Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сарапшыға оқиға орнын қарау туралы (хаттамалар, жоспарлар, кестелер, фото суреттер), механизмдерді, құрал-саймандарды қарау туралы қылмыстық істің материалдары, сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауап беру үшін қажет болуы мүмкін жұмыстарды атқару журналы, технологиялық карталары сараптаманы беру үшін қажетті барлық материалдар ұсынылуы тиіс.
Сот құрылыс-техникалық сараптаманың негізгі зерттеу материалдары келесі болып табылады:
белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттары;
қолданыстағы қағидаларға және құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкестікте атқару техникалық іс-құжаттары (жұмыстардың журналдары, авторлық қадағалау журналдары және т.б.);
қолданыстағы күрделі құрылыс жұмыстары туралы заңнамалармен сәйкестікте құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған келісімшарттар;
құрылыс учаскелерінің инженерлі-топологиялық зерттеулер қорытындылары;
қолданыстағы қағидаларға және құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) сәйкестікте құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге тапсырыс берушінің жағынан (құрылысты салушы) техникалық қадағалау материалдары;
құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жобалары;
объектінің құрылысы мен жобасы үшін арналған жер телімдерін бөлу туралы актілер мен шешімдер, жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге арналған архитектуралық-жоспарлау тапсырмасы және т.б.;
актілер: атқарылған жұмыстарды бақылау өлшеу, қабылдау, сапасыз жүргізілген құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын зерттеу, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге сапасыз дайындалған және қолданылған құрылыс материалдары мен бұйымдарды зерттеу;
орындалған құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстары үшін ақысын төлеуге нарядтары;
қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне (СНиП) және жобалау-сметалық құжаттарына сәйкестікте ғимараттар мен құрылыстардың кейбір бөлімдерінде қолданылған құрылыс материалдарын және бұйымдарын тексеру материалдары (оларды ашып тексеруімен);
құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша материалды-техникалық есептер;
құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі құрылыс материалдарын есептен шығаруға арналған материалды-техникалық есептер;
құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізудің жылжымалы сипатымен байланысты қосымша үстемелерді төлеу туралы материалдары;
зерттеліп жатқан объектіде құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қайғылы оқиғалар мен апаттардың техникалық себептерін зерттеу актілері.
Егер апат немесе қайғылы оқиға техникалық құрал-жабдықтар ақауының немесе оны дұрыс пайдаланбау себептерінен орын алса, сарапшыға құрал-жабдықтың техникалық мәліметтерін сипаттайтын материалдары (қабылдау сынақтарының, техникалық тексерулердің актілері және т.б.), сонымен қатар құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өңделген немесе пайдаланылған шикізаттар, дайын өнімдер туралы мәліметтері ұсынылады.
Сонымен қатар, құрылыста жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың кәсіби дайындығы туралы мәліметтерді ұсыну қажет, мысалға: зардап шеккен адамда арнайы дайындықтың бар екенін куәландыратын куәлігі, мысал үшін краншы, арқаншы болып жұмыс істеу үшін арналған; жоғары биіктікте немесе қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін денсаулығының жағдайы туралы құжаттар және т.б. Алғашқы мәліметтері бар құжаттар ретінде келесі актілер ұсынылуы тиіс: арнайы ведомстволық тексерудің актісі; жазатайым оқиға туралы акт; сот-медициналық сарапшының қорытындысы; зардап шегуші адам жұмыстың қауіпсіз әдістері бойынша нұсқаулықтан өтуі туралы растайтын құжаттары (нұсқаулықтарды есепке алу журналдары); құрылыс нормалары мен ережелерінен (СНиП) және нақты іс бойынша басқа да нормативтік материалдардың, техника қауіпсіздігі ережелерінен, қадағалаушы мекемелердің ұсынымдарынан көшірмелер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |