Қазақстан республикасының 2012 – 2016 жылдарға арналғАН


Тұрақты экономикалық өсудің негізін құру



бет4/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.91 Mb.
#5651
1   2   3   4   5   6

4.2. Тұрақты экономикалық өсудің негізін құру

Индустриялық-инновациалық даму

Іске асырудың тетiктері және құралдары


Экономиканың орнықты және теңгерімді өсімін қамтамасыз етуге бағыталған мемлекеттік саясат 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.

Орта мерзімді перспективада экономиканы әртараптандыруға, үдемелі индустрияландыру жолымен қол жеткізілетін болады. Индустрияландырудың негізіне дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларды дамыту арқылы мемлекеттік және жеке секторлардың өзара іс-қимылының тиімділігі, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанды қамтуды ұлғайтуды арттырудың, шикізат емес басым секторларды дамыту қағидаттары алынатын болады. Барлық секторларды экономиканың өнімділігін арттыру индустрияландырудың нәтижесіне айналады.

Индустриялдық-инновациялық дамуға бағытталған мемлекеттік саясат қолайлы макро ортаны, басым секторлар мен қаржылық және қаржылық емес қолдаудың кешенді шараларын, сондай-ақ озық технологиялар мен импорт алмастыру өндірістерін дамыту бойынша шағын және орта бизнестің бастамаларын қолдауды қамтиды.

Қазақстанды индустрияландырудың республикалық және өңірлік карталарының ірі инвестициялық жобаларын іске асыру индустриялық- инновациялық бағдардың негізгі тетігіне айналады.

Жобаларды қолдау қаржылық және қаржылық емес қолдаудың іріктемелі шараларының құрастырылған пакетін беру арқылы жүзеге асырылады.

Қолдаудың инфрақұрылымдық шаралары өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру схемасы арқылы іске асырылатын болады, жобаларды инфрақұрылымдық және ресурстық қамтамасыз ету, минералды шикізат және еңбек ресурстарын, өткізу нарықтарын оңтайлы бөлу мәселелерін шешудің тұрақты өзектендіріліп отыратын құралы болып табылады.

Ірі жоғары технологиялық индустриялық жобаларды іске асыру және жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау жуырда іске қосылған «Өнімділік-2020» және «Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру» бағдарламалары шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.

«Өнімділік – 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірістік үдерістерді оңтайландыруды және инновациялық гранттар беруді қамтамасыз ететін конструкторлық бюролардың жаңа өнімдерді өндіріске енгізу жолымен еңбек өнімділігінің артуы қамтамасыз ететін болады.

Инвестицияларды әлеуметтік маңызы бар секторға ынталандыру мақсатында бюджет және концессия заңнамасына қажетті өзгерістер арқылы мемлекеттік-жеке меншік кәсіпкерлік тетіктерін пайдалануды жетілдіру жолымен жүзеге асырылатын болады.

Мемлекет озық технологиялар трансфертіне, жаңа экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістерді құруға инвестицияларды тартуға бағытталған Қазақстанның шағын және орта бизнесінің бастамаларына қолдау көрсетеді.

Шағын және орта бизнестің бастамалары қазірдің өзінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша, ал микробизнес - Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде қолдауға ие болып отыр.

Отандық компанияларды сыртқы нарықтарға ілгерілеу жөнінде қолдау үшін «Экспорттаушы 2020» бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Бұл үшін тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі тұтастай жүйе құрылатын болады, ол ынталандыру шараларының кешенін, сондай-ақ шетелдік инвесторлармен жұмыстың институционалдық тетігін қамтитын болады.

Жоспарлы кезеңде тікелей инвестицияларды тарту мақсатында «Инвестор – 2020» бағдарламасы іске асырылатын болады.

Жалпы қолайлы инвестициялық ахуалдар жасау бойынша шаралармен қатар трансұлттық компаниялар үшін жобаларды Қазақстан Республикасының аумағында іске асыру жөнінде жағдай жасалатын болады.

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» және заңды және инвестицияларды тарту, АЭА дамыту, және экспортты ынталандыруды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы 2010 – 2014 жылдары шикізат емес экспортқа бағдарланатын және жоғары технологиялық өндірістерге және тауарлар экспортын ілгерілететін болады әлемдік сауда жүйесіне интеграциялауды тартымды жағдайларын жасау мүмкіндігі болады.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңды іске асыру реттеу, ынталандыру әкімшілік шаралар есебіне ғимараттарда, құрылыстарда, үймереттерде және энергияның басқа да тұтынушылары есебінен энергияның тиімділігін арттыруға, сондай-ақ отын энергетика ресурстарын тиімді пайдалану есебінен экономика салаларының энергия сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді, бұл Қазақстанның энергия сыйымды технологиядан энергия тиімді технологияларға өтуінің негізгі міндеті болып табылады.

Инвестициялық заңнаманы жетілдіру және елге инвестициялардың ағынын ұлғайту жөніндегі жүргізілетін жұмыстың шеңберінде жалпыға бірдей қолайлы инвестициялық ахуал жасау мақсатында заңнама деңгейінде көзделетін жұмыстар жүргізілетін және инвестицияларды тартуды ынталандыратын қосымша шараларды қабылдауды көздейтін жұмыстар жүргізілетін болады.

Танымал шетелдік инвесторлардың, трансұлттық компаниялардың қатысуымен барынша ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын және инвестицияларды кепілді қорғаудың ерекше шараларын қамтамасыз етуді көздейтін жекелеген инвестициялық келісімдер жасалатын болады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жобалық қаржыландыру қағидатын енгізу мақсатында заңнамалық актілерге мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын тиімді іске асыруға, тәуекелдерді барынша азайтуға, кредиторлардың құқықтарын қорғау мен күшейтуге бағытталған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Халықты инвестициялық үдерістерге кеңінен тарту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Халықтық IPO» бағдарламасы әзірленуде.

Бағдарлама халық үшін отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын және тұтастай ел экономикасын халықтың жинақтарын капитал нарығына тарту, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік және жеке компанияларың кең ауқымының қаржы нарығына шығуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету есебінен дамытуға бағытталған.

«Халықтық IPO» бағдарламасына, сондай-ақ халықтың зейнетақы жинақтарын басқаратын жинақтаушы зейнетақы қорлары да қатысады, бұл халықтың барынша аз шығын жұмсай отырып «Халықтық IPO» бағдарламасына жанама түрде тартылуын ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бағалы қағаздардың қосымша нарығында өтімділікті қолдау арқылы акциялардың бағасына оң ықпалын тигізетін болады.

Индустриялық-инновациялық қызметке ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу және оны мемлекеттік қолдау шараларын айқындау мақсатында индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі Заң қабылданатын болады.


Экономика салаларын дамыту


«Дәстүрлi индустриялардағы» өндiрiстi әртараптандыру

Мұнай-газ секторын дамыту саясаты мұнай мен газдың экспортын ұлғайтуға, мұнайды тасымалдаудың экспорттық бағыттарын әртараптандыруға, жаңа мұнай құбырларын салуға, ішкi нарықтың мұнай өнiмдерi мен газға қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған.

Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Осы бағдарлама шеңберінде мынадай үлкен жобалар қарастырылған, олар: Бейнеу-Бозой-Шымкент магистарльдық газ құбырын салу, Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумы өндiрiсiн салу (Қаражамбас ауыр мұнайын қайта өндіру), қолданыстағы үш МӨЗ қайта құру және жаңғырту, интеграцияланған газ-химия кешенiн салу.



Тау-кен металлургия саласындағы басты саясат ішкі нарықта шикізатты барынша өңдеуге, базалық металдарға шығу және жоғары деңгейдегі өнім шығару арқылы машина жасау, құрылыс, фармацевтика сияқты өндірістің басқа да салаларын дамытуға бағытталады.

Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында мына міндеттер арқылы орындалады:

шағын және орта бизнестi тарта отырып, бәсекеге қабiлеттi өндiрiстер құру, қосылған құны жоғары терең қайта өңдеу өнiмдерiнiң үлесiн ұлғайту және номенклатурасын кеңейту;

ресурсты және энергияны қажетсiнудi төмендету мақсатында саланың жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарын жаңғырту және еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында қазiргi заманғы басқару технологияларын енгiзу;

шикiзатты алу және кешендi қайта өңдеу, өнiмнiң жаңа түрлерiн әзiрлеу бойынша инновацияларды дамыту және саланың ғылыми-технологиялық әлеуетiн белсендi түрде инновациялық үдерiстерге тарту;

салалық жобаларды қажеттi инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

минералдық шикiзат базасын ұлғайту және оларды молықтыруды қамтамасыз ету;

саланы бiлiктi еңбек ресурстарымен, оның iшiнде орта техникалық буынмен қамтамасыз ету;

ішкi нарыққа шикiзатты және металлургия өнiмдерiн жылжытуға жәрдемдесу;

сала кәсiпорындарының қоршаған ортаға зиянды ықпалын төмендету.

Бағдарлама шеңберінде көптеген ірі жобалар көзделген, соның ішінде Өскемен металлургиялық кешенiнiң мыс балқыту және электролиз зауытын салу; Васильков алтын кен орнын одан әрi игеру және алтын шығару фабрикасын салу; Титан кесегi мен қорытпасын өндiретiн зауыт салу; бастапқы алюминий шығаратын электролиз зауытын салу; Ақтоғай кен байыту комбинатын салу.

Химия өнеркәсібіндегі мемлекеттің саясаты химия өнеркәсiбiнiң одан әрi дамуына жағдай жасау және химия өнiмдерiн өндiрудің жалпы көлемi мен химия өнiмдерiн экспорттау көлемiн 2 есеге арттыру болып табылады.

Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде жүргізіледі.

Аммофос өндiретiн зауыт салу, «Shilisai Chemicals» ЖШС; Үшбас және Герес кенiштерiнiң негiзiнде моноаммоний мен диаммонийфосфат өндiру, «Үшгер» АҚ; Күкiрт қышқылын шығаратын зауыт салу; күкірт қышқылын шығаратын зауыт салу сияқты республикалық маңызы бар ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Инвестициялық жобалардың орындалуы химия өнiмдерiн өндiруді екі есеге ұлғайтуға, химия өнiмдерінің жаңа түрiн өндiрудi ұйымдастыруға, химия өнiмдерiнiң экспорттық әлеуетiн ұлғайтуға, ішкi нарықты отандық өндiрiстiң бәсекеге қабiлеттi, экспортқа бағдарланған қосылған құны жоғары химия өнiмдерімен толтыруға жағдай жасайды.


Мемлекеттің атом өнеркәсібін дамытудағы саясаты уран өндіруді ұлғайта отырып, үдемелі индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін атом энергетикасын құруға, атом энергетикасы мен атом ғылымы инфрақұрылымын дамытуға, ядролық-жанармай циклінің жаңа өндірісін құруға бағытталған.

Бұл мақсат 2020 жылға дейінгі даму перспективасымен Қазақстан Республикасында атом өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама арқылы іске асырылатын болады.


Ішкі сұранысты ынталандыру арқылы салаларды дамыту

Елімізде машина жасауды дамыту саясаты ішкі нарықтың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға және қосылған құны жоғары түпкілікті өнім өндірісін ұлғайту есебінен экспортты кеңейтуге бағытталған.

Қойылған мақсаттар Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру есебінен мыналар арқылы жүзеге асырылмақ:

шығарылатын ассортиментті көбейту бойынша икемді өндіріс орындарын құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және машина жасау өнімдерінің жаңа түрлерін игеру;

бөлшектер мен жинақтауыштар өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру;

қосылған құны жоғары машина жасау өнімдерін өндіретін заманға сай жаңа кәсіпорындар құру;

инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу;

тікелей инвестициалар үшін қолайлы жағдайлар жасау;

қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан елдерінің тауар нарықтарына жылжыту.

Көліктік машина жасау саласы бойынша 2016 жылға дейін Қостанай қаласында оқшаулау деңгейін 30 %-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобиль құрастыру өндірісі құрылады.

Мұнай-газ машина жасау саласы бойынша 2014 жылға дейін құбыр жүргізу арматурасын, сұйықтық сорғыларын, ұтқыр-бұрғылау құрылғыларын, сыйымдылық жабдықтарын шығару көлемі ұлғайтылып, отандық өнім үлесі 22%-ға дейін көтерілді.

Тау-кен машина жасау саласында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Целингормаш» ЖШС (Степногор қаласы) және Қарағанды машина жасау консорциумының кәсіпорындары сияқты машина жасау кәсіпорындары өндірістерін дамыту арқылы прокаттық станоктарын, рольганг, шахталық гидротіреулерін, гидрожылжымаларын өндіру дамытылады.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында ірі көлемді құймалар өндірісі, оның ішінде «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС өндірісі базасында ірі көлемді құймалар өндірісі, темір жол машина құрылысына қажетті жақтаулар, рессорлық арқалықтар өндірісі және «ҚазТрансформатор» АҚ базасында трансформаторлар өндірісі қолға алынған.

Фармацевтика саласындағы саясат еңбек өнімділігін арттыру арқылы, ассортиментті барынша ұлғайту арқылы, қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту және жаңа кәсіпорындар құру арқылы отандық өндіріс негізінде елімізде дәрі-дәрмек өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру деңгейін 2016 жылға қарай шамамен алғанда 50%-ға жеткізуге бағытталған.

Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өндірісін дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. «Алто-мед» ЖШС (Алматы облысы) жаңа зауытын салу, «Актөберентген» АҚ (Ақтөбе қаласы) медициналық техника өндірісін оқшаулау, Астана қаласында қатты дәрі-дәрмектер (таблетка, капсула, драже), үгілгіш антибиотиктер өндіретін фармацевтикалық фабрика салу және Шымкент қаласында GMP стандарттарына сәйкес ампула-инфузия ерітінділерін шығаратын қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңғырту тәрізді ірі жобалар жүзеге асырылады.



Құрылыс индустриясы саясаты Қазақстан Республикасында құрылыс өнеркәсібін индустриялық-инновациялық дамытуды қамтамасыз етуге, құрылыс материалдарын тұрақты және теңгерімді өндіруге бағытталған.

Алға қойылған мақсат Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында құрылыс өнеркәсібін индустриялық-инновациялық дамыту, құрылыс материалдарын өндірісін арттыру мыналар есебінен жүзеге асырылмақ:

құрылыс саласын техникалық реттеу жүйесін реформалау және мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен құрылыстағы сметалық бағаны қалыптастыру жүйесін жетілдіру;

өңірлерді аумақтық жоспарлауды жетілдіру және елді мекендерде қала құрылысын дамыту;

индустриялық-инновациялық негізде бәсекеге қабілетті, энергия және ресурс үнемдейтін құрылыс материалдары, жоғары қосылған құны бар өнімдер мен конструкциялар өндірісін дамыту;

білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету.

Бағдарламада Ақмола облысында Цемент зауытын салу, Оңтүстік Қазақстан облысында «құрғақ әдіс» бойынша жұмыс істейтін цемент зауытын салу, табақ шыны өндірісін құру сияқты жобаларды жүзеге асыру көзделген.



Құрылыста болжанып отырған өсу қарқынына қол жеткізу үшін Индустрияландыру картасында көзделген барлық объектерді, әлеуметтік сала және инфрақұрылым объектілерін қолданысқа беруді, Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет.

Экспорттық әлеуеті бар салаларды қолдау

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясат азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім экспортын арттыруды қамтамасыз ететін елдің бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған.

Қойылған мақсат ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру және экспорттық салада өз орнын алу үшін бәсекеге қабілетті сапалы ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлігін өндіруді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында іске асырылады.

Орта мерзімді кезең ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігі өндірісінің өсуін, саланы техникалық-технологиялық жаңартуды және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауға жаңаша тұрғыдан келуді қарастыратын үдемелі аграрлық-индустриялық әртараптандыру болып табылады.

Елдің ауыл шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері бойынша, егіншілік шаруашылығында өзін-өзі толық қамтамасыз етуіне қол жеткізуі мақсатында ылғалды үнемдейтін технологияларды және тамшылата суаруды белсенді қолдану арқылы егіс алқаптарын кеңейту есебінен астықтың өнімділігі артатын болады.

Мал шаруашылығын дамыту асыл тұқымды малға арналған базаны дамыту және генетикалық әлеуетті арттыру негізінде мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін өнеркәсіпті дамыту кәсіпорындарды техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жабдықтау, сондай-ақ бұл салаға инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылады.

Новоишим май өндеу зауытын қайта жаңарту, уылдырық шашу-өсіру шаруашылығын дамыту және жаңғырту, екі асыл тұқымды шаруашылығы бар бордақылау алаңын салу сияқты ірі жобалар іске асырылады.

Инвестициялық жобаларды іске асыру 80%-дан астам азық-түлік тауарларының нарығын отандық өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Жеңіл өнеркәсіпті дамыту саясаты ұзақ мерзімді кезеңде оның әлеуметтік тиімділігін күшейту арқылы әртараптандыруға және жеңіл өндіріс өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталатын болады.

Қойылған мақсаттарды іске асыру жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады.

«Семей былғары-үлбір комбинаты» ЖШС тері өндірісін қайта құру және жаңғырту, «Оңтүстік» АЭА аумағында қазіргі заманғы тоқыма өндірісін ұйымдастыру, «Мақта өнеркәсібі – Целлюлоза» ЖШС базасында гигроскопиялық мақта және целлюлоза шығару сияқты ірі жобаларды іске асыру болжамдалуда.

Инвестициялық жобаларды іске асыру ішкі нарықтар жеңіл өнеркәсіп өнімдеріндегі қажеттіліктерді 2014 жылға қарай 30 %-ға дейін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.



Туристік саланы дамыту саясаты жөніндегі инфрақұрылым құру және оны дамыту, туристік бағытта Қазақстан беделін оның тартымдылығын арттыру үшін қалыптастыру жолымен туризм индустриясын тұрақты дамытуға бағытталған.

Қойылған мақсатты іске асыру Қазақстан Республикасының туристік индустриясындағы перспективалық бағыттарды дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылмақ. Осы Бағдарлама шеңберінде Ақмола облысындағы «Бурабай» АЭА шекарасында туристік-демалыс кешендерін салу (2009 – 2017 жылдары), Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы жағалауында «Жаңа-Іле» халықаралық туристік орталығын салу, Маңғыстау облысында «Кендірлі» халықаралық курортын салу сияқты жобаларды іске асыру көзделген.



«Болашақ экономикасы» секторларын дамыту

Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі саясаты Қазақстан Республикасының ақпараттық қоғамына және инновациялық экономикаға көшуі үшін жағдайлар мен тетіктерді құруға: инфо-коммуникациялық технологиялардың бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған ұлттық секторын қалыптастыруға бағытталатын болады.

Қойылған мақсаттарға қол жеткізу Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламаның шеңберінде мынадай ірі жобалар көзделген: олар қала және ауыл халқының ақпараттық теңсіздігін төмендетуді қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігі дамуының жаңа сапалы мүмкіндіктерін беретін, цифрлық телерадиохабарды дамыту; ұлттық интеграциялық шлюз негізінде Қазақстан Республикасы мен Кеден одағына (бұдан әрі – КО) мүше-мемлекеттердің ұлттық ақпарттық жүйелерінің тұрақты ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыруға бағытталған Кеден одағының шеңберінде ақпарат алмасу үшін ақпарттық коммуникациялық инфрақұрылымды құру.

Бағдарламаны іске асыру Қазақстан аумағының 95%-ын цифрлік телерадиохабармен қамтуға мүмкіндік береді.

Биотехнологияны дамыту жөніндегі саясаты денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін ғылымды қажетсінетін технологияларды және бәсекеге қабілетті биотехнологиялық өнімдерді жасауға және енгізуге бағытталған.

Ғарыш қызметін дамыту жөніндегі саясат толыққанды ғарыш саласын құрудың бірінші кезеңін іске асыруға бағытталған.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама шеңберінде мынадай: Ғарыш аппараттарын жинау-сынау кешенін (ЖиСК) салу және пайдалануға беру; отынның экологиялық таза түрлеріне көшуді қамтамасыз ететін «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін салу және пайдалануға беру; Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру; басты ақпараттық орталықты және қабылдау, өңдеу және таратудың жерүсті станцияларының бөлу желісін қамтитын жерүсті нысаналы кешенін жасау; «KazSat» сериялы спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін құру сияқты ірі жобалар көзделген.

Жобалардың іске асырылуы қорытындылары бойынша салада қазақстандық қамту үлесі 70%-ға ұлғаяды.

Баламалы энергетиканы дамыту саясаты елдің энергия теңгерімінде қалпына келтірілетін энергия көздерінің (шағын су электр станциялары, күн қондырғылары) үлесін ұлғайтуға бағытталған.

Алғашқы жел электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Астана қаласы, Ақмола облысы, Алматы облысының Жоңғар қақпасы мен Шелек дәлізі орналастырудың болжамды аудандары болып табылады. 2015 жылға қарай жел қондырғыларын салу, жаңа шағын гидро электр станцияларды пайдалануға беру жоспарланып отыр.



Инновацияларды дамыту бойынша орта мерзімді кезеңдегі саясат инновациялық-технологиялық дамуды басқару, салалар мен өңірлерді инновациялық дамыту, жоғары технологиялық шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау жүйесін құруға, елдің ғылыми және инжинирингтік әлеуетін жоғарылату есебінен экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйе құруға бағытталған.

Қойылған мақсаттарға жету Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылуы есебінен жүзеге асырылады.



Көлік-коммуникациялық кешен инфрақұрылымын дамыту саясаты экономика мен халықтың көлік қызметіне деген қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға бағытталған. Республиканың біріккен тұрақты көлік жүйесі экономиканың барлық секторын теңестіріп дамытуға жәрдемдесуі, сондай-ақ өзінде әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қамтуы тиіс.

Осы мақсат Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама негізінде іске асырылады. Оның шеңберінде 2015 жылдың соңына қарай 2 трлн-нан астам теңге сомасы көлемінде 60 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған.

Автожол саласында республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 5,5 мың км. жөнделеді, 6 мың км. және жергілікті маңызы бар автожолдардың 10 мың км. қайта жаңғыртылады (28 инфрақұрылымдық жоба).

2013 жылы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы іске асады. Осы дәліз бойынша 2015 жылы күтілетін жүк ағымдары 19,5 млн тоннаны құрайды.

Темір жол көлігі саласында екі жаңа теміржол жолдары салынады: «Жетіген - Қорғас», «Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» (439 км). Жалпы болжанатын жүк тасымалының көлемі жаңа желілер бойынша 2016 жылға қарай 41 млн. тоннаны құрайды.

Азаматтық авиация саласында 2015 жылға қарай республиканың 13 әуежайында ұшу-қону жолақтарының, жолаушылар мен жүк терминалдарын қайта жаңғырту және құрылысы жоспарланған.

Су көлігі саласында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі кеме қозғалысының шлюздерін қайта жаңарту мен жаңғыртуды аяқтау жоспарланған.

Электр энергетикасы саласындағы елдің экономикалық саясаты экономиканы электр энергиясымен қамтамасыз ету және елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу.

Алдын-ала бағалау бойынша тұтыну болжамы 103,6 млрд. кВтс болған кезде электр энергиясын өндіру 2016 жылы 106,66 млрд. кВтс болады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі бағдарлама бойынша электр энергетикасы саласында іске асырылатын 13 жоба жоспарланған.

Тариф саясаты және бәсекелестікті қорғау

Тариф саясатының негізгі мақсаты тарифтерді (бағаларды) табиғи монополиялардың және реттелетін нарықтардың инвестицияларын ынталандыру, активтердi жаңғырту және жаңарту мақсатында, көрсетілетін қызметтердің сапасын жоғарылату, республика экономикасының инфрақұрылым салаларын бәсекеге қабілеттілігін жоғарылататын, бәсекелестікті дамытуға жағдайлар жасайды.

Бұл ретте тариф саясаты болжанатын дәлізде инфляцияны ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін жыл сайын айқындалатын реттелетін қызметтердің инфляциясына салымның артып кетпеуін ескере отырып жүргізілетін болады.

2014 жылға дейін табиғи монополиялардың 80 субъектісі орта мерзімді және ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтерді қолдануға көшуі керек.

Сумен жабдықтау қызметіне тұтынушылар топтары бойынша және суды қолданатын нормалық көлеміне байланысты суды үнемдейтін және сумен жабдықтау сапасын көтеретін сараланған тарифтер енгізу жұмысы жалғасады.

Өңірлік электр желісі компаниялардың тиімділігін көтеру мақсатында 2013 жылы салыстырмалы талдау негізінде тарифтерді есептеу әдіснамасын (бенчмаркинг) енгізу көзделген.

2010 – 2014 жылдары тарифтік саясат бағдарламасымен электр қуаты жіберілетін бағалардың 10,14 теңге/кВтс бастап 14,65 теңге кВтс дейін ұлғаюы болжанған, Кеден одағы шеңберінде теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау тарифтерін біріздендіру мақсатында жыл сайын тарифтер 15%-ға ұлғаюы жоспарланып отыр.

Бәсекелестікті дамытудың барынша ең жоғары әлеуеті байланыс саласында. Осыған орай болжалатын кезенде басыңқы байланыс операторларының ұзақ мерзімді орташа өсу шығындары бойынша негізделген трафикті қосу және өткізу тарифтерін есептеу әдістемелігіне көшу қажет, телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерiне тарифтердің қайта теңгерімделуін сақтауды аяқтау және пошта байланыс белгiлi қызметтерiнің шығынсыз деңгейіне дейiн жеткізу.

Монополияға қарсы саясаттың негізгі мақсаты тауар нарығына кiру тосқауылдарын тиiмдi тауарлық нарықтарында бәсекелестiктi қорғау болжамды кезеңде шектеуге жол бермеу тиіс. Тұтынушылардың мүдделерiн қорғау нарық субъектілері басым жағдайын алуын пайдаланған жағдайларда монополияға қарсы реттеу мақсат болуы тиіс.

Мыналар бойынша жұмыс жанданатын болады:



  • нарық субъектілерiнiң жосықсыз бәсекенiң кез келген түрлерi және тыйым салу мен бәсекеге қарсы әрекеттердің келiсiмдердің жолын кесу;

  • тауар нарықтарына кіру үшін кедергілерді жою;

  • экономиканың инфрақұрылымдық салаларында экономикалық шоғырландыруды төмендету;

  • мемлекеттiк көмектiң берілуiн бақылау.

Монополияға қарсы заң мемлекеттiк құрылымдардың әсерлерiнiң шектейтiн бәсекелестiктерiнен тиiмдi қорғауын қамтамасыз етуi керек.

2010 – 2014 жылдарға арналған бәсекелестiктi дамыту жөніндегі бағдарлама шеңберiнде кәсiпкерлiкке мемлекеттің қатысу үлесi, салалар және экономика секторларының демонополизациясын төмендету, сондай-ақ бiрге әртүрлi тауарлық нарықтарға монополияға қарсы бақылау аспаптарының жетiлдiрілуi бойынша шаралар жүргiзiледi.

Монополияға қарсы саясат өз қызметiнiң шеңберiнде реттейтiн және салалық органдары жүзеге асыратын экономика салаларындағы бәсекелестiкті дамыту шараларымен келісілген түрде жүзеге асырылады.

Бизнес ахуалды жақсарту

Алдағы кезеңде лицензиялау-рұқсат беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады.

Лицензиялау-рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі жұмысты әрі қарай кезең-кезеңімен жүзеге асыру болжамданып отыр.

Бірінші кезеңде қолданыстағы лицензиялар мен рұқсаттар санын 30%-ға қысқарту және жекелеген рұқсаттар түрлерін хабарлау тәртібіне көшіру қамтамасыз етіледі.

Жоғары қатерлерден қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидатына сәйкес келмейтін, сондай-ақ қайталама рұқсаттар алынып тасталады, жекелеген рұқсат беру функцияларын өздігінен реттелетін және қоғамдық (жеке) институттарға беру мәселесі талқыланады.

Рұқсаттамалық құжаттар беру бойынша бизнес-процестерді ұтымды ету үшін мемлекеттік органдар мемлекеттік ақпараттық жүйелер (деректер базасы) арқылы, оның ішінде «электрондық үкімет» шеңберінде өз бетінше ала алатын анықтамалар, келісімдер беру алынып тасталады.

Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша «Кейбір заңнамалық актілерге әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленеді.

Екінші кезеңде бірыңғай заңда оларды қауіптілік дәрежесі бойынша санаттарға бөлу арқылы рұқсаттардың толық тізбесі айқындалатын болады.

Бірінші санатқа оларды жүзеге асыру лицензия алудан кейін ғана мүмкін болатын қауіптілігі жоғары дәрежедегі қызмет түрлері кіреді. Мысалы, бұл атом энергетикасы, есірткі, қару-жарақ айналымы саласындағы қызмет.

Екінші санатқа лицензиялауға қарағанда біршама жеңіл реттеуіштер: рұқсаттар, аккредиттеу, аттестаттау, сертификаттау және басқалар арқылы реттелетін қауіптілігі орташа дәрежедегі қызмет түрлері кіреді. Бұл санат үшін «үндемеу – келісу белгісі» қағидаты қолданылатын болады.

Қызметтің басталуы туралы хабарламадан кейін жүзеге асыруға болатын қауіптілігі шамалы деңгейдегі қызмет түрлері үшінші санатқа кіреді.

Рұқсат беру шарттары мен тәртібі, атап айтқанда, талаптар, құжаттар тізбесі, беру мерзімдері, бас тарту негіздемелері, бизнес-процестерді автоматтандыру деңгейі тиісінше сараланатын болады.

Үшінші кезең шеңберінде барлық рұқсат беруді электронды форматқа толық көшіру, ал көпшілік рұқсатты ХҚО арқылы беру жүзеге асырылады.

2012 – 2014 жылдары «е-лицензиялау» функционалы кеңейтіліп, өзге де рұқсаттарға қолданылатын болады. Онымен қатар «е-лицензиялаумен» ықпалдастырылатын «е-терезе» әзірленіп, енгізіледі.

Одан кейінгі жылдары барлық рұқсат беру рәсімдері электронды форматқа көшіріледі.

Тұтастай алғанда рұқсат беру жүйесін перспективалық реформалау мемлекеттің, бизнестің және тұтынушылар мүддесінің тепе-теңдігін сақтау идеологиясына негізделеді.

Рұқсат беру жүйесін ырықтандыру бизнестің жауапкершілігін артыруды тұтынушыға және мемлекетке нұқсан келтіргені және тұтынушының құқығын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру үшін санкцияларды қатаңдату арқылы сүйемелденуі тиіс.

Бұл өз кезегінде, бақылау мен қадағалаудың ашық жүйесін қалыптастыру шартымен заңнамада бизнеске нақты және орындалатын талаптарда ғана іске асырылады.

Мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін әрі қарай жетілдіру мақсатында кәсіпкерлерді тексеруді оңтайландыру жүзеге асыру сондай-ақ бақылау-қадағалау функцияларын азайту көзделеді. Сонымен бірге, бизнес пен мемлекеттің кері байланыс жүйесі құрылатын болады.

Бұл жұмыстың нәтижелері «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына өзгерістер әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Заң жобасын дайындаумен қатар жекелеген салалардағы мемлекеттік бақылауды мынадай тетіктермен алмастыру мәселесін пысықтауды бастау ұсынылады:

1) кәсіпкерлік субъектісінің тұтынушылар мен мемлекет алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілін сақтандыру;

2) кәсіпкерлердің тұтынушылар мен мемлекет алдындағы ықтимал міндеттемелерін орындау кепілдігі қамтамасыз етілетін дербес қаржылық кепілдіктер;

3) әрқайсысына жүргізілетін мемлекеттік бақылаудан өздігінен реттелетін ұйымдардың бақылауына өтуге болатын салалардағы бизнестің өздігінен реттелуі.

Бизнес-климатты жақсарту жөніндегі жұмыстың нүктелік бағыты Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінің нақты индикаторы бойынша реформа жүргізу болып табылады. Осы рейтингтің индикаторларын одан әрі жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру бизнес үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге және әкімшілік кедергілерді (кәсіпорындарды ашу және тарату, меншікті тіркеу, құрылысқа кредит және рұқсат алу) төмендетуге мүмкiндiк береді. Жүргізілген реформалар елдегі бизнес-климаттың жақсаруына және Қазақстан экономикасының инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады.

2015 жылға қарай:

- Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Бизнес жүргізудегі жеңілдік» («Doing Business») рейтингі бойынша көрсеткіштері 2011 жылмен салыстырғанда жеті позицияға жақсарады;

- уақыт пен шығындарды қоса алғанда, бизнесті тіркеуге және жүргізуге байланысты операциялық шығындар (рұқсат алу, лицензия алу, сертификат алу, аккредитация, консультация алу) 2011 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендейді.


Сыртқы сауда саясаты

Сыртқы сауда саясаты әлемдік сауда жүйесіне интеграциялану жолымен республиканың экономикалық мүдделерін жылжыту мен қорғаудың тиімді және жедел жүйесін құруға бағытталады.

Кедендік-тарифтік және тарифтік емес мемлекеттік саясат, сондай-ақ демпингке қарсы, өтемақы және қорғау шараларын қолдану мемлекеттің индустриалдық-инновациялық дамуы шеңберінде тұтынушылар мен өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді шешуге бағытталатын болады.

Қазақстан үшін тиімді шарттарда ДСҰ-ға кіруді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Кеден одағының қызмет етуіне жағдай жасау мақсатында ДСҰ-ға кірудің шарттарын үндестіру қамтамасыз етілетін болады.

Сауданың халықаралық қағидаларына сәйкес келу қазақстандық өндірушілер үшін әлімдік тауарлар мен қызметтер нарығына ДСҰ-ға мүше-мемлекеттерімен алдын ала болжау және тұрақтылық негізінде, олардың сыртқы сауда саясатының ашықтылығын қоса алғанда, қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызмет етуі шенберінде өңірлік интеграцияны тереңдету өткізу нарығын кеңейту, тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуы бөлігінде қосымша мүмкіндіктерді барынша пайдалануға бағытталатын болады. Сонымен қатар, тұрақты негізде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде КО мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруды аяқтау экономикаға ықтиамл теріс әсерін тигізуін азайту жұмыстары жүргізіледі.

ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа да өңірлік бірлестіктер шеңберінде экономикалық интеграцияны дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.


Ішкі сауданы дамыту

Ішкі сауданың мақсаты қазақстандық өндрушілердің бәсекеге қабілеттілігі мен сауда саласындағы тиімділігін арттыруға бағытталған икемді сауда саясатын құру болып табылады.

Бұл:

халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарын ескере отырып сауда қызметін дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;



инноовациялық технологияларды қолдану мен инфрақұрылымды дамыту есебінен ішкі сауда жүйесінің бәсекеге қабелеттілігін арттыру;

сервистік қолдауды қоса алғанда ішкі сауданы мемлекеттік қолдау жүйесін қалыптастыру;

биржа саудасын жедел дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

халықаралық транзиттік желіде көтерме сауда жүйесін кіріктіру.

Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде:

заманауи сауда форматы алаңының санын және олардың бөлшек саудадағы жалпы айналымының үлесін ұлғайтуды ынталандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады;

электронды сауданы дамыту, алыстағы өндірушілерді тауар қозғалысының негізгі арналарына жақындату (әсіресе ауылдық жерлерде), сауданың ашықтығы мен нарық қатысушыларының хабардар болуын арттыру, сондай-ақ оның қатысушыларының кәсіби деңгейін арттыру. Қазақстанның сауда жүйесін дамытуға инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау үшін бәсекеге қабілетті көліктік - логистикалық жүйе дамитын болады.

Сауда биржаларының қызметін жеделдетіп дамыту, стратегиялық маңызы бар тауарлармен сауданы оңайлату, споттық фьючерлік биржалық саудаға көшу үшін қазіргі заманғы байланыс құралдары мен ақпараттарды есептеу технологиялардың және ақпараттық өңдеу құралдарын пайдалану негізінде биржалық сауданың жаңа тәсілдерін енгізу; Қазақстанда тауар биржаларын тұрақты дамыту және қазіргі заманғы фьючерлік сауда жүйесіне көшу үшін қажетті жағдайлар жасалады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет