Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ



Pdf көрінісі
бет75/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
9-тарау. КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ 
АРТТЫРУ 
  
116-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар 
Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімін, машықтары мен дағдыларын 
қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны; 
2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
 2) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
2) дуальды оқыту - кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең 
жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс 
орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) 
өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар 
даярлау нысаны; 
2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
 3) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
3) дуальды оқыту туралы шарт - білім алушы, өндірістік оқыту мен кәсіптік 
практикадан өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін оқу орны және өндірістік оқыту 
мен кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын (ұйым) арасындағы 
жазбаша келісім; 
4) кәсіптік даярлау - белгілі бір жұмыс түрін орындауға қажетті жаңа немесе өзгерген 
кәсіби дағдыларды меңгеру үшін тұлғаны дамытуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны; 
5) қайта даярлау - басқа кәсіпті немесе мамандықты игеруге мүмкіндік беретін 
кәсіптік оқыту нысаны; 
6) оқыту шарты - жұмыс беруші мен білім алушының арасындағы кәсіптік даярлау
қайта даярлау және біліктілікті арттыру шарттары туралы жазбаша келісім; 
2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
 6-1) тармақшамен толықтырылды 
6-1) өндірістік оқыту - білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың 
(ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық 
машықтануына бағытталған оқыту; 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 7) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан 
бастап қолданысқа енгізілді)
7) реттелетін кәсіптер - сәйкестікті растауды және біліктілік беруді талап ететін кәсіби 
қызмет. 
2018.04.07. № 172-VI ҚР 
Заңымен
 8) тармақшамен толықтырылды 


8) тәлімгер - өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген
өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның 
(ұйымның) білікті жұмыскері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет