деңгейiн ecкepe отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
      2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялау;
      2) зейнеткерлiк активтердi басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызметiн лицензиялау;
      2-1) екiншi деңгейдегi банктердiң кастодиандық қызметiн лицензиялау;
      3) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшiн пруденциалдық нормативтер белгiлеу;
      3-1) олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететiн тиiстi нормалар мен лимиттер белгiлеу жолымен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшыларына, басшы қызметкерлерi мен мамандарына, сондай-ақ олардың жарғылық капиталының мөлшерi мен құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгiлеу;
      6) (алып тасталды)
      7) жинақтаушы зейнетақы қорларының өз қаражаты мен зейнетақы активтерiнiң бөлек есебiн жүргiзу, сондай-ақ олардың мақсатты орналастырылуына бақылау орнату;
      8) (алып тасталды)
      9) диверсификация және зейнетақы активтерiн орналастыру кезiнде тәуекелдi азайту жөнiндегi талаптарды белгiлеу;
      10) жинақтаушы зейнетақы қорлары алатын комиссиялық сыйақы мөлшерiне шектеулер енгiзу;
      11) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржы есептерiне жыл сайын аудит жүргiзудiң мiндеттiлiгi;
      12) жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi мемлекеттiк органдар алдында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұдайы қаржылық есеп берiп отыруы;
      12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпарат берiп отыру;
      13) алушыға өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне ауыстыру мүмкiндiгiн беру, бiрақ ол жылына екi реттен аспауы керек;
      14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемiнде немесе iшiнара ерiктi сақтандыру;
      15) зейнетақы активтерiн сақтандыру жүйесiн құру арқылы қамтамасыз етiледi.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05 N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 N 139, 2010.03.19 № 258-IV Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет