Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі



Дата25.02.2016
өлшемі113.53 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ
Құлтанов Б.Б., Сегізбаева Д.Ү.,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,

Қызылорда қаласы
Мемлекеттің зейнетақы жүйесі- бұл елдің еңбекке қабілетсіз азаматарын материалдық қамтамасыз ету үшін жасалған өзара ұйымдасқан, біріккен ұйымдардың жиынтығы.

Бұл берілген анықтама бойынша зейнетақы жүйесі объектісі еңбекке жарамсыз, қабілетсіз адамдар, ал зейнетақы жүйесінің субъектісі зейнетақымен қаржыландыруды қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар болып табылады. Зейнетақы жүйесін құру және басқару сұрақтары экономикалық әдебиеттерде қазіргі күнге дейін аз қарастырылған.

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты саласындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Алғашқы зейнетақы жүйелерінің 100 жыл бұрын пайда болғанына және рефор­ма­лаудың бір ғана кезеңінің өтпегеніне қарамастан, бүгінгі күні зейнетақымен қам­сыздандыру қайтадан күрделене түсті. Зейнетақы реформалары бүгінгі күні бар­лық елде жүргізілуде және ел үкіметтері зейнетақымен қамсыздандыру деңгейінің жоғары болуы үшін қолдан келгеннің бә­рін жасауда. Бұл сондай-ақ Қазақстан үш­ін де өзекті мәселе болып отыр.

Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы іс-әрекеттер қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің маңызды әлеуметтік қызмет болып табылады. Ол ұлттық табысты қайта бөлу тетігі арқылы өзінде реттеу құралдарын зейнетақымен қамтамасыз етуге бағыттайды және соған сәйкес экономикалық қатынастардың нысаны ретінде қатысады. Себебі, ол қоғамның жұмыс істемейтін мүшелеріне көмек көрсетудің мүмкіндіктерін және осы көмектердің өлшемдерін анықтайды.

Қазақстанның зейнетақы жүйесі әлемдік тәжірибеге сүйене отырып тиімді үлгіні енгізу арқылы әдістемелік негізін қалыптастыру керек.

Зейнетақы жүйесінің қызмет етуінің әдістемелік жүйесі төмендегі кестеде берілді. (кесте 1)


Кесте 1- Әлем елдеріндегі тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің үлгілері



Зейнетақы жүйесінің үлгілері

Әдістемелік негіз

Экономикалық тетіктері

Басқарылуы

Зейнетақы төлеу түрлері

АҚШ

Америка үлгісі

Мемлекеттік реттеу



-сақтандыру компаниялары

-зейнетақы қорларынан

-мемлекеттік бағдарламаларынан


Скандинавия елдерінде

Әмбебап және әлеуметтік үлгі

Бір орталықтан жоспарлау

-мемлекеттен

-сақтандыру компаниялары



Германия

Бисмарк үлгісі

Үкіметтен реттеу

-мемлекеттен

-сақтандыру компаниялары



Ресей

Беверидж үлгісі

Бисмарк үлгісі



Бір орталықтан жоспарлау

-мемлекеттен

-сақтандыру компаниялары

-жинақтаушы қорларынан


Өзбестан

Кеңестік үлгі

Бір орталықтан жоспарлау

-мемлекеттен

Қазақстан

Чили үлгісі

Мемлекеттік реттеу

-мемлекеттен

-ынтымақты

-жинақтаушы қорларынан

Әлеуметтiк бағдарламалар, оларды жүзеге асырудың түрлері мен басқару қағидалары, сонымен қатар мемлекеттiк емес құрылымдардың қатысу дәрежесi көлемiндегi мемлекеттер бойынша ерекшелiктер өте кең.

2011 жылдың 1 қаңтарынан 1,6 миллионнан аса зейнеткерлердің зейнетақысы орта есеппен 30 пайызға арттырылды, нәтижесінде зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 24047 теңгені, орташа зейнетақы мөлшері 36205 теңгені құрады. Ал зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы мөлшері 52 226 теңгеге дейін арттырылды. Зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыс 32 еселенген 39 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтілді.

2012 жылы зейнетақы төлемдерінің мөлшері 11 пайызға арттырылды. Бұл ретте 2011 жылға базалық зейнетақы төлемінің мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 50 пайызын құрады.

Қазақстан Республикасының «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, айлық есептік көрсеткіштің мөлшері (АЕК) – 1852 теңге, ең төменгі зейнетақы 01.01.2014 жылдан бастап – 20782 теңге, күнкөріс деңгейі – 19966 теңге, базалық зейнетақы төлемі – 9983 теңге, яғни күнкөріс деңгейінің 50 пайызы, ең төменгі жалақы – 19966 теңге болып белгіленді.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалатын зейнетақы есептеу кезінде алынатын табыстың ең жоғарғы мөлшері (1852 теңге*39) = 72228 теңге, сонда ең жоғарғы зейнетақының мөлшері 54171теңге– (72228*75%) болды.

Барлық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға көбейтілді. Ал, толық емес көлемде зейнетақы алушылардың зейнетақы мөлшері екі тәсілмен қаралды:

1)  Алып отырған зейнетақы мөлшерін 9 пайызға көбейту;

2) Зейнетақы мөлшері 01.01.2014 жылға белгіленген 20782 теңге  ең төменгі зейнетақымен пропорционалды түрде  қайта қарау.

Сол сияқты АЕК-тің 1852 теңге болып белгіленуіне байланысты балалы отбасылардың жәрдемақыларын да көбейту көзделіп отыр. 

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері – тек қана жұмыс өтіліне және зейнетақыны есептеу үшін берілген орташа айлық табыс деңгейіне байланысты болады.

Зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.

14-15 жыл ішінде жинақтаушы зейнет­ақы қорлары жұмыс істейтін халықты зей­нетақы жүйесіне бірте-бірте тарта отырып, үлкен жұмыс атқарды. Бүгінгі күні (01.05.2013) зейнет­ақы активтерінің көлемі 3 трлн теңгеден астам болатын 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді (кесте 2):
Кесте 2-Қазақстан Республикасы зейнетақы нарығының құрылымы


Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалды құрылымы

1.01.2012

1.01.2013

Жинақтаушы зейнетақы қорларының саны

11

11

- оның ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды

дербес жүзеге асыратындар


11

11


Жинақтаушы зейнетақы қорлары филиалдарының саны

79

120

Республика өңірлеріндегі өкілдіктерінің саны

51

0

зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын

ұйымдардың саны


13

13


Кастодианды қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің

саны

10

10


- оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан

банктері

6

6

01.05.2013 жылғы мәліметтер бойынша таратылған зейнетақы қоры: «Жинақтаушы зейнетақы «Валют-Транзит Қоры»» АҚ.

2013 жылғы 1 қаңтар айына ең көп жинақталған зейнетақы қаражатының сомасына 4 қор ие болды: барлық қорлардың жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы көлемінен «Қазақстан Халық Банкі» – 1 060,3 млрд. теңге (33,3%), «ГНПФ» – 624,6 млрд. теңге (19,6%),, «Ұлар Үміт» - 401,0 млрд. теңге (12,6%) және «Грантум» - 304,4 млрд. теңге (9,6%) немесе жиынтығында осы 4 қордың үлесіне барлық жинақталған зейнетақы қаражатының 75,1 %-ы келді.

2012 жылдың басынан бастап зейнетақы аннуитет шарттарына сәйкес сақтандыру ұйымдарына алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жалпы сомасы ҚР Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 1.01.13ж. жағдай бойынша ағымдағы жай-күйі 30,2 млрд. теңгеге 16 891 алушыға жүзеге асырылды.

Зейнетақы төлемдері және қорлардан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2012 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 89,8 млрд. теңгеге немесе 38,5%-ға ұлғайып, 38,5 млрд.теңге болды.(кесте 3)


Кесте 3-Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты (млрд.теңге)


Жинақталған зейнетақы қаражатының

көлемі, млрд.теңге



1.01.2012

1.01.2013

Өсімі (%-бен)

жинақталған зейнетақы қаражаты

2651,4

3183,2

20,1

Зейнетақы жарналары

2003,7

2 470,1

23,3

«таза» инвестициялық кіріс

555,1

667,4

20,2

жинақталған зейнетақы қаражаты сомасындағы «таза» инвестициялық кірістің үлесі

20,9

21,0

0,1%

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЗАИБЖАҰ-да инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі ағымдағы жылдан бастап 536,1 млрд. теңгеге немесе 20,2%-ға өсіп, 3 188,3 млрд. теңге болды. (сурет 1)


Сурет 1. Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің өзгеру динамикасы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфелі құрылымында қарастырылып отырған кезеңде маңызды өзгерістер орын алған жоқ. Бұрынғыша, инвестициялықпортфельдің негізгі бөлігін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің корпоративті бағалы қағаздары құрайды.

Болжамдарға сүйене келсек, зейнетақы жүйесінде зейнетақымен қамсыздандыру тұрғысына қарай едәуір өзгерістер орын алады. Қазіргі уақытта зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер толық зейнетақы алу үшін ортақ жүйеде жеткілікті еңбек өтілі болғандықтан, зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі көзі тек қана ортақ жүйе болып табылады. Бағалаудың көрсетуі бойынша 2020 жылға дейін жаңадан зейнеткерлікке шыққан тұлғалар арасында толық зейнетақы алуды талап ететін еңбек өтілі бар зейнеткерлер болады. 2020 жылдан кейін еңбек өтіліне қарай ортақ зейнетақының мөлшері төмендей бастайды. 2040 жылға қарай ортақ зейнетақы жүйесі толығымен жинақтаушы жүйемен алмастырылады.

2013 жылдан бастап Қазақстанда еңбекке жарамды адамдар саны азаяды,керісінше зейнет жасындағы адамдар көбейеді, дейді әлеуметтік зеттеулер. Бұл үдіріс 2025-2026 жылдарға дейін жалғаспақ. Бұл еліміздің өткен ғасырдағы демографиялық жағдайына байланысты екен. Оны мамандар былай түсіндіреді: мәселен, 2013 жылы еңбекке жарамды қатарына 1995 жылғы туылған жастар қосылады. Ал 1995 жылдар кезінде елде бала туу көрсеткіші төмендеген болатын. Ал биыл зейнет жасындағы еңбекке жарамсыздар қатарына сонау жылдары соғыстан кейінгі «бэби-бум» кезінде дүниеге келгендер қосылады. Яғни бұл - 1948 жылы туылған ерлер мен 1953 жылы туылған әйелдер. Осыған байланысты, 2012 жылы еңбекке жарамдылар саны 63,6 пайыз болса (оның 31,7 пайызы әйелдер), 2030 жылы бұл көрсеткіш 58,3 пайызға, 2050 жылы 55,5 пайызға (оның 26,5 пайызы әйелдер) төмендейді. Сонымен қатар, айта кетер тағы бір жәйт, зейнеткерлердің саны 2012 жылы барлық тұрғындардың 10 пайызын құраған, оның 7,2 пайызы әйелдер болған. Ал 2030 жылдарға қарай зейнеткерлер саны барлық тұрғындардың 13,6 пайызын, 2050 жылға дейін 15,3 пайызын құрайды деп күтілуде. Ал оның 10,7 пайызы әйелдер болмақ. Сондай-ақ, бүгінде әйелдердің зейнетақы жинақтау қорларындағы жинақтары ерлермен салыстырғанда 25 пайызға төмен. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есептеулері бойынша, 2015 жылы бұл 50 пайызға дейін жетуі мүмкін. Ал 2018 жылға қарай мүлде азайып, теңгерімсіздікке әкеледі. Оның салдары әйелдердің мүлде төмен зейнетақы алуына әкеп соқтырады. Осыған орай Қазақстан әйелдердің зейнетке шығу жасын әр жыл сайын 6 ай қосып, 58-ден 63-ке көтеруді ойластырып отыр. Зейнетақы жүйесін жетілдіру бүгінде әлем елдерінің біразында орын алуда.

Германияда 2012-2019 жылдар аралығында зейнетке шығу межесін біртіндеп 65-тен 67 жасқа ұлғайту жүріп жатса, Нидерланды (63-тен 65 жасқа) мен Испанияда (65-тен 67 жасқа) бұл үдеріс 15 жылға созылмақ. Ал, Италия өткен жылдан бастап әйелдердің зейнеттік жасын бірден 60-тан 65-ке көтерді. Мұндай өзгеріс жасауды Грекия, Ұлыбритания, Австрия және Литва билігі де ойластырып жатқан көрінеді. Сонымен қатар, АҚШ, Франция, Жапония, венгрия, Польша, Чехия сынды елдерде де әйелдердің зейнетке шығу жасы жоғары.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында жақын онжылдықта әлеуметтік қорғау мәселесі еліміздің негізгі даму басымдықтары болып белгіленген.  Осыған байланысты, жақын келешекте қолданыстағы зейнетақы жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізуді талап ете­тін базалық және ынтымақты деңгейлерде зейнет­ақы төлемдерінің мөлшерін арттыру тетіктерін әзірлеу өзекті мәселенің бірі болып тұр. Келешекте, тиісті шаралар қабылданғаннан кейін базалық зей­нетақының мөлшері 2015 жылға ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің 60%-на жеткізіледі, ал ынты­мақты зейнетақы төлемдері жыл сайын инфляция деңгейіне қарай міндетті түрде өсіріліп тұрады.

Қазақстан  Үкіметі 2011 жылдың наурызында бекіткен «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарла­масы­ның аясында тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту жоспарланып отыр. Аталмыш бағдарлама өз бетінше жұмыспен қамтыл­ғандар, жұмыссыздар мен табысы аз қазақстан­дықтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесуге ғана емес, өз бетінше жұмыспен қамтылған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартуға да бағытталған. Жұмыспен қамту бағдарламасының нәтижесінде жинақтаушы зейнет­ақы жүйесімен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысатындардың саны 2016 жылға қарай шамамен 1,0 млн. адамды құрайтын болады. Бұл ретте бағдарламамен қамтылған өз бетінше жұмыспен айналысушы адамның 60 %-ы жалдамалы қызметкер мәртебесіне ие болады. Өз бетінше жұмыспен айна­лысатындардың жалақысын төлеуге жұмсалатын субсидия сомасынан   10 % мөлшерінде міндетті зейнетақы жарна аударылатын болады. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың екінші бөлігі (40 %) өз пайдасына 22,2 млрд. теңге сомасында міндетті зейнетақы жарнасын аударады. Сонымен бір уақытта өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу есебі мен мониторингін жетілдіру шаралары қабылданады.



Қорыта келе, Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамытудың келешек перспективалары ұлттық экономиканың шикізат моделінен индустриялық-инновациялық моделіне өтуімен тығыз байланысты, оның басты құрамдас бөлігі қоғам мен мемлекеттің заманауи зейнетақы жүйесінің жалпы рентабель­дігіне тікелей әсер ететін тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жаңарту болып табылады, ал мемлекеттік шығыстарды жоспарлаудың  негізгі басымдығы халықтың тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы және олардың әл-ауқатын нығайту болған және бола да береді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Н.Ә.Назарбаев ««Қазақстан- 2050» стратегиясы - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»- 15.12.2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.

  2. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

  3. Мергенбаева А.Т. Зейнетақы төлеуді жетілдіру жолдары// Альпари – 2009- 141-144б.

  4. Федотов Д. О формировании доходов внебюджетных фондов России //Финансы – 2011 – № 7,61-63б.

  5. www.minfin.kz

Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет