Жекелеген санаттағы Азаматтардың материалдық тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту



жүктеу 24.66 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі24.66 Kb.
Жаңақорған ауданы әкімдігінің қаулысы

№1077 14 сәуір 2011 жыл


Мемлекеттік тіркеу тізілімдегі №10-7-140. 28.04.2011

Жекелеген санаттағы

Азаматтардың материалдық-

тұрмыстық және әлеуметтік

жағдайларын жақсарту

жөнінде қосымша

шаралар туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына сәйкес және аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мақсатында, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Аудандағы жекелеген санаттағы азаматтардың материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаражаттың есебінен қосымша әлеуметтік қолдау шаралары жүргізілсін.

2. Аудандағы жекелеген санаттағы азаматтарға қосымша әлеуметтік қолдау шараларын көрсету Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. ««Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Ауанов) аталған жекелеген санаттағы азаматтарға осы Қағидаға сәйкес материалдық көмектерді төлеуді жүргізсін.

4. Аудан әкімдігінің;

1) 2008 жылғы 20 тамыздағы «Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің қағидасын бекіту туралы» №158 қаулысының (нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 27 тамызда №10-7-60 болып тіркелген, «Жаңақорған тынысы» газетінің 2008 жылғы 30 тамыздағы №69 санында ресми жарияланған) №4 қосымшасымен бекітілген «Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру қағидасы» мен №5 қосымшамен бекітілген «Ұлы Отан Соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгердердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, Ауған соғысының мүгедектері мен қатысушыларына Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқандар мен мүгедектеріне жергілкті бюджет есебінен әлеуметтік төлемдер беру қағидасының »

2) 2008 жылғы 22 қазандағы «Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің қағидасын бекіту туралы» №206 қаулысының (нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 3 қарашада №10-7-61 болып тіркелген, «Жаңақорған тынысы» газетінің 2008 жылғы 8 қарашадағы №90 санында ресми жарияланған);

3)2010 жығы 15 сәуірдегі «Жекелеген санаттағы азаматтраға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің қағидасын бекіту туралы»№673 қаулысының (нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 7 мамырда №10-7-99 болып тіркелген, «Жаңақорған тынысы» газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы №10 санында ресми жарияланған) №6 қосымшасымен бекітілген «Аудандағы тыл ардагерлеріне коммуналдық төлемдерді төлеу қағидасының», №7 қосымшамен бекітілген «Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу қағидасының» күші жойылған деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ибрагимовке жүктелсін.



5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді.


Жаңақорған ауданының

әкімі Б.Еламанов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет