Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы


-1-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын құру және олардың қызметiн ұйымдастыру



бет2/3
Дата30.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#167227
1   2   3

2-1-тарау. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларын құру және олардың қызметiн ұйымдастыру

      Ескерту. Заң 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      25-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар
                 қалалардың, астананың тексеру комиссиялары.
                 Құрылуы және құрамы

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары мемлекеттiк органдар болып табылады және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылады.


      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi ұсыну арқылы тиiстi мәслихатқа тiкелей есеп бередi.
      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының құрылымы тексеру комиссиясының төрағасынан, тексеру комиссиясының төрт мүшесiнен және тексеру комиссиясының аппаратынан құралады.
      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты бес жыл мерзiмге тексеру комиссиясының төрағасын және тексеру комиссиясының төрт мүшесiн тағайындайды.
      Тексеру комиссиясының төрағасы немесе тексеру комиссиясының мүшесi қызметiне мемлекеттiк басқару, экономика, қаржы, құқық саласында жоғары бiлiмi және көрсетiлген салаларда кемiнде жетi жыл жұмыс тәжiрибесi бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.

      25-2-бап. Тексеру комиссиясы төрағасының, тексеру


                 комиссиясы мүшелерiнiң өкiлеттiктерi

      1. Тексеру комиссиясының төрағасы:


      1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және тексеру комиссиясына жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
      2) тексеру комиссиясының жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекiтедi;
      3) тексеру комиссиясы мүшелерiнiң және тексеру комиссиясы аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
      4) бекiтiлген штат саны және жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат шегiнде тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi;
      5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының қарауына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының мүшелерi қызметiне кандидатураларды, сондай-ақ оларды қызметiнен босату туралы ұсыныс енгiзедi.
      Тексеру комиссиясы төрағасының шешiмi бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi қоспағанда, аудан (облыстың маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа ұсыну тексеру комиссиясы мүшелерiнiң бiреуiне жүктелуi мүмкiн.
      2. Тексеру комиссиясының мүшелерi:
      1) тексеру комиссиясының бақылау, сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де қызметiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасын және мүшелерiн қызметтен босатуды тиiстi мәслихат Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша жүзеге асырады.
      4. Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерден тұрады.
      Тексеру комиссиясының аппараты бақылау iс-шараларын жүргiзудi, тексеру комиссиясының ақпараттық-талдамалық, құқықтық, консультациялық, ұйымдастырушылық және өзге де қызметiн қамтамасыз етедi.
      5. Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерi бiлiктiлiгiн арттырудан өтуге мiндеттi, оның нәтижелерi бойынша бiлiктiлiктi растау туралы сертификат берiледi.
      Кейiннен сертификаттай отырып, бiлiктiлiгiн арттыру Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi айқындайтын тәртiппен үш жылда бiр рет жүзеге асырылады.

      25-3-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар


                 қалалардың, астананың тексеру комиссияларының
                 қызметiн ұйымдастыру

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы бекiтетiн жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.


      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бақылау қызметiн жоспарлау тәуекелдердi басқару жүйесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi қарау және бекiту үшiн:
      облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына ағымдағы жылдың 20 мамырына дейiн;
      тиiстi облысқа кiретiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ағымдағы жылдың 20 сәуiрiне дейiн жiбередi.
      3. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң сұратуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы, сондай-ақ бекiтiлген жұмыс жоспарларына енгiзiлген өзгерiстер туралы ақпарат ұсынады.
      4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы жұмысының жылдық жоспары облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнен, сондай-ақ есептi жылы олардың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнде сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшiн тиiстi облыстың құрамына кiретiн аудандар, облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерiнен қаржыландырылатын бақылау объектiлерiн қамтуға тиiс.
      5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қызметiн қаржыландыру облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының қаржылық қызметiн бақылау облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының келiсiмiмен немесе тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының өкiлеттiктерi мен жұмыс тәртiбi осы Заңда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында, ережеде және регламентте айқындалады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы туралы ереженi тиiстi мәслихат бекiтедi.
      Тексеру комиссиясының регламентiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы бекiтедi.

3-тарау. ӘКIМДЕР ЖӘНЕ ӘКIМДIКТЕР. ҚҰРЫЛУЫ, ҚҰЗЫРЕТI
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

      26-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,


               астананың әкiмдiктерi. Құрылуы және құрамы

      1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдiк Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.


      2. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдiктi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi басқарады.
      3. Әкiм облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдiктi әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
      4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгiнiң отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi әкiмдiктiң регламентiнде белгiленедi. Yлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Әкiмдiктiң дербес құрамы облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
      6. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгiнiң жұмысына орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
      7. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдiк - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.

      27-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала,


               астана әкiмдiгiнiң құзыретi

      1. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


      1) облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзiрлейдi және әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын мақұлдайды және мәслихаттың бекiтуiне ұсынып, оның орындалуын қамтамасыз етедi; P090603
      1-1) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      1-2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң жобасын тиiстi мәслихатқа табыс етедi;
      1-3) тиiстi мәслихатқа және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясына облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi табыс етедi;
      1-4) облыстық мәслихаттың және республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының тиiстi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер туралы шешiмдерiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      1-5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекiтедi;
      1-6) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      1-7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      1-8) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспары мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы жоспарын бекiтедi;
      2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
      5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      6) Қазақстан Республикасының өндiргiш күштерiн орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың қарауына енгiзедi; облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық коммуналдық меншiк объектiлерi мен облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердi салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi; әкiмшiлiк аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды сатудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды облыстық мәслихатқа бекiту үшiн ұсынады;
      6-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарының сақталуға мемлекеттiк бақылауды, құрылыс жобаларының бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес iске асырылуын, қала құрылысы тәртiбiнiң, құрылысы салудың аумақтық ережелерiнiң сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, салынып жатқан (салыну жоспарланып отырған) объектiлерге мониторингтi және ведомстволық бағыныстағы аумақта салынып жатқан (реконструкцияланған, кеңейтiлген, жаңартылып, күрделi жөндеуден өткiзiлiп жатқан) объектiлердiң және кешендердiң жүргiзiлу барысы мен сапасына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      7) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастырады;
      8) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      8-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      9) өз құзыретi шегiнде II, III және IV санат объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға II, III және IV санат объектiлерi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар бередi, табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзедi, табиғат пайдалануды реттейдi;
      10) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтiп ұстауды қамтамасыз етедi;
      11) мемлекеттiк стандарттардың сақталуын қамтамасыз етедi;
      11-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      13) Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      14) белгiленген мемлекеттiк стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне құқықтарының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы iс-шараларды қамтамасыз етедi;
      14-2) мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз етiлуiне бақылауды жүзеге асырады;
      15) азаматтардың тегiн бiлiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз етедi;
      16) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлiктi азайту бағдарламаларын әзiрлеп, мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
      17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына  әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
      17-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды үйлестiредi;
      18) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерiн өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседi;
      18-1) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланудың жай-күйiн және оларды күтiп-ұстау тәртiбiн, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      19) өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша, оның iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру және дамыту үшiн құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдiктерiнiң, қаладағы аудандар әкiмдерiнiң жұмысын үйлестiредi;
      19-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi және нормативтерi шегiнде белгiлейдi және оны аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiкке жеткiзедi;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мәслихат қарауына қарыз алу жөнiнде шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;
      21) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
      21-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
      21-2) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзудi және толықтыруды қамтамасыз етедi;
      21-3) елдi мекеннiң құрамдас бөлiктерiне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртiбiн жүргiзу жөнiндегi ережелердi, жер учаскелерiне, ғимараттарға және құрылыстарға реттiк нөмiрлерiн беру талаптарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      21-4) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiне тiркеу тәртiбi және мекенжайдың құрылымы туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтедi;
      22) мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындар құрады, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының лимитi және нормативтерi шегiнде белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат саны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
      22-1) алып тасталды
      22-2) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының кодексiне сәйкес бiржолғы талондар беру жөнiндегi жұмысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы белгiлеген тәртiппен оларды өткiзуден түсетiн сомалардың толық жиналуын қамтамасыз етедi;
      22-3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында  белгiленген жағдайлар мен тәртiпте лицензиялауды жүзеге асырады, мемлекеттiк аттестаттауды өткiзедi;
      22-4) салық төлеушiнiң тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органының облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу жөнiндегi салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдерiн келiседi;
      22-5) алып тасталды
      22-6) алып тасталды
      22-7) Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      23) "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметтi азаматы" атағын беру ережелерiнiң жобасын әзiрлейдi және оны мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
      24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысан бойынша және мерзiмдерде, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны сауда және индустриялық саясатты мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi органға бередi;
      25) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн түзедi;
      26) терроризм профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағындағы терроризм зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
      27) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тұрғын үйлердi коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншiгiне берудi жүзеге асырады;
      28) жылу маусымына дайындық және оны өткiзу қағидаларын әзiрлейдi және мәслихатқа бекiтуге ұсынады.
      2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.
      Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.04.25 N 179, 2001.12.24 N 276, 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.15 N 45, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 166, 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 178, 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.11 N 218, 2007.06.19 N 264, 2007.07.21 N 307, 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.01.20 № 239-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      28-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана


               әкiмiн қызметке тағайындау және қызметiнен
               босату тәртiбi

      1. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiн облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды.


      2. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмiн Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
      3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.
       Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      29-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана


               әкiмiнiң құзыретi

      1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:/


      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн бiлдiредi;
      2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесi заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiн орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi қорытынды енгiзуге құқылы;
      3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
      3-1) тиiстi мәслихатқа "Облыстың (қаланың) құрметтi азаматы" атағын беруге ұсыныс енгiзедi;
      4) мына лауазымды адамдарды:
      жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң орынбасарларын;
      облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi аппаратының басшысын және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киiм киiп жүру құқығы және әскери немесе өзге де арнаулы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметiнен босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
      5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
      6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) әкiмдiктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
      7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымдары негiзiнде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
      9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекiтуге ұсынады;
      10) Алынып тасталды.
      11) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тең дәрежеде келiсiм-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады;
      13) төмен тұрған әкiмдердiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады.
      2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
      4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдiк құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi алдында жауап бередi.
      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)


               әкiмдiктер. Құрылуы және құрамы

      1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпымемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.


      2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкiмi басқарады.
      3. Әкiм аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктi аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, тиiстi атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады.
      4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi әкiмдiктiң регламентiнде белгiленедi. Үлгi регламенттi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Әкiмдiктiң дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
      6. Аудан әкiмдiгiнiң жұмысына орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары кеңесшi дауыс құқығымен қатыса алады.
      7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық)


               әкiмдiктiң құзыретi

      1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


      1) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
      1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етедi;
      1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылына арналған бюджетi туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмiн iске асыру туралы қаулы қабылдайды;
      1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекiтедi;
      1-5) алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
      1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды;
      1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекiтедi;
      1-8) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеп, мақұлдайды және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
      2) заң актiлерiне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiмет актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
      5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      6) осы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы кенттер мен ауылдар құрылысын салудың бас жоспарларын әзiрлейдi және оларды аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырысшы болады, кентiшiлiк (қалаiшiлiк) және ауданiшiлiк коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат бередi;
      7) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады;
      8) әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;
      9) Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
      10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      11) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
      12) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйiн салуын және оны бөлуiн ұйымдастырады;
      12-1) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
      12-2) тұрғын үй қорына түгендеу жүргiзедi;
      12-3) мемлекет қажеттiлiктерi үшiн жер учаскелерiн алып қоюды, оның iшiнде сатып алу арқылы алып қоюды жүзеге асырады;
      12-4) республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарында орналасқан тұрғын үй-жайлардың сейсмикалық берiктiгiн орнықтыруға бағытталған iс-шараларды өткiзедi;
      12-5) авариялық үй-жайларды бұзуды ұйымдастырады;
      12-6) алып тасталды - ҚР 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      12-7) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етедi;
      12-8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тұрғын үйлердi коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншiгiне берудi жүзеге асырады;
      13) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кедейлiктi азайту бағдарламаларын iске асырады;
      14) халықты әлеуметтiк қорғау, ана мен баланы қорғау мәселелерiн шешедi, халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына атаулы көмек көрсетедi, оларға қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi және ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      14-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтiк бейiмдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етедi;
      15) аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғат объектiлерiн және өзге де объектiлердi табиғаттың, тарих пен мәдениеттiң қорғалатын ескерткiштерi деп жариялау туралы ұсыныс енгiзедi;
      16) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
      17) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдарды құрады;
      17-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
      18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      19) азаматтардың тегiн бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алу құқығының iске асырылуын жүзеге асырады;
      20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мекемелердi және мемлекеттiк кәсiпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгiлеген штат санының лимитi және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормативтер шегiнде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн белгiлейдi;
      21) салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органының аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықтарды төлеу жөнiндегi салық мiндеттемелерiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдерiн келiседi;
      22) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген жағдайлар мен тәртiпте лицензиялауды жүзеге асырады;
      23) терроризм профилактикасына, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала аумағындағы терроризм зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады.
      2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде өзiне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiк өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.
      4. Осы бапта аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) әкiмдiктерге жүктелген өкiлеттiктердi қалалық әкiмдiктер жүзеге асырады. 
      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгiзiледi), 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.15 N 45, 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.11 N 218, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiн


               қызметке тағайындау қызметiнен босату және
               өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.


      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.

      33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала)


               әкiмiнiң құзыретi

      1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
      2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;
      3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;
      3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметтi азаматы" атағын беруге ұсыныс енгiзедi;
      4) мынадай лауазымды адамдарды:
      жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын;
      әкiм аппаратының басшысы мен қызметкерлерiн, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      7) Алынып тасталды.
      8) мектепке дейiнгi ұйымдарға, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтiк-мәдени сала мекемелерiне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетедi және жәрдемдеседi;
      9) Алынып тасталды.
       10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      11) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымдары негiзiнде қалыптастырылған схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
      12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
      13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      14) өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша, оның iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшiн құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнiнде төмен тұрған әкiмдердiң жұмысын үйлестiредi;
      15) төмен тұрған әкiмдердiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады.
      2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
      3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
      4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiктiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.
      Ескерту. 33-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы)


               аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк,
               ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк
               әкiмдiктер

      Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық), ауылдық (селолық) округтiк әкiмдiктер құрылмайды.

      35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала,
               кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ
               әкiмiнiң құзыретi

      1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:


      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
      2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
      3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
      4-1) стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы;
      5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
      8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
      9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
      11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
      14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
      14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;
      15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
      17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
      18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
      19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
      20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
      22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
      1-1. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзыреттерiне аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру да жатады.
      1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi жүзеге асырады.
      2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
      3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
      Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгiзiледi), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.28 N 402-IV (2011.08.05 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      36-бап.  Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент,


                ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiн
                қызметке тағайындау,қызметiнен босату және
                өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi

      1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.


      2. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады. 
      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 

      37-бап. Әкiмдiктiң, әкiмнiң актiлерi

      1. Әкiмдiк Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және оларды орындау орайында қаулылар шығарады.
      2. Әкiмдiк қаулысына әкiм қол қояды.
      3. Әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
      4. Әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған актiлерiнiң тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
      5. Әкiмдiк және (немесе) әкiм актiлерiнiң қолданылуын тиiстi прокурордың тоқтата тұруы мүмкiн.
      6. Әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары және заңмен қорғалатын өзге де құпиялары бар актiлерден басқа) мiндеттi ресми жариялауға жатады.
      7. Әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң жалпыға мiндеттi маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарының мемлекеттiк тiркеуiне жатады.
      8. Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, жоғары тұрған әкiмдiк және (немесе) әкiм, әкiмдiктiң және (немесе) әкiмнiң өзi, сондай-ақ соттың шешiмi әкiмдiк және (немесе) әкiм актiлерi қолданылуын жоюы не толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.
       Ескерту. 37-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      38-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана,


               аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы
               аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл
               (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты

      1. Әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi әкiм аппараты жүзеге асырады.


      2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң аппаратын тиiсiнше облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi құрады, таратады және ұйымдастырады.
      Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппаратын республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.
      3. Әкiмнiң өкiлеттiгiн тоқтатуына, жаңа әкiмнiң тағайындалуына байланысты әкiм аппаратының мемлекеттiк қызметшiлерi қызметiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      4. Әкiм аппараты туралы ереженi, оның құрылымын тиiстi әкiмдiк бекiтедi.
      5. Әкiм аппараты жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
      Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгiзiледi) Заңдарымен.

      39-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын


               атқарушы органдар

      1. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды тиiстi мәслихат бекiткен әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктi басқару схемасы шеңберiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi құрады, таратады және қайта ұйымдастырады.


      2. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретi мен қызметiн ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтай отырып тиiстi әкiмдiк белгiлейдi. 
      Ескерту. 39-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет