Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi n 2464 Конституциялық заңы



бет10/10
Дата17.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#206248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат тiркелген күннен бастап және дауыс беруге екi күн қалғанға дейiнгi кезеңде тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

2. Азаматтар жиналысы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

3. Мұндай жағдайларда аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Ескерту. 119-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.04.14 N 545, 2005.04.15 N 44 Конституциялық заңдарымен.

120-бап. <*>

Ескерту. 120-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.



121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

1. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы тиiстi округтiк сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол бiр айдан аспауға тиiс.

2. Мұндай жағдайда кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 121-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.



122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау

1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.

2. Дауыстарды санаудың нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

Ескерту. 122-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.



123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қосымша сайлау

1. Егер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiнiң саны тиiстi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органындағы мандаттар санынан кем болған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы бастапқы сайлау өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң қосымша сайлауын тағайындайды.

2. Қосымша сайлау осы Конституциялық заңда бастапқы сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.

Ескерту. 123-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.



124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қайта сайлау

1. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және сайлаушылардың бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiмдерi бойынша жүргiзiледi.

2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

3. Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

4. Алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.

Ескерту. 124-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.



125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Сайлау қорытындылары аумақтық сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы аумақтық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.

1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидаттар берiлген мандаттарға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерi болып саналады.

2. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

Ескерту. 125-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңдарымен.

126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу

1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiн сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмде тiркейдi.

2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын жарамсыз деп тануы және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап бес күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.

Ескерту. 126-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.



127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткiзу

1. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау осы Конституциялық заңда кезектi сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткiзу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы өкiлеттiгiнiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзiмi аяқталуына бiр жыл қалғанда жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының шығып қалған мүшесiнiң орнына сайлау өткiзiлмейдi.

Ескерту. 127-бапқа өзгерiс енгiзiлдi -ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.



15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

128-бап. <*>

Ескерту. 128-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.



129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртiбi

1. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөнiндегi сайлау iс-шаралары, дауыс берудi өткiзудi, сайлау қорытындыларын белгiлеудi және Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi.

2. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру Сенат депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзiледi.

3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртiбiмен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екi шаршы орналастырылады. Бiр шаршы - алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.

4. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнiнiң оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi - алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды.

5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзiледi.

6. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.

7. Егер Сенат депутаттары дауыс берудiң бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бiр бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi.

Ескерту. 129-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375, 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңдарымен.

130-бап. <*>

Ескерту. 130-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.



131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау мерзiмi

Республика Конституциясында көзделген, мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн белгiлейтiн заң қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн тағайындайды.

Ескерту. 131-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.06.19 N 268 Конституциялық заңымен.

132-бап. <*>

Ескерту. 132-бап алып тасталды - ҚР 2004.04.14 N 545 Конституциялық заңымен.



133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi және қолданылуы

Осы Конституциялық заң:

1) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi;

2) осы Конституциялық заң күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.



Ескерту. 133-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.05.06 N 375 Конституциялық заңымен.

Қазақстан Республикасының
 

Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет