Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы


сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе



бет7/9
Дата20.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#149436
1   2   3   4   5   6   7   8   9

               сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе
               зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды
               жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушыларына
               қолданылатын мәжбүрлеу шаралары

      1. Уәкiлеттi орган:


      1) iрi қатысушы мәртебесiн иеленуге уәкiлеттi органның келiсiмiн алмаған;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы мәртебесiн иеленгеннен кейiн осы Заңның 36-2-бабының 1-тармағында көрсетiлген мән-жайлар туындаған;
      3) осы Заңның 42-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына немесе «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын және уәкiлеттi органмен жасалған жазбаша келiсiмдердi орындамаған;
      4) iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы нәтижесiнде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн әрекеттердi жасаған;
      5) iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғалардың, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушыларының соның нәтижесiнде жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға залал келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн қаржылық жағдайының тұрақсыз болғаны;
      6) осы Заңның 41-2-бабында көрсетiлген факторлардың анықталуына байланысты жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық жағдайы нашарлаған;
      7) жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен оның iрi қатысушысының, iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғаның арасында уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергi келтiретiн қатынастар болған;
      8) iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғаның, сондай-ақ iрi қатысушының осы Заңның 34-бабы, 41-бабының 4-тармағы талаптарының орындалмауына әкеп соққан әрекетi немесе әрекетсiздiгi орын алған жағдайларда iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғаларға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде уәкiлеттi орган:
      1) iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғадан, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысынан оның тiкелей немесе жанама түрде иелiк ету үлесiн жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның дауыс беретiн акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейiн азайтуды талап етуге;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан iрi қатысушыға қатысты олардың арасындағы, жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды тәуекелге ұрындыратын, операцияларды (тiкелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорынан немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымнан, жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысынан жинақтаушы зейнетақы қорын немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды қосымша капиталдандыру бойынша шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
      3. Iрi қатысушы не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 49-3-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi тұлғаның акцияларын сенiмгерлiк басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкiлеттi органға сенiмгерлiк басқаруға үш айға дейiнгi мерзiмге берiледi.
      Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысына не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi тұлғаға тиесiлi акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысына не iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғаға тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенiмгерлiк басқаруға берiлген жағдайда акцияларды сенiмгерлiк басқару белгiленетiн мерзiм уәкiлеттi органның сенiмгерлiк басқаруды белгiлеу туралы тиiстi шешiмiнде анықталады.
      Уәкiлеттi орган не ұлттық басқарушы холдинг жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншiк иесi сенiмгерлiк басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес.
      Iрi қатысушы не жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi тұлға уәкiлеттi органға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық өзiне тиесiлi акцияларын өтiнiшхатта көрсетiлген тұлғаларға сату туралы өтiнiшхат беруге құқылы.
      Өтiнiшхатта көрсетiлген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiнiң талаптарын орындаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiшхатты қанағаттандырады.
      Сенiмгерлiк басқару тағайындалған мерзiм аяқталғанға дейiн жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенiмгерлiк басқаруға беру негiздерi жойылмаған жағдайда уәкiлеттi орган не ұлттық басқарушы холдинг сенiмгерлiк басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында акцияларды сату туралы шешiм қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық баға бойынша сату жолымен иелiктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда бағалаушы акцияларды сату құнын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкiн. Көрсетiлген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенiмгерлiк басқаруға берiлген тұлғаларға аударылады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысына не iрi қатысушының белгiлерiн иеленушi тұлғаға тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларды сату жөнiндегi iс-шаралар жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның iрi қатысушысына не iрi қатысушының белгiлерiн иеленушi тұлғаға тиесiлi жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акцияларын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыру тәртiбi, сондай-ақ уәкiлеттi органның не ұлттық басқарушы холдингтiң сенiмгерлiк басқару кезеңiндегi iс-әрекетi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
      Ескерту. 42-7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      43-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосылу нысанында жүзеге асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат беру талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      Мемлекет, Ұлттық әл-ауқат қоры және (немесе) уәкiлеттi орган қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзу ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.
      Уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсаты ол берiлген күннен бастап тоғыз ай бойы қолданыста болады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтiнiшхатқа мынадай құжаттар:
      1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
      2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың белгiленетiн болжамды талаптары, тәртiбi мен мерзiмдерi;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса берiледi.
      Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтiнiшхатты құжаттардың толық топтамасы берiлген күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
      2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсатын алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде хабарландыру жариялау арқылы өзiнiң барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерiстер туралы хабардар етуге мiндеттi.
      3. Қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры өзiне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негiзiнде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      4. Қосылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қорына берiлуге тиiс.
      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз); өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      44-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат


               беруден бас тарту

      Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құруға рұқсат беруден мына негiздердiң кез келгенi:


      1) қайта құрылатын жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының тиiстi шешiмдерi болмауы;
      2) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде салымшылар мен алушылардың мүдделерiне нұқсан келтiрiлуi;
      3) көзделiп отырған қайта құрудың нәтижесiнде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары талаптарының бұзылуы;
      4) қайта ұйымдастыруға уәкiлеттi органның рұқсатын алу үшiн ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуi бойынша бас тартылады.
      Ескерту. 44-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      45-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату



      1. Жинақтаушы зейнетақы қоры:
      1) уәкiлеттi органның өзi белгiлеген тәртiппен берген рұқсаты болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда соттың шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
      1-1. (алып тасталды)
      1-2. Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң жалпы жиналысы:
      1) зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттары;
      2) ашылған жеке зейнетақы шоттары;
      3) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша салымшылар (алушылар) алдында орындалмаған мiндеттемелерi болмаған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде тарату туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      2. Ерiктi түрде және мәжбүрлеп таратуды жүргiзу тәртiбi, тарату комиссиясының өкiлеттiгi осы Заңда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      3. Кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы қорларын ерiктi және мәжбүрлеп тарату рәсiмдерiне олардың қатысуымен шешiм қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
      Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Кредиторлар комитетiн құрудың және оның қызметiнiң тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
      4. (алып тасталды)
      5. (алып тасталды)
      6. Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есептi бекiткеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде оларды заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, ал аталған құжаттардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
      Тарату комиссиясы жинақтаушы зейнетақы қорын таратуды аяқтаған кезде құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң тоқтатылуы тiркелгеннен кейiн тарату комиссиясы бес жұмыс күнi iшiнде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу туралы бұйрықтың көшiрмесiн уәкiлеттi органға табыс етедi.
      7. Ерiктi түрде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен танылған талаптары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген кезектiлiкпен қанағаттандырылады.
      Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры кредиторларының белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылады:
      1) бiрiншi кезекте таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiн және оның зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша мiндеттемелерiн қабылдаған жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi алдындағы талаптары қанағаттандырылады;
      2) екiншi кезекте жалақыдан және (немесе) өзге табыстан ұсталған алименттердi төлеу жөнiндегi талаптар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн жауаптылықта болатын азаматтардың талаптары тиiстi мерзiмдi төлемдердi капиталдандыру арқылы қанағаттандырылады;
      3) үшiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген адамдарға еңбекақы төлеу және өтемақылар, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектердi төлеу жөнiнде, жалақыдан ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысулар жүргiзiледi;
      4) төртiншi кезекте салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешек өтеледi;
      5) бесiншi кезекте Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес басқа да кредиторлармен есеп айырысулар жүргiзiледi.
      Тиiстi кезектiлiк басталған кезде кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) есеп айырысудың пропорционалды қағидатын сақтай отырып, мүлiктi заттай нысанда беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының активтерi бiр кезектегi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған кезде таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы және (немесе) өзге мүлкi бiр мезгiлде осы кезектегi кредиторлар арасында қанағаттандырылуға тиiс талаптардың сомаларына пропорционалды түрде бөлiнедi.
      Тарату iсiн жүргiзуге байланысты, оның iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының негiзгi функцияларын қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты түрде жүргiзiледi.
      8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.04.05. N 364 (1999.04.01 бастап күшiне енедi), 2002.12.29 N 369 (2003.01.01 бастап күшiне енедi), 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi), 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      45-1-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын ерiктi түрде


                 тарату

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатын уәкiлеттi орган тиiсiнше ресiмделген құжаттарды алған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.


      Өтiнiшке мына құжаттар:
      1) акционерлердiң жалпы жиналысының ерiктi түрде тарату туралы шешiмi;
      2) Орталықтың жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерiнiң жалпы жиналысы оны ерiктi тарату туралы шешiм қабылдаған күнге жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы шарттардың болмауын растайтын ақпараты;
      3) жинақтаушы зейнетақы қорында ашық жеке зейнетақы шоттарының, сондай-ақ осы Заңның 45-бабы 1-2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген мiндеттемелердiң болмауын растайтын құжат;
      4) жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуы үшiн оның өз қаражатының жеткiлiктi екенiн, сондай-ақ осы Заңның 45-бабы 1-2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген мiндеттемелерiнiң жоқ екендiгiн куәландыратын бухгалтерлiк баланс пен оған түсiндiрме жазба;
      5) тарату комиссиясының мүшелерiне кандидаттардың, оның iшiнде филиалдарда не өкiлдiктерде құрылатын бөлiмшелерiнiң тiзiмi;
      6) басқа да қажеттi мәлiметтер қоса берiлуге тиiс.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының ерiктi таратылуға рұқсат алу туралы өтiнiшхатына және осы тармақтың екiншi бөлiгiнiң 3) және 5) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарға жинақтаушы зейнетақы қорының бiрiншi басшысы қол қойып, олар қордың мөрiмен расталуға тиiс.
      2. Уәкiлеттi орган ерiктi түрде таратуға рұқсат беруден бас тартқан жағдайда өз шешiмiн негiздеуге және бас тартуды жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерi мен акционерлерiнiң назарына жеткiзуге тиiс.
      Уәкiлеттi органның ерiктi түрде таратуға рұқсатын алған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдар мен өкiлдiктердi ескере отырып, тарату комиссиясын құрады.
      Өз еркiмен таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
      3. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры ерiктi тарату туралы шешiм қабылданған күннен бастап он күн iшiнде баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тiлдерiнде ол жөнiнде ақпарат жариялауға мiндеттi.
      3-1. Алып тасталды - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      4. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры банкроттық негiзi бойынша мәжбүрлеп таратылуға жатады.
      5.  алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      Ескерту. 45-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      45-2-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп


                 таратудың ерекшелiктерi

      1. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату:


      1) жинақтаушы зейнетақы қорының банкрот болуына;
      2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорын лицензияларынан айыруға;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген басқа да негiздер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату туралы талап-арызына байланысты жүзеге асырылады.
      2. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
      3. Жинақтаушы зейнетақы қоры мәжбүрлеп таратылған жағдайда сот он күн iшiнде жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы шешiмнiң көшiрмесiн уәкiлеттi органға жiбередi.
      Сот жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиядан айыруға байланыссыз негiздер бойынша мәжбүрлеп тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны лицензиясынан айыру туралы мәселенi қарайды.
      4. Жинақтаушы зейнетақы қорын лицензиясынан айыру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiктi (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындайды, оған оның барлық органдарының өкiлеттiктерi берiледi. Жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын iс-әрекет жасаған органдарының өкiлеттiктерi тоқтатыла тұрады.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясынан айырылған күннен бастап:
      1) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары, органдары жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiне билiк етуге құқылы емес;
      2) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты бұрын қабылданған сот шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;
      3) кредиторлардың жинақтаушы зейнетақы қорына қоятын талаптары тек тарату iсiн жүргiзу барысында ғана қойылуы мүмкiн;
      4) кредиторлардың, салық қызметi органдарының, оның iшiнде даусыз (акцептiсiз) тәртiппен қанағаттандырылуы тиiс талаптары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының банктiк шоттарынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн өндiрiп алуға өтiнiм жасауына жол берiлмейдi;
      5) жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды тұлғаларының жинақтаушы зейнетақы қорының өздерiне тиесiлi акцияларын иелiктен шығаруына тыйым салынады;
      6) басшы, ал қажет болғанда өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шеттетiледi.
      Уәкiлеттi орган зейнетақы активтерiн, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша мiндеттемелерiн табыс еткеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде сотқа жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiш бередi.
      Уәкiлеттi орган лицензиядан айыру жөнiнде қабылданған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын екi мерзiмдi баспасөз басылымында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысының, оның уақытша әкiмшiлiгiн (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыны) тағайындаудың тәртiбi, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) өкiлеттiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) зейнетақы активтерiн, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша оның мiндеттемелерiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өткiзу жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша мiндеттемелерiн орындау мақсатында уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) жинақтаушы зейнетақы қорының меншiгi болып табылатын ақшаны уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оның зейнетақы активтерiнiң алдындағы мiндеттемелерiн төлеуге беруге құқылы.
      Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейiн өз қызметiн жүзеге асырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейiн уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      Уақытша әкiмшiлiктiң (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушының) орындалған жұмыс туралы есебi бекiту үшiн уәкiлеттi органға табыс етiледi.
      Уақытша әкiмшiлiк (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушы) уәкiлеттi орган тарату комиссиясын тағайындаған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн тарату комиссиясына бередi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен (жинақтаушы зейнетақы қорын уақытша басқарушыдан) қабылдап алу және тарату комиссиясының төрағасына беру төрт дана етiп жасалатын актiмен ресiмделедi бекiтедi. Қабылдау-беру актiсiнiң бiр данасы – уәкiлеттi органға, ал екiншiсi жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы шешiм қабылдаған сотқа жiберiледi.
      4-1. Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, қолда бар банктiк шоттар бойынша барлық операцияны тоқтатуға мiндеттi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған күнiне дейiн жасалған зейнетақымен қамсыздандыру және зейнетақы аннуитетi туралы шарттар бойынша салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын аударуды қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару тоқтатыла тұрады.
      Лицензиясынан айырылған жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе сақтандыру ұйымдарына аудару зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша активтердi және мiндеттемелердi осы баптың 4-тармағына сәйкес таңдау жүзеге асырылған жаңа жинақтаушы зейнетақы қорына тапсыру рәсiмi аяқталғаннан кейiн отыз жұмыс күнi өткен соң қайта басталады.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қорының төлем қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi сотқа ұсынылатын пруденциялық нормативтердi есептеу әдiстемесiн және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, жинақтаушы зейнетақы қоры капиталының мөлшерiн ескере отырып уәкiлеттi органның жасаған қорытындысымен белгiленедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры сот шешiмiмен белгiленген тәртiп бойынша ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз жинақтаушы зейнетақы қорын оның кредиторларының және жинақтаушы зейнетақы қорының өз шешiмi бойынша соттан тыс тарату рәсiмiне жол берiлмейдi. Тараптардың жинақтаушы зейнетақы қорының банкроттығы туралы iс бойынша бiтiмгершiлiк келiсiм жасауына болмайды.
      6. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi күшiне енген күннен бастап осы баптың 4-тармағы екiншi бөлiгiнiң 1) – 4) және 6) тармақшаларында көзделген салдар туындайды.
      Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi күшiне енген күннен бастап жинақтаушы зейнетақы қорының бұрын жұмыс iстеп тұрған органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады, басшы, ал қажет болған кезде өзге қызметкерлер де Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен жұмыстан босатылады.
      7. Жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн жүргiзудi қозғайды және оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясын құру жөнiнде уәкiлеттi органға мiндеттер жүктейдi.
      Мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясын тағайындау және босату тәртiбi және тарату комиссиясының төрағасы мен мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      Жинақтаушы зейнетақы қоры тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерге төленетiн сыйақының ай сайынғы мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген ең төменгi жалақы мөлшерiнен аспауы тиiс.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторларының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
      Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының iстерiн және мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктердiң көлемi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен және кредиторлар комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келiсiммен реттеледi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының тарату комиссиясы уәкiлеттi органға атқарған жұмысы туралы есептi және оның жазбаша сұрауы бойынша өз қызметi туралы қосымша мәлiметтердi және таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты деректердi ұсынуға мiндеттi.
      Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн өткiзудi оның тарату комиссиясы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
      Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзедi.
      Тарату тәртiбi және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
      7-1. Жинақтаушы зейнетақы қорын таратуға байланысты шығыстар, осы баптың 7-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының есебiнен жүргiзiледi.
      7-2. Жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкi болмаған не оның құны шығыстарды жабуға жетпеген жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшiсiнiң) және тарату комиссиясының құрамына енген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң еңбекақысын төлеуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату жөнiнде сот қабылдаған шешiм туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялау жөнiндегi шығыстарды және мәжбүрлеп тарату негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiнiң тоқтатылуын әдiлет органының мемлекеттiк тiркеуiне байланысты және жинақтаушы зейнетақы қорын тарату аяқталғаннан кейiн құжаттарды сақтау үшiн мұрағатқа тапсыру жөнiндегi шығыстарды қоспағанда, мәжбүрлеп тарату негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн тоқтату жөнiндегi шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.
      8. Тарату комиссиясы уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептi және тарату балансын сотқа ұсынады.
      Сот тарату жөнiндегi есептi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiн жүргiзудiң аяқталуы туралы ұйғарым шығарады.
      Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органы мен уәкiлеттi органға жiбередi.      
      Ескерту. 45-2-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.06.16 N 58 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      45-3-бап. Уәкiлеттi органның жинақтаушы зейнетақы


                 қорларының таратылу процесiндегi бақылау
                 өкiлеттiктерi

      1. Ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиясының қызметiне бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкiлеттi орган:


      1) тарату комиссияларынан атқарған жұмысы туралы есептi, қажет болған жағдайда, қосымша ақпаратты алуға;
      2) тарату комиссияларының есептердi және қосымша ақпаратты ұсыну нысанын, мерзiмiн және кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
      3) тарату комиссияларының қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзуге;
      4) тарату комиссияларының қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою жөнiнде тарату комиссияларының орындауы мiндеттi жазбаша ұйғарым шығаруға, ұйғарымды орындау мерзiмiн белгiлеуге;
      5) тарату комиссиясы белгiленген мерзiмде жазбаша ұйғарымды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;
      6) тарату шығыстары сметасын түзудiң және бекiтудiң ерекшелiктерi мен тәртiбiн белгiлеуге;
      7) тарату комиссияларының қолма-қол ақшаны кассада сақтау, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасау, касса құжаттарын жүргiзу ережелерiн орындауы, қолма-қол ақшаның, касса қалдықтары лимиттерiнiң жұмсалуын қамтамасыз ету бойынша талаптарды, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақша тапсыру мерзiмдерiн айқындауға құқылы.
      2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлiмше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 45-3-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап күшiне енедi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (2012.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет