Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері



бет5/6
Дата26.05.2023
өлшемі31.31 Kb.
#474302
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
салық реф

Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салық – мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999ж бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды.
Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 10% алады.Салық іс-әрекет еткен кезде оның мөлшерлемелері өзгеріп отырды, әр түрлі салық төлеушілер үшін 26%-дан 6,5%-ға дейін сараланды, онан кейін оның мөлшерлемесі 20% -ға дейін төмендетілді. 2004 жылдан бастап жаңа салық мөлшерлемелері белгіленді.
Жер салығы
Жер салығы-1992 ж енгізілді. Жер салығын енгізу мынадай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін , сонымен бірге аумақтың әлеуметтік –мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады. Алайда мемлекеттік бюджетте бұл салық төлемдерінің үлесі көп емес-0,6% ға жуық.
Салық салу мақсатына қарай 7-ге бөлінеді;

  1. Ауыл –шаруашылығы мақсатындағы жерлер,

  2. Елді мекен жерлер,

  3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жерлер,

  4. Өнеркәсіп көлік байланыс қорғаныс және өзгеде жерлер,

  5. Орман қорлы жерлер,

  6. Су қорлары жерлері,

  7. Запастағы жерлер,



Мүлік салығы
Тура нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Салық төлеушілер:ҚР-ң аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар, сондай-ақ концессия келісімшарты бойынша концессионер мен меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеушілер болып табылады. 
 Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайтындар:

  1. ҚР-ң үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативті шегінде салық салу объектілері бойынша жер салығын бірыңғай төлеушілер,

  2. Мемлекеттік мекемелер,

  3. Уәкілетті органдардың қылмыстық жазалау шарасында түзету мекеменің мемлекеттік кәсіпорындары,

  4. Діни бірлестіктер.



Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тиісінше салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1және 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша, ал оңайлатылған мағлұмдама бойынша арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғалар 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет