«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Адам тістерімен қалдырылған іздерге қатысты диагностикалық және идентификациялық



бет46/105
Дата03.12.2022
өлшемі1.08 Mb.
#466324
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105
treatise8925

Адам тістерімен қалдырылған іздерге қатысты диагностикалық және идентификациялық міндеттерді шешу кезінде тіс іздерін жәбірленушінің денесінде не азық-түліктерде (тістелген алмада) көруге болады. Аталған іздерді зерттеу кезінде сарапшы келесідей сұрақтарды шешеді:

  • із қалдырған адамның тіс аппарат құрылымының ерекшеліктері;

  • іздердің пайда болу механизмі қандай және жәбірленуші мен қылмыскердің өзара қатынасы қандай?

  • жәбірленушінің денесінде қалдырылған тіс іздері сезіктінікі ма (оқиға болған жерден алынған заттардағы тіс іздері)?



Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сараптама үшін қажетті материалдар:

  1. тіс іздері бар заттар (мысалы, пломба т.с.с.), егер зат үлкен болса оны бірнеше бөліктерге бөлуге болады. Егер тіс іздері азық-түліктерде қалдырылса, оларды сараптамаға жеткізгенше сақтау қажет. Тіс іздері мәйітте қалдырылса, ізді алған кезде криминалист мамандармен қатар сот-медициналық қызметкерлер қатыстырылуы керек;

  2. масштабты тәртіппен алынған тіс іздерінің фотосуреттері, әр бір із бойынша екі үш сурет жасаған жөн.

  3. қылмыстық істің материалдары – оқиға болған жерді қараудың хаттамасы, мәйітті сот-медициналық зерттеулері, тірі адамды сот-медициналық куәландыру, алғашқы сот-медициналық және трассологиялық сараптамалардың қорытындылары.

Тіс іздерін сараптамаға салыстырмалы зерттеу үшін келесі үлгілер беріледі:

  1. сезіктіге не жәбірленушіге тиісті тіс көшірмелерінің эксперименталды үлгілері. Үлгі ретінде пластикалық материалдарда қалдырылған (мысалы балауыз) тістеудің, тістеп алудың іздері алынады;

  2. сезіктінің не жәбірленушінің жағының (челюсть) гипстік өзге де модельдері.

Үлгілерді алу кезінде маман ретінде – стоматолог дәрігері, тіс технигі, криминалист қатысқан дұрысырақ.


11.2. Жабылатын және сақтандырғыш құрал іздерінің сараптамасы
Жабылатын сақтандырғыш құралдарына ойып орнатылатын, ілмек құлыптары, өзге де жабылғыш құралдар, оның ішінде арнайы магнитпен не чиппен ашылатын электронды жапқыш карточка-құралдары, пломбалар өзге де криминалистикалық техника бөлімінде көрсетілген құралдар жатады.
Жапқыш құралдарда немесе оқиға болған жердегі басқа да заттарда табылған іздер үш топқа жіктеледі: бұзуға бағытталған арнайы қалдырылған (отмычка, фомка т.с.с.), бөгеттерді бұзатын арнайы құралдар (ара, зілбалға) және кездесоқ заттар (тас, арматура сынығы т.б.).
Диагоностикалық және ситуациялық міндеттерді шешу үшін сараптаманың алдына келесідей сұрақтар қойылады:

  • бөгет қандай тәсілмен және құралдың түрімен ашылды ?

  • зерттеуге ұсынылған құлып таңдалған кілтпен не қайқы кілтпен (отмычка) ашылды ма ?

  • бұзу қай жағынан жасалған (үйдің, бөлменің ішкі жағынан не сыртынан ба) және қылмыскер әрекеттерінің жасалу реті?

  • құлыпты бұзған тұлғаның арнайы дағдылары бар ма ?

  • іздердің пайда болу механизмі қандай ?

Сараптамаға келесідей идентификациялық сұрақтар қойылады, олар:

  • қару іздері қандай әрекеттердің нәтижесінде пайда болды ?

  • іздердің пайда болуының жалпы механизмі қандай?

  • оқиға болған жерде табылған іздер сезіктіден алынған құралмен қалдырылған ба?

  • жабылғыш заттағы іздер бір немесе бірнеше құрал-саймандармен қалдырылды ма ?

Сезіктіден алынған құралдарда бөтен бөлшектерден қалған қабаттасулар алынуы мүмкін: есікті қысқан кезде ломикте қалдырылған бояудың іздері, балтаның лезвиясында қалдырылған іздер т.с.с. Мұндай жағдайда сараптама кешенді түрде трассологтардың қатысуымен жүргізіледі. Кешенді сараптамалық зерттеу үшін трассологиялық белгілері жеткіліксіз болса да, теңдестіру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет