Идентификациялық міндеттер:
жазу тасушысының рәсімделу бұйымының лицензияланған өнімнің аналог-үлгісі бойынша идентификациялау (құрылым мен материалдарының ерекшеліктері, құқық иеленушінің құқықтарын қорғау құралы);
жазу шығармашылығын тасушысының лицензияланған өнімнің аналог-үлгісі бойынша идентификациялау;
жазу шығармашылығын тасушысының маркировкасына қолданылған техниканы және оған жататын құралдарды идентификациялау;
шығармашылық жазудың тасушысындағы лицензияланған өнімнің аналог-үлгісі бойынша идентификациялау т.с.с.
Аталған сараптаманың шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі:
«...» атты аудиовизуалды шығарманың дыбыс жазуының сыртқы бетінің жасалу тәсілі салыстыру үшін ұсынылған лицензиялы ұқсас-үлгіге сәйкес келеді ма;
«...» атты шығарманың жазу тасушы өнімнің сыртқы бетіне дизайн суреттері қандай тәсілмен жасалған;
«...» атты шығарманың жазу тасушы өнімнің сыртқы бетіне салынған дизайн суреттерін салу тәсілі лицензиялы өнімнің ұқсас-үлгісіне салу тәсілімен сәйкес келеді ма;
«...» атты шығарманың жазу тасушы өнімнің сыртқы бетінде меншік иесінің белгілер мен құқықтарын қорғау құралдары бар ма;
«...» фирмасы логотипінің голографиялық суреті бар жапсырмасы осы өнімді шығарған кәсіпорынымен жасалған ба;
дыбыс жазу өнімінің мақсаты және сыртқы бетін жасау үшін пайдаланылған дизайн материалдарының тегі қандай;
шығармалардың дыбыс жазу тасушыларының өнімдерін жасау және дизайн суреттерін оған салу үшін пайдаланылған материалдарының жалпы шығу тегі бір ма;
зерттеліп жатқан тасушыдағы шығарманың жазулары (суреті, дыбысы, бейнесі) салыстыру үшін ұсынылған ұқсас-үлгінің дәл осындай жазылу көрсеткіштеріне техникалық және сапалық көрсеткіштері сәйкес келеді ма;
зерттеуге ұсынылған «...» деп аталатын аудиовизуалды шығарманың дыбыс жазуының көшірмесі шығарылуына лицензия берілмеген шығарманың «экранды, көрсетуге арналған, жұмысшы» көшірмесі болып табылады ма;
«...» деп аталатын аудиовизуалды шығарманың дыбыс жазу көшірмесі лицензиялы шығарылған өнімнің көшірмесінен басып алынған ба;
тасушыдағы фонограмманың дыбыс жазуы аралық аппаратураны пайдаланып, дыбыс жазудың әр түрлі үлгілерінен топтап жинап, монтаждау арқылы жасаған жоқ па;
тасушыдағы шығарманың дыбыс жазуы түпнұсқа немесе көшірмесі болып табылады ма, егер көшірмесі болса, онда көшірменің «номері» - «қайта жазудың номері» қандай;
зерттеліп жатқан тасушыдағы жазылған фонограмманың қасиеттері мен варианттары тасышу-үлгідегі басылған фонограмманың қасиеттері мен варианттарына сәйкес келеді ма;
зерттеліп жатқан фонограммалардың дыбыс жазулары бір аппараттық кешенде жасалған ба (яғни салыстырылып отырған объектілер бір өнім болып табылады ма);
зерттеліп жатқан дыбыс жазуында (компакт-дискіде) маркалаушы белгілері бар ма, жоқ болса, олар механикалық әсер етумен жойылмаған ба;
зерттеліп жатқан тасушылар (компакт-дискілер) нақты технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жасалған ба;
зерттеліп жатқан тасушыларға дыбыс жазулары нақты аралық аппаратурасы қолданылып, көшірмесі жасалды ма.
Достарыңызбен бөлісу: |