Қазақстан Республикасының 2005 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары



жүктеу 32.14 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі32.14 Kb.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары



Макроэкономикалық үрдістер. 2005 жылғы қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемі жедел деректер бойынша ағымдағы бағамен 1377,3 млрд. теңгені құрады. Нақты ЖІӨ-нің өсуі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,1% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі ЖІӨ-ден 39,6%, қызмет көрсету – 54,7% құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2005 жылғы сәуірде 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары мен тарифтері 3,3%, азық-түлік емес тауарлардың - 1%, ақылы қызметтердің – 2,3% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2005 жылғы сәуірде 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 10,5% өсті.

2005 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны сараптық бағалау бойынша 656,2 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына 8,5% құрады, соның ішінде сәуірдің соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 120,7 мың адам, олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі 1,6%.



Экономиканың нақты секторы. 2005 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1490,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 7,3%-ға артық. Өндіріс көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 10,9%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 3,3%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 4,3%-ға өсті.

2005 жылғы қаңтар-сәуірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 93,6 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,8%-ға өсті.

2005 жылғы қаңтар-сәуірде жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 536,6 млн. тоннаны құрап, 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,8%-ға өсті.

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 380,2 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 10,7%-ға артты.

2005 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 449,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-сәуірдегіден 1,5 есе көп.

2005 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша республикада 215867 заңды тұлға тіркелген, соның ішінде қызметкерлерінің саны 50 адамға дейін - 202756. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар - 163332. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар – 151139 құрайды, олардан шағын бизнес субъектілері - 108707.



Сыртқы сауда. 2005 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 9009,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2004 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 40%-ға өсті, соның ішінде экспорт – 5656,1 млн. АҚШ доллары (41,3%-ға өсті), импорт – 3353,8 млн. АҚШ доллары (37,9%-ға өсті).

Қаржы. 2005 жылғы 1 сәуірге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен табыстар көлемі 396 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 сәуірдегіден 36,9%-ға артық, шығындар – 279,5 млрд. теңге (2004 жылғы тиісті кезеңдегіден 8%-ға көп).

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2005 жылғы наурызда салық салғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған қаржылық нәтиже табыс есебінде 156,8 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2004 жылғы наурыздағыдан 90,3%-ға артық. Пайдалылық деңгейі – 39,3%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 41,5% құрады.



2005 жылғы 1 сәуірге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 1623,4 млрд. теңгені құрады. Олардың өсуінің тұрақты серпіні байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі 66,9%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 51,3% құрады. 2005 жылғы 1 сәуірге банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 1361,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы
1 сәуірдегіден 68,2%-ға көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары), тиісінше, 467,9 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы 1 сәуірдегіден 33,1%-ға көп.

Халық табысы. 2005 жылғы наурызда, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 13819 теңгені құрап, 2004 жылғы наурызбен салыстырғанда 14,7%-ға, нақты ақшалай табысы 7,1%-ға өсті.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет