4) еңбек нормаларын белгілеу мүмкін және орынды болатын жұмыс түрлерін еңбекті
нормалаумен қамту;
5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негізділігі қамтамасыз етілуге тиіс.
6. Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын
тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және еңбек жөніндегі
уәкілетті мемлекеттік
органмен келісу бойынша, ол белгілеген тәртіппен жұмыс беруші
бекітеді.
7. Еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерді жұмыс берушілердің салалық
қауымдастықтары әзірлейді және бекітеді, барлық қызмет салалары үшін еңбек жөнiндегi
бірыңғай және (немесе) салааралық үлгiлiк нормалар мен нормативтерді жұмыскерлердің
өкілдерімен келісу бойынша еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді.
8. Жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің
күрделілігі
кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен
жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар
және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің
тарифтік-біліктілік
сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және
басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде
белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: