Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы 1997 ж. 28 сәуiрдегі №97-1 Қазақстан Республикасының Заңы



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі424.05 Kb.
#21540
1   2   3

6-тарау. Төлем туралы

37-бап

Белгiлi бiр күнге арналған мерзiммен аударым векселiн ұстаушы жасалғаннан немесе ұсынылғаннан кейiнгi белгiлi бiр уақыт iшiнде аударым векселiн ол төленуге тиiстi күнi, не келесi екi жұмыс күнiнiң бiрiнде ұсынуға тиiс.

38-бап

Аударым векселiн төлеген кезде төлем төлеушi вексель ұстаушыдан төлемдi қабылдағаны туралы оған қолхат табысталуын талап ете алады.

Вексель ұстаушы iшiнара төлем қабылдаудан бас тарта алмайды.

Төлем iшiнара төленген жағдайда төлем төлеушi мұндай төлем туралы вексельге белгi қойылып отыруын және ол туралы қолхат беруiн талап ете алады.

39-бап

Вексель ұстаушыны аударым векселi бойынша төлемдi мерзiмiнен бұрын қабылдауға мәжбүр етуге болмайды.

Төлемдi мерзiмiнен бұрын жасаған төлем төлеушi оған өз бетiнше тәуекел етедi.

Төлемдi мерзiмiнде төлеген адам, егер тек қана оның тарапынан алдау немесе өрескел абайсыздық болмаса, мiндеттемелерден босатылады. Ол индоссанттардың қойған қолдарын емес, индоссаменттердiң кезектi қатарының дұрыстығын тексерiп отыруға мiндеттi.

40-бап

Егер аударым векселi төлем төленетiн жерде жүрмейтiн валютамен жазылып берiлсе, онда оның сомасын төлем мерзiмi басталған күнгi бағам бойынша жергiлiктi валютамен төлеуге болады. Егер борышкер төлем жасау мерзiмiн өткiзiп алса, онда вексель ұстаушы өз қалауы бойынша аударым векселiнiң сомасы жергiлiктi валютаның бағамымен не төлем мерзiмi басталған күнгi, не төлем төленетiн күнгi бағаммен төленуiн талап ете алады.

Шетел валютасының бағамы төлем төленетiн жерде қолданылып жүрген қалыптасқан жағдайларға сәйкес белгiленедi. Алайда вексель берушi төленуге тиiстi сома вексельде көрсетiлген бағам бойынша есептелетiнiн ескерте алады.

Егер аударым векселiнiң сомасы оны берген елдiң және төлем төленетiн елдiң бiрдей атаудағы, бiрақ түрлi бағамдағы валютасымен көрсетiлсе, төлем төленетiн жердiң валютасы көзделгенiн аңғартады.

41-бап

Аударым векселiн 37-баптағы көрсетiлген төлем мерзiмiне ұсынбаған жағдайда, әрбiр борышкер вексель ұстаушының есебiнен тәуекелге барып, вексель сомасын заңмен арнайы уәкiлеттiк берiлген тұлғаның депозитiне салуға құқығы бар.

7-тарау. Акцепт емес немесе төлем жасалмаған жағдайда талап ету

 

42-бап

Вексель ұстаушы индоссантқа, вексель берушiге және басқа мiндеттi тұлғаларға қарсы өзiнiң регресс құқықтарын:

төлем мерзiмi басталғанда;

төлем жасалмаған болса;

төлем мерзiмi басталмай-ақ:

1) егер акцептен толық немесе iшiнара бас тартылса;

2) төлем төлеушi, оның вексельдi акцептегенiне немесе акцептемегенiне қарамастан банкрот деп танылған жағдайда, жағдаяты сот арқылы анықталмаса да ол төлем төлеудi тоқтатқан жағдайда немесе оның мүлкiнен өндiрiп алуды өтiну нәтижесiз болған жағдайда;

3) вексель берушi акцептке жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған жағдайда жүзеге асыра алады.

Төлем төлеушiнiң төлемдi тоқтату фактiсiн сот арқылы анықтау тәртібі, сондай-ақ мүлiктi өндiрiп алуға өтiнiш жасау тәртібі осы Заңның 94-бабында белгiленген.

Вексель бойынша акцепт пен төлем үшiн жауап беретiн тұлғаларға керi талапты вексель бойынша төлем мерзiмiнен кешiктiрмей қоюға болады (осы баптың 2 және 3-тармақтары үшiн).

43-бап

Акцептен немесе төлемнен бас тарту - бас тарту фактiсiн куәландыратын актiмен расталуға тиiс (акцепт емес немесе төлем төлемеу наразылығы).

Вексель берушi аударым векселiнiң өз мәтiнiнде ресми акт арқылы наразылық жасауды талап еткен жағдайларды қоспағанда, наразылық вексельдiң өзiнде жасалып және төлем төлеушi қол қойған өтiнiшпен алмастырылуы мүмкiн. Мұндай өтiнiш наразылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiмде жасалуға және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тiзiлiмдемеге енгiзуге тиiс. Бұл орайда күнi белгiленбеген индоссамент наразылық бiлдiрiлгенге дейiн қойылған деп есептеледi.

Акцептемеуге наразылық акцептке ұсыну үшiн белгiленген мерзiмде жасалуға тиiс. Егер 23-баптың бiрiншi азатжолында көзделген жағдайда, бiрiншi рет ұсыну мерзiмнiң соңғы күнi орын алса, онда наразылық бiлдiру келесi күнi жасалуы да мүмкiн.

Төлем төлемеу наразылығы аударым векселi төленетiн күнi не келесi екi жұмыс күнiнiң бiрiнде жасалуға тиiс.

Акцептемеу наразылығы төлемге ұсынудан және төлем төлемеу наразылығынан босатады.

төлем төлеушi вексельдi акцептегенiне немесе акцептемегенiне қарамастан төлемдi тоқтатқан жағдайда немесе вексель ұстаушы төлем төлеушiнiң мүлкiнен өндiрiп алуға жасаған әрекетi нәтижесiз болған жағдайда, төлем төлеушiге төлеу үшiн вексельдi ұсынғаннан кейiн және наразылық бiлдiрiлгеннен кейiн ғана вексель ұстаушы өзiне берiлген құқықтарын жүзеге асыра алады.

Төлем төлеушi вексельдi акцептегенiне, немесе акцептемегенiне қарамастан, банкрот деп танылған жағдайда, сондай-ақ акцептеуге жатпайтын вексель бойынша вексель берушi банкрот деп танылған жағдайда, вексель ұстаушының өзiне берiлген құқықтарын жүзеге асыру үшiн сот органдарының оны банкрот деп тану туралы ұйғарымын ұсынуының өзi жеткiлiктi болады.

44-бап

Вексель ұстаушы өзiнiң индоссанты мен вексель берушiсiн акцептелмегенi немесе төлем төленбегенi туралы наразылық бiлдiрiлген күннен кейiнгi төрт жұмыс күнi iшiнде немесе «шығынсыз айналым» деген ескерту болған жағдайда, ұсынудан кейiнгi күнi хабардар етуi тиiс. Әрбiр индоссант хабарлама алғаннан кейiнгi екi жұмыс күнi iшiнде өздерi алған хабарламасымен қатар алдыңғы хабарламаны жолдаушылардың атаулары мен мекен-жайларын, өзiнiң индоссантына және одан әрi вексель берушiге дейiн жеткенше хабарлауға тиiс. Жоғарыда аталған мерзiмдер алдыңғы хабарлама алынған сәттен бастап саналады.

Егер аударым векселiне өзiнiң қолын қойған әлдекiмге алдыңғы азатжолға сәйкес хабарлама жiберiлетiн болса, онда дәл сондай хабарлама сол мерзiмде ол үшiн аваль берген адамға жiберiлуi тиiс.

Егер индоссанттардың бiреуi өзiнiң мекен-жайын көрсетпеген жағдайда немесе анықтап жазбаған жағдайда, оның алдындағы индоссантқа хабарлама жiберiлгеннiң өзi жеткiлiктi болады.

Хабарламаны жiберушi адам оны қандай түрде болса да, тiптi аударым векселiнiң өзiн қайтару жолымен де жасай алады.

Ол хабарламаны белгiленген мерзiмiнде жолдағанын дәлелдеуi тиiс. Егер мазмұнында хабарлама жазылған хат почта арқылы аталған мерзiмде жөнелтiлген болса, мерзiм сақталған деп есептеледi.

Жоғарыда аталған мерзiмде хабарламаны кiмде-кiм жiбермесе, ол өз құқығын жоғалтпайды; ол өзiнiң ұқыпсыздығынан келуi мүмкiн зиян үшiн жауап бередi, алайда өтелетiн зиянның мөлшерiн аударым векселiнiң сомасынан арттыруға болмайды.

Акцептемеу немесе төлем төлемеу туралы наразылық бiлдiрiлген жағдайда, нотариус вексельдегi бар не наразылық жасалуын талап еткен адамдардан алынған мекен-жайларға сәйкес оларға жазбаша хабарлама жiбере отырып, вексель бойынша барлық мiндеттi тұлғаларды бұл туралы ескертуге мiндеттi. Мұндай хабарламаның шығындары наразылық жөніндегі шығындарға қосылады.

45-бап

Вексель берушi, индоссант немесе авальшы құжатқа енгiзiлген және «шығынсыз айналым», «наразылықсыз» деген ескертуiне немесе соған бара-бар өзге де кез келген ескертулерге қол қойылуы арқылы вексель ұстаушыны акцептемеу немесе төлем төлемеу наразылығы регресiн жасау құқықтарын жүзеге асырудан босата алады.

Бұл ескерту вексель ұстаушыны аударым векселiн мерзiмiнде ұсынудан да, мезгiлiнде хабарлама жiберуден де босатпайды. Келісілген мерзiмдi сақтамау вексель ұстаушымен дауласқанда бұл жағдаятқа сiлтеме жасайтындарға дәлел болады.

Егер ескертудi вексель берушi енгiзген болса, онда вексельге қол қойған барлық тұлғаларға оның күшi болады; егер оны индоссант немесе авальшы енгiзген болса, онда оның күшi оның өзiне ғана қолданылады.

Егер вексель берушiнiң енгiзген ескертпесiне қарамай, вексель ұстаушы наразылық бiлдiрсе, онда наразылық бойынша шығындарды оның өзi көретiн болады. Егер ескертпенi индоссант немесе авальшы жасаған болса, онда наразылық шығындары, егер ол жасалса өздерiнiң қолын қойған барлық тұлғалардан талап етiлуi мүмкiн.

46-бап

Барлық аударым векселiн берушiлер, акцептегендер, индоссант ұсынушылар немесе оған аваль қойғандар вексель ұстаушының алдында бiрдей мiндеттi болып табылады.

Вексель ұстаушы барлық осындай тұлғаларға талап қоюға, олардың қабылдаған мiндеттерiн сақтау ретiн бұзуға мәжбүр болмағанмен, әрқайсысына жеке-жеке және барлығына бiрге талап қоюға құқылы.

Аударым векселiне қол қойған адамдардың әрқайсысы оны төлегеннен кейiн осындай құқықтарға ие бола алады.

Мiндеттi адамдардың бiрiне талап қою, тiптi олар алғашқы жауапкерден кейiн мiндеттенсе де, басқаларға да талап қоюға кедергi бола алмайды.

47-бап

Вексель ұстаушы өзi талап қоятындардан мыналарды талап ете алады:

1) егер шарт қойылмаса, акцептелмеген немесе төлем төленбеген аударым векселiнiң сомасын процентiмен;

2) вексель төленуге тиiстi күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерiнде вексель сомасынан өсiм;

3) наразылық бiлдiру жөніндегі шығындар, хабарлама жолдау жөніндегі шығындар, сондай-ақ басқа да шығындар.

Бұдан басқа, талап қоюшы вексель ұстаушы талап қою сомасына вексель сомасынан алынатын 0,01 % мөлшерiнде комиссия жинағын қосуы мүмкiн.

Егер талап қою төлем мерзiмi басталғанға дейiн ұсынылса, онда вексель сомасынан есептiк процент ұсталады. Бұл есептiк процент вексель ұстаушының тұратын жерiнде талап қойылған күнгi қолданымдағы ресми есептеу ставкасына (банк ставкасына) сәйкес есептеледi.

48-бап

Аударым векселiн төлеген адам, өзiнiң алдында мiндеттi адамдардан:

1) олардың төлеген барлық сомасын;

2) талапкер вексельдi төлеген күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерiнде есептелгенде көрсетiлген сомадан проценттердi;

3) олардың шекке шығындарын талап ете алады.

Вексельдi төлеген және вексель бойынша мiндеттi адамдарға талап қойған тұлға талап қою сомасына 0,05 % мөлшерiнде комиссия жинағын қоса алады.

49-бап

Талап қойылатын немесе талап қойылуы мүмкiн әрбiр мiндеттi тұлға аударым векселiн төлеуге қарсы наразылығымен және төлем төлегенi жөніндегі қолхатымен бiрге өзiне табыс етiлуiн талап ете алады.

Аударым векселiн төлеген әрбiр индоссант өзiнiң индоссаментiн және өзiнен кейiнгi индоссанттарды да сызып тастай алады.

50-бап

Iшiнара акцептегеннен кейiн регресi жүзеге асырылған жағдайда, вексельге акцептелмеген соманы төлеушi сол төлем жөнiнде вексельде белгi қойылуын және өзiне сол туралы қолхат берiлуiн талап ете алады. Вексель ұстаушы мұның үстiне оған вексельдiң куәландырылған көшiрмесiн және келесi регрестi жүзеге асыра алуы үшiн наразылық актiсiн беруге мiндеттi.

ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 51-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



51-бап

Талап қою құқығы бар әрбiр тұлға, басқаша ескертiлмегендiктен, өз алдында жауапты адамдардың бiрiне ұсынылуы бойынша берiлген жаңа вексель (керi тратта) арқылы сол тұлғаның тұратын жерi бойынша төлете отырып, төлем ала алады.

Керi траттаға 47 және 48-баптарда көрсетiлген сомадан басқа керi тратта бойынша куртаж да кiредi.

Егер керi траттаны вексель ұстаушы берген болса, онда оның сомасы ұсынылуы бойынша мерзiмдегi аударма векселдерi үшiн қойылған бағам бойынша белгiленедi, ол алғашқы вексель бойынша төлем төленетiн жердегi жауапты адамның тұрған жерiнде берiледi. Егер керi траттаны индоссант берген болса, онда оның сомасы ұсынылуы бойынша мерзiмдегi аударым векселдер үшiн қойылған бағам бойынша белгiленедi, ол керi тратта бойынша вексель берушiнiң тұратын жеріндегі кепiл болған адамның тұрған жерiнде берiледi.

52-бап

Ұсынылу мерзiмiнде немесе ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта төленетiн аударым векселiн ұсыну үшiн;

акцептемеу немесе төлем төлемеу наразылығын жүзеге асыру үшiн;

«шығынсыз айналым» деген ескертпесi болған жағдайда, төлемге ұсыну үшiн, белгiленген мерзiм өткен соң вексель ұстаушы индоссанттарға қарсы, вексель берушiге қарсы және, акцептантты қоспағанда, басқа мiндеттi тұлғаларға қарсы өзiнiң құқықтарын жоғалтады.

Вексель берушiмен келісілген мерзiмде акцептке ұсынылмаған жағдайда, вексель ұстаушы төлем жасамаудың салдарынан, сондай-ақ егер вексель берушi акцепт үшiн жауапкершiлiктен өзiн босатуды көздегендiктен ғана қоятын шартының мазмұнынан туындамаса, акцептемегеннiң салдарынан өзiне тиiстi құқықтарынан айырылады.

Егер индоссаментте ұсынылу мерзiмi келісілсе, оған тек индоссант қана сiлтеме жасай алады.

53-бап

Егер аударым векселiн ұсынуға немесе белгiленген мерзiмде наразылық жасауға бой бермейтiн бөгет кедергi болған жағдайда (қайсы бiр мемлекеттiң заң өкiмдерi немесе жеңуге болмайтын басқа да күштер болған жағдайда) бұл мерзiмдер ұзартылады.

Вексель ұстаушы өзiнiң индоссантын кедергi жасайтын күштер жайы туралы кiдiрiссiз хабарлауға және аударым векселiне немесе аллонжға осы хабарлама туралы, оның күнiн және өзiнiң қолын қоя отырып белгi салуға мiндеттi; басқаларына 44-баптың ережесi қолданылады.

Кедергi жасайтын күштердiң әрекетi тоқтағаннан кейiн вексель ұстаушы вексельдi акцептеуге немесе төлем жасауға кiдiрiссiз ұсынуға, егер қажет болса, наразылық жасауға тиiс.

Егер төлем жасалған мерзiмнен кейiн кедергi жасайтын күштердiң әрекетi отыз күннен аса уақыт жалғасатын болса, онда регрестi жүзеге асыру үшiн вексельдi ұсыну да, наразылық жасау да қажеттi болып табылмайды.

Ұсынылу мерзiмi немесе ұсынылғаннан кейiнгi белгiлi бiр уақыт көрсетiлген аударым вексельдерi үшiн отыз күндiк мерзiм вексель ұстаушы кедергi жасайтын күштер жайында өзiнiң индоссантына хабарлаған күннен бастап өте бастайды; бұл хабарлау вексельдi ұсыну үшiн белгiленген мерзiм өткенге дейiн де жасалатын болады; ұсынылғаннан кейiнгi белгiлi бiр уақыттағы аударым вексельдерi үшiн отыз күн аударым векселiнде көрсетiлген ұсыну мерзiмiне ұзартылады.

Вексель ұстаушыға немесе оны вексель ұсынуды немесе наразылық жасауды тапсырғандарына тiкелей қатысты жағдайлар кедергi жасайтын күш болып саналмайды.

8-тарау. Делдалдық туралы



1. Жалпы ережелер

54-бап

Вексель берушi, индоссант немесе авалшы қажет болатын жағдайда акцепт немесе төлем үшiн қандай да бiр тұлғаны көрсете алады.

Аударым векселiн регресс тәртібімен мiндеттi борышкерлердiң әлдебiрi үшiн делдал ретiнде әрекет етушi тұлға төменде белгiленген шарттарда қабылдауы және төлеуi мүмкiн.

Акцептантты қоспағанда, үшiншi тұлға, тiптi төлемшi немесе аударым векселi бойынша мiндеттi қандай да бiр тұлға делдал болуы мүмкiн.

Делдал өзiнiң кiм үшiн делдалдық жасайтыны жөнiнде екi жұмыс күнi iшiнде хабарлауға тиiс. Осы мерзiмдi сақтамаған жағдайда ол өзiнiң ұқыпсыздығынан келген зиян үшiн тиiстi жағдайларда жауап бередi, алайда шығын вексель сомасынан аспайтын мөлшерде өтелуге тиiс.

2. Делдалдық тәртібімен акцепт жасау



55-бап

Вексель ұстаушының акцептелуге тиiс аударым векселiнде төлем мерзiмi басталғанға дейiн регреске құқығы туындайтын барлық жағдайларда делдалдық тәртібімен акцепт жасау орын алуы мүмкiн.

Егер аударым векселiнде, қажетiне қарай, төлем орнында акцепт үшiн немесе төлем үшiн тұлға көрсетiлсе, онда вексель ұстаушы төлем мерзiмi басталғанға дейiн өзiнiң регрестiк құқығын осындай нұсқауды берушiге қарсы және осы нұсқау берiлгеннен кейiн қолдарын қойған адамдарға қарсы, бiрақ мұның бәрi ол аударма векселiн аталған тұлғаға ұсынған және соңғысы акцептен бас тартқан ретте бұл қарсылық наразылық бiлдiрумен куәландырылған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Делдалдықтың басқа жағдайларында вексель ұстаушы делдалдық тәртібімен акцепт жасауды қабылдамай тастауы мүмкiн. Алайда, егер ол акцепт жасауға жол берсе, акцепт кiмнiң есебiнен берiлсе, соған қарсы және одан кейiн қол қойған тұлғаларға қарсы төлем мерзiмi жеткенге дейiнгi регресс құқығын жоғалтады.

56-бап

Делдалдық тәртібімен акцепт жасау аударым векселiнде белгiленедi; акцептке делдал қол қояды. Онда ол кiмнiң есебiнен жасалғандығы көрсетiледi; мұндай көрсету жоқ болса, акцепт вексель берушi үшiн жасалған деп есептеледi.

57-бап

Делдалдық тәртібімен акцептант вексель ұстаушыға қатысты және өзi соның есебiне делдал ретiнде әрекет еткен тұлғадан кейiн осы тұлғамен бiрдей негiздерде жазбалар жазған индоссанттарға қатысты мiндеттенедi.

Делдалдық тәртібімен акцепт жасалуына қарамастан, өз есебiнен акцепт жасалған тұлға, сондай-ақ ол үшiн жауапты тұлғалар вексель ұстаушыдан 47-бапта аталған соманы төлеуге қарсы вексельдiң, наразылық бiлдiрудiң және тиiстi жағдайда төлем төленгенi туралы қолхатпен бiрге шотты тапсыруды талап ете алады.

3. Делдалдық тәртібімен төлем төлеу



58-бап

Делдалдық тәртібімен төлем төлеу төлем мерзiмi басталған кезде, не төлем мерзiмi басталғанға дейiн вексель ұстаушыда регреске құқық пайда болған барлық жағдайларда орын алуы мүмкiн:

Төлем кiмге төлем жүргiзiлсе, соған төленуге тиiстi барлық соманы жабуы тиiс.

Ол ең кем дегенде төлемсiздiкке наразылық жасау үшiн берiлген соңғы күннен кейiнгi келесi күнi жасалуы тиiс.

59-бап

Егер аударым векселi төлем төлеу орнында өзiнiң тұрғылықты жерi бар делдалдармен акцептелсе, немесе, егер онда өзiнiң тұрғылықты жерi бар тұлғалар төлем үшiн қажет болар деп көрсетiлген жағдайда, вексель ұстаушы вексельдi осы тұлғалардың бәрiне ұсынуы және тиiстi жағдайларда наразылық жасау үшiн берiлген соңғы күннен кейiн ең кем дегенде келесi күнi төлемсiздiкке наразылық жасауы тиiс.

Егер наразылық бұл мерзiмде жасалмаса, онда төлем үшiн керек болар деп көрсетiлген тұлға немесе өз есебiнен вексель акцептіленген тұлға сондай-ақ келесi индоссанттар мiндеттi болуларын тоқтатады.

60-бап

Делдалдық тәртібімен төлем төлеуден бас тартқан вексель ұстаушы жауапкершiлiктен босатылғандарға қарсы регресске өз құқығын жоғалтады.

61-бап

Делдалдық тәртібімен төлем төлеу аударым векселiнде қолхатпен, төлем жасалған тұлға көрсетiле отырып, куәландырылуға тиiс. Мұндай нұсқау жоқ болған жағдайда, төлем вексель берушi үшiн жасалған деп есептеледi.

Аударым векселi мен наразылық бiлдiру, егер мұндай жасалса, делдалдық тәртібімен төлем жасаушыға табысталуы тиiс.

62-бап

Делдалдық тәртібімен төлем жасаған тұлға өзi кiм үшiн төлесе, соған қарсы аударым векселi бойынша осы соңғының алдында мiндеттi болатындарға қарсы аударым векселiнен туындайтын құқыққа ие болады. Алайда ол аударым векселiн қайта индоссаттай алмайды.

Аударым векселiне өз қолын қойған және өзi үшiн төлем жасалған тұлғадан кейiнгi тұрған индоссанттар жауапкершiлiктен босатылады.

Делдалдық тәртібімен төлеу туралы бiрнеше ұсыныс бәсекеге түскен жағдайда қайсысы жауапкершiлiктен адам санын барынша көп босатса, соған артықшылық берiледi. Осы ереженi бұзып отырғандығын бiлетiн делдал жауапкершiлiктен босатылатындарға қатысты регресске өз құқығын жоғалтады.

9-тарау. Даналарының көптiгi туралы және көшiрмелер туралы

 

1. Даналарының көптiгi



63-бап

Аударым векселi бiрнеше бара-бар даналармен берiлуi мүмкiн.

Бұл даналар құжат мәтiнінiң өзiнде ретiмен келетiн нөмiрлермен жабдықталуға тиiс; олай болмаған жағдайда даналардың әрқайсысы жеке аударым векселi ретiнде қаралады.

Егер вексельде оның жалғыз данамен берiлгендiгi көрсетiлмесе, онда вексель ұстаушы өз есебiнен оған бiрнеше дана берiлуiн талап ете алады. Бұл үшiн ол тiкелей өзiнiң индоссантына өтiнiш жасай алады, ол оған өз индоссантына және т.т. қатысты вексель берушiге дейiн жеткенше жәрдем көрсетуге мiндеттi. Индоссанттар индоссаменттердi жаңа даналарда көбейтуге мiндеттi.

64-бап

Бiр-бiр данадан жасалған төлем бұл төлем тiптi басқа даналарды өтейдi деп көрсетiлмесе де, жауапкершiлiктен босатады. Алайда төлемшi өзi акцепт жасаған және оған қайтарылмаған дана бойынша жауап бере бередi.

Түрлi тұлғаларға даналар берген индоссант, сондай-ақ келесi индоссанттар да қолдары қойылған және қайтарылмаған барлық даналар бойынша мiндеттi болады.

65-бап

Акцепт үшiн даналардың бiреуiн жiберген тұлға қолында осы дана бар тұлғаның атауын басқа даналарда көрсетуi тиiс. Бұл соңғы тұлға оны басқа дананы заңды ұстаушыға табыс етуге мiндеттi.

Егер ол мұны жасаудан бас тартатын болса, вексель ұстаушы оған наразылық бiлдiрiп:

1) акцепт үшiн жiберiлген дана оның талап етуiне қарамастан, оған берiлмегенiн;

2) акцептiң немесе төлемнiң басқа дана бойынша алынуы мүмкiн еместiгiн куәландырғаннан кейiн ғана талап қою құқығын жүзеге асыра алады.

2. Көшiрмелер

66-бап

Аударым векселiн ұстаушының әрбiрiнiң одан көшiрме алуға құқығы бар. Көшiрме индоссаменттерiмен және онда бар барлық басқа белгiлермен бiрге түпнұсқамен дәлме-дәл жасалуға тиiс. Онда қай жерге дейiн түсiрiлгенi көрсетiлуге тиiс.

Көшiрменiң де түпнұсқадағы сияқты тәртiппен және сондай ретпен индоссатталуы және авальдануы мүмкiн.

67-бап

Көшiрмеде қолында түпнұсқа құжат бар тұлға көрсетiлуге тиiс. Ол тұлға аталған құжатты көшiрменiң заңды ұстаушысына табыс етуге мiндеттi.

Егер ол мұны жасаудан бас тартса, вексель ұстаушы оның талап еткенiне қарамастан түпнұсқаның оған берiлмегенi наразылықпен куәландырылғаннан кейiн ғана индоссанттарға немесе авальшыларға қарсы регресс құқығын жүзеге асыра алады.

Егер түпнұсқа құжатта көшiрмесi түсiрiлгенге дейiн жасалған соңғы индоссаменттен кейiн: «осы жерден бастап индоссаттау тек көшiрмеде ғана жарамды» деген ескертпе болса немесе қандай да бiр өзге де кез келген осыған тең келетiн тұжырым болса, онда осыдан кейiн түпнұсқаға қойылған индоссамент жарамсыз болып табылады.

10-тарау. Өзгерістер туралы



68-бап

Аударым векселiнiң мәтiнi өзгерген жағдайда, осы өзгерiстен кейiн қол қойған тұлғалар өзгерген мәтiннiң мазмұнына сәйкес жауап бередi; осы өзгерiске дейiн қол қойған тұлғалар бастапқы мәтiннiң мазмұнына сәйкес жауап бередi.

11-тарау. Мерзiмi өткенi туралы

69-бап

Акцептантқа қарсы аударым векселiнен туындайтын талап-арыздар төлем мерзiмiнен үш жыл өткен соң өтеледi.

Вексель ұстаушының индоссантқа қарсы және вексель берушiге қарсы талап-арыздары белгiленген мерзiмiнде жасалған наразылық бiлдiрген күннен бастап бiр жыл өткен соң немесе шығынсыз айналым туралы ескертiлген жағдайда төлем мерзiмi күнiнен бастап өтеледi.

Индоссанттардың бiр-бiрiне және вексель берушiге талап-арыздары индоссант вексель төлеген күннен бастап немесе оған талап қойылған күннен бастап, алты ай өткен соң өтеледi.

Талап ету құқығын жоғалтқан жағдайда немесе талап етудiң мерзiмi өтiп кеткенде өтеудi қамтамасыз етпеген вексель берушiге қарсы немесе жөнсiз байып кеткен вексель берушiге не индоссантқа қарсы, не өтеуi қамтамасыз етiлген немесе жөнсiз байып кеткен акцептантқа қарсы талап ету құқығы сақталады.

Талап ету мерзiмiнiң өтуi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тоқтатылуы мүмкiн.

70-бап

Мерзiмi өтiп кеткен үзiлiстiң тек мерзiмi өтуiн тоқтатуға iс-қимыл жасалған адамға ғана қатысты күшi болады.

12-тарау. Жалпы қаулылар

71-бап

Белгiленген мерзiмi заң бойынша жұмыс iстелмейтiн күнге тап келген аударым векселi бойынша төлем тек келесi жұмыс күнiнде ғана талап етiлуi мүмкiн. Аударым векселiне, атап айтқанда, акцептке және наразылық бiлдiруге қатысты барлық басқа iс-әрекеттер бiрдей дәрежеде тек жұмыс күнi орындалуы мүмкiн.

Егер бұл iс-әрекеттердiң қайсы бiрi соңғы күнi белгiленген заң бойынша жұмыс iстелмейтiн күн болып табылатын белгiлi бiр мерзiм iшiнде жасалса, онда мерзiм өткеннен кейiнгi ең таяу жұмыс күнiне дейiн мұндай мерзiм ұзартылады. Мерзiм iшiнде тап келетiн жұмыс iстелмейтiн күндер мерзiмнiң есебiне жатады.

Жұмыс iстелмейтiн күндерге Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жұмыс күнi емес деп танылған жұмыс күндерi жатады.

72-бап

Заңмен немесе вексельде белгiленген мерзiмге сол мерзiмнiң басталған күнi қосылмайды.

73-бап

Ешқандай жеңiлдiктi күндерге заң бойынша да, сот бойынша да жол берiлмейдi.

13-тарау. Жай вексель туралы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет