Қазақстан республикасының 2015 – 2019 жылдарға арналғАН



бет6/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#125368
1   2   3   4   5   6

Импорттың өсу қарқыны нақты мәнде орташа есеппен 3,8 %-ды құрайды. Алайда, елге сырттан келетін тауарлардың өсу серпіні болжаған деңгейден жоғары қалыптасуы мүмкін. Бұл тұтыну өнім түрінде халық тарапынан да, сол сияқты инвестициялық тауарлар ретінде бизнес саласы тарапынан да серпінді дамып келе жатқан ішкі сұранысты қанағаттандыру қажеттілігіне негізделген.

Сонымен бірге, ЖІӨ-дегі экспорттың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болуына қарамастан, 2015 жылы ЖІӨ-нің өсіміне таза экспорттың теріс салымы күтілуде. Бұл 2015 жылы экспорттың өсу қарқынының болжалды төмендеуіне байланысты. Келесі жылдары ЖІӨ-нің өсіміне таза экспорттың оң салымы байқалатын болады.

6-сурет



2015 – 2019 жылдары импортты алмастыру процесі отандық тауар өндірушілер өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін белгілі бір уақыт аралығындағы қажетілігіне байланысты баяу жүретін болады. Егер 2015 жылы ішкі сұраныстың 75,6 % отандық өндіріспен жабылатын болса, онда 2019 жылға қарай жабу деңгейі 77,6 %-ға дейін ұлғаятын болады.
5.2 Экономика салаларының серпіні

2015 – 2019 жылдары экономиканың салалық құрылымы алдыңғы кезеңдердің пропорцияларымен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырамайды. Тауар биржаларында баға конъюнктурасын қалыптастырудың іргелі факторларына сүйене отырып, болжамдалатын кезеңде экономиканың дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларында өндірістің елеулі өсуі күтілмейді.



Өнеркәсіптің ЖҚҚ 1,5 %-дан бастап 5,7 %-ға дейінгі қарқынмен өсетін болады.

Тау-кен өнеркәсібінің ЖҚҚ орташа 3,3 %-ға дейінгі қарқынмен өсетін болады.

Мұнай өндіру көлемі, Мұнай және газ министрлігінің болжамы бойынша, 2015 жылы 81,8 млн. тоннаны құрайды, одан әрі 2019 жылы 96,0 млн.тоннаға дейін ұлғаяды.

Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібіне жаңа өндіріс қуаттарын енгізу болжамдалған кезеңде өңдеу өнеркәсібінде тұрақты және үдемелі өсуге мүмкіндік туғызады. Өңдеу өнеркәсібінің ЖҚҚ орташа жылдық өсуі 4,0 % құрайды.



Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсімі 3,9%-ды құрайды.

Химия өнеркәсібіндегі ЖҚҚ-ның өсімі болжамдалған кезеңде индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде бәсекеге қабілетті жаңа химия өндірісін құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтау және жаңғырту есебінен орташа есеппен 3,4 %-ға қамтамасыз етілетін болады.



Машина жасау өнеркәсібіндегі ЖҚҚ-ның өсімі орташа 8,2 %-ды құрайды.

Электр энергетикасы ЖҚҚ-ның орташа жылдық 7,1 %-ды құрайды.

Құрылыс ЖҚҚ-ның орташа жылдық 3,0 %-ды құрайды. Көрсеткіштің көп мәні 2015 – 2016 жылдарға келеді, онда осы саланың ЖҚҚ өсу қарқыны 4,0 %-ды құрайды.

Экономиканың әлеуметтік секторына ұлғайып келе жатқан бюджет шығыстары экономикада көрсетілетін қызметтер өндірісі көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметтер өндірісі орташа 7,3 % қарқынмен өсетін болады.

Ішкі тұтыну белсенділігі сауда қызметтерінің өсуіне ықпал етеді, мұның өсу қарқыны орташа 10,3 %-ды құрайды.

Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі болжамдалған кезеңде көлік және қоймалау салаларының ЖҚҚ физикалық көлемін орташа 7,0 %-ға ұлғайта отырып, экспорт және ішкі бағыттарда жүк тасымалдау көлемін арттырады.



Ақпарат және байланыс қызметтерінің орташа жылдық өсімі болжам бойынша 7,0 % деңгейінде қалыптасады.

Әлемдік конъюнктураның тұрақсыздығына байланысты Қазақстан экспортының негізгі тауарлық құрамдас бөліктеріне әлемдік сұраныстың төмен өсу қарқыны, сонымен бірге ішкі сұраныстың сыртқы сауда саясатын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен қатар ішкі сұраныстың күтіліп отырған кеңеюі сыртқы сауда көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.


5.3 Төлем теңгерімі

Сыртқы сауда айналымы орташа 3,4 %-ды құрайды.

2015 жылы тауарлар экспорты номиналды мәнінде, бағалау бойынша теріс қарқынды көрсетеді, қысқару өткен жылдың кезеңіне қарағанда 11,0 %-ды құрайды. Алайда 2016 жылдан бастап экспорттың орташа 6,7 % қарқынмен өсуі күтіледі.

Алдын ала бағалаулар бойынша 2015 – 2019 жылдар ішінде импорттың өсу қарқынында оң серпін байқалады, бұл орташа жылдық көріністе 3,8 % деңгейінде болады.

2015 жылы экономикадағы күтілетін тұтыну және инвестициялық сұраныс тауарлар импортының, сондай-ақ 2016 жылы импорттың экспорттан озық өсу қарқыны нәтижесінде 2015 – 2016 жылдары ағымдағы операциялар шоты теріс мәнде қалыптасатыны күтілуде. Одан кейінгі жылдары ағымдағы операциялар шоты қолайлы мәнге ауысатын болады.


5.4 Ақша-кредит саясатының көрсеткіштері

2015 – 2019 жылдары ақша-несие саясаты инвестициялық нарықтың дамуы, банк секторының несиелік белсенділігін ынталандыру үшін қажетті жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын болады. Көрсетілген кезеңге ЕДБ-ның несиелеу өсімінің орташа жылдық қарқыны 12,0 % деңгейінде күтілуде, бұл уақытта резиденттердің депозиттері 6,8 %-дан 13,1 %-ға дейін ұлғаятын болады. Ақша массасының деңгейі экономиканың дамуына барабар болады, жоспарланған монетизаицяның көлемі орташа 34,0 %-ды құрайтын болады.



6. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің 2015 – 2017 жылдарға арналған болжамдары

Экономиканың базалық сценарий бойынша дамуының болжанатын сыртқы шарттары мен экономика салаларын дамытудың болжанып отырған қарқынын ескере отырып, 2015 – 2017 жылдары мемлекеттік бюджет кірістерінің (трансферттерді есепке алмағанда) 2015 жылғы 5 730,4 млрд. теңгеден 2017 жылы 6 857,1 млрд. теңгеге дейін өсуі болжанады.


3-кесте

Мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы (трансферттерді есепке алмағанда),

млрд. теңге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Кірістер (трансферттерді есепке алмағанда)

5 730,4

6 374,1

6 857,1

Салықтық түсімдер

5 568,3

6 245,0

6 722,1

Салықтық емес түсімдер

136,8

100,7

104,7

Капиталмен операциялардан түскен кірістер

25,3

28,4

30,3

2015 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет кірістерінің болжамы Салық және Кеден кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін, Кеден одағының ықпалын ескере отырып, орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы негізінде есептелді және Кеден одағында кедендік баждардың сомаларын есепке жатқызу және бөлу тетігін қолдануды болжайды.

Бюджет кірістерінің өсуі негізінен салық түсімдерінің болжанатын ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады, ол мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 97 %-ды қамтиды.

Салықтық түсімдердің ұлғаюына экономиканың болжанатын өсуі, тауарлар импортының өсуі, салалардағы өндірістің, оның ішінде Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде жаңа өндірістердің іске қосылуын ескере отырып ұлғаюына ықпал етеді.

Ұлттық қордан 2015 – 2017 жылдары 1 702,0 млрд. теңге мөлшерінде кепілдендірілген трансферттердің және нысаналы трансферттердің тартылуын ескере отырып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің жалпы көлемі 2015 жылы 8 144,8 млрд. теңгеден өсе отырып, 2017 жылы 8 564,0 млрд. теңгеге дейін өсуі болжамдалады.

7-сурет


Бюджет тапшылығын азайту саясатына сәйкес болжанатын ЖІӨ-ге қатысты оны 2015 жылы 2,3 %-дан 2017 жылы 1,7 %-ға дейін немесе абсолюттік мәнде 997,1 млрд. теңгеден 972,5 млрд. теңгеге дейін тиісінше қысқарту жоспарланып отыр.

Болжанатын түсімдер мен тапшылықтың жоспарланатын азаюын негізге ала отырып, мемлекеттік бюджет шығыстарын 2015 жылы 9 141,9 млрд. теңгеден 2017 жылы 9 536,5 млрд. теңгеге (ЖІӨ-нің 20,9-17,1 %-ға) дейін ұлғайту болжанып отыр.
8-сурет

Мемлекеттік шығыстардың жоспарланып отырған ұлғаюы экономиканың орнықты өсуі үшін қажетті ішкі сұраныс пен мемлекеттік инвестициялар есебінен негізгі капитал жинағын ұстап тұратын болады.

Мұнай өндірудің күтілетін көлемін, Brent мұнайының әлемдік бағасы бойынша болжамды параметрлерді, АҚШ долларының есеп айырысатын айырбас бағамын ескере отырып, мұнай секторы кәсіпорындарынан Ұлттық қорға тікелей салықтар түсімін 2015 жылы 2 703,2 млрд. теңге, 2016 жылы – 2 914,5 млрд. теңге, 2017 жылы – 2 913,3 млрд. теңге көлемінде болатыны болжанып отыр.

Ұлттық қорды перспективада шектеулі пайдалану Қордағы мұнай кірістерінің таза жинағына ықпал ететін болады.


9-сурет

Бұдан басқа, мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт түрінде тартылатын қаражаттың үлесін азайту жоспарланып отыр.

10-сурет

Мемлекеттің мұнай емес кірістерін ұлғайту аясында бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі саясатына сәйкес Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды шектеу мұнай емес тапшылықтың 2017 жылы ЖІӨ қарағанда 4,8 %-ға дейін қысқаруына ықпал ететін болады.


11-сурет


Осы фискалдық қағидаларды сақтау Ұлттық қордағы мұнай кірістерінің таза жиналуын және оның 2017 жылы болжам бойынша 115,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ететін болады.

12-сурет


Осылайша, Қордың тұрақтандыру және жинақтау функцияларын орындауы қамтамасыз етілетін болады.

Ұлттық қорды толықтыру елдің егемен рейтингін арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде инвестицияларды ынталандыру үшін сыртқы қаржы ресурстарын анағұрлым тартымды және жеңілдікті шарттармен тартуға мүмкіндік береді.

Әлемдік және қазақстандық экономикадағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету, оның ішінде бюджет параметрлерін нақтылау жолымен жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.

2015 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттер параметрлерінің болжамы 1-қосымшада келтірілген.



7. 2015 – 2017 жылдарға арналған бюджет шығыстарының басымдықтары
2015 – 2017 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған мақсаттарын ескере отырып, республикалық бюджет шығындарының негізгі басымдықтары:

1) мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

2) экономикалық жаңғырту мен әртараптандыру;

3) тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

4) тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының сапалық жаңарту;

5) әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру;

6) өңірлік даму;

7) шағын және орта бизнестерді дамытуды қолдау;

8) қорғаныс қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларын күшейтуді іске асыру.

2015 жылға арналған шартты қаржыландырылатын шығыстардың тізбесін қалыптастыру көзделмейді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет