Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі


-бап. Ереуілді заңсыз деп танудың салдарлары



Pdf көрінісі
бет112/131
Дата01.03.2024
өлшемі1.63 Mb.
#493794
түріКодекс
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   131
еңбек кодексі (1)

  
177-бап. Ереуілді заңсыз деп танудың салдарлары 
Сот ереуілді заңсыз деп таныған кезде, жұмыс беруші ереуілді ұйымдастыруға немесе 
өткізуге қатысқан жұмыскерлерді тәртіптік жауаптылыққа тартуы мүмкін. 
  
178-бап. Локаутқа тыйым салу 
Ереуіл өткізуді қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу процесінде локаутқа, яғни 
жұмыскерлердің ұжымдық еңбек дауына немесе ереуілге қатысуына байланысты, осы 
Кодекстің 
51-бабы 1-тармағының 22) тармақшасында
 көзделген жағдайларды қоспағанда, 
олармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға тыйым 
салынады. 
  
4-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 
  
17-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 
САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 
  
179-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу 
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу: 
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
заңнамасы талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды, бақылауды және оған 
мониторингті; 
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
нормативтік-құқықтық актілерін және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеуді 
және қабылдауды; 
3) еңбек жағдайларын, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсарту, қауіпсіз 
техникалар мен технологияларды әзірлеу және ендіру, жұмыскерлерді жеке және 
ұжымдық қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйелерін құруды және 
іске асыруды; 
4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 
заңнамасының сақталуын мемлекеттік, ішкі бақылаудың тиімділігін арттыруды; 


5) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша озық отандық және 
шетелдік тәжірибені ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары 
бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуді; 
6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан 
зардап шеккен жұмыскерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды 
мүдделерін қорғауды; 
7) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық 
деңгейінде жойылмайтын зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс 
үшін кепілдіктер мен өтемақылар белгілеуді
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауды және 
олардың біліктілігін арттыруды; 
9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды 
есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуді; 
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйенің 
жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; 
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
саласындағы халықаралық 
ынтымақтастықты қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет