Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
отырысында өзгерістерді ескере отырып
(2014 жылғы 4 қарашадағы
№ 48, 2014 жылғы 14 қарашадағы № 50 хаттамалар) мақұлданған
(2014 жылғы 27 тамыздағы
№ 37 хаттама)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
2015 – 2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУ БОЛЖАМЫ
1. Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары
-
2013 жылғы елдің әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері
2013 жылы ел экономикасы әлемдегі экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуі жағдайында дамыды.
2013 жылы Халықаралық валюта қорының (бұдан әрі - ХВҚ) деректері бойынша әлемдік экономиканың өсуі 3,3 %-ды құрады. АҚШ экономикасының өсуі 2,2 %-ды құрады. Еуро аймағы біртіндеп рецессиядан шығуда (2012 жылғы -0,7 қарағанда 2013 жылы -0,4 %).
Нарықтары қалыптасып келе жатқан елдерде экспорттың жандануы белсенділікті арттырудың негізгі факторы болды, өйткені Қытайды қоспағанда басқа осы елдердегі ішкі сұраныс жалпы төмен болып отыр. 2013 жылы Қытай экономикасының өсуі 7,7 %-ды құрады.
Ресей экономикасы ішкі сұраныстың төмендеуі нәтижесінде 1,3 %-ға дейін өте қатты төмендеуімен сипатталады. Бұл 2013 жылдың ортасынан бастап экономикалық саясатпен қаржы жағдайының қатаңдауына, сонымен бірге экономикалық саясатпен саяси процестермен байланысты белгісіздік факторларына негізделген, бұл өз кезегінде инвестициялық белсенділікті тежеді.
Өткен жылы әлемдік экономиканың даму үрдістеріне қарамастан, 2013 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі - ЖІӨ) өсуі 6,0 %-ды құрады. Есептік деректер бойынша, жан басына шаққанда ЖІӨ 13,6 мың АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылға қарағанда 12,3 %-ға жоғары.
2013 жылы негізгі ішкі сұраныстың өсуі, жоғары инвестициялық белсенділік, көрсетілетін қызметтер өндірісіндегі серпінді өсу, сонымен бірге агроөнеркәсіп кешенінде, машина жасау мен құрылыс индустриясындағы жоғары өсу қарқыны экономикалық өсу факторларына айналды,
2013 жылы негізгі капиталға инвестицияның нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) 2012 жылмен салыстырғанда 106,9 %-ды құрады. Жоғары инвестициялық белсенділік ғимараттар құрылысы мен күрделі жөндеуіне 47,0 % және машина мен құрылғылар сатып алуға 12,9 % инвестиция көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілді.
Тұтынушылық белсенділіктің өсуімен қатар көрсетілетін қызмет саласының көрсеткіштері де жақсарды.
Қызметтердің жалпы қосылған құнының өсуі ақпарат пен байланыстың (12.8 %), бөлшек сауданың (12,1 %), қаржы және сақтандыру қызметінің (11,3 %), өнер, ойын-сауық және демалыстың (9,8 %), көлік және қоймаға салу (7,7 %) қызметтері көлемдерінің едәуір ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Алдыңғы жылдың 17,8 %-ға төмендеуіне қарағанда 10,8 %-ға ұлғайған ауыл шаруашылығының жалпы қосылған құн серпіні экономикалық өсуге оң ықпалын тигізді.
Өсімдік шаруашылығының нақты көлем индексі есепті кезеңде 120,7 %-ды құрады. Жедел деректер бойынша дәнді дақылдар алабынан гектарына 15,8 млн. астық жиналып 18,2 млн.тоннасы бастырылды.
Құрылыс секторында өткен жылдардың оң серпіні сақталып отыр. Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі 3,5 % деңгейінде қалыптасты, ЖІӨ өсімінің үлесі 0,4 п.т. құрады.
2013 жылы өнеркәсіп жұмысының елеусіз жақсарғаны байқалуда. Өнеркәсіп өндірісінің қосылған құнының өсуі 3,0 %- ды құрады.
Тау-кен өнеркәсібі 2012 жылғы 0,4 %-бен салыстырғанда 2013 жылы 3,5 %-ға өсті. Түсті металдар кендерін (109,1 %), шикі мұнай (103,2 %) өндіру өсті. 2013 жылғы мұнай өндіру көлемі 81,7 млн. тоннаны құрады.
2013 жылдың қорытындысы бойынша табиғи газ өндіру 3,7 %-ға өсті, бұл ретте, темір кендерін өндіру 2012 жылға қарағанда 1,3 п.т. төмендеген.
ЖІӨ-нің өсіміндегі өнеркәсіптің жалпы үлесі 0,71 п.т, кен өндірісінде – 0,54 п.т құрады.
Өңдеу өнеркәсібі 2,9 %-ға өсті. Азық-түлік тағамдары (5,6 %), сусындар (8,3 %), мұнай өңдеу өнімдері өндірісі (3,9 %), химия өнеркәсібінде (8,3 %), өзге де металл емес минералды өнімдер (13,5 %), дайын металл бұйымдары өндірісі (9,0 %) өсті.
Машина жасау өнімдерін шығару 12,3 %-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ өсіміндегі үлесі 0,18 п.т.құрады және ол машина жасау есебінен (0,14 п.т.) қамтамасыз етілді.
Металдар бағасына сұраныстың қысқаруы нәтижесінде және қара металлургия өндірісінің едәуір қысқаруына байланысты (-10.0 %) металлургия өнеркәсібінде теріс даму (4,6 %) байқалады. Қара металлургия өндірісінің төмендеуі домна пештерінің тұрақсыз жұмыс істемеуінен және «Арселор Миттал Теміртау» АҚ бірінші қайта бөлінісіндегі жоғары авариялылыққа байланысты.
Қазақстандық тауарларға негізгі әріптес (ЕО және Ресей) елдер тарапынан сұраныстың және металдар бағалары индексінің қысқаруы нәтижесінде экспорт 4,1 %-ға қысқарып 83,4 млрд.АҚШ долларын құрады. Импорт 49,7 млрд, АҚШ долларын құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 1,9 %-ға қысқарды.
Сауда теңгерімінің сальдосы 33,7 млрд. АҚШ долларын (2012 жылы - 38,1 млрд. АҚШ доллары) құрап, 11,7 %-ға азайды. 2013 жылғы ағымдағы операциялар шотының профициті импорттың экспортқа қарағанда озық өсуінің нәтижесінде117,8 млн. АҚШ долларына қысқарып теріс үрдісте сипатталды.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету негізгі экономиканың даму шарттарының біріне айналды.
Макроэкономикалық даму банк секторының, ол банк секторларының кредиттеуді кеңейтуімен және ақшалай табысының ұлғаюымен расталып отырған орнықты өсуімен байланысты.
2013 жылы орташа айлық номиналды жалақы номиналды мәнінде 107,8 %-ға өсіп 109,1 мың теңгені құрады. Нақты жалақы индекі 101,9 %-ды құрады.
Халықаралық резервтердің 2013 жылы көлемі 10,8 %-ға ұлғайып, 95,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) активтері жыл басынан 22,2 % -ға өсіп, 70,8 млрд. АҚШ долларын құрады.
Мемлекеттік бюджеттің түсімдері 2013 жыл бойынша 6 382,4 млрд. теңгені, оның ішінде салықтық түсімдер – 4 479 млрд. теңгені, салықтық емес түсімдер – 141,7 млрд. теңгені, трансферттер түсімдері - 1405,5 млрд. теңгені құрады.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 2013 жылғы шығыстары 6 852,7 млрд. теңгені құрады. Мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының шамамен 50 %-ы білім беруге, әлеуметтік көмекке және денсаулық сақтауға бағытталған.
2013 жылы шығыстардың түсімдерден асып түсуі нәтижесінде мемлекеттік бюджет тапшылығы 700,9 млрд.теңге болып қалыптасты.
Мемлекеттік борыш 2014 жылы 1 – қаңтардағы жағдай бойынша ЖІӨ-ге 12,5 %-ды немесе 4417,2 млрд.теңгені құрады.
Сыртқы мемлекеттік борыштың үлесі жалпы мемлекеттік борыштан 17,7 %-ды немесе 783,6 млрд.теңгені, тиісінше ішкі мемлекеттік қарыз 82,3 %-ды немесе 3 633,6 млрд.теңгені құрады.
Бүгінгі күнге қалыптасқан мемлекеттік борыш қолайлы деңгейде және оның ұлғаюы елдің дамуына және экономиканың тұрақтылығына қауіп туғызатын шектен шықпайды.
Экономиканың өсуін ынталандыратын факторлардың бірі ақшалай ұсыныстардың қажетті деңгейін және банктермен экономиканы кредиттеу көлемін қамтамасыз ету болып табылады. Экономика субъектілерінің банк жүйесіне сенімін арттыру депозиттік базаның өсуін және ішкі көздер есебінен банктердің ресурстық базасын толықтыруды, сондай-ақ банктердің кредиттік белсенділігін арттыруды, банк активтерінің сапасын жақсартуды қамтамасыз етті.
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк активтері 15,5 трлн. теңгені құрады.
2013 жылдың қорытындысы бойынша кредиттер көлемі жыл басынан бастап 13,4 %-ға ұлғая отырып, 11,3 трлн. теңгеге жетті. Резиденттер депозиттерінің көлемі 2013 жылы 12,1 % -ға 10,1 трлн. теңгеге дейін өсті.
2013 жылы резервтік талаптардың ең төмен нормативтері: ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша – 2,5 %, ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша – 0 %, сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша – 6,0 %, сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша – 2,5 % өзгеріссіз қалуда.
Жүргізіліп жатқан сараланған макроэкономикалық саясаттың арқасында жылдық мәнінде инфляция соңғы 15 жылда ең төмен көрсеткішке жетіп, 4,8 % -ды құрады.
Ең үлкен баға өсімі ақылы қызметтерге (8.0 %) келді, азық-түлік тауарлары бағаларының және азық-түлік емес тауарлар өсу қарқыны (3,3 %) бірқалыпты.
Экономикадағы оң процестер елде әлеуметтік тұрақтылықты және азаматтардың тұрмысын жақсартуды қамтамасыз етуді сақтауға мүмкіндік берді. 2013 жылы халықтың нақты кірістері 3,5 %-ға, нақты еңбекақысы 1,9 %-ға өсті. 2013 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,2 %-ды құрады.
Халықтың табысы мен еңбекақысының үдемелі өсуі, сондай-ақ жұмыссыздықтың қолайлы деңгейі тұтынушылық белсенділіктің ұлғаюына ықпал етті. 2013 жылы ішкі тұтынудың өсуі экономиканың өсуіне негізгі және басты факторлардың бірі болды.
2013 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі - ДЭФ) бағалауы бойынша Қазақстан әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елінің қатарына кірді. Бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету депозиттік базаның өсуін және елде қолайлы инвестициялық ахуал жасау, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту шараларын қабылдауға, бизнесті ынталандыруды және дамыту бойынша шаралар қабылдауға бағытталған міндеттерді іске асыру нәтижесінде мүмкін болды.
Ағымдағы жылды әлемдік экономикада даму белгісіздігі сақталып отыр. Ресей Федерациясы және Қытай сияқты Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдерінде – экономикалық өсу қарқындарының төмендеуі болжануда.
Сұраныстың төмендеуі мұнай газ саласында, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығы өндірісіне, сондай-ақ отандық тауарлар және қызметтер экспортына теріс ықпалын тигізеді.
2014 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖІӨ-нің өсуі өткен жылғы ұқсас кезеңдегі 5,7 %-бен салыстырғанда 4,0 %-ға баяулады. Бұл ретте кейбір инфляциялық процестердің өсуі байқалады. 2014 жылдың басынан бастап шілденің соңына инфляция деңгейі 2013 жылғы 3,3 %-ға қарағанда 5,9 %-ды құрады.
Негізгі капиталға инвестицияның өсуі өткен жылғы қаңтар – шілдедегі 7,9 %-бен салыстырғанда ағымдағы жылғы ұқсас кезеңде 5,5 %-ды құрады.
Ағымдағы жылы экономиканың өсуі болжанған деңгейінде бағаланды. Жоспарланған өсуді қамтамасыз ету және салаларды дамытуда ынталандыру үшін 2014 жылға арналған Әлеуметтік-экономикалық саясаттың бірінші кезектегі шаралары Жол картасының іс-шаралар жоспары және 2014 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша Іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Экономикалық конъюнктуралардың төмендеуі аясында Жол картасының және Іс-шаралар жоспарының ынталандыру шараларын қабылдау ағымдағы жылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы елдің үдемелі дамуы, ақша-кредит құралдарын теңгерімді пайдалану, фискалды, инвестициялық және салалық саясаттарды қамтитын ұтымды макроэкономикалық саясат шараларын жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
1.2 Дамудың сыртқы шарттары
2013 жыл әлемнің жетекші экономикалары үшін өтпелі болды. Дамушы елдердің экономикасының өсуі баяулай бастағанда, АҚШ және Еуроаймақ сияқты дамыған елдер біртіндеп қайта қалпына келе бастады. Әлемдік экономиканың дамуының кейбір белгісіздігіне қарамастан, талдаушылар жақын арада орта мерзімді перспективада өсу қарқынын болжамдайды.
1-сурет
Әлемдік экономиканың өсу болжамы көптеген халықаралық ұйымдар арттыру жағына қарай қайта қарады. Әлемдік экономика 2014 – 2015 жылдары 3,1-ден 3,9%-ға дейінгі қарқында өсетін (консенсус болжам) болады.
Өткен жылдың екінші жартысында басталған оң экономикалық үрдістер ағымдағы жылы да сақталады. АҚШ және Еуроаймақтағы жағдайдың жақсаруының арқасында дамыған елдер әлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күштері болмақ.
Дамыған мемлекеттер тарапынан өсіп отыратын сұраныс аясында нарығы қалыптасып келе жатқан және дамып келе жатқан елдер экспорт көлемінің ұлғаюы есебінен (2014 – 2015 жылдарға тиісінше 4,4-5,0 %) дамитын болады.
Еуроаймақ. 2013 жылдың екінші жартысында Еуроаймақ елдерінде басталған оң үрдістер ағымдағы жылы жалғасуда.
Экспорт көлемінің өсуі және ішкі сұраныстың қалпына келуі оң өзгерістер болып табылады. Жұмыссыздық өңірдегі экономикалық жанданудың негізгі қаупі болып табылады. Дегенмен, жұмыссыздық көрсеткіші 2013 жылдың екінші тоқсанындағы 12,0 %-ға қарағанда 2014 жылдың екінші тоқсанында 11,6 %-ға төмендеген. Көрсетілген кезеңде жастар арасында жұмыссыздық 23,2 %-ды құрады, сонымен бірге өткен жылғы ұқсас кезеңде бұл көрсеткіш 23,9 %-ды құраған.
2-сурет
АҚШ. АҚШ-тағы макроэкономикалық жағдай 2013 жылдың басынан бастап жақсара бастады, бұл ақша-кредиттік ынталандыру бағдарламаларын кейін қысқарту бойынша қаржы нарықтарының күтулерін күшейте түсті. Макроэкономикалық жағдайдың жандануы еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы, іскерлік белсенділіктің артуы, мұнай қорының артуы мен тұтыну секторының өсуіне байланысты.
Қазіргі уақытта АҚШ экономикасында оң үрдістер орын алуда. Халықаралық валюта қоры сарапшыларының болжамына сәйкес 2014 жылы экономикалық өсу 2,2 %, 2015 жылы 3,1 %-ды құрайды. Экономикалық белсенділіктің жоғарылауы ішкі түпкілікті сұраныстың артуына және бюджеттік факторлардың ықпал етуіне байланысты.
Қытай. Қытай экономикасы 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қытай үкіметінің 7,5 % болжамына қарағанда 7,7%-ға өсті. Елдің жоғары макроэкономикалық көрсеткіштеріне қарамастан дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда Қытайда өсудің экспортқа бағытталған моделінен ішкі тұтыну мен жоғарғы технологияларды қарқынды пайдалануға бет бұру орын алуда.
Жалпы, сарапшылардың Қытайдың экономикалық өсуінің тұрақтылығы мен орнықтылығына қатысты күмәндары бар. Өткен жылдың соңынан бастап экономиканың жандануы уақытша сипатқа ие болады, себебі Қытайдың билігі кредиттеудің өсуін қысқарту мен капитал құнын арттыру бойынша шаралар қолданып жатыр. Қазіргі уақытта орын алған жылжымайтын мүлік нарығындағы «қызып кету», кредиттеудің үлкен көлемдері және банк секторының ашықтығы проблемасы 2014 жылы экономиканың өсу қарқынының болжанатын бәсеңдеуіне негіз болып отыр.
Ресей. Ресейдің ЖІӨ өсуі 2013 жылғы қорытындылар бойынша 1,3 %-ды құрады, бұл көрсеткіш 2012 жылы 3,4 % құраған. Ресей экономикасындағы құлдыраудың негізгі себептері, бірінші кезекте экономиканың экспортқа бағдарланған моделі, бизнес үшін үлкен шығыстар мен елдің жоғары емес инвестициялық тартымдылығы болып табылады. Еуроаумағында экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты Еуропа тарапынан ресейдің экспорттық тауарларына төмен сұранысты қоса алғандағы сыртқы факторлар Ресей экономикасының өсу қарқынының бәсеңдеуін күшейтті.
Орта мерзімді перспективада халықаралық ұйымдардың болжамдары бойынша Ресей экономикасы 0,2-0,5 % шегінде дамитын болады.
Жалпы, орта мерзімді перспективада әлемдік экономикалардың өсуі қолайлы болады. Экономикалық өсу табыстарының деңгейі жоғары елдер, АҚШ-ты қоса алғанда және дамушы елдер есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен бірге, дағдарысты үрдістерді қалпына келтіруге қабілетті тәуекелдер әлі де сақталуда.
Бірінші тәуекел – шикізат тауарларына, оның ішінде мұнайға әлемдік бағалардың тұрақсыздығы.
1-кесте
Мұнайдың әлемдік бағалары болжамы
-
|
2013
|
2014
|
2015
|
ДБ
|
104,1
|
106,1
|
104,4
|
ХВҚ
|
104,1
|
102,7
|
99,3
|
БҰҰ
|
104,1
|
105,0
|
|
орташа
|
104,1
|
104,6
|
101,8
|
Дүниежүзілік Банк сарапшыларының бағалауы бойынша соңғы екі жылда мұнайдың бағасы 1,6 %-ға қысқарады. Бірінші кезекте бұл тәуекел мұнай және қатпарлы газға АҚШ және Канада тарапынан ұсыныстың өсуіне, сондай-ақ дамушы елдердің экономикаларының бәсеңдеуіне байланысты.
Қатпарлы газды және мұнай өндіру көлемінің ұлғаюы Солтүстік Америка елдері жағынан негізгі мұнай және газ экспорттаушыларына біртіндеп қысым көрсетеді, бұл мұнайдың әлемдік бағасына теріс ықпал. Бұл процесс кезең-кезеңмен жүргізілетін болады, энергиялық ресурстар бағасының түсуі жоспарлы түрде болады.
Екінші тәуекел – АҚШ-тың ақша-кредит саясатының өзгеруі. АҚШ-тың «сандық жұмсарту» бағдарламасы қысқаруына байланысты күтулер, әлемде қаржылық нарықтардағы құбылмалылықтың артуын ынталандырды.
АҚШ-тың Федералды ашық нарық комитеті 2013 жылғы желтоқсанда активтерді сатып алу бағдарламасының көлемін 85 млрд. АҚШ долларынан 2014 жылғы ақпанда 65 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарту туралы хабарлады. Дамушы нарығы бар және төлем теңгерімі мен бюджет тапшылығы бар елдер АҚШ-тың ақша-кредит саясатының ықпалына неғұрлым бейім. Өтімділік көлемінің АҚШ-тағы «сандық жұмсарту» бағдарламасын тоқтатуға байланысты қысқаруы макроэкономикалық құрылымы әлсіз дамушы елдерден капиталдың ағылып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
Бразилия, Индия, ОАР, Индонезия және Түркия дамушы экономикаларына АҚШ-тағы ақша-кредиттік ынталандырудың қысқаруына байланысты аса қысым көрсету АҚШ долларына қатысты ұлттық валюталар бағамына теріс ықпал етті. Жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатының біраз бәсеңсуі, сондай-ақ пайыздық мөлшерлеменің тез өсуі кезінде, дамушы елдерге капиталдың кетуі 50-ге және одан да көп пайызға бірнеше ай ішінде қысқаруы мүмкін. Дамушы нарықтарға капиталдың келуінің қысқаруы, қосымша теріс факторлармен бірге дамушы елдердің халықаралық қаржылық нарықтарына шығу қолжетімділігін жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін.
Бұдан басқа дамушы елдер әлемдік экономикалық дағдарысқа жауап ретінде бірқатар фискалды және монетарлық саясат шараларын қолданды және қазіргі уақытта ұлттық күштердің мүмкіндігі азайды. Нәтижесінде көптеген елдерде мемлекеттік бюджетте теңгерімсіздік, сондай-ақ ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосы пайда болды.
Үшінші тәуекел – Украинадағы саяси шиеленістің эскалациясы. Украинадағы биліктің ауысуына және Қырым Автономдық Республикасының Ресей Федерациясына қосылуы туралы референдум жүргізуімен байланысты саяси дағдарыс Ресей экономикасына қысымды ұлғайтады. Ресей экономикасы үшін тәуекелдердің өсуі ұлттық валютаның құнсыздану тәуекелін және елден капиталдың кетуін күшейтеді. Ресейдің қаржылық және валюталық нарығы мәскеудің қаржы биржаларында белгіленген бағалардың құлдырауымен және ресей рублі курсының АҚШ долларына және еуроға шаққанда төмендеуі оқиғаларына ден қойды. Ресей экономикасындағы ахуал АҚШ және Еуроаймақ елдері мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың одан арғы нашарлауы жағдайында шиеленісуі мүмкін.
2. Дамудың сценарийлік нұсқалары
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бес жылдық кезеңге болжамдау экономиканың дамуына ықпал ететін факторлар мен үрдістеріне байланысты үш сценарий бойынша жүзеге асырылады.
негізгі даму сценарийлерін қалыптастыру үшін негізгі факторлар ретінде әлемдік экономиканың даму үрдісінің өзгеруіне, мұнайдың әлемдік бағаларының деңгейіне және әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты дамудың ықтимал үш сценарийі қаралды.
3-сурет
Оптимистік сценарий әлемдік экономиканың 2015 – 2019 жылдардағы қарқынды дамуын, Еуроаймақ елдерінің борыштың проблемаларының шешілуін тұспалдайды. АҚШ-тағы және басқа да дамыған елдердегі экономикалық белсенділікті жақсарту, жеке сектордың сұранысын және дамушы елдерден импортты қалпына келтіру бойынша жоспарланған шаралардың табысты іске асыру. Әлемдік экономиканың өсімі бұл сценарий кезінде 4,1-4,5 %-ды құрайды.
Дамыған елдердің де, дамушы елдердің де тарапынан өсіп келе жатқан сұраныспен нығайтылған шикізат тауарларының бағалары жеткілікті жоғары деңгейде болады. 2015 жылы оптимистік сценарий кезінде мұнайдың әлемдік бағасы, бағалау бойынша, бір барреліне 90 АҚШ доллары деңгейінде, келесі өсумен 2016-2019 жылдары барреліне 95 АҚШ доллары деңгейінде болады.
Базалық сценарий 2015 – 2019 жылдары әлемдік экономиканың баяу, бірақ үдемелі өсімін болжайды. Әлемдік ЖІӨ өсуі 2015 жылы 3,9 %-дан 2019 жылы 4,3 %-ға дейін жылдамдайды. Мұнай бағасы, бағалау бойынша, 2015 жылы 80 АҚШ доллары деңгейінде және 2016-2019 жылдары 90 АҚШ доллары деңгейінде болады. Болжамдық кезеңде металдар бағасының өсуі күтіледі.
Сценарий 2013 жылы басталған әлемдік экономика дамуының оң үрдістерінің сақталуын тұспалдайды. Дамыған елдер (АҚШ, Еуроаймақ) ахуалдық жақсаруын ескеретін жаһандық өсудің негізгі қозғаушы күші болады. Бұл ретте, нарығы қалыптасып жатқан елдердің және дамушы елдердің дамыған елдердің тарапынан сұраныстың ұлғаюының аясында экспорт көлемінің ұлғаюы есебінен өсетін болады.
4-сурет
Пессимистік сценарий әлемдік экономиканың өсуінің баяулауына байланысты, экономикадағы дағдарыс көріністерінің басталуымен, ірі әлемдік экономикалардың - Қазақстанның негізгі сауда әріптестері, оның ішінде Еуроаймақ, Қытай, Ресейдің қолайлы дамуымен, сондай-ақ энергия ресурстарының негізгі түрлерінің және басқа да Қазақстанның экспорт тауарларына әлемдік бағалар төмендеуімен сипатталады. Бұл ретте, неғұрлым өзекті проблема жұмыссыздықтың жоғары болуы, төмен табыстар және осының нәтижесінде жиынтық сұранысты кеңейтудің іргелі факторларының болмауы болып қалады. Инвестициялық табыстар қысқарады, олардың донор-елдерге репатриациясы күшейетін болады.
2015– 2019 жылдары әлемдік экономиканың өсуі 2,8 %-дан аспайды.
2015 жылы мұнай бағасы бір барреліне 70 долларға дейін төмендейді және 2019 жылға дейін осы деңгейде тұрақталады.
Жыл басынан бастап ел экономикасының қалыптасқан даму үрдістерін және әлемдік экономикадағы жағдайды ескере отырып, болжамды қалыптастыру кезінде параметрлері ағымдағы болжамнан аз ғана ауытқу мүмкіндігімен неғұрлым ықтимал болып табылатын базалық нұсқа негізге алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |