Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының 2015 – 2019 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы



бет3/3
Дата22.02.2016
өлшемі263.5 Kb.
#1765
1   2   3

5.1. Дәстүрлі емес газ (көмірлі метан) бойынша геологиялық-барлау және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар
Қазақстан Республикасында көмір кен орындарындағы метанның алдын ала ресурстары 1 триллион текше метрден аса, ал Қарағанды көмір бассейнінің ресурстары шамамен 650 миллиард болып бағаланады. Көмір қабатынан алынған метан жоғары сапалы газ болып табылады, өйткені түгелдей қоспасыз болғандықтан, оны алдын ала өңдеусіз пайдалануға болады.

Қарағанды көмір бассейнінің ең перспективалы учаскелеріндегі көмір қабаттарындағы метан қорын есептей отырып, кезең-кезеңімен геологиялық зерттеу жүргізу жоспарлануда.

Осы жұмыстарды өткізгеннен кейін, нақты расталған метан қорының көлеміне сүйене отырып, Қарағанды бассейнінде тұрақты газ өңдеу инфрақұрылымын қалыптастыруға зор сеніммен кірісуге болады.

2015 жылы Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метанды зерттеу бойынша жұмыстарды бастау көзделеді. Жасалған жобалау-сметалық құжаттаманың қорытындылары бойынша одан арғы жұмыстардың жоспарлары құрылатын болады.

2. Мұнай және газ ұңғымаларын жою және консервациялау
Мұнай және газ ұңғымалары қоршаған ортаға, теңіз және континентальды флора мен фаунаға орны толмайтын зиян келтіреді, көмірсутек шикізаты қорының таусылуына әкеледі.

Мұнай және газ ұңғымалары Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес мұнай және газ ұңғымаларын жою және консервациялау жұмыстары жүргізілді.

2014 жылы Қазақстанның Батыс өңірінде 40 ұңғыманы жоюға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы жасау көзделуде. Бұл жұмыстарды 2015 жылы бастау жоспарлануда.

2015 – 2019 жылдарға арналған Бағдарлама шеңберінде бірінші кезекте Каспий теңізінің суы басуы ықтимал аймақта мұнай және газ ұңғымаларын және құрлықта авариялық дәрежесі жоғары болуына байланысты оқшаулау-жою жұмыстары бойынша жедел әрекеттерді талап ететін ұңғымаларды жою және консервациялау көзделуде.

Осы бағдарламаны орындау:

Каспий теңізі акваториясының қазақстандық бөлігінің және мұнайды қарқынды өндіру аймағының апатты ластану қаупін болдырмауға ықпал ететін, ұңғымаларда мұнай-газ қабаттарын оқшаулау нәтижесінде мұнайдан ластану көздерін жоюға;

тұщы жерасты, жерүсті суларының, топырақтың радиоактивті мұнайлы және химиялық ластануын болдырмауға, жерлерді оңалтуға әкеледі.

Жойылған ұңғымалар саны орындалған жұмыстарды бағалаудың сандық критерийлері болып табылады, су ресурстарының, флора мен фаунаның ластануын төмендету, қалпына келтірілген (оңалтылған) жерлер – сапалық бағалау болып табылады.

2010 жылы жүргізілген мұнай және газ ұңғымаларын тексерудің нәтижелеріне сәйкес Каспий теңізінің суы басуы ықтимал аймақта және құрлықта 126 авариялық мұнай және газ ұңғымаларын жою жоспарлануда:

2015 жылы – 10 ұңғыма, 2016 жылы – 20 ұңғыма, 2017 жылы – 30 ұңғыма, 2018 жылы – 40 ұңғыма, 2019 жылы – 26 ұңғыма.


3. Минералдық-шикізат базасы мен жер қойнауын пайдалануды мониторингтеу
Бағдарламада минералдық-шикізат қорына тұрақты негізде мониторинг жүргізу көзделуде. Мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдарды республиканың минералдық-шикізат қорының ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жер қойнауын пайдалану бойынша заңсыз операцияларды жедел анықтау мақсатында жер қойнауын пайдаланудың келісімшарттық аумақтарына мониторингті жүзеге асыру жұмыстардың маңызды бағыты болып табылады.

Саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және биснес-ахуалды жақсарту мақсаттарында республикадағы пайдалы қазбалардың қорларын қолданыстағы жіктеуді CRIRSCO пайдалы қазбалардың қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесімен үйлестіру бойынша шаралар кешенін жүргізу талап етіледі. CRIRSCO пайдалы қазбалардың қорлары бойынша есептілік стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу пайдалы қазбалар кен орындарының барлану дәрежесін бағалаудың отандық жүйесін шетелдік инвесторлардың жақсы түсінуіне мүмкіндік береді.


4. Жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді мониторингтеу
Жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге мемлекеттік мониторинг Қазақстан Республикасының жер қойнауына мемлекеттік мониторингтің кіші жүйесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1530 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында минералдық-шикізат кешенін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді мониторингтеу жүргізілді.

2014 жылы 11 объектіде жұмыстар басталды, оларды 2016 жылы аяқтау күтілуде.

2015 – 2019 жылдар кезеңінде 5000 бақылау орнында, 2 полигонда, 13 жер сілкіністерін зерттеу бекетінде, 5 жерасты суларының техногендік ластану полигондарында, қарқынды мұнай өндіру аймақтарындағы 42 бекетте жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді мемлекеттік мониторингтеу желісін қалпына келтіру, кеңейту және құру жөніндегі жұмыстар көзделуде.

Бақылау пункттерінде жерасты суларының жай-күйінің сандық және сапалық көрсеткіштерін алу мақсатында жерасты суларының жай-күйін бақылау белгілі бір әдістеме мен регламент бойынша жүзеге асырылады.

Бақылау нәтижелерін жерасты суларының жай-күйі мен пайдаланылуы жөніндегі облыстық инспекциялар пайдаланатын болады және шаралар қолдану үшін облыстық әкімдіктерге табыс ететін болады.

Жұмыс істейтін бекеттер мен полигондарда геологиялық міндеттерді орындаған бақылау пункттері жойылып, жаңа пункттер ашылып, бақылау пункттерінің орналасуы қайта қаралатын болады.

Сондай-ақ мемлекеттік су кадастрын (жерасты сулары) және Қазақстан Республикасының Орталық жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпарат банкінің бірыңғай компьютерлік жүйесі құрамындағы Жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге мемлекеттік мониторинг деректер банкін жүргізу, су ресурстарын интеграциялық басқару объектілері бойынша жұмыстарды жалғастыру көзделген.

Жерасты сулары және қауіпті геологиялық процестерге мониторинг жүргізуді сүйемелдеу картографиялық және фактологиялық қамтамасыз ету үшін орындалады. Сүйемелдеу шеңберінде іздеу-барлау жұмыстарының бағытын негіздеудің және жерасты суларына мемлекеттік мониторингті жүргізудің картографиялық негізін – 1:200000 масштабындағы қосымша карталармен қоса 1:500000 масштабындағы Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық картасын жасау бойынша жұмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көршілес елдермен су ресурстары саласындағы халықаралық ынтымақтастығы бойынша жұмыстар, Қазақстанның әкімшілік облыстарының минералды жерасты суларының болжамды ресурстарын айқындай отырып, оларға мониторингтің картографиялық негізін жасау, жер қойнауын пайдаланушылардың жерасты суларына мониторинг жүргізуіне талдау, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге мониторинг жүргізуді әдістемелік сүйемелдеу жалғастырылады.
5. Геология саласының басым бағыттарын ғылыми-техникалық қолдау
Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер елдің минералдық-шикізат қорының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шикізаттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін шешу кезіндегі маңызды шарт болып табылады. Олар Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат қорын нығайтуға бағытталған, ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін ескере отырып, теориялық негізін құруды көздейді.

Қолданбалы геология саласындағы ғылыми зерттеулер елдің минералдық- шикізат қорын толықтыру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеудің тиімді әдістерін әзірлеу, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің жаңа технологияларын әзірлеу және жетілдіру міндеттерін шешуге бағытталған.


Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер қатты пайдалы қазбалар, көмірсутек шикізаты (мұнай мен газ) және жерасты сулары сияқты салаларды қамтиды. Бұл зерттеулер бағалауға, заңдылықтарды анықтауға, әдістемелерді жасауға, болжамды ресурстарға, кенді құрылымдарға, перспективалы учаскелерді, құрылымдарды, кен орындарын және т.б. орналастыруға байланысты әдістемелік ұсынымдарды қалыптастыруға қатысты.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары геология ғылымы үшін қиын кезең болды. Республиканың мемлекеттік кәсіпорындары – геология саласындағы басты ғылыми мекемелер (Қазақ минералдық шикізат ғылыми-зерттеу институты, Бүкілодақтық барлау геофизикасы институтының Қазақ филиалы және басқа да бірқатар ғылыми бағыттағы мекемелер, Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау институты және т.б.) өз жұмыстарын тоқтатты.

Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі және халық шаруашылығының нарықтық қатынастарға көшуі кезеңінде геология саласы күрделі реформалау жолынан өтті. Көптеген геологиялық барлау ұйымдары акционерлік қоғамдарға айналды және қазіргі уақытта олар елдің өнеркәсіптік кешенін минералдық шикізат қорымен қамтамасыз ету негізгі міндетін табысты орындауда. Алайда осының бәрі геология ғылымының құлдырау кезінде болып жатыр. Бай кен орындарын анықтаудың ғылыми негізін жасау бойынша зерттеулер толық тоқтатылды, минерагения және кен орындарының орналасу заңдылықтары жөніндегі геология саласындағы іргелі ғылыммен шектес мәселелер қазіргі заманғы деңгейде шешілмейді. Қазіргі заманғы әлемдік жетістіктер деңгейінде қарқынды даму және қолданбалы ғылыми зерттеулер өзекті болып табылады. Озық елдердегі геология саласын дамытудағы жетістіктер қазіргі заманғы кезеңде геологиялық зерттеулердің заманауи ғылыми негізін қалау қажеттілігін растайды.

Бүгінгі күні республикада геология саласындағы танымал ғылыми мектептер қалыптасты. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамында заманауи жабдықтары бар бірқатар ғылыми ұйымдар жұмыс істейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған ғылымның басым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді. ЮНЕСКО-ның қолдауымен География институтының негізінде Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталық құрылды.

Қазіргі уақытта «Қазгеология» акционерлік қоғамы мен «Назарбаев Университеті» акционерлік қоғамы арасында Назарбаев Университеті Ғылыми паркі жанынан Қазақстан Республикасының Геологиялық зерттеулер орталығы құрылуда, ол геология және пайдалы қазбалар минерагениясы ғылыми-зерттеу блогын, пайдалы қазбалар кен орындарын барлаудың жаңа әдістері және перспективалы технологиялар блогын, талдамалық, геохимиялық және кристалхимиялық зерттеулерге арналған зертхананы, керн сақтау орнын, геологиялық ақпараттың электрондық деректер банкі блогын шоғырландыратын, сондай-ақ геологиялық барлаудағы озық технологияларды игерген шетелдердің және ірі шетел компанияларының тәжірибесін зерттеуге және енгізуге қабілетті.

Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу бойынша кеңейтілген ақпараттық-талдау базасын құру ақпараттық қауіпсіздік саласындағы шараларды қолдануды талап етеді, ол үшін Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және ведомствоға қарасты ұйымдардың ақпаратты басқару саласындағы, «International Organizational for Standardization» (бұдан әрі – ISO) халықаралық стандарттарына сәйкестік алуға бағытталған шаралары көзделген. Ведомствоға қарасты ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің тәуекелдерін айқындау және талдау үшін шаралар кешенін жүргізу, сондай-ақ ақпаратты басқару саласындағы бизнес-процестерді ISO стандарттарына сәйкес келтіру әдістерін әзірлеу осы шаралардың мақсаты болып табылады.


6. Геологиялық ақпаратты қалыптастыру
Геологиялық ақпаратты қалыптастыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету
«Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» (бұдан әрі – РГАО) мемлекеттік мекемесі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне қарасты және геологиялық ақпаратты жинаудың, сақтаудың және берудің басты үйлестіруші орталығы болып табылады. Геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін ақшалай қаражат Қазақстан Республикасының бюджетіне түседі. Қазақстан Республикасының республикалық бюджетіне жыл сайын геологиялық ақпарат және тарихи шығындарды өтеу үшін шамамен 4 млрд. теңге көлемінде төлемдер түсетінін атап өткен жөн.

Жұмыстарды сапалы және үздіксіз атқару үшін әрі РГАО-да қолайлы еңбек жағдайларын жасау үшін геологиялық ақпаратты қалыптастыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.


Геологиялық есептердің мәтіндік және графикалық қосымшаларын санға айналдыру

РГАО-ның және өңіраралық департаменттердің геологиялық қорларында тұрақты негізде ХІХ ғасырдың соңынан бастап осы кезеңге дейінгі Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген іздеу, іздеу-бағалау, барлау және басқа да геологиялық зерттеулер нәтижесі жөнінде геологиялық есептер сақталады. Республикалық геологиялық қорларда геологиялық ақпараттың жалпы саны 53 900 түгендеу нөмірлері, ал өңірлердегі геологиялық қорларда геологиялық ақпараттың 100 000 түгендеу нөмірлері жиналған. Республикалық геологиялық қор жыл сайын 300-400 геологиялық есеппен толықтырылады.

РГАО мен өңіраралық департаменттердің геологиялық қорлары режимдік объектілер болып табылады, өйткені онда «Құпия», «Өте құпия» және «ҚБПҮ» құпиялылық белгісі бар геологиялық материалдар сақталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16с қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың 4-бөліміне сәйкес режимдік үй-жайларға ерекше талаптар қойылады.

Геологиялық ақпаратты ұсыну жеделділігін едәуір арттыру мақсатында РГАО жыл сайын Жер қойнауы туралы мемлекеттік деректер банкін (бұдан әрі – ЖМДБ) геологиялық ақпаратпен толықтыру және санға айналдыру бойынша жұмыстар жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен РГАО ЖМДБ-ны Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы сандық геологиялық ақпаратты автоматтандырылған жинақтауды, сақтауды, есепке алуды, алуды, өңдеуді және талдауды қамтамасыз ететін, көп сатылы интеграцияланған аумақтық компьютерлік жүйе ретінде қолданылады.

ЖМДБ қоры:

1) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде басқару шешімдерін қабылдау жеделділігін арттыруға;

2) жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару сапасын жақсартуға;

3) өңделетін геологиялық ақпарат көлемін ұлғайтуға;

4) режимдік талаптар мен коммерциялық мүдделерді ескере отырып, геологиялық ақпараттың ұзақ мерзім сақталуын қамтамасыз етуге;

5) геологиялық ақпаратты сақтауға және сапасын арттыруға;

6) мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық қолдау жеделділігін арттыруға арналған.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде республикалық және аумақтық геологиялық қорларда ЖМДБ толықтыру және санға айналдыру бойынша жұмыстарды жалғастыруды ұсынамыз.
Деректер банкін сандық геологиялық ақпаратпен толықтыру
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті туралы ережеге сәйкес ол жер қойнауының жағдайын талдаудың ақпараттық компьютерлік бірыңғай жүйесін құрады және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы бірыңғай сандық ақпарат жүйесін тиімді пайдалануды ұйымдастырады. Көрсетілген функцияларды іске асыру үшін РГАО ЖМДБ-ны Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы ақпаратты автоматтандырылған жинақтауды, есепке алуды, өңдеуді, талдауды және пайдалануды қамтамасыз ететін көп деңгейлі интеграцияланған аумақтық бөлінген компьютерлік жүйе ретінде қолданады.

ЖМДБ ұйымдастырушылық негізі республикалық (Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті) және аумақтық (Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңіраралық барлық 5 департаментінде) заманауи электронды құралдар көмегімен жедел ақпарат беруді болжамдайтын компьютерлік орталықтар болып табылады. ЖМДБ жұмысы үшін деректер банкін сандық геологиялық ақпаратпен толықтыру қажет, себебі оның негізгі міндеті сандық геологиялық ақпаратты жинақтау, сақтау, алу, өңдеу және талдау болып табылады. Сонымен бірге, ЖМДБ жер қойнауын пайдалану бойынша деректермен толықтыру қажет (құпиялылық туралы келісім, тау-кендік және геологиялық бөлулермен және т.б.).

Қойылған міндеттерді іске асыру:

1) геологиялық ақпаратты ұзақ мерзімді сақтауға және сапасын арттыруға;

2) мемлекеттік органдардың қызметін жедел ақпараттық қолдауды арттыруға;

3) жер қойнауын және жер қойнауын пайдалануды мониторингтеу процесін автоматтандыруға және оның жеделділігін, толықтығын және сапасын арттыруға;

4) ЖМДБ тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
РГАО мен «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 2013 жылғы 27 қарашадағы Өзара түсіністік туралы меморандум аясында Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалары бойынша келісімшарттағы алаңдарының «Интерактивті карта» ақпараттық жүйесі әзірленді. 2015 жылы Интерактивті картаны көмірсутек шикізаты деректерімен және жерасты сулары бойынша деректермен толықтыру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар қажет, себебі геологиялық ақпараттың қолжетімділігі жер қойнауын пайдалану бойынша қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Деректер банкін геологиялық ақпаратпен сүйемелдеу
РГАО ЖМДБ-ны толықтыру және дамыту бойынша жұмыстарды жүргізеді. ЖМДБ кіші жүйелерін құру және толықтыру бойынша жұмыстар 1996 жылдан бастап жүргізілуде. Геологиялық ақпараттың жалпы көлемі сандық түрде 60 Тб бағаланады, ағымдағы сәтте деректер банкі санға айналдырылған материалдардың едәуір көлемімен толықтырылған. ЖМДБ аясында:


  1. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің ахуалдық орталығы

  2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы туралы ақпараттың компьютерлік банкінің мемлекеттік жүйесі

  3. лицензиялар мен келісімшарттар

  4. пайдалы қазбалар балансы

  5. лицензиялық-келісімшарттық шарттардың мониторингі

  6. зерттелуі

  7. геологиялық-геофизикалық деректердің электрондық мұрағаты

  8. кен орындарының және кен көріністерінің кадастрлары

  9. аумақтық деректер банкі

  10. жер қойнауын пайдаланушылардың жобалық деректер жүйесі құрылды.

Деректер банкінің мақсаты жер қойнауын пайдалану саласында басқару шешімдерін қабылдау үшін республиканың жер қойнауы туралы ақпаратты автоматты түрде жинау, есепке алу, жинақтау, өңдеу, талдау және пайдалану болып табылады.

6. Қажетті ресурстар
Бағдарламаны меншік нысаны әртүрлі сервистік геологиялық барлау компаниялары республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті тарту арқылы іске асыратын болады. Жұмыстарға «Қазгеология» акционерлік қоғамы белсенді тартылатын болады. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы конкурс негізінде, шартқа қол қою негізінде берілетін болады.

2015 – 2019 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 119 720* млн. теңге қажет.

* Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.

_______________________






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет