Қорытынды
Қазіргі таңдағы нарық қарым-қатынастарына көшу кезеңіндегі қоғамымыздың қым-қуыт экономикалық жағдайында менеджменттің және менеджердің ролі мен маңызы ұдайы өсіп келеді.
Біз қарастырған екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты екенін біршама ашып көрсеттік. Әлбетте жапон менеджментінің ролі қазіргі таңда жаңа сатыларға көтерілуімен айқындалып отыр. Жапония әлемдегі екінші экономикалық держава болғанының өзі жапон менджментінің мейлінше дамығандығын байқатады. Сондықтан Қазақстан менеджерлерінің басты назарда ұстайтын бағыт-бағдары осы жапон менеджерлері болуы тиіс деп ойлаймын. Себебі шығыстық салт-дәстүрді сіңіріп өскен қазақ менеджерлері жапондықтардан сабақ алатын болса экономикамыз дамыған үстіне дамып Қазақстан жылдам дамыған елу елдің қатарынан көрінеді деген сенімім бар.
Жапон басшылары ұзақмерзімді перспективаларға мән беріп, обьективті ойлана алады. Сондықтан олар барлық жоғары технологиялық тауарларды шығаруда көш бастап келеді. Жапон басшысы өз жұмысының нәтижесін он жыл тіпті жиырма жыл күтуге дайын. Олар сол орнында болатынына және өз істерінің жемісін көретініне сенімді, сондықтан да барлық назарын жедел нәтиже шығаруға аудармайды.
Әрине көлемі кішкентай курстық жұмыста жапон менеджменті туралы егжей-тегжейлі жазу мүмкін де емес. Дегенмен біз бұл салада біраз жұмыс тындырдық деп ойлаймын. Өйткені жапон кәсіпкерлерінің пір тұтатыны атақты Коносукэ Мацусита туралы оқып-білу біршама білім көкжиегін өсіреді емес пе.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Майкл Мескон и др., “Основы менеджмента”, - М., 1995 г.
2. Тейлор Фредерик Уинслоу, “Менеджмент”, - М., 1992 г.
3. Нәрібаев Қ, Жұмамбаев С., Менеджмент: Оқулық. - Алматы; Қазақ
университеті, 1998 ж.
4. Каору И. “Японские методы управления качеством” М., 1980 г.
Достарыңызбен бөлісу: |