Қазақстан республикасының 2012 – 2016 жылдарға арналғАН


Адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру



бет5/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.91 Mb.
#5651
1   2   3   4   5   6

4.3. Адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Әлеуметтік саланы жаңғырту

Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың мақсаты халық өмірінің жоғары деңгейі мен сапасын, әлеуметтік процесстің әртүрлі қатысушылары –арасындағы функцияларды оңтайлы бөле отырып, оның экономикалық белсенділігін және еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету.

Әлеуметтік жаңғырту, ең алдымен орта класты қалыптастыруға бағытталатын болады.

Басымдықтар білім беру мен біліктіліктің айтарлықтай жоғары деңгейі тікелей және көлбеу еңбек ұтқырлығы рөлін арттыру, кәсіби және әлеуметтік саты бойынша жылжу үшіг тең мүмкіндіктер құру жағына қарай ауыстырылады.


Білім беру


Инновациялық экономиканы қалыптастырудың қажетті шарты қоғамның серпінді экономикалық өсуі мен әлеуметтік дамуының маңызды алғышарты, елдің әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің шарты болатын білім беру жүйесін жаңғырту болып табылады.

Білім беру жүйесіндегі орта мерзімді кезеңдегі негізгі бағыттары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бағдарланатын болады.

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттің саясаты мектепке дейінгі ұймдар желісін кеңейтуге және мектепке дейінгі тәрбиенің сапасын арттыруға бағытталатын болады.

Мектепке дейінгі білім беруден жоғары білім беруге дейінгі барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруға ерекше мән берілетін болады.

Бұл міндет ең біріншіден педагогтардың еңбекақысын төлеуді жетілдіру және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудың жаңа моделін енгізу арқылы шешілетін болады.

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде дайындалған, ағылшын тілді оқытушылар мен педагогтардың санын ұлғайтуды көздейтін педагогикалық кадрларды даярлау саясаты күшейтілетін болады.

Қазақстандық білім берудің үздік дәстүрлері мен педагогикалық практиканың озық әлемдік тәжірибесін үйлестіретін, оқу-тәрбиелік бағдарламаларын әзірлеу, енгізу мен апробациялау бойынша бастапқы алаңы болып табылатын Назарбаев интеллектуалдық мектептері желісін арттыру жалғасын табады.

Жаңа мектептерді салу есебінен апатты және үш мезгілдік оқитын мектептерді жою бойынша жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау білім берудің сапасын арттыруға ықпалын тигізетін болады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту шеңберінде «Кәсіпқор» холдингі» АҚ атынан экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлау үрдісін басқарудың түбегейлі жаңа моделі құрылатын болады.

«Кәсіпқор» холдингісінің негізгі мақсаты – шетелдік серіктестермен бірлесіп әзірленген жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқытылатын, әлемдік деңгейдегі 4 колледж бен еңбекке қызмет ететін кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша өңіраралық орталықтардың қызметін қамтамасыз ету шеңберінде казақстандық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Жоғарғы білім беру жүйесінде кадрларды даярлау бірінші кезекте елдің индустриалдық-инновациялық даму қажеттіліктеріне бағытталатын болады.

Корпоративті басқаруды енгізе отырып, ЖОО-ның академикалық еркіндігі кеңейтілетін, іргелі және қоданбалы ғылыми зерттеулерді және өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысатын зерттеу университеттерді құрылатын болады.


Денсаулық сақтау


Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басты мақсаты қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасынының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қамтамасыз етілетін болады.

2015 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдық профилактикалық медицинаны күшейту мен денсаулық сақтаудың әлуметтік бағыттылығы болады.

Осы мақсатқа байланысты қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара байланыстың тиімділігі арттырылады, профилактикалық іс-шаралар, скринингтік зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, емдеу және сауықтыру жетілдіріледі.

Жоғарыда санамаланған шаралар ана, бала және жалпы өлімнің азаюына ықпал етеді.

«100 аурухана салу» жобасы шеңберінде салынып жатқан жаңа денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға қосу қолда бар төсек орнының қуатн орынды және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақтағы модельдің негізі көп бейінді ауруханалар болып табылады.

Дәрі-дәрмектің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында емделушілерге дәріхана мен дәрі-дәрмекті таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуді реформалау жүргізіледі.

Бұл шаралар амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуге фармацевтикалық нарық субъектілерінің көп санын, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерін тарту жолымен дәрі-дәрмек зарттарының халыққа нақты қол жетімділігін жақсартуға көмектеседі.

Тегін медициналық көмекиің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық қызмет пен дәрі-дәрмек тізбесін кезең-кезеңімен кеңейту жоспарлануда.

Медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, әсіресе алыс және жолы қиын өңірлердегі ауыл тұрғындары үшін көлік медицинасы, оның ішінде санитарлық авиация дамытылатын болады.

Медициналық, фармацевтикалық білімді дамыту, медицинада инновациялық технологияларды дамыту мен енгізу бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Жұмыспен қамту


Жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне жету - мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі.

Жұмыс орнының қосымша санын құрайтын экономикалық жүйе қоғамдық өнім санын арттыру, соның арқасында халықтың материалдық қажеттілігін көп дәрежеде арттыру міндетін қояды.

Тұрақты және өнімді жұмыспен қамту қамтамасыз ету арқылы еңбек нарығының тиімділігін аттыруға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және халықтың табысын арттыруға бағытталған негізгі шаралар Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.

Орта мерзімді перспективада кадрлық әлеуетті дамыту жән жұмыссыз халықты елді индустриализациялау жобаларына тарту жөнінде мемлекет саясаты күшейтілетін болады.

Бұл үшін мынадай бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсетіледі:

- жұмыссыз, өз жұмысы бар, аз қамтылған халықты және ауыл жастарын оқыту мен жұмысқа орналастыруға ықпал ету;

- кәсіпкерлікті дамытудың қаржылық негізі болуы тиіс шағын кредиттерді беру жолымен ауылда өз ісін ашуға көмектесу;

- азаматтардың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден индустриалды жобалар іске асырылып жатқан экономикалық өсу орталықтарына өз ниетімен көшуіне көмектесу.

2012 – 2014 жылдар кезеңінде Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде шамамен 1 млн. адамды қамту жоспарлануда.

Әлеуметтік қамтамасыз ету


Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы орта мерзімді кезеңдегі негізгі бағыттар масылдықты болдырмайтын, атаулылық пен тиімділікке негізделген әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағдарланатын болады.

Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесі заманауи стандарттарға және Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес келетін болады. Негізгі әлеуметтік төлемдерді арттыру, соның негізінде зейнетақылық төлемдерді арттыру, халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту егде жастағы тұлғалардың, мүгедектердің, асыраушысынан айырылған тұлғалардың және басқа да әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтардың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етеді.

2015 жылға қарай негізгі зейнетақылық төлем мөлшері күнкөріс минимумы мөлшерінің 60%-ына дейін жеткізіледі, ал мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 2010 жылдың деңгейіне қатысты кемінде 1,2 есе ұлғаяды.

Атаулы әлеуметтік көмек пен халықтың осал санатын қолдау жүйесінің ары қарай дамуы әлеуметтік тәуекелдерді азайтуға және кедейлікті белсенді жеңу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын болады. Осыған байланысты өндірістік жұмыспен қамтуды ынталандыруға, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуының жалпы деңгейін арттыруға және жұмыссыздықты азайтуға бағытталған кешенді шаралар іске асырылатын болады.

Осылайша, әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекет саясатының негізгі мақсаттары мыналар болады:

- халықты зейнетақылық және әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейін одан әрі арттыру;

- атаулы әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіру;

- табысы кедейлік шегінен төмен азаматтар үлесін қысқарту;

- мемлекеттік әлеуметтік стандарттар жүйесін одан әрі жетілдіру.

Халықтың тіршілік жағдайларын жақсарту

Халықтың қолайлы тіршілік жағдайларын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылым жай-күйін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы қабылданды.

Бағдарламаны іске асыру ресурс үнемдеуші технологияларды пайдалана отырып, тұрғын үй қатынастарының оңтайлы модульдерін құру және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, пайдалану шығындарын төмендету, инвестициялық әлеуетті дамыту және жекеменшік капиталды тарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында күрделі жөндеуді қайтарымды қаржыландыру және кондоминиум объектілерін терможаңғыртудың схемасы әзірленді.

Сонымен қатар тұрғын үй мен коммуналдық объектілерге жөндеу жүргізу және қайта құру үшін жинақты және тұрғындар мен қаржы құралдарын жекеменшік инвесторларының қоса қаржыландыруын ынталандыру тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Азаматтардың аз қамтылған санаттарына кондоминиум объектісінің тұтас мүлкіне күрделі жөндеу үшін шығыстарды және (немесе) күрделі жөндеуге арналған қаражат жинауға жарналарды төлеуге тұрғын үй көмегі көрсетілетін болады.

Тұтастай алғанда, Бағдарламаны іске асыру 81 мыңнан астам км. жылумен, электрмен және газбен жабдықтау желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Осы Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі оны іске асырудың бүкіл кезеңінде барлық бағыттары бойынша 64,9 млрд. теңгені құрайды.

Тұрғын үй қатынастырының жаңа модульдері мен бірлесіп қаржыландырудың арнайы тетіктері есебінен 11 624 үй жөнделетін болады.

Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 2010 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы бекітілді, оның негізгі мақсаты – қалалық және ауылдық жерлерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін салу және қайта жаңғырту, оны тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.

Бағдарламны іске асыру:

ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80%-ын, қалалы жерлерде 100%-ын ауылдық жерлердің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуге;

ауылдық жерлердің орталықтандырылған су бұруға орталықтандырылғын сумен қамтамасыз етілген қол жеткізуге ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20%-ына, қалалы жерлерде 100%-ына;

ағынды сулардың жалпы көлемінде номативтік мәнге дейін тазаланған, тазалау құрылысы арқылы өткізілген ағынды сулардың үлесін 2020 жылы 64%-дан 100%-ын дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі оны іске асырудың бүкіл кезеңінде 1,164 трлн.теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасында мұнай газ секторын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде республика өңірлерін газдандыру деңгейін 64%-ға дейін, атап айтқанда Оңтүстік өңірді 46%-ға дейін, Батыс өңірлерді 85%-ға дейін, Қостанай облысын 60%-ға дейін ұлғайту көзделген.

2014 жылға қарай елдің 243 елді мекені газбен қосымша қамтамасыз етілетін болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет