158-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы 1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді ( бұр.ред.қара ) 2. Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден
бастап күшіне енеді және тараптардың орындауы үшін міндетті болады.
Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, ол тараптардың ең болмағанда
біреуі оның қолданылу мерзімі өткенге дейін жаңа ұжымдық шарт жасасу туралы ұсыныс
енгізген кезде жаңа ұжымдық шарт жасалғанға дейін, бірақ бір жылға дейінгі мерзімнен
аспайтын мерзімге ұзартылған болып саналады.
Ұжымдық шартта осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімді шектемей,
оны жаңа ұжым дық шарт жасалатын күнге дейін ұзарту көзделуі мүмкін.
3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт
жасалған ұйым жұмыскерлеріне және оған қосылған жұмыскерлерге қолданылады.
Қосылу тәртібі мен шарттары ұжымдық шартта айқындалады.
4. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың
қолданылуы барлық жұмыскерлермен еңбек шарттары тоқтатылған күннен бастап
тоқтатылады.
5. Тараптар өкілдерінің ұжымдық шарт жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі
келіссөздерге қатысудан жалтаруы немесе ұжымдық шарт жасасудан негізсіз бас тартуы,
келіссөздер жүргізу мерзімдерін бұзуы және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз
етпеуі, келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарт ережелерінің сақталуын бақылауды
жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты бермеуі, сол сияқты оның талаптарын бұзуы немесе
орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп
соғады.
15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ