Өнеркәсіптің барлық салаларын белсенді дамыту үшін минералдық ресурстарды ұтымды және кешенді пайдалану мен молайтуды қамтамасыз ету осы Бағдарламаның мақсаты болып табылады.
Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау жоспарлануда:
1) болжамды ресурстарды бағалай отырып, Қазақстан аумағының зерттелуін қамтамасыз ету;
2) пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша қорлардың өсімі;
3) геологиялық ақпараттардың деректер банкін және геоақпараттық жүйелерді қалыптастыру;
4) мұнай және газ ұңғымаларын жою және консервациялау.
2. Нысаналы индикаторлар
Нысаналы индикаторлар (соңғы қол жеткізу мерзімін (кезеңін) көрсете отырып)
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есепті жыл (2013 жыл)
|
Есепті жыл (2014 жыл)
|
Жоспарлы кезең
|
|
2015
жыл
|
2016
жыл
|
2017
жыл
|
2018
жыл
|
2019
жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Мақсаты: Өнеркәсіптің барлық салаларын белсенді дамыту үшін минералдық ресурстарды ұтымды және кешенді пайдалану мен молайтуды қамтамасыз ету
|
Нысаналы индикатор:
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің қорларын толықтыру пайызы (анықталған қорлардың өтелген қорларға арақатынасы, артуы бойынша) 2019 жылы – 60%
алтын
мыс
полиметалдар
|
ИЖТМ
|
%
|
0
|
50
|
0
|
50
|
52
|
55
|
60
|
1-міндет: Болжамдық ресурстарды бағалай отырып, Қазақстан аумағының зерттелуін қамтамасыз ету
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:
|
Болжамды ресурстар көлемі:
|
ИЖТМ
|
|
- алтын
|
тонна
|
0
|
100,4
|
0
|
102,0
|
105,0
|
110,0
|
115,0
|
- мыс
|
млн. тонна
|
0
|
1,0
|
0
|
1,0
|
1,3
|
1,5
|
1,7
|
- полиметалдар
|
млн.
тонна
|
0
|
5,2
|
0
|
3,3
|
3,5
|
3,7
|
4,0
|
2-міндет: Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша қорлардың өсімі
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:
|
Қорлардың өсімі:
|
ИЖТМ
|
|
- алтын
|
тонна
|
0
|
15,0
|
0
|
15,5
|
17
|
20
|
25
|
- мыс
|
мың тонна
|
0
|
110,0
|
0
|
110
|
115
|
120
|
125
|
- полиметалдар
|
мың тонна
|
0
|
120,0
|
0
|
120
|
125
|
130
|
135
|
3-міндет: Геологиялық ақпараттың деректер банкін және геоақпараттық жүйелерді қалыптастыру
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:
|
Геологиялық есептерге мәтіндік және графикалық қосымшаларды цифрлау
|
ИЖТМ
|
%
|
32
|
36
|
40
|
44
|
48
|
50
|
52
|
4-міндет: Мұнай және газ ұңғымаларын жою және консервациялау
|
Нысаналы индикатор:
Жойылатын және консервацияланатын мұнай және газ ұңғымаларының пайызы (барлық есепке алынған 126 ұңғыма)
|
ИЖТМ
|
%
|
0
|
0
|
8
|
16
|
24
|
32
|
20
|
Тікелей нәтижелер көрсеткіштері:
|
Авариялық ұңғымаларды
жою
|
ИЖТМ
|
Іс-шара
|
0
|
0
|
10
|
20
|
30
|
40
|
26
|
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
3. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны 2015 – 2019 жылдар аралығындағы кезеңде іске асыру жоспарланған және Қазақстан Республикасының геология саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрсетілген, заңнамаға өзгерістер енгізбей жүзеге асырылатын келтірілген іс-шаралар негізінде жүзеге асырылатын болады.
1. Өңірлік, іздеу, іздеу-бағалау және іздеу-барлау
жұмыстарын орындау
1:200000 масштабындағы алаңдарды геологиялық жете зерттеу
1:200000 масштабында геологиялық жете зерттеу (бұдан әрі – ГЖЗ-200) қазіргі заманғы картографиялық геологиялық негізді құру, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалау, пайдалы қазбалар кен орындарын анықтауға перспективалы алаңдарды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес ГЖЗ-200 бойынша жұмыстар жүргізілді.
2010 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 27 объектіде ГЖЗ-200 жұмыстары жоспарланған, олардың ішінде 2014 жылы Қазақстанның Орталық және Шығыс өңірлеріндегі 6 объектіде жұмыстарды бастау көзделіп отыр. Осы жұмыстарды 2015 жылы жалғастыру және оларды 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.
Тұтастай алғанда, Бағдарлама шеңберіндегі ГЖЗ-200 бойынша жұмыстар Шыңғыс-Тарбағатай металлогендік аймағының шегінде, Жезқазған тау-кенді аймағында, Шығыс, Орталық және Солтүстік Қазақстан аймақтарында, оңтүстікте Үлкен Қаратау жотасы шегінде жүргізілетін болады.
Жұмыстар 3 жылдық болып табылады, алдын ала жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады және бағдарламаның барлық кезеңіне жоспарлануда. Жұмыстар жыл сайын орнын ауыстыру қағидаты бойынша басталады. Жыл сайын пайдалы қазбалардың болжамды қорларын бағалай отырып, аяқталған объектілер бойынша нәтижелер күтіледі.
1:200000 масштабында геологиялық-минерагендік карталау
1:200000 масштабында геологиялық-минерагендік карталау (бұдан әрі – ГМК-200) жоғары санаттағы болжамды ресурстары бар кенді объектілерді – әлеуетті пайдалы қазбалар кен орындарын анықтау мақсатында кенді аймақтар шегінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес ГМК-200 бойынша жұмыстар жүргізілді.
2010 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 11 объектіде ГМК-200 бойынша жұмыстар жоспарланған, олардың ішінде 2014 жылы Қазақстанның шығыс өңіріндегі 1 объектіде (Батыс Тарбағатай алаңы шегінде, 2013 жылы оның жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды және бекітілді) жұмыстарды бастау көзделуде. Осы жұмыстарды 2015 жылы жалғастыру және оларды 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Бағдарламаның шеңберінде жоспарланатын ГМК-200 жұмыстары Орталық Қазақстанның Жалайыр-Найман минерагендік аймағы шегінде (2014 жылы Жалайыр-Найман минерагендік аймағы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы жасау, 2015 жылдан бастап жұмыстарды жүргізу жоспарлануда), Солтүстік Қазақстанның Көкшетау-Шат минерагендік аймағы, Қазақстанның солтүстік-шығысындағы Ақсу-Байлысты минерагендік аймағы және Қазақстанның оңтүстігіндегі Ірісу-Бадам өңірі, республиканың шығысындағы Кенді Алтай шегінде жүргізілетін болады.
Жұмыстар 3 жылдық болып табылады, алдын ала жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады және бағдарламаның барлық кезеңіне жоспарлануда. Жұмыстар жыл сайын орнын ауыстыру қағидаты бойынша басталады. Жыл сайын пайдалы қазбалардың болжамды қорларын бағалай отырып, аяқталған объектілер бойынша нәтижелер күтіледі.
1:200000 масштабында терең геологиялық карталау
1:200000 масштабында терең геологиялық карталау (бұдан әрі – ТГК-200), ГЖЗ-200 сияқты қазіргі заманғы картографиялық геологиялық негізді құру, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалау, пайдалы қазбалар кен орындарын анықтауға перспективалы алаңдарды анықтау мақсатында жүргізіледі. ГЖЗ-200-ге қарағанда, ТГК-200 жұмыстарымен борпылдақ шөгінділер жамылған аймақтарда (300 м-ге дейін) көрсетілген міндеттер шешіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес ТГК -200 бойынша жұмыстар жүргізілді.
2010 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 3 объектіде ТГК-200 бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланған, олардың ішінде 2014 жылы Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі 1 объектіде жұмыстарды бастау көзделуде. Осы жұмыстарды 2015 жылы жалғастыру және оларды 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Бағдарламаның шеңберінде жоспарланатын ТГК-200 бойынша жұмыстарды Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау, Шу-Хантау, Шу-Қызылту алаңдарының солтүстік-шығыстағы тұйықталу шегінде, Орталық Қазақстандағы Жезқазған және Жаман-Айбат мыс кен орындары аймағындағы мыс шығатын сұр түсті құмтас алаңында, Солтүстік-Батыс Қазақстандағы Жоғарғы Орск, Құндызды және Берчогур алаңдарында жүргізу көзделіп отыр.
Жұмыстар 3 жылдық болып табылады, алдын ала жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады және бағдарламаның барлық кезеңіне жоспарлануда. Жұмыстар жыл сайын орнын ауыстыру қағидаты бойынша басталады. Жыл сайын пайдалы қазбалардың болжамды қорларын бағалай отырып, аяқталған объектілер бойынша нәтижелер күтіледі.
Гидрогеологиялық жете зерттеу және 1:200000 масштабындағы
инженерлік-геологиялық зерттеулер
Өңірлік гидрогеологиялық жұмыстарға мынадай түрлер жатады: гидрогеологиялық түсіру, инженерлік-геологиялық зерттеулермен қоса гидрогеологиялық жете зерттеу, сондай-ақ кешенді геологиялық, гидрогеологиялық және масштабтардағы инженерлік-геологиялық түсіру, 1:200000 масштабындағы гидрогеологиялық және геологиялық-экологиялық түсіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес гидрогеологиялық жете зерттеу және 1:200000 масштабындағы инженерлік-геологиялық зерттеулер бойынша жұмыстар жүргізілді.
2010 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 25 объектіде жұмыстарды жүргізу жоспарланған, олардың ішінде 2014 жылы Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 10 объектіде жұмыстар басталды. Осы жұмыстарды 2015 жылы жалғастыру және оларды 2016 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Зерттеудің жалпы ауданы 49,442 мың км2 құрайды.
Бағдарлама шеңберінде 1:200000 масштабындағы инженерлік-геологиялық зерттеулермен қоса, гидрогеологиялық жете зерттеуді тұщы жерасты су тапшылығы және интенсивті техногендік жүктемесі бар аймақтарда, сондай-ақ Шығыс және Батыс Қазақстандағы Ресеймен шекараға жақын аумақтарда жүргізу көзделіп отыр.
Жұмыстардың нәтижесінде іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу үшін жаңа перспективалы учаскелер анықталады, жерасты суларының болжамдық ресурстары бағаланады, ластанған жерасты сулары учаскелері және қауіпті геологиялық процестер көріністері бар учаскелер анықталады.
Жұмыстар 3 жылдық болып табылады, алдын ала жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады және бағдарламаның барлық кезеңіне жоспарлануда. Жұмыстар жыл сайын орнын ауыстыру қағидаты бойынша басталады. Жыл сайын пайдалы қазбалардың болжамды қорларын бағалай отырып, аяқталған объектілер бойынша нәтижелер күтіледі.
Жер қойнауының терең құрылымын зерттеу бойынша
геофизикалық зерттеулер жүргізу
2014 жылы Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі көлемі 710 қума километр көлеміндегі Сырдария шөгінді бассейнінің өңірлік бейіндері (геотраверстер) бойынша геологиялық-геофизикалық зерттеулер кешенін жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы жасау көзделіп отыр. Жұмыстарды 2015 жылы жүргізу жоспарлануда.
2015 – 2019 жылдары Қазақстанның жер қойнауын өңірлік зерттеу шеңберінде Бағдарламада шөгінді бассейндерді жалпы ұзақтығы 4720 қума км, зерттеу тереңдігі 15-20 мың км өңірлік бейіндер (геотраверстер) бойынша өңірлік кешенді геологиялық-геофизикалық зерттеулерді жүргізу көзделеді. Заманауи технологиялар негізінде жер қыртысының терең құрылымы туралы кешенді геофизикалық деректерді алу, шөгінді тыстың жалпы қуатын айқындау, жер қыртысының іргетасы мен тереңірек қабаттарының құрылымын және заттық құрамын зерттеу, жарылымдарды трассалау, тектоникалық элементтер шегін нақтылау және тектоникалық аудандастыру геотраверстер бойынша зерттеудің негізгі міндеттері болып табылады.
2015 жылы көлемі 710 қума км көлемінде Сырдария шөгінді бассейнінің өңірлік бейіндері (2 геотраверс) бойынша геологиялық-геофизикалық зерттеулер кешенін орындау жоспарланып отыр.
2016 жылы көлемі 950 қума км көлемінде Солтүстік Торғай және Солтүстік Қазақстан шөгінді бассейндерінің өңірлік бейіндері (2 геотраверс) бойынша геологиялық-геофизикалық зерттеулер кешенін орындау жоспарланып отыр.
2017 жылы көлемі 1320 қума км көлемінде Солтүстік Торғай, Оңтүстік Торғай және Сырдария шөгінді бассейндерінің өңірлік бейіндері (1 геотраверс) бойынша геологиялық-геофизикалық зерттеулер кешенін орындау жоспарланып отыр.
2018 жылы көлемі 510 қума км көлемінде оңтүстік Торғай және Сырдария шөгінді бассейнінің өңірлік бейіні (1 геотраверс) бойынша геологиялық-геофизикалық зерттеулер кешенін орындау жоспарланып отыр.
2019 жылы көлемі 570 қума км көлемінде Шу-Сарысу шөгінді бассейнінің өңірлік бейіні (1 геотраверс) бойынша және көлемі 660 қума км көлемінде Ертіс маңы шөгінді бассейнінің өңірлік бейіні (2 геотраверс) бойынша геологиялық-геофизикалық зерттеулер кешенін орындау жоспарланып отыр.
Зерттеулер геофизикалық әдістер кешенімен орындалатын болады: сейсмикалық, аэрогеофизикалық және космогеологиялық әдістер тіреу-параметрлік ұңғымаларды бұрғылаумен бірге. Бұрын ашылмаған, терең орналасқан кешендердің жыныстық құрамын зерттеу, сейсмикалық көрінетін горизонттарды стратификациялау, үлкен тереңдіктегі коллекторлық сипаттарды, геохимиялық ерекшеліктерді зерттеу мақсатында параметрлік ұңғымаларды бұрғылау жоспарлануда. 2015 – 2019 жылдары Бағдарламаның шеңберінде Сырдария шөгінді бассейнінде тереңдігі 5000 метрге дейінгі параметрлік ұңғыманы бұрғылау көзделуде.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жаһандық тектоника тұрғысынан Қазақстанның шөгінді бассейндері құрылымының көп факторлы модельдері құрылатын болады, ол кен орындарының қалыптасу және орналасу заңдылықтарын айқындауға және өңірлік болжамның сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Пайдалы қазбалар кен орындарын болжамдаудың жоғары технологиялық әдістер кешенін жүргізу
Кенді минералдануды болжамдау үшін өңірлік геологиялық зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу мақсатында жылжымалы нысандар әдісімен геохимиялық карталау әдісін, гравибарлау, аэромагниттік және аэрогаммаспектрометрлік түсірулер құрамында аэрогеофизикалық әдістерді қолдану, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтауды кеңінен пайдалану жоспарлануда. Бұл әдістер озық зерттеу әдістері түрінде, сондай-ақ дербес іздеу әдістері ретінде де қолданылатын болады.
Жылжымалы нысандар әдісімен геохимиялық сынамалауды және талдауды жүргізу белгілі желі бойынша топырақтан сынамаларды және жергілікті жыныстарды іріктеп алуға және дәлдігі жоғары зертханалық талдауға негізделген. Әдіс тікелей әлеуетті перспективалы алаңдарды (учаскелерді) анықтауға және бағалауға және ашылуы төмен жаңа кенді объектілерді анықтауға бағытталған. Нәтижелері бойынша толығырақ болжамды-іздеу жұмыстарын жүргізуге арналған ұсынымдар дайындалатын болады.
Қолда бар қор материалдарын талдау негізінде зерттелетін аумақ бойынша цифрлық геофизикалық деректер ауқымын дайындау, сондай-ақ дала жұмыстарын орындау, олардың негізінде терең құрылымды зерттеу және шөгінді түзілімдер қабатында, сондай-ақ кристалдық негіз жыныстарында кенді және мүмкін, мұнай-газды геологиялық құрылымдардың орналасуының болжамдық-іздеу геофизикалық критерийлерін айқындай отырып, көлемді физикалық-геологиялық модельдері жасау геофизикалық әдістер кешенінің (гравибарлау, аэромагниттік және аэрогаммаспектрометрлік түсірулер) нысаналы тапсырмасы болып табылады.
Жерді қашықтықтан зондтаудың ең озық түрлерін пайдалану әлеуетті кенді аудандар және кенді алаңдар дәрежесінде болжамды алаңдарды бөліп шығаруға бағытталған. Жұмыстардың нәтижесінде іздеу жұмыстарын жүргізу үшін болжамды алаңдарды бөлу мақсатында ақпараттық минералдық қауымдастықтардың (шамамен 10 минералдық түрі) таралу картасы дайындалатын болады.
Қатты пайдалы қазбаларға арналған ірі масштабты
алаңдық іздеу жұмыстары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес қатты пайдалы қазбаларға арналған ірі масштабты алаңдық іздеу жұмыстары жүргізілді.
2010 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 3 объектіде жұмыстарды жүргізу жоспарланған, оларды 2014 жылы аяқтау күтілуде.
Қазіргі уақытта өңірлік геологиялық зерттеулерді жүргізу нәтижесінде пайдалы қазбалардың алуан түрлерінің - қара, түсті және асыл металдар кен орындарын, бағаланған болжамды ресурстардың едәуір көлемді мөлшерімен кенді емес шикізатты анықтауға әлеуетті перспективалы көптеген алаңдар анықталды. Шикізат әлеуетін одан әрі іске асыру мақсатында, іздеу-барлау және барлау жұмыстарын жүргізу үшін перспективалы алаңдарда кенді объектілерді айқындау үшін алаңдық іздеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Іздеу алаңдары Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде орналасқан және іздеу жұмыстары кенді объектілердің әлеуетті өнеркәсіптік құндылығы айқындалып, одан әрі іздеу-бағалау және барлау жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныстар беріле отырып аяқталады.
Жұмыстар 3 жылдық болып табылады, алдын ала жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады және бағдарламаның барлық кезеңіне жоспарлануда. Жұмыстар жыл сайын орнын ауыстыру қағидаты бойынша басталады. Жыл сайын пайдалы қазбалардың болжамды қорларын бағалай отырып, аяқталған объектілер бойынша нәтижелер күтіледі.
Қатты пайдалы қазбаларға арналған іздеу-бағалау жұмыстары
Іздеу-бағалау жұмыстары, әдетте, кем дегенде екі кендік қима болған жағдайда, іздеу жұмыстарының нәтижелері бойынша жоспарланады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес қатты пайдалы қазбаларға арналған іздеу-бағалау жұмыстары жүргізілді.
2010 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 30 объектіде қатты пайдалы қазбаларға арналған іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған, олардың ішінде 2014 жылы Қазақстанның шығыс өңіріндегі 1 объектіде жұмыстарды бастау көзделуде. Осы жұмыстарды 2015 жылы жалғастыру және оларды 2016 жылы аяқтау жоспарлануда.
Бағдарлама шеңберінде жоспарланатын іздеу алаңдары Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде орналасқан және жұмыстар кенді объектілердің әлеуетті өнеркәсіптік құндылығы айқындалып, одан әрі іздеу-бағалау және барлау жұмыстарын жүргізу үшін ұсыныстар беріле отырып аяқталады.
Жұмыстар 3 жылдық болып табылады, алдын ала жобалау-сметалық құжаттамасы жасалады және бағдарламаның барлық кезеңіне жоспарлануда. Жұмыстар жыл сайын орнын ауыстыру қағидаты бойынша басталады. Жыл сайын пайдалы қазбалардың болжамды қорларын бағалай отырып, аяқталған объектілер бойынша нәтижелер күтіледі.
Көмірсутек шикізатына арналған іздеу-бағалау жұмыстары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес көмірсутек шикізатына арналған іздеу-бағалау жұмыстары жүргізілді.
2010 – 2014 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстанның батыс өңіріндегі Захатсор учаскесінде көмірсутек шикізатына арналған іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осы жұмыстарды 2014 жылы аяқтау жоспарлануда.
Мұнай және газ шикізат базасын кеңейту және мұнай-газ өндіруші кешен кәсіпорындарын олармен қамтамасыз ету мақсатында Бағдарлама шеңберіндегі көмірсутек шикізатына арналған іздеу-бағалау жұмыстарын Қазақстан Республикасының негізгі перспективалы мұнай-газ аймағы болып табылатын Каспий маңындағы ойпат шегінде жүргізу көзделіп отыр.
2017 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы жасау және Каспий маңындағы ойпаттың орталық бөлігіндегі Сауырбай учаскесі шегінде сейсмикалық жұмыстарды бастау көзделуде.
2018 жылы Каспий маңындағы ойпаттың орталық бөлігіндегі Сауырбай учаскесі шегінде 2017 жылы басталған сейсмикалық жұмыстарды аяқтау көзделуде.
2019 жылы Каспий маңындағы ойпаттың орталық бөлігіндегі Сауырбай учаскесі шегінде ұңғымаларды бұрғылау жоспарлануда.
Достарыңызбен бөлісу: |