Қазақстан республикасындағы еңбек кодексі



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#25266
1   2   3   4

(K990409 (32-тарау, параграф 1 - параграф 2); P990731 (4-тарау, 26-тармақтың 2-абзацы)
41-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың

еңбегі
Вахталық әдiс қызметкерлердiң тұрақты тұрғылықты жерiне күн сайын оралуын қамтамасыз ету мүмкiн болмайтын, олардың тұрақты тұратын жерiнен тыс жерде еңбек процесiн жүзеге асыруының айрықша нысаны болып табылады.

Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс iстеуге тартылатын қызметкерлердi жұмыс жүргiзу объектiсiнде болған кезеңiнде олардың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге арналған тұрғын үймен, жұмыс орнына апару мен қайтаруды қамтамасыз етедi, сондай-ақ жұмыстарды орындау мен ауысым арасында демалу үшiн жағдайлар жасайды.

(P011726; P001942 (2-тарау, 17-тармақты қараңыз)


42-бап. Вахтаның ұзақтығы
Объектiдегi жұмысты орындау мен вахталық поселкедегi ауысым арасындағы демалыс кезеңi күнтiзбелiк он бес күннен аспауы керек.

Жұмыс берушi жекелеген объектілерде вахтаның ұзақтығын ерекше жағдайларда ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiмен келiсiм бойынша отыз күнтiзбелiк күнге дейiн белгiлей алады.


43-бап. Вахталық әдiспен жұмыс кезiндегi жұмыс уақытының

есебi
Жұмыстың вахталық әдiсi кезiнде ай, тоқсан немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең iшiндегi жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленедi.

Есептiк кезең бүкiл жұмыс уақытын, ұйымның орналасқан жерiнен немесе жиналатын жерден жұмыс iстейтiн жерге дейiнгi жолдағы және керi қайту жолындағы уақытты, сондай-ақ белгiлi бiр күнтiзбелiк уақыт бөлiгiне тиесiлi демалыс уақытын қамтиды. Бұл орайда есептiк кезеңi iшiндегi жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Заңда белгiленген нормадан аспауға тиiс.
44-бап. Қызметкерлердiң өзге де санаттары
Қызметкерлердiң өзге санаттарының еңбек қатынастарын реттеу осы Заңға және қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын айқындайтын өзге де заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. (P940577 қараңыз)

5-тарау. Жұмыс уақыты


45-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы


1. Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындауға мiндеттi уақыт жұмыс уақыты болып есептеледi.

2. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс.

3. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуi мүмкiн.
46-бап. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшiн

жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы


1. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:

1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегiз жасқа дейiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын;

2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды (өтe зиянды) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгiленедi.

2. Жұмыс iстеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен қызметтердiң тiзiмiн, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауiптi (өте қауiптi) жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

Ескерту. 46-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
47-бап. Бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасы

және күнделiктi жұмыстың ұзақтығы


Қызметкерлер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушiнiң актiсiмен немесе қызметкерлердiң өкiлдерiмен келісе отырып, және жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушi бекiтетiн ауысым кестесiмен белгiленедi.

Өндiрiсiнiң сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндiк жұмыс аптасын енгiзу орынсыз ұйымдарда бiр күндiк демалысы бар алты күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиiс.

Бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс берушi белгiлейдi.

Ескерту. 47-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


48-бап. Түнгі уақыттағы жұмыс
1. 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейiнгi уақыт түнгi уақыт болып есептеледi.

2. Жүктi әйелдердi және бiр жасқа дейiнгi баланы емiзетiн аналарды түнгi уақытта жұмыс iстеуге тартуға олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.

3. Түнгi уақытта жұмыс iстеуге он сегiз жасқа толмаған адамдар мен түнгi уақытта жұмыс iстеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жiберiлмейдi. P020041 V970558 V001211

Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20, 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


49-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарды шектеу
1. Осы Заңның 45-бабында белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жұмыстар мерзiмнен тыс жұмыстар деп есептеледi.

2. Мерзiмнен тыс жұмыстарға тартуға, осы Заңның 51-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң келiсiмiмен ғана жол берiледi.

3. Мерзiмнен тыс жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер мен жүкті әйелдер жiберiлмейдi. Мүгедектер, жеті жасқа толмаған баласы (он алты жасқа толмаған мүгедек баласы) бар әйелдер мерзiмнен тыс жұмыстарға олардың жазбаша келiсiмiмен тартылады.

Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


50-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстардың шектi мөлшерi
Әрбiр қызметкер үшiн мерзiмнен тыс жұмыстар бiр күнтiзбелiк күн iшiнде екi сағаттан (ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда - бiр сағаттан) аспауға тиiс. Бұл ретте мерзiмнен тыс жұмыстардың жалпы ұзақтығы аптасына төрт сағаттан, aл ауыр дене еңбегі мен еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауiптi жұмыстарда аптасына екi сағаттан аспауға тиiс.

Еңбек жағдайлары өте зиянды және өте қауiптi кезде мерзімнен тыс жұмыстарға тыйым салынады.

Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
51-бап. Қызметкерлердiң келiсiмiнсiз мерзiмнен тыс

жұмыстарға жол берiлетiн ерекше жағдайлар


Қызметкердiң келiсiмiнсiз мерзiмнен тыс жұмыстарға ерекше жағдайларда ғана:

1) елдiң қорғанысы үшiн, сондай-ақ төтенше жағдайларды немесе дүлей апаттарды, өндiрiстiк аварияларды болғызбау немесе олардың зардаптарын дереу жою үшiн қажеттi жұмыстарды жүргiзу кезiнде; (Z030387; Z050029)

2) сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылыту, жарық беру, канализация, көлiк, байланыс жөнiндегi қоғамдық қажеттi жұмыстарды жүргiзу кезiнде - олардың дұрыс жұмыс iстеуiн бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшiн;

3) егер жұмыс үзiлiстi көтермейтiн болса, ауыстырушы қызметкер келмей қалған кезде осы Заңның 50-бабында көзделген сағаттар санынан аспайтын уақытқа жұмысты жалғастыру үшiн жол берiледi.


52-бап. Жұмыс уақытының есебi
1. Жұмыс берушi қызметкердiң сол жұмыс берушiде нақты жұмыс iстеген жұмыс уақытының есебiн жүзеге асыруға тиiс.

2. Өндiрiс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердiң белгiлi бiр санаты үшiн белгiленген апта сайынғы жұмыс уақытының сақталуы мүмкiн емес, үздiксiз жұмыс iстейтiн ұйымдарда, жекелеген өндiрiстерде, цехтарда, учаскелерде, бөлiмшелерде және кейбiр жұмыс түрлерiнде есептi кезең iшінде жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына осы Заңда белгiленген қалыпты жұмыс сағаттары мерзiмiнен аспауға тиiстi жағдайда жұмыс уақытының жиынтық есебiн жүргiзуге жол берiледi.

3. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күнi немесе жұмыс аптасы сағаттарының нормасынан артық немесе кем болуы мүмкiн.

4. Есептi кезең ішiндегі жұмыс уақыты сағаттарының жиынтығы осы кезеңдегі сағаттардың нормасына тең болмауы мүмкiн.

5. Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған кезде қызметкерлердiң осы санаты үшiн белгіленген орташа жұмыс күнi мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шектегі кезең есепті кезең болып танылады.

6. Жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдану тәртібі жұмыс берушiнiң актілерiмен айқындалады және ұжымдық шартпен белгіленедi.

6-тарау. Демалыс уақыты

53-бап. Демалуға және тамақтануға арналған үзiлiс


1. Күнделiктi жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиiс. Бұл үзілiс жұмыс уақытына енгізілмейдi және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.

2. Yзiлiс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушiнің актілерінде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгіленедi.

3. Өндірiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкiндігiн қамтамасыз етуге міндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және тамақтану тәртібi мен орны қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша жұмыс берушiнiң актiлерiнде немесе ұжымдық шартта белгiленедi.

Ескерту. 53-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


54-бап. Арнаулы үзілістер
Жылдың суық мезгілiнде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй-жайларда жұмыс iстейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістер беріледi. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады.

Бiр жарым жасқа толмаған баласы бар жұмыс iстейтін әйелдерге демалу мен тамақтану үшiн берiлетін үзілістен басқа, баланы тамақтандыру үшiн кемiнде жұмыстың әрбір үш сағаты сайын ұзақтығы отыз минуттан кем болмайтын қосымша үзіліс беріледі.

Бiр жарым жасқа толмаған екi немесе одан да көп баласы болған жағдайда қосымша үзiлiстiң ұзақтығы кемiнде бір сағат болып белгiленедi. Баланы тамақтандыру үшiн берiлетiн үзiлiстер жұмыс уақытына қосылады және ақы төлеуге жатады.

Ескерту. 54-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


55-бап. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы
Жұмыстың бiтуi мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс.
56-бап. Демалыс күндерi
1. Қызметкерлерге демалыс күндерi (апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де уақыт) берiледi.

2. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына - екі, ал алты күндiк жұмыс аптасында бiр демалыс күнi беріледi.

3. Жалпы демалыс күнi жексенбi болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезiнде екiнші демалыс күні жұмыс берушiнiң актiсімен немесе жұмыс кестесімен белгiленедi. Егер ұжымдық және жеке еңбек шарттарында өзгеше көзделмесе екi демалыс күнi де қатарынан берiледі.

3-1. Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

4. Мерекелiк күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерiн басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. (Z010267 қараңыз)

5. Осы Заңның 59-бабында көздеген жағдайларды қоспағанда, қызметкердi демалыс күндерінде жұмысқа тартуға оның келiсімімен ғана жол беріледi.

Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20, 2005.12.30. N 109 Заңдарымен.
57-бап. Yзiлiссiз жұмыс iстейтiн ұйымдардағы

демалыс күндерi


Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемi үзілiссiз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себептi демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзілiссiз өндiрiс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушiнің актісiмен бекiтiлген ауысым кестесiне сәйкес, қызметкерлердің әрбiр тобына демалыс күндерi аптаның әртүрлi күндерінде кезекпен беріліп отырады.
58-бап. Мереке күндеріндегі жұмыс
Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзiлiссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себептi демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында белгiлеген мереке күндерi жұмыс жүргізілмейді. (Z010267 қараңыз)
59-бап. Демалыс күндерiнде жұмысқа тарту
Демалыс күндерiнде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:

1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндiрiстiк аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшiн;

2) жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау және оны тергеу үшiн;

3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты жұмыс iстеуi тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшiн жол берiледi.


60-бап. Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысы
1. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушiлерге жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысына кепiлдiк берiледi.

2. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

3. Егер басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiнiң актiлерiнде қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн көп күн көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк он сегiз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi. (V011615 қараңыз)

4. Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы еңбек жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк орган белгілейтiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзбесiне сәйкес ауыр дене еңбегi мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және қауiпті (өте қауiптi) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге беріледі. (V001211; V001238 қараңыз)

Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша демалыста жүрген қызметкердi осы демалыстан керi шақыртуға болмайды.

5. Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң талаптары мен тәртiбi жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгiленедi.

6. Қатарынан екi жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.

Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


61-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн

жұмыс стажын есептеу және жыл сайынғы еңбек

демалысын беру тәртiбi
1. Еңбек демалысы күндерiне дәл келетiн мереке күндерiн есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.

2. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн еңбектегi жұмыс стажына:

1) жұмыс жылы iшiнде нақты жұмыс iстеген уақыт;

2) жұмыстан заңсыз босату кезiнде амалсыздан бос жүрген уақыт;

3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған уақыт;

4) қызметкер шын мәнiнде жұмыс iстемеген, бiрақ белгiленген тәртiппен жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт қосылады.

3. Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.

4. Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.

5. Қызметкердiң қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлiнiп берiлуi мүмкiн.

Ескерту. 61-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


62-бап. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек

демалыстарын берудiң кезектiлiгi


1. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудiң кезектiлiгi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесiнде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген тәртiппен белгiленедi.

2. Өндiрiс қажеттерiне байланысты демалыс кестесi өзгерген жағдайда жұмыс берушi еңбек демалысының басталуынан кемiнде екi апта бұрын қызметкерге ол жөнiнде хабарлауға мiндеттi.


63-бап. Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру

немесе ұзарту жағдайлары


1. Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы кезеңiнде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүктi болуы мен босануы бойынша демалысы кезiнде толық немесе бiр бөлiгi ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкiн, бiрақ бұл орайда еңбек демалысы кезiндегi күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төленбейдi.

2. Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) тек қызметкердiң келiсiмiмен немесе оның өтiнiшi бойынша ғана ұзартылуы немесе келесi жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкiн. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісiмi бойынша келесi жылға еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша басқа уақытта жеке берiлуi мүмкiн.


64-бап. Еңбек демалысынан шақырып алу
Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс берушiнiң ұсынысы бойынша және қызметкердiң келiсiмiмен үзiлуi мүмкiн (еңбек демалысынан шақырып алу). Еңбек демалысының осыған байланысты пайдаланылмаған бөлiгi тараптар арасындағы уағдаластық бойынша ағымдағы жұмыс жылы ішінде берiледi немесе қызметкердiң қалауы бойынша келесi жұмыс жылындағы еңбек демалысына қосылады, не өтемақы төленедi.

(P001942; V001211 (2-тарау 22-тармақты қараңыз)


65-бап. Жалақы сақталмайтын демалыстар
Тараптардың келiсiмi бойынша қызметкерге оның өтiніші негiзiнде жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
66-бап. Жүктiлiгi және босануы бойынша демалыстар.

Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)

берiлетiн демалыстар
Әйелдерге жүктiлiгi мен босануы бойынша босанғанға дейiн ұзақтығы жетпiс күнтiзбелiк күнге, босанғаннан кейiн елу алты (ауыр босанған немесе екi немесе одан да көп бала туған жағдайда жетпiс) күнтiзбелiк күнге демалыс берiледi. Есептеу жиынтықтап жүргiзiледi және демалыс әйелдiң ұйымда жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен жүктiлiгiне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны босанғанға дейiн нақты пайдаланған күндерiнiң санына қарамастан оған толық берiледi.

Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған әйелдерге (еркектерге) бала асырап алған күннен бастап, сәбидiң дүниеге келген күнiнен елу алты күнге толғанға дейiнгi кезеңге (ата-анасының бiрiне) демалыс берiлiп, оның ұйымда жұмыс iстеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен оған осы кезеңге жәрдемақы төленедi.


67-бап. Үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға,

бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)

жалақысы сақталмай берiлетiн қосымша демалыс
Жүктiлiгi мен босануы бойынша демалыстан басқа әйелге оның өтiнiшi бойынша баласы үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау жөнiнде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiледi. Қосымша демалыс уақыты iшiнде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.

Жаңа туған нәрестелердi тiкелей перзентханадан асырап алған әйелдердiң (еркектердiң) өтiнiшi бойынша сәби үш жасқа толғанға дейiн оған күтiм жасау үшiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берiлiп, осы кезеңде оның жұмыс орны (қызметi) сақталады.

Бұл демалыстың сәби үш жасқа толғанға дейiн кез келген уақытта толық немесе бөлiп пайдаланылуы мүмкiн.

Ескерту. 67-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


68-бап. Пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн

жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетiн өтемақы


1. Жеке еңбек шартын бұзу кезiнде, оның қандай негiзде бұзылғанына қарамастан, өзiнiң жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге өтемақы төленедi. (P001942 қараңыз)

2. Егер жеке еңбек шартын бұзған күнге қарай қызметкер жұмыс жылының бiр бөлiгiнде жұмыс iстесе, өтемақы жұмыс iстеген уақытқа бара-бар төленедi.

3. Жеке еңбек шартын бұзу кезiндегi пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн өтемақы жеке еңбек шарты тоқтатылған күнi төленедi.
69-бап. Оқу демалысы
Бiлiм беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бiтiрушiлер емтихандарын тапсыру кезеңiнде ақы төленетiн немесе ақы төленбейтiн қосымша демалыс беріледі.

Ескерту. 69-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

7-тарау. Жалақы және еңбекті нормалау

70-бап. Жалақы


1. Жұмыс берушi осы Заңға, жеке еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкердiң еңбегiне ақы төлеуге мiндеттi.

2. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы мерзiмдiк, кесiмдi түрде немесе еңбекке ақы төлеудiң өзге де жүйелерi бойынша төленедi. Ақы төлеу еңбектiң жеке және/немесе ұжымдық нәтижелерi үшiн жүргізiлуі мүмкiн.

3. Қызметкердiң жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен сапасына, күрделiлiгiне қарай белгiленедi.

Қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық мүдделiлiгiн күшейту үшiн жыл iшiндегi жұмысының қорытындысы бойынша сыйлық, сыйақы беру жүйесi және материалдық көтермелеудiң басқа да нысандары енгiзiлуi мүмкiн.

4. Ұйымдарда еңбекке ақы төлеу жүйесi ұжымдық шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен белгiленедi.

5. Жұмыс беруші қызметкерлерге қойылатын біліктiлiк талаптары мен жұмыстардың белгiлi бiр түрлерiнiң күрделілігін жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктілік анықтамалығы негізінде белгілейдi. Аталған анықтамалықтарды әзірлеу мен оларды қолданудың тәртібін еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды. Жұмыс берушi орындалатын жұмыстарды белгілi бiр күрделi жұмысқа жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядтарын беруді жұмыстардың және жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында және басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының анықтамалығына, сондай-ақ қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшін белгiленетін үлгілік бiлiктiлiк талаптарына сәйкес дербес жүргізедi. (P020041; V001333 қараңыз)

Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
71-бап. Жалақының мөлшерi
Жалақының мөлшерiн жұмыс берушi дербес белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы керек. (K040548 (76-б. 3-т. 2) тарм. қараңыз)
72-бап. Қызметтердi қоса атқару (қызмет көрсету

аймақтарын кеңейту) және жұмыста уақытша

болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындау

кезiндегi жалақы


1. Белгiлi бiр ұйымда өзiнiң жеке еңбек шартымен келiсiлген негiзгi жұмысымен қатар өзiнiң негiзгi жұмысынан босатылмастан басқа қызмет немесе уақытша болмаған қызметкердiң мiндетi бойынша қосымша жұмысты орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленедi.

2. Қызметтердi қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймақтарын кеңейткенi) немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындағаны үшiн қосымша ақылардың мөлшерiн қызметкермен келісiм бойынша жұмыс берушi белгiлейдi.


73-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарға, мереке және

демалыс күндерiндегi жұмыстарға ақы төлеу.

Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу
1. Мерзiмнен тыс жұмысқа ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.

2. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы екi еседен төмен болмайтын мөлшерде төленедi.

3. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға төленетiн өтемақы қызметкердiң тiлегi бойынша қосымша демалыс күнiмен ауыстырылуы мүмкiн.

4. Түнгi уақыттағы жұмыстың әрбiр сағатына ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.


74-бап. Бос тұрып қалған уақытқа ақы төлеу
1. Жұмыстың бос тұрып қалған уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгiленедi.

2. Қызметкердiң кiнәсiнен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиiс.

3. Жұмыс берушінiң кінәсінен болған iркiлiс уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары жеке еңбек шартымен немесе ұжымдық шартпен айқындалады және ол орташа айлық жалақының елу процентінен кем болмайтын мөлшерде белгiленедi.

Ескерту. 74-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.


75-бап. Еңбек нормалары
1. Еңбек нормалары (жұмыс iстеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының өлшемi болып табылады және қызметкер үшiн техниканың, технологияның, еңбек өндiрiсiн ұйымдастырудың қол жеткен деңгейiне сәйкес белгiленедi.

2. Еңбек нормаларын енгiзудi, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс берушi жүргiзедi.

Еңбектiң жаңа нормаларының енгiзiлетiнi туралы қызметкерлерге кемiнде бiр ай бұрын хабарланады.

Еңбектiң үлгілiк (бiрыңғай) нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік органның келiсiмiмен оларды бекiткен органдар жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет