Бірінші топ – ол жергілікті атқару органдарының құқықтық салдары болжанбай қабылдаған шешімдерінен туындаған арыздар.
Әдетте, бұл өткен ғасырдың 90 жылдары жаппай жекешелендіру және әлеуметтік экономикалық саладағы дағдарыс кезеңінде, сондай ақ балансында ведомстволық тұрғын үй болған және оларды ұстап тұрған көптеген кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты әкімдіктер қабылдаған актілер.
Мысалы, Қарағандыда аталған жылдары Қазақстаннан тыс кеткен тұрғын үй иелері тастап кеткен үйлер мұқтаж азаматтарға берілген (негізінен, ауылды жерлерден қалаға көшкен отбасыларға), әкімдік пен баспанаға мұқтаж адам арасында жасалған уақытша болмаған азаматтың мүлкіне қамқоршылық шарты негізінде баспана берілген.
Қарағанды облысы әкімдігінен алынған мәліметтерге сәйкес жоғарыда аталған кезеңде осындай 6000 шарт жасалған, оларға сәйкес қамқоршылар беріліп отырған пәтер бойынша барлық коммуналдық қызметті, оны жөндеу жөнінде ақы төлеуге міндетті болған, ал әкімдік кейін оны сот тәртібімен иесіз деп танығаннан соң бұл пәтерді өзінің шешімімен қамқоршы пайдаланушыға беруге міндеттенген.
Қарағандыдан ерлі зайыпты П-дан 2008 жылы келіп түскен арыз осының айқын үлгісі.
2007 жылы сот тәртібімен ерлі зайыптылар шығарылған пәтер 2001 жылғы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімдігінің шешімімен олардың және аталған әкімдік арасында уақытша болмаған азаматтың мүлкіне қамқоршылық шарты жасалған. Әкімдік осы шарттың талаптары бойынша бұл пәтер сот тәртібімен коммуналдық меншік қорына енгізілгеннен кейін оны ерлі зайыптыларға меншікке беруге міндеттенген. Бірақ кейінгі жылдары аудандық әкімдік осы пәтерді иесіз деп тану жөнінде сотқа талап арыз беру және оны коммуналдық меншікке ресімдеу жөнінде шара қолданбаған.
Осы құқықтық жағдайды пайдалана отырып, шетке кеткен пәтер иелерінің заңды өкілі парамоновтарды шығару туралы сотқа талап арыз берген, оны сот қанағаттандырып, оның нәтижесінде отбасы баспанасыз қалған.
Қарағанды қаласының әкімдігі Уәкілдің сұратуына хатында «ТКШ және әкімдіктің заң бөлімдері меншік құқығын тоқтату туралы сотқа талап арыздар беру мерзімдерін бақылауға мүмкіндіктері болмады» деп және «пәтер иелері тарапынан дау тудырмау үшін олар мемлекеттік органнан Қарағандыдан кеткен пәтер иелерінің құқығын тоқтату туралы сотқа талап арыз беруді өздері талап етуі керек еді» деп ақталады.
Оысған байланысты шағымданушылардың құқығын қорғау үшін Уәкіл Қарағанды облысы әкіміне қалыптасқан жағдайды түзету жөнінде шара қолдану және азаматтардың құқықтарын бұзуда күнәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс берді.
Осы ұсыныс бойынша Уәкіл Қарағанды қаласының әкімінен ерлі - зайыптылар тұрған пәтерді коммуналдық меншікке беру жөнінде әкімдік шара қолданбау фактісі орын алған және әкімдік П-дың құқықтарын қорғау үшін сот арқылы шара қолданатынын, сондай ақ күнәлі адамдарды жауапқа тарту мүмкін емес, себебі олар жұмыстан шығып кеткен. Уәкіл мекемесі осы уақытқа дейін бұл істің аяқталуы туралы ақпарат алған жоқ.
|
Осы санаттағы шағымдардың себебі кәсіпорындардың банкрот болуы процесінде анықталған.
Уәкіл өкілі орны бойынша шығып шағымданушылардың және әкімнің, прокурордың, сот төрағасының , қала әділет басқармасының және Ақмола облысы қаржы полициясы өкілдерінің қатысуымен тексерілген Степногорск қаласының 9 шағын ауданы 46 үй тұрғындарының ұжымдық арызы осындай шағымдардың мысалы ретінде келтіруге болады.
Арыздың мәні мынада болған: аталған үйде 90 жылдардың баснынан бастап тұратын үйдің тұрғындарына бейтаныс адамдар оларды үйлерін шығаруға сотқа талап арыздар беретін болған. Бұл ретте осы талап арыздар қанағаттандырылып , ал жауапкерлер Жоғарғы Сотқа дейін соттардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымданады.
Тексеру барысында мыналар анықталған.
108 пәтерлі тұрғын үйді «Стройфарфор» зауыты салған, одан қалалық әкімшіліктің басшысының шешімімен аталған зауыт қызметкерлеріне ведомстволық баспана ретінде 88 пәтер бөлінген және жекешелендіруге жатпаған.
Зауыт ол уақытта акцияланып, 2000 жылы сот тіртібімен банкрот деп танылған, ал осы үй құрамына кірген конкурстық мүлікті конкурстық басқарушы банкроттық процедуралар шеңберінде бір лотпен «Кортес» ЖШСке сатып жіберген, ол бір жыл өткен соң осы жалпы құны 2, 6 млн. теңгені құрайтын 88 пәтерді азамт Т. Ға сатады, ол 2003 жылдан бастап жеке тұлғаларға 64 пәтерді сатқан.
Кейінгі жылдары осы сатылған пәтерлердің көбі бірнеше рет тағы сатылған, ал келесі мәмілелер барысында ауыса берген пәтерлердің ресми иелері онда көрінбеген , бірақ өздерінің өкілдері арқылы жергілікті соттарға бұрыннан тұрғандарды шығару туралы талап арыздар берген.
Тексеріс сонымен бірге жаңа иелері мәмілелерден кейін сатып алған пәтерлеріне құқықтарын тиісті түрде Жылжымайтын мүлік орталығында тіркегенін, одан басқа бір адамға ондаған пәтерлерге құқықтар тіркелгенін анықтады.
Осыған байланысты прокуратура, қаржы полициясының тексерулері, сондай ақ жауапкерлердің шағымдары бойынша әртүрлі сот инстанцияларында сот шешімдерін қайта қарау әлі жалғасуда. Бұдан, мәселе әлі шешімін таппады деген қорытынды жасауға болады.
Тексеру күні, лауазымында барлығы бірнеше ай істеген әкім мен қаланың құқық қорғау органдары арасында осы мәселені шешу жөнінде бірыңғай құқықтық ұстаным болған жоқ.
Уәкіл бірнеше жылдан бері күрделеніп келген азаматтардың тұрғын үй құқығын бұзушылықты тек сот арқылы шешуге болады деген ұстанымды білдірді.
|
Уәкілдің пікірінше, аталған қарағандылық немесе степногорск азаматтары шағымдарының себептері жергілікті мемлекеттік басқару оргадарының тұрғын үй қорының тағдырына құқықтық тұрғыдан бақылау болмағандығымен байланысты.
Осыған байланысты 2008 жылы банкроттардың мүлкін және істерін басқаруды жүзеге асыратын конкурстық басқарушыларды банкроттық туралы заңнаманы бұзған үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде заңнамалық шараларды қабылдау маңызды, бірақ кешігіп қалған алдын ала шара болып тылады, себебі аталған шараларды қабылдағанға дейінгі ұқсас жағдайларды шешу кезінде іс жүзінде іске асырыла алмайды.
Арыздардың екінші санатына жергілікті әкімдер мен әкімдердің тікелей қолданыстағы тұрғын үй туралы заңнаманың нормалары мен ережелерін бұзылуынан, сондай ақ олардың заңнама нормаларын қолдануға формальды қарауынан туындаған шағымдарды жатқызуға болады.
Мысалдар:
Екібастұз қаласынан екінші топ мүгедегі Д. әкімдік оны баспанаға мұқтаждардың жеңілдетілген есебіне қоюдан бас тартуына шағым жолдады.
Бұл ретте әкімдік «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 67-68 баптарына сәйкес шағымданушы екінші топтағы мүгедек бола тұра баспанаға мұқтаж халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобына жатады деп таныған. Бірақ арызданушының хатын тексеру және есепке қою күні оның барлық кірісі «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күн көріс көлемінен 531 теңге асып кеткен.
Сондықтан ол күн көріс деңгейі төмен деп танылмаған.
|
Аз. Е-тің шағымы бойынша, оның ұлы 1999 жылы иелігінде пәтер бар апатты үйден шығарылған. Шағымданушы тоғыз жыл бойы баласына басқа баспана беру немесе ақшалай өтемақы беру мәселесін шешу үшін Теміртау қаласының әкімдігіне жолдаған арыздарына формальды жауаптар алған.
Уәкілдің Бас прокуратураға және Қарағанды облысының әкімдігіне үйінен шығарылған азаматтың құқықтарын қалпына келтіру мүддесінде жолдаған хатынан кейін оған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69- бабына сәйкес пәтер бөлінді.
|
Аз. И. Уәкіл атына жазған хатында оның баспананы жекешелендіру туралы өтінішін қарау кезінде қалалық мәслихат 2007 жылғы 22 қарашадағы № 31\ 2 шешімімен бекіткен Павлодар қаласының тұрғын үй қорының тұрғын жайларын жекешелендіру ережесін пайдалана отырып тұрғын үй құқығы бұзылғаны туралы хабарлаған.
Жергілікті өкілді органның бұл актісі 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берген баспана нарықтық бағамен, ал бұл күннен кейінгі баланстық құнымен бағаланатынын белгілеген.
Осыған байланысты аталған прокуратура мәслихаттың осы шешімін заңсыз деп күшін жойды.
|
Хаттардың үшінші тобын үлескерлердің шағымдары құрайды.
Жергілікті әкімдіктердің дауазымды адамдарының және құрылыс компаниялардың әрекеттеріне барлық аумақтардың үлескерлері шағымданған, бірақ хаттардың көпшілігі Алматы және Астана түрғындарынан түсті.
Астана қаласында «Жұлдық» тұрғын үй құрылысын тоқтатқан «Фабрика нежвижимости» ЖШС құрылыс компаниясына шағыммен үлескер К.А. Әбикенова хат жолдады. Арызданушы, үш баланың анасы барлық мүлкін сатып, пәтер құнының жүз пайыз үлесін енгізген. Ал қазіргі таңда отбасымен үйсіз қалған. Ол құрылыс салушылардан қайта тіркеу үшін ЖШСтің офисіне келуге шақыру хат алған, бірақ көрсетілген мекенжай жоқ болып шықты.
Уәкілдің сұратуына елорда әкімінен «Жұлдық» тұрғын үй сияқты мәселе тудыратын объектілерді қаржыландыру, үйлестіру, және бақылау үшін әкімдік жанынан ЖШС құрылғаны туралы және шағымданушы осы жаңа ашылған субъектпен үлесті қатысу туралы шартты қайта тіркеу және қайта жасасу ұшін келуі қажет деген ақпарат келді.
|
Уәкіл үлескерлердің тұрғын үй құқығының бұзылуы және оларды жекелеген құрылыс компанияларының басшылары алдап кеткені туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған, олар кейін қылмыстық істер қозғаған.
Уәкіл Алматы қаласындағы «Дуэт» тұрғын үй кешенінің үлескерлері «Компания «Казстрой» ЖШС басшылығының шарттық міндеттерін орындамау жөніндегі әрекетсіздігіне жазған шағымы бойынша Бас прокуратураға және Қаржы полициясы агенттігіне сұратулар жіберген.
Үш ай бойы прокурорлық және оңтүстік астананың қаржы полициясы департаментінің аудиторлық тексеруі нәтижесінде аталған ЖШС басшысына қатысты ҚР ҚК 177- бабының 3 бөлімі, б- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
|
Уәкіл мекемесі заңнаманы түсіндіру жөнінде және Үкіметтің үлескерлерге қатысты мәселелерді соңғылардың пайдасына шешу жөнінде қабылданып отырған шараларын халыққа жеткізу жөнінде насихаттық жұмысты да жүргізгенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған әс әрекеттер жоспарын бекітуі туралы, оған сәйкес «Самұрық Қазына» қоры арқылы ипотекалық несиелеу және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылады. Осы бағдарлама қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы салынып болмаған тұрғын үй кешендерін аяқтау үшін займдар беру көзделеді.
Сонымен бірге, үлескерлер мәселелерінің мониторингісі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, сот тәртібімен бұзылып жатқан үлестік қатысу шарттар санының көбею үрдісі байқалады. Алайда, сот арқылы заңды құқықтарын қорғау үлескерлерге қымбат түседі, себебі сотқа мемлекеттік баж бірінші саты соттағы талаптар сомасынан 1% құрайды, ал қажет болған жағдайда, тағы апелляциялық сатыда талап сомасынан, адвокатты санамай ақ, 0,5 % құрайды.
Мұндай мән-жайларда жалдамалы үйлерде тұратын үлескерлердің көпшілігінің сотта қорғау құқықтарын іске асыруға мүмкіндіктері жоқ.
Келесі жаңа санатқа қатысты елді мекендерде тіршілік етуге және қолайлы өмір сүруге азаматтардың құқықтарын тиісінше қамтамасыз етпеген, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті, тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстарды қайта жөндеу ережелерін сақтамаған жергілікті әкімдіктердің іс-әрекеттеріне байланысты шағымдарды есептеуге болады.
Мәселен, Уәкілдің атына Астана қаласындағы жатақхананың 5-ші қабатында тұратын З-тен өтініш келіп түсті.
Өтініш иесінің хатында «Нұрсервис Астана» ЖШС мансардты қабат салу мақсатында жатақхананың төбесі мен қалқаларды бұзып тастағаны жазылған. Кейіннен шатырды қалпына келтіруге шара қабылдамастан құрылыс тоқтап қалған. Көктемде күннің жылуынан шатырсыз қалған жоғарғы бөлмелерге еріген су ағып, тұрғындардың мүліктері мен электр сымдарына зақым келеді. Тұрғындардың ГАСК-ге және аталған ЖШС-ға жазған өтініштеріне қарамастан шара қабылданған жоқ.
Осы өтініш бойынша Уәкіл Астана қаласының әкімдігіне сауал жолдайды. Комиссиялық тексеру жұмыстарының нәтижесінде құрылыс салушыға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым жіберіледі. Алайда, ол орындалған жоқ. Осыған байланысты қалалық әкімдік сотқа талап арыз береді. Нәтижесінде сот қанағаттандырады.
|
|
Аз. К-ның шағымында су құбырын салған кезде «Алсим Аларко» ЖШС су құбырын, телефон сымдарын зақымдағаны келтірілген, сондай-ақ жол бұзылған. Көше тұрғындары судан, байланыстан айырылған. Олардың үйлеріне жетуі қиын болады.
Уәкілдің Астана қаласының әкімдігіне сауалы бойынша тұрғындардың тұру жағдайларына әсер еткен бұзушылықтар жойылады.
|
|
Мүгедек Б. өзінің тұрғын үйге ену құқығын көрші объектіні салушының бұзғандығы туралы жүгінді. Уәкілдің сауалынан кейін әкімдіктің жүргізген көшпелі тексеру қорытындысы бойынша құрылыс салушылардың жер учаскесін бөлу шекарасын бұзғандығы анықталды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өтініш иесінің үйіне енуі қалпына келтірілді.
|
Азаматтардың тұрғын үйге құқықтарын бұзу мәселелерін қарастыру тұрғысында мемлекетпен заңнамалық түрде осы құқықтарға кепілдік берілген әскери қызметшілерге қатысты көрсетілген құқықтардың қамтамасыз етілу мониторингіне ерекше орын берілді.
|
Анықтама:
«Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заң
12-бап. Тұрғын үй алу құқығы
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерi мемлекет есебiнен тұрғын жайлармен (пәтерлермен) қамтамасыз етiледi.
17-бап. Азаматтарды әскери қызметтен босату және оларды еңбекке орналастыру
20 және одан да көп жыл қызмет атқарған әскери қызметшiлердi олардың өздерi мен отбасы мүшелерiне заңдарда белгiленген нормалар бойынша тұрғын жай бермейiнше, әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына, штат қысқартылуына байланысты босатуға болмайды.
|
|
Мысалы, әскери зейнеткер Б. «Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Заңның 12 және 17-баптарын бұза отырып, тұрғын үй берілместен әскери қызметтен шығарылған. Қорғаныс министрлігіне бірнеше мәрте берілген өтініштен нәтиже шықпауына байланысты, ол сотқа талап арыз беріп, оның талаптары қанағаттандырылады.
Алайда сот орындаушылары осы шешімді орындай алмай отыр. Министрліктің түсініктемесі бойынша тұрғын үйді сатып алу жөніндегі конкурс болмау салдарынан оны сатып алуға мүмкіндік жоқ.
Қорғаныс министрінің атына Уәкіл Б. және басқа да 30-дан астам өтініш иелерінің заңды құқықтарын қорғау мақсатында соттардың шешімдерін орындау бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсыным жолдайды.
Қорғаныс министрлігінен қолдарында сот шешімі бар барлық әскери қызметшілерді ағымдағы жылы тұрғын үймен қамтамасыз етуді міндетіне алғандығы туралы жауап алынды. Алайда қазіргі күнге дейін әскери қызметшілер тұрғын үймен қамтамасыз етілген жоқ. Министрліктің шара қолданбауы заңды тұрғын үйлерін ала алмаған әскери қызметшілерді қоғамдық бірлестікке бірігуіне мәжбүр еткізді. Олар енді баспасөзде Қорғаныс министрлігінің басшылығымен келіссөздер барысын белсене жариялап отырады және Үкіметтің, жұртшылықтың, БАҚ-тың назарын олардың тұрғын үй проблемаларына аударуына бағытталған барлық мүмкін акциялар өткізеді.
|
Мемлекеттік органдардан басқа, тұрғын үй заңнамасының бұзылуына мемлекеттік емес шарушылық етуші субъектілер жол береді: көбінесе коммерциялық ұйымдардың басшылары тұрғын үй-жайларды мақсатты пайдалану ережесін бұзуда.
Мысалы, азаматша Д. Уәкілдің атына «Такси Арман» ЖШС-ның қолайлы өмір сұру құқығын бұзғандығына шағыммен жүгінеді. Тұрғын үйде орналасқан осы серіктестік осы үйдің ауласында автомшиналарды жөндеумен және жуумен айналысқан. Тұрғындардың әкімдікке шағымдары, әдетте, назардан тыс қалған.
Уәкілдің Қарағанды облысы әкімдігінің атына сауалы бойынша осы шағымға тексеру жүргізілді. Нәтижесі бойынша офис орналасқан пәтердің тұрғын үй қорынан шықпағандығы анықталады. Осылайша, «Жобалық құжаттамада көзделмеген мақсаттар үшін тұрғын үй жайларды пайдалану» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың 8-тарауының 7-тармағы бұзылған.
ЖШС әкімшілігіне тұрғын үй-жайды босату туралы ұйғарым берілді.
|
Зейнеткерлердің тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету саласында бірқатар проблемаларды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Омбудсменнің қатысуымен өткен аталған кездесу барысында «Поколение» Қауымдастығының төрағасы көтереді.
Мәселен, қазіргі кезде оңтүстік астанада 130-дан астам пәтер иелерінің кооперативтері (ПИК) жұмыс істейді. Зейнеткерлерден қаржылық және өзге де, атап айтқанда коммуналдық қызметтерді төлеуде оларға сомаларын есептеу кезіндегі бұзушылықтарға келіп түскен әрбір бесінші шағымды Қауымдастық қалалық прокуратураға жібереді. Алайда, зейнеткерлердің пікірі бойынша, тиісті шара қолданбайды. Соның нәтижесінде ПИК қызметі аға ұрпақ адамдарының реніштерінің жиналуында елеулі себептердің бірі болып табылады.
Қауымдастық көтерген тағы бір проблема жалғыз ілікті қарт зейнеткерлердің пәтерлерімен байланысты. Соңғы жылдары алдау жолымен оларды иелену мақсатында криминалдық элементтер тарапынан қол сұғу объектілеріне айналғандығы белгілі.
Осыған байланысты, Қауымдастық Үкіметке осы пәтерлердің меншік иелері – жалғыз ілікті қарттарды мемлекеттік әлеуметтік үйлерге міндетті орналастырудың орнына осы пәтерлерді муниципиалдық меншікке берудің заңдық мақсатқа сәйкестігін зерделеуді ұсынды.
Осы тұрғыда, алайда тұрғын үй құқықтарының қарастырылып отырған шегінен шығып кететін келесі проблемаға назар аударған жөн болып отыр.
Демографиялық статистикаға сәйкес Қазақстанда халықтың қартаю беталысы байқалады. 65 жастан жоғары жастағы адамдардың халықтың жалпы санынан үлесі мемлекетті демографиялық қартайған халық қатарына жатқызу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген өлшемнен асып кетеді.
Осыған байланысты Уәкіл 16.12.1991 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған егде адамдарға қатысты БҰҰ қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ туындаған экономикалық дағдарыс кезеңінде олардың әлеуметтік және материалдық жағдайын тұрақтандыру мақсатында ҚР Үкіметіне Қартаю проблемалары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын (Геронтологиялық жоспар) әзірлеуді қайтадан ұсынады.
Бұрын Уәкілдің осындай ұсынымдары Қарт адамдардың құқықтарын сақтау туралы арнайы баяндамада және алдыңғы жылға арналған есепте қамтылды.
2.8. Еңбек ету құқығы
Қазақстан Конституциясының 24-бабына сәйкес әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға жалақысы мен зейнетақысының ең төменгі мөлшеріне кепілдік берілуіне құқығы бар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан еңбек қатынастары саласында Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 18 конвенциясын ратификациялаған.
Елде әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында БҰҰ-ның жаһандық шартының қағидаттарын жылжыту туралы келісімі қолданылады, әлеуметтік серіктестік жүйесі, еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеуді және бизнестегі әлеуметтік жауапкершілікті енгізу дамуда.
Елдегі кәсіпорындарға еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың халықаралық стандарттарды енгізілуде (ONSAS 18001:1999).
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2008 жылы Қазақстанда өндірісте зиян шеккендердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 13 %-ға қысқарған. Жұмысқа тартылған халық саны 500 мың адамға көбейді, жұмыссыздық деңгейі 7,8 %-дан 6, 4 %-ға төмендеді.
«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес есептік кезеңде ең төменгі жалақы мөлшері 10515 теңгені құрады, ал шілдеден бастап осы сома 12025 теңгеге дейін өсті.
Елеулі заңнамалық, қаржылық және ұйымдастыру шараларын Үкімет еңбекті реттеу саласындағы ұлттық өлшемдерді халықаралық стандарттарға жақындастыру мақсатында қабылдады.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды оқиға жаңа Еңбек кодексіне сәйкес еңбек құқығы қатынастарын реттеуге ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайы зиянды (ерекше зиянды), қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстарға тартылған қызметкерлер үшін ең төменгі міндетті ақы төлеу стандартының (ЕТМАС) енгізілуі болып табылды.
Ағымдағы жылы Уәкілдің атына еңбек құқықтарының бұзылуы туралы 42 арыз келіп түсті. Олардың ішінде әрбір төртінші арыз Уәкілдің құзыретіне қарау кірмейтін сот қаулыларына жазылған шағымдар болды. Әрбір алтыншы арызда ұжымдық және жеке еңбек шарттарын жасау кезінде жұмыс берушілердің жұмыскерлердің құқықтарына қысым келтіруі көрсетілген.
11 шағымда өтініш иелері оларды жұмыстан шығару негіздерімен келіспейтіндіктерін білдірді, ал 12 адам түрлі мән-жайларда уақытында немесе толық көлемде жалақы төлемейтіндіктеріне шағымданды. Ұжымдық нысанда жазылған әрбір үшінші шағым еңбек ақысын төлеуді кешіктіруге қатысты және құрылтайшылар мемлекеттік басқару органдары болатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерінен келіп түсті.
Осындай оқиғалармен расталған фактілер жалақыны кешіктірудің себебі құрылтайшылардың басқарудағы және заңдық қателіктеріне байланысты проблемалар екендігін көрсетті.
Мәселен, «Мақат Су арнасы» мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінен Уәкілдің атына келіп түскен ұжымдық шағымға (2007 жылғы қыркүйектен бастап есептегенде бесінші) сол жерде тексеру жүргізілді.
Арыз иелері (18 адам) бірнеше ай бойы жалақыларын алмауына, кәсіпорынның банктік шотының жабылуына, басқа да бұзушылықтарға шағымданды.
Тексеру күні кәсіпорынның кредиторлық берешегі 27 млн. теңгені құрады, соның ішінде ол қолданыстағы заңнама нормаларын бұзғаны үшін әкімшілікке жауапкершілікке тартылған субъект ретінде 8 млн. теңге болуға тиіс. Кәсіпорынның банктік шоты еңбек, зейнетақы, экологиялық және салық заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін оған тиісті органдардың салған әкімшілік айыппұлдарын төлемеу себебінен тұйықталған.
Жұмыс берушінің төлеуге қабілетсіздігі себебінен 3 ай бойы кәсіпорынның қызметкерлерге жалақасын төлеуді кешіктіруі туралы факті де расталды.
Құрылтайшы- әкімдіктің бастамасымен мемлекеттік кәсіпорынның банкроттығы бойынша шаралардың басталғандығы, ал кәсіпорынның кент халқын сумен қамтамасыз ету бойынша негізгі функциялары алдыңғысының банкроттығы туралы сот шешімінің жоқтығына қарамастан кезек тәртібімен аудандық әкімдік құрған «Мақатавтокөлік» жаңа мемлекеттік кәсіпорнына берілгендігі тексеруде анықталды.
Комиссия келетін қарсаңда кәсіпорында ұжымның жұмысшы жиналысы өтеді. Аудан басшылығы қызметкерлерге оларды жаңа кәсіпорынға ауыстыратындығын ескертеді. Кейіннен қызметкерлерді біреуінен екіншісіне (бірнеше мәрте қайта ұйымдастырылғандарға) осылайша ауыстыру бұрында жүргізілгендігі де анықталды.
Уәкілдің өкілі жиналып қалған құқықтық проблемаларды шешу әрі қалыптасқан ахуалда қызметкерлердің еңбек және өзге де құқықтарын қамтамасыз ету бойынша заң консультацияларын жүргізді.
Тексеру нәтижесі бойынша Уәкіл мекемесі Атырау облысының әкімдігіне сауал жолдайды. Басшылықтың жауабында Уәкілге «Мақат Су арнасы» кәсіпорнының жұмысшыларын жаңадан құрылған мемлекеттік кәсіпорынға ауыстырудың аяқталғандығы және алдыңғы кәсіпорынның барлық дебиторлық және кредиторлық берешектерін төлеу бойынша қабылданған шаралар туралы хабарлаған.
|
|
Уәкілге жалақыларының уақытында төленбейтіндігіне «Екібастұзкоммунсервис» мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлері ұжымдық шағыммен жүгінді.
Уәкілдің сауалы бойынша шағымды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комиссиямен қарады.
Тексеру барысында жұмысшыларға жалақыны кешіктіру фактісі, сондай-ақ шамамен 1,4 млн теңге сомаға міндетті зейнетақы төлемдері бойынша кәспіорынның қарызы расталды.
Анықталған еңбек заңнамасын бұзу нәтижесі бойынша «Екібастұзкоммунсервис» МҚК әкімшілік жаупакершілікке тартылды.
|
Есептік жылы азаматтар жұмыс берушілердің еңбек шартының талаптарын бұзуына, жұмыстан шығаруына және, олардың пікірі бойынша, жеткілікті негіздерсіз тәртіптік жауапкершілікке әділ тартпауларына да шағымданды.
Мысалы, Уәкілдің атына «Богатырь Аксесс-Көмір» ЖШС жаңа технология учаскесіндегі қызметкерлер ұжымынан еңбек шартының өзгеруі туралы бір ай бұрын қызметкерлерді хабардар етуді ұйғаратын шарттың талаптарын жұмыс берушінің бұзуы туралы, сондай-ақ жұмыс берушінің зиян және қауіпті жағдайларды жүргізілген жұмыстарды төлеуден бас тартқандығы туралы шағым келіп түсті.
Уәкілдің сауалымен әлеуметтік қорғау органдары жүргізген тексеруде осы бұзушылық фактілері расталды.
Тексеру нәтижесі бойынша тиісті мемлекеттік орган жұмыс берушіге қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуде орын алған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым береді.
Жұмыс беруші еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке де тартылды.
|
|
Мырзакент АЭС-те ұзақ уақыт жұмыс істеген, ескерту алмаған аз. Ж. 2008 жылғы 1 қазаннан бастап штаттың қысқаруынан жұмыстан шығарылады. Уәкіл Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Департаментіне сауал жолдайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторының жүргізген тексеру нәтижесі бойынша өтініш иесі бұрынғы қызметіне оралды.
|
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 жұмыс беруші өз қызметкерлерінің еңбек құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік, 5-еуі - тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бір шағым бойынша прокуратура жоғары тұрған органға оқу орны директорының атқарып отырған қызметіне сәйкестігін қарау туралы ұсыным енгізді.
Былтырғы жылы орта мектеп және колледж директорларының еңбек заңнамасын бұзғанына 4 шағым келіп түсті, оның 3-еуі негізді деп танылды.
Достарыңызбен бөлісу: |